Қолданыстағы ред. 24.11.2003 (Редакция 17817_287019.kaz)

Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы от 24.11.2003 г. № 173 (Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы)

0

Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және туберкулезбен күресті ұйымдастыру бағытындағы қызметті үйлестіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2

2. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

3

3. Аудан әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" № 58 шешімі жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ғ. Шәуеновке жүктелсін.

5. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудандық әкімияттың
2003 жылғы 24 қарашадағы
№ 173 қаулысына № 1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен
күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1

1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі аудан әкімияты жанындағы кеңесші орган болып танылады (бұдан әрі - Кеңес).

2

2. Кеңестің құрамына аудандық денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, мәдениет, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің, санитарлық эпидемиологиялық стансасының және аудандық "Екпін" газетінің өкілдері кіреді.

3

3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:

а

а) аудандық бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің, туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысады;

б

б) денсаулық сақтау, ішкі істер бөлімдері, санитарлық эпидемиологиялық стансасы жетекшілері мен селолық округ әкімдерінің туберкулезбен күресу жағдайын алдын ала тексеріп, дайындаған ақпаратын тыңдайды.

4

4. Кеңестің мәжілістері тоқсан сайын өткізіледі. Жұмыс жоспары Кеңестің мәжілісінде бекітіледі.

5

5. Жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.