Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Бұйрық · № 530 · қабылданған 26.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-168338/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 530 ·26.05.2022
26.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 530 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
530
Қабылданған күні
26.05.2022
Көрсетілген редакция
26.05.2022 168338_577350.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028299
ЭКБ идентификаторы
168338
Редакция идентификаторы
168338_577350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:43

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

1

1. «Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16481 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2

2. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 237 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16476 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау тәртібі»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. ЕАЭО кедендік аумағына келу орындарында жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін (бұдан әрі – кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар) растайды.».

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің 2022 жылғы
26 мамырдағы № 530
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№ 193 бұйрығымен
бекітілген
Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын айқындайды.

2 2-тарау. Ұстауды жүзеге асыру тәртібі

2

2. Мемлекеттік кірістер органдары құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимылда құқық қорғау органдары және (немесе) қаржы мониторингі бойынша уәкілетті орган беретін ақпараттың негізінде ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізуді ұстау арқылы ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды.

3 3. Мемлекеттік кірістер органдары ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес жолаушылар кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтерді пайдалана отырып, қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын ұстауды жүзеге асырады.

4

4. Қолма-қол ақша қаражатын тоқтата тұру кезінде Қазақстан Республикасының «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде мемлекеттік кірңстер органдары қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы шартты басшылыққа алу қажет.

1 1-параграф. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтау және ұстау мерзімдері

5

5. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдары сөрелерімен, мөрлеп бекітілетін метал есіктерімен, табиғи және жасанды желдеткішпен, торланған терезелерімен, күзет және өрт дабылы жүйелерімен арнайы үй-жайлармен жабдықталады. Осындай үй-жай болмаған жағдайда мөрлеп бекітілетін құрылғысымен сейф (метал шкаф) не алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сенімді сақталуды қамтамасыз ететін және оларға бөгде адамдардың кіруін болдырмайтын өзге үй-жай бөлінеді.

6 6. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары мөрлеп бекітілген түрде сақтауға орналастырылады.

Бұл ретте Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын есепке алу журналында (бұдан әрі – Журнал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті белгі қойылады.

7 7. Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын сақтаға жауапты және оны (болмаған кезеңде) алмастыратын тұлға аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының бұйрығымен (өкімімен) тағайындалады.

2 2-параграф. Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын тиісті ақпаратты берген құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен беру немесе қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын өткізген адамға оларды қайтару

8

8. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын тиісті ақпаратты берген құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен беруі, осындай құқық қорғау органдарымен және қаржы мониторингі бойынша уәкілетті органмен сұрау салуы негізінде жүзеге асырылады және оларды сақтауға жауапты тұлғаның қатысуымен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылатын Ұсталған (тоқтатыла тұрған) қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарын беру акті бойынша жүргізіледі.
Алынған қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдары туралы ақпарат Журналдың 10-бағанда көрсетіледі.

1 Құқық қорғау органдары және

(немесе) уәкілетті орган
ұсынатын, қылмыстық жолмен
алынған кірістерді жылыстатуға
және терроризмді
қаржыландыруға ықтимал
қатысы болуы туралы ақпарат
алған кезде, Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін
қолма-қол ақша қаражатын және
(немесе) ақша құралдарын
уәкілетті орган айқындайтын
тәртіппен ұстап алуды (тоқтата
тұруды) жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларға 1-қосымша
нысан

Ак­ті­нің тір­кеу нө­мі­рі
Тір­кеу кү­ні
Заң­ды неме­се же­ке тұл­ға­ның де­ректе­рі
Қол­ма-қол ақ­ша қа­ра­жа­ты мен (неме­се) ақ­ша құ­рал­да­ры­ның ата­уы
Со­ма­сы/мөл­ше­рі
Плом­ба­лар­дың орын са­ны /нө­мі­рі
Жа­у­ап­ты қыз­мет­кер­дің те­гі, аты-жө­ні және қо­лы
цифр­мен
жа­з­ба­ша түр­де
Сақ­та­у­ға ал­ған
Сақ­та­удан бер­ген
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4

2 Құқық қорғау органдары және

(немесе) уәкілетті орган
ұсынатын, қылмыстық жолмен
алынған кірістерді жылыстатуға
және терроризмді
қаржыландыруға ықтимал
қатысы болуы туралы ақпарат
алған кезде, Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
шекарасы арқылы өткізілетін
қолма-қол ақша қаражатын және
(немесе) ақша құралдарын
уәкілетті орган айқындайтын
тәртіппен ұстап алуды (тоқтата
тұруды) жүзеге асыру
қағидаларын бекіту туралы
қағидаларға 2-қосымша
нысан

Қолма-қол ақша қаражаты мен (немесе) ақша құралдарының атауы
Сомасы/мөлшері
Қолма-қол ақша қаражаттары және (немесе) ақша құралдары, оның ішінде бонкнот номиналы, чектер туралы мәліметтер
Әріптік-сандық нөмірі
цифрмен
Жазбаша түрде
Сәйкестендіру құралы _________________________________________________
(орын саны, пломбалар саны мен нөмірлері)
_______________________________________________________________ берді
лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
_______________________ / ________________________
(күні) (қолы) лауазымды тұлғасы жеке нөмерінің таңбасы
_______________________________________________________ қабылдап алды
(мемлекеттік органның/заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік органның/заңды
тұлғаның лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде),
лауазымы)
______________________ / _______________________
( күні) (қолы)
Актінің данасын алды: __________ ________ / __________________________
(күні) (қолы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде))

Қолданыстағы