Қолданыстағы ред. 25.08.2003 (Редакция 17116_287004.kaz)

Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы от 25.08.2003 г. № 186 (Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы)

0

Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" № 1758 және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2002 жылғы 1 тамыздағы "Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары туралы" № 149 қаулыларына сәйкес және Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 17 наурыздағы "Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектерді оңалтудың 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бағдарламасын жүзеге асыру іс-шаралар Жоспары туралы" (тіркеу № 2040) № 39 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөнінде № 1 қосымшаға сәйкес кеңес құрылсын және аудандық мәслихатқа бекітілуге ұсынылсын.

2

2. Аудан әкімдігі жанынан құрылған мүгедектер істері жөніндегі кеңес туралы Ереже № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Селолық округ әкімдері селолық әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңес құру тапсырылсын.

4

4. Осы қаулының орындалу үйлестірушісі болып аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Айтмухамбетов) белгіленсін.

5

5. Селолық округ әкімдеріне:

1

1) қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар алсын;

2

2) қаулының орындалу барысы туралы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 2003 жылдың 1 қыркүйегіне, 2004 жылдан бастап жылына 2 рет, 1 қаңтар және 1 шілдесіне ақпарат тапсырылу жүктелсін;

3

3) аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, жылына 2 рет 10 қаңтар және 10 шілдеде аудан әкімдігіне, облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасына қаулының орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.

6

6. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 28 шілдедегі № 153 "Шыңғырлау ауданы жергілікті атқарушы органдардың жанынан мүгедектер істері жөнінде кеңестер құру туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.

7

7. Осы қаулының орындалу барысын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М. Қ. Беркалиевке жүктелсін.

11. Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөніндегі кеңесінің құрамы

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2003 жылғы 26 тамыздағы
№ 186 қаулысына № 1 қосымша
Аудан әкімдігі жанынан мүгедектер істері жөніндегі кеңесінің құрамы

1

1. Берқалиев Мақсот Қубайұлы - аудан әкімінің орынбасары,
кеңес төрағасы

2

2. Айтмухамбетов Қалияр Шадиярұлы - аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты
әлеуметтік қорғау
бөлімінің бастығы, кеңес
төрағасының орынбасары

3

3. Затынайченко Елена - аудандық еңбек, жұмыспен
Владимировна қамту және халықты
әлеуметтік қорғау бөлімінің
жетекші маманы, кеңес
хатшысы

4

4. Хайруллин Қанат Хазимидинұлы - аудандық мүгедектер
қоғамының төрағасы

5

5. Хангереев Самат Нағымұлы - аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі

6

6. Казиев Төлеген Кихметұлы - аудандық денсаулық сақтау
бөлімінің меңгерушісі

7

7. Малтиев Мұрат Жұмағұлұлы - аудандық мәдениет бөлімінің
меңгерушісі.

19. Мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес туралы ЕРЕЖЕ

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2003 жылғы 26 тамыздағы
№ 186 қаулысына № 1 қосымша
Мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Мүгедектер істері жөніндегі аудандық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңесті құрудың мақсаты мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

2

2. Мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

3

3. Жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді оңалту, олардың әлеуметтік қорғалуы, оларға білім беру және кәсіби даярлау, жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу.

4

4. Мүгедектер проблемалары бойынша ұсыныстар дайындау.

3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

5

5. Кеңеске төраға басшылық жасайды. Кеңестің мәжілістерін қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.

6

6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдарын, ұсынымдарын дайындауды Кеңестің хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

7

7. Кеңестің шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер, оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс бергенде, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

8

8. Кеңес мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша, оның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама жүргізіледі. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

9

9. Кеңестің жұмыс органы аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі болып табылады.