Құжат мәтініне өту

Об утверждении методики подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа

Бұйрық · № 113 · қабылданған 27.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-155325/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении методики подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа Қолданыста Бұйрық ·№ 113 ·27.04.2021
15.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении методики подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа

Қолданыста Бұйрық ·№ 113 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении методики подушевого нормативного финансирования государственного творческого заказа
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
113
Қабылданған күні
27.04.2021
Көрсетілген редакция
15.09.2022 155325_594914.kaz
Соңғы өзгеріс
15.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022634
ЭКБ идентификаторы
155325
Редакция идентификаторы
155325_594914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:24

0 Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың

жан басына шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 113
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу кезінде бірыңғай тәсілді айқындайды.
Әдістеме осы Әдістеменің 1-қосымшасында (бұдан әрі – 1-қосымша) көзделген шығармашылық үйірме түрлерінің тізіміне қатысты, осы Әдістеменің 2-қосымшасына (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес шығармашылық үйірме түрлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып қолданылады.

2 2. Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:

1 1) арнайы балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды немесе бір нозологиялық топтағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды ғана қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

2 2) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – инфрақұрылымды, мүлікті ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстарды және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін негізге ала отырып айқындалатын шығармашылық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстарды қаржыландыру;

3 3) инклюзивті балалар тобы – әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына 2 баладан аспайтын балаларды қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

4 4) интеграцияланған балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына немесе әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға 2-ден астам баланы қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

5

5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі);

6 6) нозологиялық топ – денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ауытқуларын сипаттайтын санаттарға жіктелуі;

7 7) өнім беруші – негізгі қызмет түрі Әдістемеде көзделген үйірмелер түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету болып табылатын білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;

8 8) шығармашылық процесс – баланың интеллектуалды және эмоционалды дамуына бағытталған шығармашылық үйірмелерде айналысатын балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту процесі.

2 2-тарау. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруының есептеу алгоритмі

3 3. Есеп беру кезеңінде өнім берушінің балаларға көрсеткен қызметтерінің құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

S = N * T, мұндағы:
S

төленетін сома, теңгемен;
N

айына нақты бару саны, бірақ 2-қосымшаға сәйкес белгіленген шектен артық емес;
T

бір сабақ үшін құны, теңгемен;
Инклюзивті, интеграцияланған және арнайы топтардағы балалармен сабақ өткізу үшін көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін есептеу құнын бөле отырып жүзеге асырылады.

4 4. Бір сабақтың құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

T = ИМАҚТ + ШПТ, мұндағы
ИМАҚТ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар;
ШПТ – шығармашылық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстар.

5 5. Бір сабақтың ИМАҚТ құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

ИМАҚТ = ИМАҚҚ + (ИМАҚҚ * ӨҢІРК) + (ИМАҚҚ + ИМАҚҚ * ӨҢІРК * ИҚТК-V, мұндағы:
ИМАҚҚ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымды қамтамасыз етуге арналған шығыстардың базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, жалға алу, интернет және телефон байланысы, бейнебақылау қызметтерін, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған шығындарды, ағымды жөндеу жүргізуді және сабақ өткізу үшін инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын, күнделікті шығыс материалдарын қоспағанда, өзге де ағымды шығындарды қамтиды. Қызмет көрсетудің стационарлық режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК * 0,045 құрайды, қашықтықтан қызмет көрсету режимі үшін (бейнеконференцбайланыс технологияларын пайдалана отырып) 1 АЕК * 0,01125 құрайды;
ӨҢІРK – осы Әдістеменің 3-қосымшасында (бұдан әрі – 3-қосымша) ұсынылған мәндерге сәйкес өнім берушінің қызметтер көрсету өңіріне түзету коэффициенті.
ИҚТК-V – шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшада ұсынылған мәндерге сәйкес өнім берушінің инфрақұрылымын қамтамасыз етудің күрделілігіне түзету коэффициенті және инфрақұрылымның жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын сатып алуды қамтиды. Арнайы жабдықты қажет ететін, инфрақұрылымды пайдаланатын өнім берушілерге қолданылады және түзету коэффициенттерінің келесі диапазонына ие:
инфрақұрылымның күрделілігі
мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы жабдықтауды қажет етпейтін шығармашылық түрлері үшін маңыздылығы
орта
1,00
төмен
0,50
өте төмен
0,30
Мемлекеттік орган тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ИМАҚТ шығыстарын есептеу 5-тармақтың формуласына сәйкес әрбір өткізілмеген сабақ үшін толық көлемде жүзеге асырылады.

6 6. Бір сабақтың ШПТ құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK + (ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK) * МШ-ШПК + ШПK-М, мұндағы:
ШПҚ – шығармашылық процесті жүзеге асыру үшін еңбекке ақы төлеу шығыстарының базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және негізгі әрі қосалқы персоналдың еңбегіне ақы төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдарды және бірыңғай жиынтық төлемді (өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбекке ақы төлеудің қосымша төлемдері мен өтемақыларына байланысты шығыстарды қамтиды. Топтарда сабақтар өткізу режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 2-қосымшаға сәйкес орташа жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлері үшін (айына 8 сабақ) 1 АЕК * 0,3 және жоғары жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлері үшін (айына 12 сабақ) 1 АЕК * 0,215 құрайды;
сабақтарды өткізудің жеке режимі үшін 2-қосымшаға сәйкес орташа жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлеріне 1 АЕК * 0,39 және жоғары жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлеріне 1 АЕК * 0,28 (айына 12 сабақ) құрайды.
МШ-ШПК – шығармашылық процесті мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген арнайы оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажеттілігіне түзету коэффициенті шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшаға сәйкес мәнге ие: 1, егер қажеттілік болса және 0, егер қажеттілік болмаса.
ШПK-М – сабақ аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын, сабақтар өткізу үшін күнделікті шығыс материалдарына арналған шығындар. Қажеттілік шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшамен анықталады, ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және күнделікті шығыс материалдарымен жабдықтау қажеттілігі болса, 1 АЕК * 0,08, егер талап етілмесе 0 құрайды.
Мемлекеттік органдар тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ШПТ шығыстарын есептеу әрбір өткізілмеген сабақ үшін мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады:
ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK, мұндағы ШПҚ – көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК * 0,054 құрайды.

1 Шығармашылық үйірме түрлерінің тізімі

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне
1-қосымша
Шығармашылық үйірме түрлерінің тізімі
№ р/с
Шы­ғар­ма­шы­лық тү­рі­нің ата­уы
Жа­яу қол­же­тім­ді­лік әле­уе­ті*
Са­бақ­тар­ды жыл бойы өт­кі­зу мүм­кін­ді­гі­нің әле­уе­ті**
Жап­пай та­ра­лушы­лық әле­уе­ті***
Ұлт мә­де­ни­е­ті үшін әле­умет­тік ма­ңы­зы бар әле­ует ****
1
2
3
4
5
6
Би үй­ір­ме­ле­рі
1.
Ұлт­тық (Ха­лық­тық) би­лер
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
2.
Ба­лет
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
3.
За­ма­на­уи (Эст­ра­да­лық) би­лер
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
4.
Хо­рео­гра­фи­я­лық ан­самбль
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
5.
Бал би­ле­рі
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
Бей­не­леу өне­рі үй­ір­ме­ле­рі
6.
Кес­кін­де­ме, су­рет са­лу
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
7.
Гра­фи­ка
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
8.
Көр­кем фо­то­су­рет
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
9.
Ке­ра­ми­ка және мү­сін
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
10.
Мү­сін­деу
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
Де­ко­ра­тив­тік-қол­дан­ба­лы шы­ғар­ма­шы­лық үй­ір­ме­лер
11.
То­қу, кі­лем то­қу
ор­та­ша
иә
тө­мен
иә
12.
Кесте­леу
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
13.
Би­сер­мен өру
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
14.
То­қу
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
15.
Ки­із ба­су (то­қу)
ор­та­ша
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
16.
Ағаш ою
ор­та­ша
иә
тө­мен
жоқ
17.
Зер­гер­лік өнер
ор­та­ша
иә
тө­мен
иә
18.
Мак­ра­ме
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
19.
Құ­рақ тігу
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
20.
Те­рі өң­деу
ор­та­ша
иә
тө­мен
жоқ
21.
Ба­тик
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
22.
Қа­ғаз мо­дель­деу, ори­га­ми
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
Те­атр және ки­но үй­ір­ме­ле­рі
23.
Ак­тер­лік өнер және сахна­лық сө­леу
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
24.
Цирк өне­рі
ор­та­ша
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
25.
Қуыр­шақ үй­ір­ме­сі
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
26.
Ре­жис­сер­лік өнер
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
27.
Ком­пью­тер­лік гра­фи­ка, ани­ма­ция и муль­ти­пли­ка­ция
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
28.
Бей­не­тү­сі­рі­лім және мон­таж­дау
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
За­ма­на­уи АРТ-ин­ду­стрия үй­ір­ме­ле­рі
29.
Ви­заж, грим
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
30.
Мо­дель­дік өнер
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
31.
Ки­ім­дер­ді үл­гі­леу, пі­шу және тігу
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
32.
Фло­ри­сти­ка, ике­ба­на
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
Во­кал­дық үй­ір­ме­лер
33.
Эст­ра­да­лық во­кал
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
34.
Во­кал­дық ан­самбль және хор­мен ән ай­ту
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
35.
Ха­лық әні
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
Ас­пап­тық орын­да­у­шы­лық үй­ір­ме­лер
36.
Пер­не­лі ас­пап­тар
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
37.
Ішек­ті ас­пап­тар
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
38.
Үр­ме­лі ас­пап­тар
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
39.
Эст­ра­да­лық ас­пап­тар
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
40.
Ұр­ма­лы-соқ­па­лы ас­пап­тар
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
41.
Ха­лық ас­пап­та­ры
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
42.
Ас­пап­тық ан­самбль
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
43.
Дом­бы­ра
жо­ға­ры
иә
жо­ға­ры
пай­да­ла­ныл­май­ды
Му­зей ісі үй­ір­ме­ле­рі
44.
Өл­ке­та­ну, гид (экс­кур­сия жүр­гі­зу­ші)
жо­ға­ры
иә
тө­мен
иә
45.
Ар­хео­ло­гия
ор­та­ша
жоқ
тө­мен
иә
46.
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды ре­став­ра­ци­я­лау
тө­мен
иә
тө­мен
иә
Әде­би үй­ір­ме­лер
47.
Ай­тыс
ор­та­ша
иә
тө­мен
иә
48.
По­э­зия, про­за
жо­ға­ры
иә
тө­мен
иә
49.
Көр­кем оқу
жо­ға­ры
иә
тө­мен
жоқ
50.
Ше­шен­дік өнер
жо­ға­ры
иә
ор­та­ша
пай­да­ла­ныл­май­ды
Ескерту:
*Жаяу қолжетімділік әлеуеті – білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қолда бар инфрақұрылымы, тұрғын үй инфрақұрылымы негізінде сабақ өткізу үшін өнім берушінің инфрақұрылымын іске қосу жеңілдігі бойынша шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін мынадай жіктеуішті пайдаланады:
«жоғары»: көппәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольдық және тұрғын үй-жайларда, комерциалық ғимараттарда өрбіту мүмкіндігі;
«орташа»: білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының объектілері мен құрылыстарының базасында өрбіту мүмкіндігі;
«төмен»: арнайы жабдықтары мен үй-жайлары бар арнайы құрылыстар жағдайында ғана және ұлт мәдениеті үшін елеулі маңызы болған жағдайда өрбіту мүмкіндігі;
** Сабақтарды жыл бойы өткізу мүмкіндігінің әлеуеті – шығармашылық түрін маусымдылық пен ауа райы жағдайларына арнайы тәуелділіктің болуы немесе болмауы бойынша бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуішті пайдаланады:
«ия»: қызметтер жыл бойы көрсетілуі мүмкін;
«жоқ»: маусымдық тәуелділік бар және тізімге енгізілмейді.
***Жаппай таралым әлеуеті – факторлар кешенімен, оның ішінде жаяу жүру қолжетімділігімен, ілеспе шығындардың құнымен және тарихи қалыптасқан сұраныспен байланысты халық арасында шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуішті пайдаланады:
«жоғары»: шығармашылықтың түрі халықтың кең ауқымында тұрақты жоғары сұранысқа ие;
«орташа»: шығармашылықтың түрі халықтың кең ауқымында қалыпты сұранысқа ие;
«төмен»: шығармашылықтың түрі халықтың шағын шеңберінде ғана сұранысқа ие және ұлт мәдениеті үшін маңызды;
**** Ұлт мәдениеті үшін елеулі маңызы бар әлеуеті – жаяу қол жетімділіктің және жаппай таралымның төмен көрсеткіштері бар түрлерге қолданылатын шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты. Ол талап етілетін әлеуметтік ортадағы балалардың мәдени және шығармашылық дамуына әсер ету тұрғысынан шығармашылықтың осы түрінің маңыздылығын талдау үшін қолданылады. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуіштер пайдаланылады:
«иә»: қызметтің маңызды әлеуметтік мәні бар;
«жоқ»: көрсетілетін қызметтер көлемінің статистикасына сәйкес қызметтің айқын әлеуметтік басымдығы жоқ.

2 Шығармашылық үйірмелер қызметтерін ұсынуға қойылатын талаптар

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне
2-қосымша
Шығармашылық үйірмелер қызметтерін ұсынуға қойылатын талаптар
№ р/с
Қыз­мет­тің ата­уы
Са­па нор­ма­тив­ті
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық ба­за­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Шы­ғар­ма­шы­лық про­цес­ке қой­ы­ла­тын та­лап­тар
бір ба­ла­ға ай­ы­на са­бақ жи­і­лі­гі (тө­ле­не­тін са­бақ­тар­дың ең көп са­ны)
бір ба­ла­ға жы­лы­на іш­кі есеп­тік іс-ша­ра­лар­дың ең көп са­ны
са­бақ­тың ба­ста­луы үшін ба­ла­ның ең тө­мен­гі жа­сы, жыл
10 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған са­бақ­тың ең аз ұз­ақ­тығы, ми­нут
10 жастан ас­қан ба­ла­лар­ға ар­нал­ған са­бақ­тың ең аз ұз­ақ­тығы, ми­нут
ин­клю­зив­ті неме­се ин­те­гра­ци­я­лан­ған топ­та­ғы ба­ла­лар­дың ең көп са­ны, адам
ар­найы топ­та­ғы ба­ла­лар­дың ең көп са­ны, адам
жаб­дық­тау және қыз­мет көр­се­ту күр­де­лі­лі­гі
мүм­кін­ді­гі шек­те­улі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ар­найы оқу бағ­дар­ла­ма­ла­рын қол­да­ну қа­жет­ті­лі­гі
са­бақ­тар­ды өт­кі­зу­дің же­ке ре­жи­міне жол бе­ру
күн­де­лік­ті шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры­мен жаб­дық­тау қа­жет­ті­лі­гі
Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жа­рақ­тан­ды­ру­ға қой­ы­ла­тын ең аз та­лап­тар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
БИ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕ­РІ
1.
Ұлт­тық (Ха­лық­тық) би­лер
12
6
4
60
90
20
10
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Ай­на­лар, ста­н­ок­тар, ды­быст­ық жаб­дық­тар, пар­кет неме­се ли­но­ле­ум, же­ке кі­лем­ше­лер
2.
Ба­лет
12
6
4
60
90
20
10
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Ай­на­лар, ста­н­ок­тар, ды­быст­ық жаб­дық­тар, ба­лет ли­но­ле­умы неме­се пар­кет, же­ке кі­лем­ше­лер
3.
За­ма­на­уи (Эст­ра­да­лық) би­лер
12
6
4
60
90
20
10
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Ай­на­лар, ста­н­ок­тар, ды­быст­ық жаб­дық­тар, пар­кет неме­се ли­но­ле­ум, же­ке кі­лем­ше­лер
4.
Хо­рео­гра­фи­я­лық ан­самбль
12
6
6
60
90
20
10
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Ай­на­лар, ста­н­ок­тар, ды­быст­ық жаб­дық­тар, пар­кет неме­се ли­но­ле­ум, же­ке кі­лем­ше­лер
5.
Бал би­ле­рі
12
6
6
60
90
20
10
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Ай­на­лар, ста­н­ок­тар, ды­быст­ық жаб­дық­тар, пар­кет неме­се ли­но­ле­ум, же­ке кі­лем­ше­лер
БЕЙ­НЕ­ЛЕУ ӨНЕ­РІ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕ­РІ
6.
Кес­кін­де­ме, су­рет са­лу
8
4
4
60
90
10
8
өте тө­мен
иә
жоқ
мін­дет­ті
Моль­берт, үстел­дер, орын­дық­тар, қы­л­та­яқ­ша­лар, қа­рын­да­штар, өшір­гіш­тер, сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар
7.
Гра­фи­ка
8
4
6
60
90
10
8
өте тө­мен
иә
жоқ
мін­дет­ті
Ста­н­ок­тар, үстел­дер, орын­дық­тар, қа­рын­да­штар, өшір­гіш­тер, си­я­лар
8.
Көр­кем фо­то­су­рет
8
4
8
60
90
10
8
тө­мен
иә
жоқ
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, фо­то стенд­тер, ком­пью­тер­лер, түр­лі-тү­сті прин­тер­лер, фо­то­ап­па­рат­тар
9.
Ке­ра­ми­ка және мү­сін
8
4
6
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, қыш шең­бер, саз­ды күй­ді­ру­ге ар­нал­ған пеш, қыш құ­рал­да­ры, сұй­ық­тық­қа ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар, ал­жап­қы­штар, қы­л­та­яқ­ша­лар, на­қы­шта­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
10.
Мү­сін­деу
8
4
4
60
90
10
8
өте тө­мен
иә
жоқ
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, тақ­та­лар мен қа­быр­ға­лар, сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар, ал­жап­қы­штар
ДЕ­КО­РА­ТИВ­ТІК-ҚОЛ­ДАН­БА­ЛЫ ШЫ­ҒАР­МА­ШЫ­ЛЫҚ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕР
11.
То­қу, кі­лем то­қу
8
4
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
мін­дет­ті
То­қы­ма ста­но­гы, қай­шы, та­рақ, пы­шақ, іл­мек пы­шақ, та­яқ­ша, үстел­дер, орын­дық­тар
12.
Кесте­леу
8
4
8
60
60
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
ине­лер, метр­лер, қай­шы­лар, тігін ма­ши­на­ла­ры, үстел­дер, орын­дық­тар, қа­рын­да­штар
13.
Би­сер­мен өру
8
4
6
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, иір­гіш (иір­гіш), ста­нок, би­сер­лі ине, жал­пақ су­рет­тер­ді то­қу­ға ар­нал­ған ста­нок, Іл­мек, қай­шы, дөң­ге­лек ті­сте­уік, ті­сте­уік, пин­цет, түй­ре­уіш, қы­л­та­яқ­ша­лар, би­сер, мон­шақ­тар, стек­ля­рус, кримп, қы­сқы­штар, түй­ре­уіш­тер, бай­ла­ны­сты­ру­шы са­қи­на­лар, кон­нек­тор, спей­сер шы­н­жыр, ка­ра­бин, құлып-бе­кіт­кіш, кон­це­вик, ұста­у­шы, әше­кей­лер үшін негіз­дер
14.
То­қу
8
4
8
60
60
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, спиц­тер, іл­гек­тер, түй­ре­уіш­тер, ине­лер, пом­пон­дар жа­са­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы, мар­кер­лер, қа­тар есеп­те­гіш­те­рі, ба­у­лар­ды то­қу­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­лар, жіп­тер­ді бөл­гіш, іл­гек­ті бай­ла­у­ға ар­нал­ған са­қи­на­лар, гүл­дер жа­са­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­лар
15.
Ки­із ба­су (то­қу)
8
4
8
60
60
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, ине­лер, тө­сем­дер, ой­ық­тар, фильц ма­ши­на­сы, пу­хо­дер­ка, қай­шы, қа­рын­да­штар, сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар, ал­жап­қы­штар
16.
Ағаш ою
8
4
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, қа­ша­у­лар, ба­лға­лар, ара, жон­ғыш, мил­ка, пы­шақ­тар, ста­н­ок­тар, ша­ғын бұр­ғы­лар (бор­ма­ши­на­лар), бұ­ра­у­ға ар­нал­ған фре­зер­лер, электр жон­ғы­штар, ажар­ла­ғыш ма­ши­на­лар, ско­бель, те­су қы­сқы­штар, қы­сқы­штар, сыз­ғыш, шар­шы, про­тек­тор, яру­нок, мал­ка, тікте­уіш, юс­тир, дең­гей, крон­цир­куль, штан­ген­цир­куль, нут­ро­мер, рейс­мус, ком­пас, ру­лет­ка, қа­рын­да­штар, сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған ыдыс­тар, ал­жап­қы­штар
17.
Зер­гер­лік өнер
8
4
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, қы­сқы­штар, еге­гіш­тер, ша­ғын бұр­ғы­лар( бор­ма­ши­на­лар), бұр­ғы­лар, фре­за­лар, ті­сте­гіш­тер, дөң­ге­лек ті­сте­гіш­тер, қай­шы­лар, ті­сте­гіш­тер, лу­па­лар, би­но­ку­ляр­лар,
мик­ро­скоп­тар, қа­рын­да­штар, қы­л­та­яқ­ша­лар, жы­л­ты­ра­ту және ажар­лау жабды­ғы, ажар­лау шең­бер­ле­рі, щет­ка­лар ком­пью­тер, ме­тал­ды на­қы­шта­у­ға және бал­қы­ту­ға ар­нал­ған құ­рал­дар, сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған ыдыс­тар, ал­жап­қы­штар
18.
Мак­ра­ме
8
4
6
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар
19.
Құ­рақ тігу
8
4
8
60
60
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, ине­лер, тігін ма­ши­на­ла­ры
20.
Те­рі өң­деу
8
4
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, кі­лем­ше-мат, ке­су­ге ар­нал­ған пы­шақ­тар,
сыз­ғыш, те­рі­ге ар­нал­ған мар­кер, ши­ло, қай­шы, ине, бал­ға, қа­шау, тес­кіш, тес­кіш, сұй­ық­тық­тар­ға ар­нал­ған ыдыс­тар, ал­жап­қы­штар
21.
Ба­тик
8
4
8
60
60
10
5
тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, ба­тикке ар­нал­ған бо­я­у­лар, қы­л­та­яқ­ша­лар, суық және ыстық ба­тикке ар­нал­ған құ­рал­дар, сұй­ық­тық­қа ар­нал­ған сый­ым­ды­лық­тар, ал­жап­қы­штар
22.
Қа­ғаз мо­дель­деу, ори­га­ми
8
4
6
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
иә
мін­дет­ті
стел­дер, орын­дық­тар, қай­шы­лар, пы­шақ­тар, тақ­та­лар, сыз­ғы­штар, қы­л­та­яқ­ша­лар, қа­рын­да­штар
ТЕ­АТР ЖӘНЕ КИ­НО ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕ­РІ
23.
Ак­тер­лік өнер және сахна­лық сөй­леу
8
4
5
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, экран, рек­ви­зит­тер, ко­стюм­дер, ай­на­лар
24.
Цирк өне­рі
8
4
5
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Тү­ріне қа­рай үстел­дер, орын­дық­тар, құ­рал­дар мен заттар
25.
Қуыр­шақ үй­ір­ме­сі
8
4
6
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, қуыр­шақ­тар, экран­дар
26.
Ре­жис­сер­лік өнер
8
4
10
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, ком­пью­тер­лер
27.
Ком­пью­тер­лік гра­фи­ка, ани­ма­ция және муль­ти­пли­ка­ция
8
4
10
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, ком­пью­тер­лер
28.
Бей­не­тү­сі­рі­лім және мон­таж­дау
8
4
10
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, ком­пью­тер­лер, бей­не­ка­ме­ра­лар
ЗА­МА­НА­УИ ART-ИН­ДУ­СТРИЯ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕ­РІ
29.
Ви­заж, грим
8
4
10
90
10
5
тө­мен
иә
жоқ
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, қы­л­та­яқ­ша­лар, шам, ай­на­лар
30.
Мо­дель­дік өнер
8
4
6
60
90
10
5
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
По­ди­ум, орын­дық­тар, ды­быст­ық жаб­дық­тар
31.
Ки­ім­дер­ді үл­гі­леу, пі­шу және тігу
8
4
8
60
90
10
5
ор­та­ша
иә
жоқ
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, тігін ма­ши­на­ла­ры, шам­дар, қай­шы­лар, овер­лок, үтік, ма­не­кен
32.
Фло­ри­сти­ка, ике­ба­на
8
4
6
60
90
10
5
тө­мен
иә
жоқ
мін­дет­ті
Үстел­дер, орын­дық­тар, се­ка­тор­лар, пласт­мас­са гүл­дер, қай­шы­лар, ті­сте­уік­тер
ВО­КАЛ­ДЫҚ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕР
33.
Эст­ра­да­лық во­кал
8
4
4
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, мик­ро­фон­да­ры бар ды­быс жабды­ғы, фор­те­пи­а­но неме­се бас­қа да ұқсас ас­пап, қа­быр­ға­лар­да­ғы ды­быс сі­ңір­гіш ма­та, ай­на­лар
34.
Во­кал­дық ан­самбль және хор­мен ән ай­ту
8
4
6
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, фор­те­пи­а­но неме­се бас­қа ұқсас құ­рал, қа­быр­ға­лар­да­ғы ды­быс сі­ңі­ре­тін ма­та, ай­на­лар
35.
Ха­лық әні
8
4
4
60
90
10
8
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
Орын­дық­тар, үстел­дер, пю­питр­лар, сүй­е­мел­де­у­ші құ­рал (егер қа­жет бол­са), қа­быр­ға­лар­да­ғы ды­быс сі­ңір­гіш ма­та, ай­на­лар
АС­ПАП­ТЫҚ ОРЫН­ДА­У­ШЫ­ЛЫҚ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕ­РІ
36.
Пер­не­лі ас­пап­тар
12
6
6
60
60
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, фор­те­пи­а­но неме­се бас­қа бай­ла­ны­сты құ­рал, қа­быр­ға­лар­да­ғы ды­быс сі­ңі­ре­тін ма­та
37.
Ішек­ті ас­пап­тар
12
6
6
60
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, пю­пит­тер, ас­пап­тар, фор­те­пи­а­но неме­се бас­қа да ұқсас ас­пап­тар, қа­быр­ға­лар­да­ғы ды­быс сі­ңі­ре­тін ма­та
38.
Үр­ме­лі ас­пап­тар
12
6
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
39.
Эст­ра­да­лық ас­пап­тар
12
6
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
40.
Ұр­ма­лы-соқ­па­лы ас­пап­тар
12
6
10
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
41.
Ха­лық ас­пап­та­ры
12
6
6
60
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
42.
Ор­кестр, ас­пап­тық ан­самбль
12
6
10
90
20
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
43.
Дом­бы­ра
12
6
6
60
90
10
5
ор­та­ша
иә
иә
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, мек­теп неме­се мар­кер­лік тақ­та, пю­питр­лар, дом­бы­ра, қа­быр­ға­лар­да­ғы ды­быс сі­ңі­ре­тін ма­та, ай­на­лар
МҰ­РА­ЖАЙ ІСІ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕ­РІ
44.
Өл­ке­та­ну, гид (экс­кур­сия жүр­гі­зу­ші)
8
4
10
90
10
8
өте тө­мен
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, әде­би­ет, ин­тер­нет
45.
Ар­хео­ло­гия
8
4
10
90
10
8
тө­мен
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, ком­пью­тер­лер, кар­та­лар, қа­лақ­ша­лар, кү­рек­тер, шө­міш шнек, қа­лақ, тұ­ғы­рық, еле­уіш, фло­та­ци­я­лық құ­ры­л­ғы, қы­л­та­яқ­ша­лар, та­ра­зы­лар, қол­ғап­тар
46.
Мә­де­ни құн­ды­лық­тар­ды ре­став­ра­ци­я­лау
8
4
10
90
10
8
ор­та­ша
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, ком­пю­тер­лар, pH-өл­ше­гіш қа­лам, түп­теу те­рі­сін өң­де­у­ге ар­нал­ған Ста­нок, электр лю­ми­нес­цент­ті үл­дір, аэро­золь­ді қал­пы­на кел­ті­ру ге­не­ра­то­ры, бу ге­не­ра­то­ры, қал­пы­на кел­ті­ру шпа­те­лі, қал­пы­на кел­ті­ру та­зарт­қы­шы, му­зей­лік шаң­сор­ғыш, со­ру функ­ци­я­сы бар бу ге­не­ра­тор-та­зарт­қы­шы, қал­пы­на кел­ті­ру ла­зе­рі, қал­пы­на кел­ті­ру бу қа­рын­даш, қал­пы­на кел­ті­ру үтікте­рі, пре­стер, ван­на­лар, кеп­тір­гіш­тер, ста­н­ок­тар, кес­кіш­тер, ағаш ұста­лық ас­пап­тар
ӘДЕ­БИ ҮЙ­ІР­МЕ­ЛЕР
47.
Ай­тыс
8
4
8
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, әде­би­ет, дом­бы­ра
48.
По­э­зия, про­за
8
4
8
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, әде­би­ет,
49.
Көр­кем оқу
8
4
8
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, әде­би­ет, дом­бы­ра
50.
Ше­шен­дік өнер
8
4
8
60
90
10
5
өте тө­мен
иә
жоқ
та­лап етіл­мей­ді
Үстел­дер, орын­дық­тар, три­бу­на­лар
Ескертпе:
Мәдениет саласындағы уәкілетті органның сабақтар өткізу үшін жарақтандырудың және инфрақұрылымға қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау өлшемшартының келесі мәндердің жол берілетін тізбесі болады:
«өте төмен» - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көппәтерлі тұрғын үйлердің базасында, жертөле, цокольді үй-жайларда, оның ішінде тұрғын үй-жайлар мен пәтерлерде жұмыс істей алатын инфрақұрылым;
«төмен» - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көп пәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольді үй-жайларында жұмыс істей алатын инфрақұрылым;
«орташа» - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін инфрақұрылым, бірақ арнайы жабдықтың болуына байланысты қолданыстағы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, мәдениет және спорт ұйымдарының нысандары мен құрылыстары негізінде ғана өрбуі мүмкін;
Ескертпе:
*Мәдениет саласындағы уәкілетті органның сабақтар өткізу үшін жарақтандырудың және инфрақұрылымға қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау өлшемшартының келесі мәндердің жол берілетін тізбесі болады:
«өте төмен» - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көппәтерлі тұрғын үйлердің базасында, жертөле, цокольді үй-жайларда, оның ішінде тұрғын үй-жайлар мен пәтерлерде жұмыс істей алатын инфрақұрылым;
«төмен» - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көп пәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольді үй-жайларында жұмыс істей алатын инфрақұрылым;
«орташа» - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін инфрақұрылым, бірақ арнайы жабдықтың болуына байланысты қолданыстағы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, мәдениет және спорт ұйымдарының нысандары мен құрылыстары негізінде ғана өрбуі мүмкін;

3 Түзету коэффициенті мәндерінің тізімі ӨҢІРК

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне
3-қосымша
Түзету коэффициенті мәндерінің тізімі ӨҢІРК
№ р/с
Өңір
Мәні
1
2
3
1.
Абай об­лы­сы
0,64
2.
Ақ­мо­ла об­лы­сы
0,29
3.
Ақ­тө­бе об­лы­сы
0,36
4.
Ал­ма­ты об­лы­сы
0,29
5.
Аты­рау об­лы­сы
0,57
6.
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
0,30
7.
Жам­был об­лы­сы
0,29
8.
Же­ті­су об­лы­сы
0,29
9.
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
0,37
10.
Қо­ста­най об­лы­сы
0,37
11.
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
0,29
12.
Маң­ғы­стау об­лы­сы
0,37
13.
Пав­ло­дар об­лы­сы
0,29
14.
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
0,29
15.
Түр­кі­стан об­лы­сы
0,12
16.
Ұлы­тау об­лы­сы
0,37
17.
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
0,64
18.
Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы
0,73
19.
Ал­ма­ты қа­ла­сы
0,75
20.
Шым­кент қа­ла­сы
0,29

Қолданыстағы