Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом по делам государственной службы сведений по политическим и административным государственным служащим из единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы

Бұйрық · № 159 · қабылданған 26.02.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156595/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом по делам государственной службы сведений по политическим и административным государственным служащим из единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы Күшін жойған 20.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом по делам государственной службы сведений по политическим и административным государственным служащим из единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы

Күшін жойған Бұйрық № 159 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил, срока и формы представления уполномоченным органом по делам государственной службы сведений по политическим и административным государственным служащим из единой автоматизированной базы данных (информационной системы) по персоналу государственной службы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
159
Қабылданған күні
26.02.2021
Көрсетілген редакция
20.04.2026 156595_828471.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21E0000159
ЭКБ идентификаторы
156595
Редакция идентификаторы
156595_828471
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:25
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.

2. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттік орган басшыларының соңғысы оған қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

1 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Төрағасының
20___ жылғы «___» ____ № ___
бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 19-3-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – Мәліметтер) ұсыну тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібі және мерзімі

2. Уәкілетті орган мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеттінің «Интеграцияланған деректер қоры» ақпараттық жүйесіне осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша Мәліметтердің өзгеруіне қарай күнделікті автоматтандырылған тәртіппен береді.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетті осы Қағидалардың шеңберінде алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.

2 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтер

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
20___ жылғы «___» ____ № ___
және Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
20___ жылғы «___» ____ № ___
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
нысан
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқордан (ақпараттық жүйеден) мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер бойынша мәліметтер

Же­ке адам бой­ын­ша мә­лі­мет
Жұ­мысқа қа­был­дау ту­ра­лы бұй­рық бой­ын­ша мә­лі­мет­тер
Штат­ты жи­нақ­тау кө­зі
же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
те­гі, аты, әке­сі­нің аты
(ол болған кез­де)
пер­сон ко­ды
құ­жат­ты сәй­кестен­дір­гіш
құ­жат­тың нө­мі­рі
бұй­рық бе­кі­ті­л­ген күн
бұй­рық кү­шіне ен­ген күн
құ­жат тү­рі
құ­жат сы­ны бы
кү­ші жой­ыл­ды
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Мем­ле­кет­тік ор­ган ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің ла­у­а­зы­мы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Қыз­мет­кер­дің мем­ле­кет­тік ор­ган­да жұ­мысын ба­с­та­ған күн
биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
ата­уы
бө­лім­ше
штат­та­ғы ла­у­а­зы­мы
ті­зі­лім бой­ын­ша ла­у­а­зы­мы
мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­нің са­на­ты
бі­рін­ші бас­шы бо­лып та­бы­ла­ма
13
14
15
16
17
18
19
20
Жұ­мыстан шы­ға­ру жө­нін­де­гі бұй­рық ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Жұ­мыс өті­лі
құ­жат­ты сәй­кестен­дір­гіш
бұй­рық­тың нө­мі­рі
бұй­рық­тың кү­ні
жұ­мыстан шы­ға­ры­л­ған күн
құ­жат сы­ны­бы
бұй­рық­ты дай­ын­да­удың се­бе­бі
құ­жат фай­лы
21
22
23
24
25
26
27
28

2.0 «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасынан (ақпараттық жүйеден) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бойынша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

«Мемлекеттік қызмет
персоналы бойынша бірыңғай
автоматтандырылған деректер
базасынан (ақпараттық жүйеден)
саяси және әкімшілік
мемлекеттік қызметшілер
бойынша мәліметтер»
нысанына қосымша
«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасынан (ақпараттық жүйеден) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер бойынша мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме
«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметшілер туралы бірыңғай автоматтандырылған деректер базасынан (ақпараттық жүйеден) саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер болып табылатын жеке тұлғалар туралы мәліметтер» нысанын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган ұсынады және мынадай деректерді қамтиды:
1-бағанда – жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда – саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметші болып табылатын жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі;
4-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің бірегей нөмірі көрсетіледі;
5-бағанда – жұмысқа қабылдау туралы құжаттың бірегей коды көрсетіледі;
6-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжаттың нөмірі көрсетіледі;
7-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжат бекітілген күн көрсетіледі;
8-бағанда – бұйрық күшіне енген күн көрсетіледі;
9-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжаттың түрі көрсетіледі;
10-бағанда – 5-бағанда көрсетілген құжат сыныбы көрсетіледі;
11-бағанда – егерде арнайы тексерістің теріс жауабына/конкурстық комиссияның шешімін шағамдауға /жеке тұлғаның жұмысқа қабылдау туралы өтінішін қайтарып алуға арналған өтінішіне/жұмысқа шығудан бас тарту туралы акт жасауға (жұмысқа шықпау туралы акт) өзге де мән-жайларда жеке тұлғаның бас тартуына байланысты жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы күшін жойса «1» цифры көрсетіледі, егер жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күші жойылмаса онда «0» цифры көрсетіледі;
12-бағанда – штатты жинақтау көзі көрсетіледі;
13-бағанда – мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
14-бағанда – 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органның атауы көрсетіледі;
15-бағанда – 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органдағы бөлімшесі көрсетіледі;
16-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің штаттағы лауазымы көрсетіледі;
17-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің тізілім бойынша лауазымы көрсетіледі;
18-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің санаты көрсетіледі;
19-бағанда – егер 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметші 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органның бірінші басшысы болып табылмаса «0» цифры көрсетіледі, егер бірінші басшысы болып табылса, онда «1» цифры көрсетіледі;
20-бағанда – 13-бағанда көрсетілген мемлекеттік органда 2-бағанда көрсетілген қызметкердің жұмысты бастаған күні көрсетіледі;
21-бағанда – құжатты сәйкестендіргіш (жұмыстан шығару туралы бұйрық) көрсетіледі;
22-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығару туралы бұйрықтың нөмір көрсетіледі;
23-бағанда – 23-бағанда көрсетілген бұйрықтың күні көрсетіледі;
24-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің жұмыстан шығарылған күні көрсетіледі;
25-бағанда – 22-бағанда көрсетілген құжат сыныбы көрсетіледі;
26-бағанда – 22-бағанда көрсетілген бұйрықты дайындау себебі көрсетіледі;
27-бағанда – 22-бағанда көрсетілген құжаттың файлы көрсетіледі;
28-бағанда – 2-бағанда көрсетілген мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметтегі өтілі көрсетіледі.