Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Бұйрық · № 98 · қабылданған 09.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-153407/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 98 ·09.03.2021
09.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 98 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра образования и науки Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
98
Қабылданған күні
09.03.2021
Көрсетілген редакция
09.03.2021 153407_516328.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022325
ЭКБ идентификаторы
153407
Редакция идентификаторы
153407_516328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:19

0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2

2) «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Диссертация мынадай нысандардың бірінде ұсынылады:
1) диссертациялық жұмыс;
2) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші және/немесе екінші квартильге кіретін басылымдарда жарияланған кемінде екі мақала және бір шолу сериясы. Мақаланың біреуінде докторант бірінші автор немесе корреспонденция үшін бірінші автор болады.
Осы тармақтың талаптары орындалған жағдайда 6-тармақтың талаптары докторант үшін қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Комитетпен келісе отырып, ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жарияланымдарға барынша жоғары талаптар белгілеуге құқылы.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Диссертацияда:
1) бастапқы толық деректерді көрсете отырып, цитата алынған материалдардың немесе жекелеген нәтижелердің көздеріне;
2) докторанттың дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп алынған әзірлемелерге арналған қорғау құжаттарына;
3) дербес немесе өзге авторлармен бірлесіп орындалған диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарға сілтеме жасалады.
Диссертацияда плагиат анықталған жағдайда, диссертациялық кеңес немесе Комитет қайта қорғау құқығынсыз теріс шешім қабылдайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Сараптау кеңесінің отырысы Сараптау кеңесі төрағасының, ол болмаған жағдайда төраға орынбасарының басшылығымен өтеді.
Сараптау кеңесінің отырысы бекітілген құрамының кемінде 2/3-сі (үштен екісі) болған жағдайда заңды болып саналады.
Комитет шешімінің негізінде Сараптау кеңесінің отырысын бейнеконференция нысанында өткізуге рұқсат беріледі. Бұл ретте:
отырысқа қатысатындардың визуалды идентификациясы;
отырысқа қатысушылардың баяндамаларының үзіліссіз бейне- және аудиотрансляциясы қамтамасыз етіледі.
Сараптау кеңесі мүшелерінің қатысуы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес келу парағымен расталады.
Сараптау кеңестерінің жұмыс материалдары Комитетте сақталады.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Сараптау кеңесі ашық дауыс беру арқылы мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі берілсін;
2) диссертация пысықтауға жіберілсін (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);
3) диссертация қайта қорғауға жіберілсін;
4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылсын.
Сараптау кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Сараптау кеңесі мүшелерінің 3/4 (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Сараптау кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жіберу туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Сараптау кеңесі мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.
Диссертациялық жұмыс, егер онда мәтін бойынша елеусіз ескертулер болса, оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпесе, пысықтауға жіберіледі. Егер диссертация осы Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармақтарына сәйкес келмесе және (немесе) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда, диссертация бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда Сараптау кеңесінің қорытындысында (осы Қағидаларға 1-қосымша) диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер көрсетіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Сараптау кеңесінің қорытындысы қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комитет диссертацияны пысықтауға немесе қайта қорғауға жіберу немесе докторантқа философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру/беруден бас тарту туралы тиісті бұйрық шығарады.
Диссертацияны пысықтауға, қайта қорғауға немесе докторантқа философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда Комитет Сараптау кеңесінің қорытындысын диссертациялық кеңеске және докторантқа бұйрық шыққан күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде жолдайды.
Пысықталған диссертациялық жұмыс Сараптау кеңесіне үш айлық мерзімде ұсынылады, оны 3 айдан артық мерзімге ұзартуға болмайды. Пысықтау мерзімін ұзарту туралы шешімді Сараптау кеңесі докторанттың ерікті нысандағы өтініші негізінде қабылдайды. Егер пысықталған диссертациялық жұмыс белгіленген мерзімде ұсынылмаса, онда докторант қайта қорғаудан өтеді.
Сараптау кеңесі пысықталған диссертациялық жұмысты сараптау кеңесінің ескертулерін жою тұрғысынан талқылауды жүргізеді, содан кейін салыстырмалы көпшілік дауыспен дәреже беру немесе қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады. Қайта қорғау алдыңғы қорғаудан кейін кемінде 6 айдан кейін өткізіледі.»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін беруден бас тартылған жағдайда, докторант диссертацияны алдыңғы қорғаудан кем дегенде 6 (алты) айдан кейін қайта қорғауға ұсынады.»;
Дәрежелерді беру Қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г.І. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
Комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

1 Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 9 наурыздағы № 98
Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 126 бұйрығымен
бекітілген
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Үлгі ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖОО) жанындағы алқалы органдар;

2

2) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер.

2 2-тарау. Диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру

3 3. Диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және ЖОО-да кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:

1 1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

2 2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 2-тармағына сәйкес Білім беру бағдарламаларының тізбесінде докторантураның білім беру бағдарламалары;

3 3) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары;

4 4) Заңның 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес бөлінетін оқытудың 1, 2 және 3 жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда жұмыс істейді.

4 4. Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-ларда диссертациялық кеңестерді құру туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) ЖОО-дан мынадай құжаттар түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды:

1 1) ілеспе хат;

2 2) білім беру бағдарламаларының Білім беру бағдарламаларының тізбесінде болуы туралы мәлімет (әскери, әскери арнайы оқу орындарына (бұдан әрі – ӘАОО) басқа);

3 3) докторантураның тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының болуы туралы мәлімет (ӘАОО-лардан басқа);

4 4) осы Үлгі ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелеріне үміткерлер туралы ақпарат мәлімет;

5 5) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (ӘАОО-лар үшін Плагиатқа тексеру жөнінде комиссия құру туралы мәлімет);

6 6) докторантураның білім беру бағдарламасының аккредиттеуден өткені туралы куәлік (ӘАОО-лардан басқа).

Комитеттің диссертациялық кеңестің қызметін ұйымдастыру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.

5

5. Диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар кемінде 6 (алты) адам кіреді.
Диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 50% (елу) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және (немесе) басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.
Диссертациялық кеңестің құрамында мүшелерінің 50% (елу), оның ішінде төраға, төраға орынбасары және ғалым хатшы тұрақты мүшелер болып табылады.
Диссертациялық кеңестің құрамында мүшелерінің 50% (елу) докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне уақытша тағайындалады.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде докторанттың ғылыми кеңесшілері, сондай-ақ докторантпен және оның ғылыми кеңесшісімен үлестес тұлғалар:

1 1) жақын туыстары – ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, аға-інісі мен әпке-сіңлісі, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері, жұбайы немесе зайыбы, жекжаттары;

2 2) докторант немесе ғылыми кеңесші еңбек қатынасында немесе олардан қаржылық немесе өзге де ресурстар алуды көздейтін басқа да қатынастарда тұрған ұйымдардың қызметкерлері;

3 3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде бірге жариялаған мақалалар және шолулар тең авторлары тағайындалмайды.

6

6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде мүшелерінің кемінде 1/3-ін (үштен бірін) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілдері құрайды, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады. Докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындауға рұқсат беріледі.

7 7. Диссертациялық кеңестің құрамына:

1 1) диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ректоры;

2 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері;

3 3) соңғы 5 (бес) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша ғылыми консультанттар, жетекшілер болған мамандар кірмейді.

8 8. Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лардың жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамында кеңестің бір мүшесі шетелдік ғалым (ӘАОО-дан басқа) болып табылады. Диссертациялық кеңес мүшелерінің жарияланымдарына қойылатын талаптарды ерекше мәртебесі бар ЖОО өз бетінше белгілейді.

9 9. Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестерде кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-інің (үштен екісі) Хирш индексі кемінде 3 (үш) немесе халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда:

1

1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина), 8D11 Қызмет көрсету кадрларды даярлау бағыттары бойынша даярлау бағыттарына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланымы;

2

2) қалған кадрлар даярлау бағыттары үшін даярлау бағыттарына сәйкес келетін ең болмағанда бір ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша бірінші үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде 2 (екі) жарияланымы бар.
Ерекше мәртебесі жоқ ӘАОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестерде кеңес мүшелерінің кемінде жартысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) кіретін журналдарда кемінде 10 (он) жарияланымы бар.

10 10. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы және ондағы өзгерістер, сондай-ақ кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

11 11. Ерекше мәртебесі бар ЖОО-ларда диссертациялық кеңестер дербес құрылады. Диссертациялық кеңес құрылғаны туралы ақпарат ректор бұйрығы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

12 12. ЖОО:

1 1) диссертациялық кеңестің отырыстарын және диссертацияларды ашық түрде қорғауды өткізу үшін қажетті жағдайлармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы;

2 2) диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша тексерілуін қамтамасыз етеді. ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның болуын қамтамасыз етеді;

3 3) диссертациялық кеңестің қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде диссертациялық кеңес мүшелерінің іссапар шығыстарын төлеуді қамтамасыз етеді.

13 13. Нақты білім беру бағдарламасы (мамандық) бойынша диссертациялық кеңестің жабылуына мыналар негіз болады:

1 1) Комитеттің докторантқа дәреже беруден бас тартуға немесе диссертацияны пысықтауға немесе қайта қорғауға жіберуге негіз болған осы кеңесте қорғалған диссертациялар жөніндегі 3 (үш) және одан да көп шешімі;

2 2) докторантураның тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясынан айыру;

3 3) докторантураның білім беру бағдарламасының аккредиттеу мерзімінің аяқталуы (ӘАОО-лардан басқа).

Осы Үлгі ережеде белгіленген талаптарды диссертациялық кеңес 3 (үш) реттен көп бұзған жағдайда диссертациялық кеңестің төрағасы, төрағаның орынбасары және ғалым хатшысы ауыстырылады.

3 3-тарау. Диссертациялық кеңестің функциялары

14 14. Осы Үлгі ережеге сәйкес ЖОО-лар ЖОО-ның диссертациялық кеңесі туралы ережені әзірлейді және бекітеді.

15 15. Диссертациялық кеңестің функциялары:

1 1) диссертацияны қорғауға құжаттарды қабылдау;

2 2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау;

3 3) диссертациялық кеңес мүшелерінің құрамынан докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін комиссия (бұдан әрі – Диссертациялық кеңестің комиссиясы) құру;

4 4) диссертацияның ашық түрде қорғауды өткізу;

5 5) диссертация бойынша шешім қабылдау.

16 16. Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1 1) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

2 2) диссертация қорғауға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;

3 3) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне ден қояды;

4 4) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, тараптардың бірінің немесе үшінші тараптың әсеріне тәуелді болмайды;

5 5) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

6 6) қызмет бабында кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды пайдаланбайды.

Осы тармақта көрсетілген талаптардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда диссертациялық кеңестің мүшесі оның құрамынан шығарылады.

17 17. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп береді.

18

18. Диссертациялық кеңес докторанттың диссертациялық жұмыс немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелер беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-1-тармағының талаптарына сәйкес жарияланған мақалалар сериясы нысанында ұсынған диссертациясын қорғауды өткізеді.

19

19. Қорғауға құжаттарды қабылдауға дейін докторант оқыған ЖОО ЖОО кафедрасының не құрылымдық бөлімшесінің ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында (бұдан әрі – кеңейтілген отырыс) диссертацияны алдын ала талқылауды өткізеді. Жоғары оқу орнының докторанттың кеңейтілген отырыс өткізілгеннен кейін диссертацияны талқылаудың басқа нысандарынан міндетті түрде өтуін талап етуіне жол берілмейді.
Кеңейтілген отырыс өткізуден 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 2 (екі) маманға рецензияға жолданады.
Кеңейтілген отырысқа кафедра мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), рецензенттер, құрылымдық бөлімшенің ғылыми немесе академиялық кеңесінің мүшелері, ғылыми консультанттар, сондай-ақ ЖОО-ның аралас (мәндес) кафедраларының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері, практик мамандар (қолданбалы сипаттағы диссертациялар үшін) қатысады.
Отырыста консультанттар болмаған жағдайда, олардың докторанттың диссертациясы бойынша пікірін ЖОО кафедрасының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның орынбасары оқиды.

20

20. Кеңейтілген отырыстың оң қорытындысын алғаннан кейін докторант ЖОО ректорына өзі қорғайтын диссертациялық кеңесті таңдау туралы өтініш береді. Егер докторант басқа ЖОО-ның диссертациялық кеңесін көрсеткен жағдайда, онда докторант оқыған ЖОО 10 (он) жұмыс күні ішінде оның құжаттарын диссертациялық кеңеске жібереді.
ӘАОО-лардағы докторанттар осы ЖОО-да тиісті мамандық (кадрлар даярлау бағыты) бойынша диссертациялық кеңес болмаған жағдайда диссертацияларын басқа ЖОО-лардың диссертациялық кеңестерінде қорғайды.
Диссертациялық кеңеске мынадай құжаттар ұсынылады:

1 1) отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың пікірлері (ӘАОО-лар үшін отандық консультанттардың пікірлері);

2 2) кеңейтілген отырыстың оң қорытындысы;

3 3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы диссертациялық жұмыс (егер диссертация диссертациялық жұмыс түрінде қорғалатын болса);

4 4) ғылыми еңбектердің тізімі және олардың көшірмелері;

5

5) докторант оқыған ЖОО-ның Этикалық комиссиясының зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы.
Диссертациялық жұмыс қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тіркеуді диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы жүзеге асырады және оларды 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде диссертациялық кеңеске ұсынады.
Диссертацияны қорғауға қабылдау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысында кеңестің тұрақты құрамы осы Үлгі ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындайды.

21

21. Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және докторанттың зерттеу саласы бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы бар екі ресми рецензентті тағайындайды.
Диссертацияны қорғау күні диссертацияның қорғау күнін белгілеу күнінен 3 (үш) айдан аспауға тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде докторанттар құжаттарының түсу кезегі сақталады.

22 22. Диссертациялық кеңес ресми рецензенттерді тағайындау кезінде ресми рецензенттердің, ғылыми консультанттардың бір-біріне тәуелді болмау принципін басшылыққа алады.

Мыналар ресми рецензент бола алмайды:

1 1) Комитет қызметкерлері;

2 2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;

3 3) диссертация орындалған және (немесе) докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе) ғылыми ұйымдардың басшылары және қызметкерлері;

4 4) соңғы 3 (үш) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша оң қорытынды берген ғылыми консультанттар немесе ресми рецензенттер болған мамандар.

23 23. Диссертациялық кеңес ЖОО-ның интернет-ресурсында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:

1 1) докторант, диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері және ресми рецензенттер туралы ақпаратты, диссертацияны ұсыну нысанын, мекенжайын, күні мен уақытын (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын, тұрақты негізде қолжетімді болады) көрсете отырып, алдағы қорғау туралы хабарлама;

2 2) диссертация (қорғаудың белгіленген күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), сондай-ақ оның диссертациялық кеңестің ескертулері бойынша титул парағында тиісті белгілері бар пысықталған барлық нұсқалары (тұрақты негізде қолжетімді);

3

3) жалпы көлемі 15 беттен аспайтын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотация (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын). Аннотацияда қорғауға шығарылатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы, мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар), зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы, алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі, ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады;

4 4) докторант жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

5 5) ғылыми консультанттардың қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді болатын пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

6 6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын);

7 7) қорғаудың толық көлемдегі бейнежазбасы, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

8

8) диссертациялық кеңестің диссертациялық жұмысты пысықтауға, қайта қорғауға жіберу туралы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

9 9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

10 10) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

11

11) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есеп (ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестер үшін). Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

12 12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломды беруді ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер (ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестер үшін);

13 13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

14 14) диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі;

15 15) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуы туралы ақпарат;

16

16) докторант оқыған ЖОО-ның жанындағы Этикалық комиссияның зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы (осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес);

17 17) диссертациялық кеңестің бейнеконференция нысанындағы online (онлайн) отырысын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат.

24

24. Диссертациялық жұмыс ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан және (немесе) диссертация қабылдағаннан кейін (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдары бар диссертациялар қорғалған жағдайда) оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Диссертациялық жұмыс пысықталған жағдайда оның соңғы нұсқасы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖОО-ның интернет-ресурсында «Диссертациялық жұмыстың соңғы нұсқасы» деген белгімен орналастырылады.
ЖОО-ның интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.

25 25. Алдағы қорғау туралы хабарламаны диссертациялық кеңес қорғауға қабылдау күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жолдайды.

Ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестердегі қорғаулар бойынша хабарламалар Комитеттің интернет-ресурсында түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа).

26

26. Қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес докторанттың отандық және халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын тексеру үшін диссертацияны «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді. Титул беті және пайдаланылған әдебиеттер тізімі плагиатқа тексерілмейді.
ҰМҒТСО диссертация түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның мәтінін ашық қолжетімді түрде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Диссертация тұрақты күйде қолжетімді болады.
Мемлекеттік құпиялары немесе қызмет бабында пайдалануы үшін мәліметтері бар диссертацияларда докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдалануы ҰМҒТСО-да немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында және (немесе) ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.

27

27. Диссертацияның қағаз және (немесе) электронды тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа).

28 28. Ресми рецензенттер диссертация мен жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске осы Үлгі ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда жазбаша пікірлерін ұсынады.

Егер диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалатын болса, ресми рецензенттер докторанттың зерттеу тақырыбы бойынша мақалаларының ғылыми деңгейін зерделейді. Егер мақаланың 2/3 және одан көп бөлігі докторанттың зерттеу тақырыбымен байланысы болмаса, оны ресми рецензент ескермейді.
Ресми рецензенттер пікірлерінде мына шешімдердің бірін көрсетеді:

1

1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

2 2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);

3 3) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.

Ресми рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Ресми рецензенттер жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы шешім 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.

29

29. ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және ЖОО-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері болған жағдайда Диссертациялық кеңестің комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

30

30. Диссертациялық кеңес Диссертациялық кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде (қорғауға дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей) докторантты қорғауға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе диссертацияны қорғаудан алып тастайды. Диссертациялық кеңес қабылданған шешім туралы докторантқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды, сондай-ақ тиісті ақпарат ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау жағдайынан басқа).
Докторанттың диссертациясын қорғауға дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар.

31

31. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда, диссертацияны қарау кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға орынбасарына, төраға орынбасары мен ғалым хатшының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен оның мүшелеріне жүктеледі.
Төраға, төраға орынбасары мен ғалым хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.
Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының толық көлемде бейнежазбаға түсірілуін қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.

32 32. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі) қатысқанда заңды болып саналады. Ресми рецензенттердің және диссертациялық кеңестің уақытша тағайындалған мүшелерінің отырысқа қатысуы міндетті болып табылады.

Диссертациялық кеңес мүшелері және ресми рецензенттер қорғауға бейнеконференция нысанында қатыса алады.
Диссертацияны ашық қорғау интернет желісінде тікелей онлайн трансляция режимінде өтеді. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялар қорғалатын жағдайда диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің бейнеконференция нысанында қатысуына, сондай-ақ интернетте трансляциялауға жол берілмейді.
Отырысқа практикалық саланың шақырылған мамандарының қатысуына жол беріледі (диссертация қолданбалы сипатта болса).
Диссертациялық кеңес докторантқа, диссертациялық кеңес мүшелеріне, ресми рецензенттерге диссертациялық кеңес отырысын бейнеконференция нысанында өткізетіні туралы электрондық пошта және кеңестің сайтында хабарлама беру арқылы диссертация қорғауға кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда хабарлайды.
Диссертациялық кеңес отырысты бейнеконференция нысанында өткізгенде:
отырысқа қатысатындардың визуалды идентификациясы;
интернет желісінде отырысқа қатысушылар сөздерінің үздіксіз бейне- және аудио трансляциясы;
отырыстың бейне- және аудиожазбасы;
диссертациялық кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі қамтамасыз етіледі.

33 33. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

1

1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

2 2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда ғана);

3 3) диссертацияны қайта қорғауға жіберу;

4 4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден не Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасаудан бас тарту (ерекше мәртебесі жоқ ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда).

Диссертациялық жұмыс егер оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпей, мәтін бойынша елеусіз ескертулер болған жағдайда пысықтауға ұсынылады. Егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармағына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда диссертация философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

34 34. Докторанттың ғылым консультанты, тікелей басшысы немесе жақын туысы болып есептелетін диссертациялық кеңестің мүшелері, сондай-ақ шақырылған мамандар дауыс беруге қатыспайды.

Жасырын дауыс беруде ресми рецензенттер қатысады, олардың дауыстары диссертациялық кеңес мүшелерінің дауыстарына тең.
Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған дауыс беруге қатысқандардың 3/4 (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.
Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жолдау туралы шешімі, егер дауыс беруге қатысқандардың 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

35 35. Қайта қорғауға жіберу немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереженің, Қағидаларының қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды.

Диссертациялық жұмысты қайта қорғау алдындағы қорғаудан 6 айдан кем емес уақыт өткенде осы Үлгі ережеде белгіленген тәртіппен өткізіледі. Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы және ресми рецензенттер сақталады. Диссертация қайта қорғауға 2 (екі) реттен артық жіберілмейді.

36 36. Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер қамтылған қорытынды шығарады.

Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске үш айлық мерзімде ұсынылады, оны 3 (үш) айдан артық мерзімге ұзартуға болмайды. Пысықтау мерзімін ұзарту туралы шешімді диссертациялық кеңес докторанттың өтініші негізінде қабылдайды. Егер пысықталған диссертациялық жұмыс белгіленген уақытта ұсынылмаса, докторант қайта қорғаудан өтеді.
Докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен толық не жартылай келіспейтін жағдайда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.
Пысықталған диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды (болған жағдайда) талқылау жөнінде отырыс өткізеді. Отырыс осы Үлгі ереженің 32-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте интернетте онлайн трансляциясыз отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі.
Талқылаудан кейін жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы дәреже беру немесе қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

37

37. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (ерекше мәртебесі жоқ ЖОО жанындағы) диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:

1 1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіліп, диссертациялық кеңес төрағасы қол қойған диссертациялық кеңес құрылған ЖОО бланкісінде ілеспе қолдаухаты (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа);

2 2) электронды тасымалдағыштағы диссертация. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертация да қағаз тасымалдағышта беріледі;

3 3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;

4 4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5

5) ҰМҒТСО-ның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарындағы және (немесе) ғылыми ұйымдардағы комиссияның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы ұсынылады;

6 6) осы Үлгі ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

7 7) диссертацияны қорғау жөніндегі және пысықталған диссертациялық жұмысты талқылау бойынша (қажет болғанда) диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғалым хатшы қол қойған хаттамасы;

8 8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі;

9 9) осы Үлгі ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет.

1 1), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке «пдф (pdf)» файлы форматында сканерленген түрде ұсынылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестациялық істерден басқа).

38 38. Комитеттің немесе диссертациялық кеңестің теріс шешімі қабылданған диссертация қайта қорғауға осы Үлгі ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен ұсынылады.

Диссертация қайта қорғауға ұсынылған жағдайда диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтардың жойылуы туралы қорытынды жасау үшін диссертациялық кеңес мүшелерінен 3 (үш) адамды тағайындайды. Қорытынды ЖОО-ның интернет-ресурсында диссертацияны қорғауға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және қорғауда оқылады.

39 39. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғалған ЖОО шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.

Апелляцияны өткізу тәртібін ЖОО өз бетінше бекітеді.

40 40. Апелляция ерекше мәртебесі жоқ ЖОО жанындағы диссертациялық кеңестің шешіміне берілген жағдайда, апелляциялық комиссияның оң қорытындысы және диссертация соңғы шешім қабылдау үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде Комитетке жіберіледі.

Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде докторантқа хабарланады және ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырылады.

41 41. Осы Үлгі ережемен реттелмейтін, оның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден, апелляцияға беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту мәселелері бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.

1.1 Диссертациялық

кеңес туралы үлгі ережеге
1-қосымша
Нысан
Диссертациялық кеңес мүшелеріне үміткерлер туралы ақпарат

Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да) (мем­ле­кет­тік неме­се орыс және ағы­л­шын тіл­де­рін­де)
Дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы
Негіз­гі жұ­мыс ор­ны
Аза­мат­тығы
Ха­лы­қа­ра­лық ақ­па­рат­тық Web of science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Ско­пус) ба­за­ла­ры­ның де­ректе­рі бой­ын­ша Хирш ин­дек­сі
Clarivate Analytics (Кла­ри­вэйт Ана­ли­тикс) ком­па­ни­я­сы­ның Journal Citation Reports (Жор­нал Цит­эй­ш­эн Ре­портс) де­ректе­рі бой­ын­ша бі­рін­ші үш квар­тиль­ге кі­ре­тін неме­се Scopus (Ско­пус) де­ректер ба­за­сын­да CiteScore (Сайт­Скор) бой­ын­ша про­цен­тиль көр­сет­кі­ші ке­мін­де 35 (отыз бес) бо­ла­тын ба­сы­лым­дар­да жа­ри­я­ла­ным­дар
Ба­сы­лым­дар тіз­бе­сін­де­гі жур­нал­дар­да­ғы жа­ри­я­ла­ным­дар
1
2
3
4
5
6
7
8

1.2 Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп

Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
2-қосымша
Нысан
Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп
_____________________________________________________ жанындағы
(ЖОО атауы)
______________________кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес
Есеп мынадай мәліметтерді қамтиды:
1. Өткізілген отырыстар саны туралы деректер.
2. Отырыстардың жартысынан азына қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
3. Оқу орны көрсетілген докторанттар тізімі.
4. Мынадай бөлімдері белгіленіп көрсетілген, есепті жыл ағымында кеңесте қаралған диссертацияларға қысқаша талдау:
1) қаралған жұмыстар тақырыптарына талдау;
2) диссертация тақырыбының «Ғылым туралы» Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қалыптастыратын ғылымның даму бағыттарымен және (немесе) мемлекеттік бағдарламалармен байланысы;
3) диссертациялар нәтижелерінің практикалық қызметке ену деңгейін талдау.
5. Ресми рецензенттердің жұмысына талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді мысалға ала отырып).
6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға арналған диссертациялардың кадрларды даярлау бағыты бөлінісіндегі саны:
1) қорғауға қабылданған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖОО докторанттарының);
2) қараудан алынып тасталған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖОО докторанттарының);
3) рецензенттердің теріс пікірін алған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖОО докторанттарының);
4) қорғау нәтижелері бойынша теріс шешім алған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖОО докторанттарының);
5) пысықтауға жіберілген диссертациялар (оның ішінде басқа ЖОО докторанттарының);
6) қайта қорғауға жіберілген диссертациялар (оның ішінде басқа ЖОО докторанттарының).
Диссертациялық кеңестің төрағасы _________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ____________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
Мөр Мерзімі 20__ жылғы «__»_______

1.3 Диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөнінде қабылдаған шешімдері туралы тоқсандық есеп

Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
3-қосымша
Нысан
Диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөнінде қабылдаған шешімдері туралы тоқсандық есеп

Док­то­рант­тың Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да))
Ту­ған жы­лы
Док­то­ран­ту­ра­да оқы­ған ке­зе­ңі
Док­то­рант оқы­ған ЖОО
Дис­сер­та­ция та­қы­ры­бы
Ғы­лы­ми ке­ңес­ші­ле­рі (Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да, дә­ре­же­сі, жұ­мыс ор­ны)
Ре­сми ре­цен­зент­тер (Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), дә­ре­же­сі, жұ­мыс ор­ны)
Қор­ғау кү­ні
Дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңес және апел­ля­ци­я­лық ко­мис­сия (болған жағ­дай­да)қа­был­да­ған ше­шім
Ди­плом №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Ма­ман­дық (кадр­лар­ды да­яр­лау ба­ғы­ты) бой­ын­ша дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңес

1.4 Диссертациялық

кеңес туралы үлгі ережеге
4-қосымша
Нысан
Этикалық комиссияның қорытындысы________________________________________________
ЖОО атауы
1.
Док­то­рант­тың ТАӘ
2.
Док­то­ран­ту­ра ма­манды­ғы (бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы)
3.
Док­то­ран­ту­ра­да оқу ке­зе­ңі
4.
Дис­сер­та­ция та­қы­ры­бы, бе­кі­ту мер­зі­мі
5.
Ғы­лы­ми ке­ңес­ші­лер ту­ра­лы де­ректер – Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), жұ­мыс ор­ны және ла­у­а­зы­мы, ғы­лы­ми дә­ре­же­ле­рі, аза­мат­тығы
6.
Зерт­теу объ­ек­ті­ле­рі
7.
Ғы­лы­ми зерт­те­улер­ді жос­пар­лау, ба­ға­лау, ірік­теу және жүр­гі­зу про­це­сін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар
Бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ды неме­се анық­тал­ма­ды. Анық­тал­ған жағ­дай­да олар­ды көр­се­ту қа­жет
8.
Ғы­лы­ми зерт­теу нәти­же­ле­рін е та­ра­ту про­це­сін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар
Бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ды неме­се анық­тал­ма­ды. Анық­тал­ған жағ­дай­да олар­ды көр­се­ту қа­жет
9.
Зерт­теу объ­ек­ті­ле­рі­нің (жан­ды та­би­ғат пен тір­ші­лік ор­та­сы­ның объ­ек­ті­ле­рі болған­да) құқық­та­рын, қа­уіп­сіз­ді­гі мен са­улы­ғын қор­ғау қа­лай жүр­гі­зіл­ді?
Этикалық комиссияның төрағасы _________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
Этикалық комиссияның хатшысы _________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

1.5 Ресми рецензенттің жазбаша пікірі

Диссертациялық
кеңес туралы үлгі ережеге
5-қосымша
Нысан
Ресми рецензенттің жазбаша пікірі
р/н №
Кри­те­рий­лер
Кри­те­рий­лер сәй­кест­і­гі
Ре­сми ре­цен­зент­тің ұста­ны­мы
1.
Дис­сер­та­ция та­қы­ры­бы­ның (бе­кі­ту кү­ніне) ғы­лым­ның да­му ба­ғыт­та­ры­на және/неме­се мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ға сәй­кес бо­луы
1.1 Ғы­лым­ның да­му ба­ғыт­та­ры­на және/неме­се мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ға сәй­кест­і­гі:
1) Дис­сер­та­ция мем­ле­кет бюд­же­ті­нен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын жо­ба­ның неме­се ны­са­на­лы бағ­дар­ла­ма­ның ая­сын­да орын­дал­ған (жо­ба­ның неме­се бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы мен нө­мі­рі);
2) Дис­сер­та­ция бас­қа мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма ая­сын­да орын­дал­ған (бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы)
3) Дис­сер­та­ция Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті жа­нын­да­ғы Жо­ға­ры ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық ко­мис­сия бе­кіт­кен ғы­лым да­муы­ның ба­сым ба­ғы­ты­на сәй­кес (ба­ғы­тын көр­се­ту)
2.
Ғы­лым­ға ма­ңы­зды­лы­ғы
Жұ­мыс ғы­лым­ға еле­улі үле­сін қо­са­ды/қо­с­пай­ды, ал оның ма­ңы­зды­лы­ғы ашы­л­ған/ашыл­ма­ған.
3.
Өзі жа­зу прин­ци­пі
Өзі жа­зу дең­гейі:
1) жо­ға­ры;
2) ор­та­ша;
3) тө­мен;
4) өзі жа­з­ба­ған
4.
Іш­кі бір­лік прин­ци­пі
4.1 Дис­сер­та­ция өзек­ті­лі­гі­нің негіз­де­ме­сі:
1) негіз­дел­ген;
2) жар­ты­лай негіз­дел­ген;
3) негіз­дел­ме­ген.
4.2 Дис­сер­та­ция маз­мұ­ны дис­сер­та­ция та­қы­ры­бын ай­қын­дай­ды
1) ай­қын­дай­ды;
2) жар­ты­лай ай­қын­дай­ды;
3) ай­қын­да­май­ды
4.3. Мақ­са­ты мен мін­дет­те­рі дис­сер­та­ция та­қы­ры­бы­на сәй­кес ке­ле­ді:
1) сәй­кес ке­ле­ді;
2) жар­ты­лай сәй­кес ке­ле­ді;
3) сәй­кес кел­мей­ді
4.4. Дис­сер­та­ци­я­ның бар­лық бө­лім­де­рі мен құ­ры­лы­сы ло­ги­ка­лық бай­ла­ны­с­қан:
1) то­лық бай­ла­ны­с­қан;
2) жар­ты­лай бай­ла­ны­с­қан;
3) бай­ла­ныс жоқ
4.5 Ав­тор ұсын­ған жа­ңа ше­шім­дер (қа­ғи­дат­тар, әді­стер) дәлел­де­ніп, бұ­рын­нан бел­гі­лі ше­шім­дер­мен са­лы­сты­ры­лып ба­ға­лан­ған:
1) сы­ни тал­дау бар;
2) тал­дау жар­ты­лай жүр­гі­зі­л­ген;
3) тал­дау өз пі­кі­рін емес, бас­қа ав­тор­лар­дың сі­л­те­ме­ле­ріне негіз­дел­ген
5.
Ғы­лы­ми жа­ңа­шыл­дық прин­ци­пі
5.1 Ғы­лы­ми нәти­же­лер мен қа­ғи­дат­тар жа­ңа бо­лып та­бы­ла ма?
1) то­лы­ғы­мен жа­ңа;
2) жар­ты­лай жа­ңа (25-75% жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды);
3) жа­ңа емес (25% кем жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды)
5.2 Дис­сер­та­ци­я­ның қо­ры­тын­ды­ла­ры жа­ңа бо­лып та­бы­ла ма?
1) то­лы­ғы­мен жа­ңа;
2) жар­ты­лай жа­ңа (25-75% жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды);
3) жа­ңа емес (25% кем жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды)
5.3 Тех­ни­ка­лық, тех­но­ло­ги­я­лық, эко­но­ми­ка­лық неме­се бас­қа­ру ше­шім­де­рі жа­ңа және негіз­дел­ген бе?
1) то­лы­ғы­мен жа­ңа;
2) жар­ты­лай жа­ңа (25-75% жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды);
3) жа­ңа емес (25% кем жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды)
6.
Негіз­гі қо­ры­тын­ды­лар­дың негіз­ді­лі­гі
Бар­лық қо­ры­тын­ды­лар ғы­лы­ми тұр­ғы­дан қа­ра­ған­да ауқым­ды дәлел­де­ме­лер­де негіз­дел­ген/негіз­дел­ме­ген (qualitative research және өнер­та­ну және гу­ма­ни­тар­лық ба­ғыт­та­ры боын­ша)
7.
Қор­ғау­ға шы­ға­ры­л­ған негіз­гі қа­ғи­дат­тар
Әр қа­ғи­дат бой­ын­ша ке­ле­сі сұ­рақ­тар­ға жа­у­ап бе­ру қа­жет:
7.1 Қа­ғи­дат дәлел­ден­ді ме?
1) дәлел­ден­ді;
2) ша­ма­мен дәлел­ден­ді;
3) ша­ма­мен дәлел­ден­бе­ді;
4) дәлел­ден­бе­ді
7.2 Три­ви­ал­ды ма?
1) ия;
2) жоқ
7.3 Жа­ңа ма?
1) ия;
2) жоқ
7.4 Қол­да­ну дең­гейі:
1) тар;
2) ор­та­ша;
3) кең
7.5 Ма­қа­ла­да дәлел­ден­ген бе?
1) ия;
2) жоқ
8.
Дәй­ек­ті­лік прин­ци­пі
Де­реккөз­дер мен ұсы­ны­л­ған ақ­па­рат­тың дәй­ек­ті­лі­гі
8.1 Әді­сте­ме­нің таң­да­уы - негіз­дел­ген неме­се әдіс­на­ма нақ­ты жа­зы­л­ған
1) ия;
2) жоқ
8.2 Дис­сер­та­ция жұ­мысы­ның нәти­же­ле­рі ком­пью­тер­лік тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну ар­қы­лы ғы­лы­ми зерт­те­улер­дің қа­зір­гі за­ман­ғы әді­сте­рі мен де­ректер­ді өң­деу және ин­тер­пре­та­ци­я­лау әді­сте­ме­ле­рін пай­да­ла­на оты­рып алын­ған:
1) ия;
2) жоқ
8.2 Тео­ри­я­лық қо­ры­тын­ды­лар, мо­дель­дер, анық­тал­ған өза­ра бай­ла­ны­стар және заң­ды­лық­тар экс­пе­ри­мент­тік зерт­те­улер­мен дәлел­ден­ген және рас­тал­ған (пе­да­го­ги­ка­лық ғы­лым­дар бой­ын­ша да­яр­лау ба­ғыт­та­ры үшін нәти­же­лер пе­да­го­ги­ка­лық экс­пе­ри­мент негі­зін­де дәлел­де­не­ді):
1) ия;
2) жоқ
8.4 Ма­ңы­зды мә­лім­де­ме­лер нақ­ты және се­нім­ді ғы­лы­ми әде­би­ет­тер­ге сі­л­те­ме­лер­мен рас­тал­ған / іші­на­ра рас­тал­ған / рас­тал­ма­ған
8.5 Пай­да­ла­ны­л­ған әде­би­ет­тер ті­зі­мі әде­би шо­лу­ға жет­кі­лік­ті/жет­кі­лік­сіз
9
Прак­ти­ка­лық құн­ды­лық прин­ци­пі
9.1 Дис­сер­та­ци­я­ның тео­ри­я­лық ма­ңы­зы бар:
1) ия;
2) жоқ
9.2 Дис­сер­та­ци­я­ның прак­ти­ка­лық ма­ңы­зы бар және алын­ған нәти­же­лер­ді прак­ти­ка­да қол­да­ну мүм­кін­ді­гі жо­ға­ры:
1) ия;
2) жоқ
9.3 Прак­ти­ка­лық ұсы­ны­стар жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды?
1) то­лы­ғы­мен жа­ңа;
2) жар­ты­лай жа­ңа (25-75% жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды);
3) жа­ңа емес (25% кем жа­ңа бо­лып та­бы­ла­ды)
10.
Жа­зу және ре­сім­деу са­па­сы
Ака­де­ми­я­лық жа­зу са­па­сы:
1) жо­ға­ры;
2) ор­та­ша;
3) ор­та­ша­дан тө­мен;
4) тө­мен.

1.6 Диссертациялық

кеңес туралы үлгі ережеге
6-қосымша
Нысан
Диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы
20__ жылғы «__»_______ диссертациялық кеңестің отырысы, хаттама № __
Докторант __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациясын қорғауы
Дис­сер­та­ци­я­лық ке­ңес мү­ше­ле­рі­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
Дә­ре­же­сі
Оты­рыс­қа қа­ты­суы (қо­лы)
1
2
3
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы _____________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

1.7 Диссертациялық

кеңес туралы үлгі ережеге
7-қосымша
Нысан
1
Ту­ған кү­ні және же­рі, аза­мат­тығы, ұл­ты
2
Док­то­ран­ту­ра­да оқы­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет (ЖОО және оқу мер­зі­мі)
3
Док­то­ран­ту­ра ма­манды­ғы
4
Дис­сер­та­ци­я­ның қор­ғал­ған ор­ны және кү­ні
5
Дис­сер­та­ци­я­ның та­қы­ры­бы және жа­зы­л­ған ті­лі
6
Ғы­лы­ми кон­суль­тант­тар (Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы, ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы, аза­мат­тығы)
7
Ре­сми ре­цен­зент­тер (Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы, ғы­лы­ми дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы, аза­мат­тығы)
8
Жа­ри­я­ла­ным­дар са­ны, бар­лы­ғы, оның ішін­де:
Ба­сы­лым­дар тіз­бе­сін­де­гі ба­сы­лым­дар­да
Web of science (Вэб оф Сайнс) және Scopus (Ско­пус) ба­за­сын­да­ғы ше­тел­дік ба­сы­лым­да
ха­лы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ция ма­те­ри­ал­да­рын­да, оның ішін­де:
ше­тел­дік кон­фе­рен­ция ма­те­ри­ал­да­рын­да
9
Ең­бек жо­лы
Қа­был­да­у­ мер­зі­мі
Боса­ту мер­зі­мі
Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы
Ме­ке­ме­нің ме­кен-жайы
10
Ме­кен-жайы, бай­ла­ныс де­ректе­рі
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы _____________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
Мөр, мерзімі 20__ жылғы «__»_______

2 Бұй­рық­қа

2-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 127 бұйрығымен
бекітілген
Дәрежелер
беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
20__ ж. «_____» _________ № ________ хаттама
Тыңдалды:
___________________________________________________мамандығы/кадрлар
даярлау бағыты бойынша _____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
тақырыбындағы диссертацияны қорғау негізінде докторант
____________________________________________________________________
(докторанттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы қолдаухат
бойынша 20___ ж. “____” _____________ (№ ___ хаттама)
__________________________________________________________________
диссертациялық кеңестің шешімі туралы № ________________ іс.
Сарапшы ___________________________________________ тыңдап және
істің материалдарын талқылап, Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:
1. Диссертация тақырыбының Қазақстан Республикасында іске асырылатын
ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Диссертацияны өзі жазу қағидатының сақталуы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Диссертацияда ішкі бірлік қағидатының сақталуы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Диссертацияда ғылыми жаңашылдық қағидатының сақталуы, негізгі ғылыми
нәтижелері___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Диссертацияда дәйектілік принципінің сақталуы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Диссертацияда практикалық құндылық принципінің сақталуы.
Диссертацияның практикалық немесе теориялық мәні бар (керектісін сызу қажет).
Диссертация нәтижелері ____________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________ енгізілді.
Практикаға ендіру үшін келесі (ғылыми нәтижелерді пайдалану жөнінде
практикалық және/немесе теориялық ұсыныстар)___________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
____________________________________________________________ұсынылады.
7. Диссертацияда академиялық адалдық қағидатының сақталуы, диссертацияда
авторы мен дереккөзі көрсетілмеген бөтен материалдың (плагиат)
болуы _______________________________________________________________
(бар немесе жоқ)
Плагиат болған жағдайда пайдаланған дереккөзі көрсетілген салыстырмалы кесте қоса беріледі.
8. Жарияланымдар толықтығының сәйкестігі:
диссертация тақырыбы бойынша:
барлығы ғылыми еңбек _______;
оның ішінде:
Басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда _______ ;
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) ақпараттық компаниясының деректер базасында нөлдік емес импакт-факторға ие немесе индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда _______ ;
Scopus (Скопус) деректер базасына кіретін _______ ;
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;
басқа жарияланымдар _______ жарияланды.
Жарияланымдар Қағидалардың 6-тармағына _______________________
(сәйкес келеді/келмейді)
9. Аттестациялық іс материалдарының Қағидалар талаптарына сәйкестігі
____________________________________________________________________
Рецензенттер мен ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз болу қағидатының
сақталуы ____________________________________________
Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге сәйкес қорғау рәсімінің сақталуы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
10. Диссертациялық кеңеске ескертулер_____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):
1) Докторанттың аттестациялық ісі және диссертациясы Қағидалардың барлық
талаптарына сәйкес келеді.
Сараптау кеңесінің қорытындысы - ________________________________
_____________________________________________мамандық/даярлау бағыты
бойынша докторант___________________________________________________
(докторанттың Т.А.Ә (болған жағдайда).)
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін берілсін.
2) Докторанттың аттестациялық ісі және диссертациясы Қағидалардың келесі
тармақтарына сәйкес келмейді__________________________________________
_____________________________________________________________________
(осы Қағидалардың қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі).
Сараптау кеңесінің қорытындысы - __________________________________
_____________________________________________мамандық/даярлау бағыты
бойынша докторант___________________________________________________
(докторанттың Т.А.Ә (болған жағдайда).)
философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылсын.
3) Сараптау кеңесінің қорытындысы - докторант______________________
____________________________________________________________________
(докторанттың Т.А.Ә (болған жағдайда).)
диссертациясы мыналарды____________________________________________
____________________________________________________________________
(диссертациялық жұмыста нені жөндеу керек екені көрсетіледі)
____________________________________________________________________
жөндеу үшін пысықтауға жіберілсін.
4) Сараптау кеңесінің қорытындысы - докторант______________________
____________________________________________________________________
(докторанттың Т.А.Ә (болған жағдайда).)
диссертациясы қайта қорғауға жіберілсін ________________________________
___________________________________________________________________
(диссертация Қағидалардың қай талабына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)
____________________________________________________________________
Дауыс беру нәтижелері: «жақтап» дауыс бергені ______________________
«қарсы ____________
«қалыс қалғаны» ____________
Төраға ____________________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
Ғалым хатшы ______________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)
Сарапшы __________________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөнінің бірінші әріптері)

Қолданыстағы