О внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 694
- Қабылданған күні
- 30.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 159223_682102.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000694
- ЭКБ идентификаторы
- 159223
- Редакция идентификаторы
- 159223_682102
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:30
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiс пен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2021 жылғы « » № қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiс пен толықтырулар
1
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3 3. «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«167. Оқ-дәрілер түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті жоюды тиісті рұқсат беру құжаттарына сәйкес оқ-дәрілерді жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырады.
Ұйымның осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оқ-дәрілерді жою мүмкіндігі болмаған кезде уәкілетті орган азаматтық қорғау органдарын хабардар ете отырып, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жүгінеді. Бұл жағдайда ұйым көрсетілетін қызметтерді өтеусіз негізде ұсынады.
Уәкілетті органның шешімі бойынша оған ведомстволық бағынысты ұйым Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюды жүзеге асырады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген пайдаланылмаған мүлікті жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдар уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен бұйрығымен айқындалады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар өтеусіз негізде жүзеге асырылады.».
____________________________