Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, ауданда туберкулезбен ауыратындардың өсуiне байланысты және аудандық атқарушы органдардың туберкулезбен күрестi ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiріп отыру мақсатында аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы от 29.12.2003 г. № 21-7 (Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы)
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi төмендегiдей құрамда құрылсын.
Жакиев Қуандық Мешiтқалиұлы - аудан әкімінің
орынбасары, Кеңес
төрағасы;
Ниязов Мәлiк Төресұлы - аудандық денсаулық
сақтау бөлімінің
меңгерушiсi, Кеңес
төрағасының орынбасары;
Молданиязов Әлiбек Елеусiнұлы - аудан әкімi аппаратының
iшкi саясат және
әлеуметтiк сала
жөніндегі бас маманы,
хатшы.
Кеңес мүшелерi:
Аңшыбай Абай Кенжетайұлы - Бұлдырты ауылдық
округінің әкімi;
Бақтығалиев Сағидоқас Бисенғалиұлы - Сарой ауылдық округінің
әкімi;
Ғабдуллин Тұрар Хамзаұлы - Елтай ауылдық округінің
әкімi;
Дүйсенғалиева Шынар Сайлауқызы - Жосалы ауылдық округінің
әкімi;
Дүйсенғалиев Асхат - аумақтық медициналық
Ғабдылғазезұлы бiрлестiктiң директоры
(келiсiм бойынша);
Искалиева Өрiк Құсманқызы - аудандық өкпе аурулары
ауруханасының бас
дәрiгерi (келiсiм
бойынша);
Көлбаев Мақсот Зайдоллаұлы - Бұлан ауылдық округінің
әкімi;
Құтқожаев Жалғасқали Сарыұлы - Жымпиты ауылдық
округінің әкімi;
Қадыров Бақытжан Зиненұлы - Шолақаңқаты ауылдық
округінің әкімi;
Қожиев Яхот Жақыпұлы - Қособа ауылдық
округінің әкімi;
Құрматов Хайролла Қайырбайұлы - аудандық iшкi iстер
бөлімінің бастығы
(келiсiм бойынша);
Құбайысов Беркiн Айтқұлұлы - аудандық ауыл
шаруашылығы аумақтық
басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша);
Қажиахметов Махмет Мүтиұлы - аудандық "Қайнар"
газетінің редакторы
(келiсiм бойынша);
Молдағалиев Қонысбай Закарияұлы - аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімінің
меңгерушiсi;
Нысанғалиев Ерлан Беркiнұлы - аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушiсi
(келiсiм бойынша);
Нұрпейiсов Болат Ғұбайдоллаұлы - Аралтөбе ауылдық
округінің әкімi;
Оразов Сабыр - Талдыбұлақ ауылдық
округінің әкімi;
Сәрсенбаев Аманжол - Алғабас ауылдық
округінің әкімi;
Хамза Рақымжан Орынбайұлы - аудандық бiлiм
бөлімінің меңгерушiсi;
Чукуров Нұрлан Дилмухамбетұлы - Жетiкөл ауылдық
округінің әкімi;
Шқанов Бекет Мағзомұлы - аудандық санитарлық-
эпидемиологиялық
бекетінің бас дәрiгерi
(келiсiм бойынша).
2. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесінің дербес құрамы мәслихат сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 21-7 қаулысына N 1 қосымша
Туберкулезбен күресу жөніндегі
аудандық Үйлестiру Кеңесi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестiру Кеңесi аудан әкімияты жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады (бұдан әрi - Кеңес). Оның дербес құрамын аудандық мәслихаттың сессиясы бекiтедi.
2. Кеңестiң құрамына денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бекетінің, аудандық қаржы бөлімінің, аудандық iшкi iстер бөлімінің, ауыл шаруашылығы бөлімінің, мал дәрiгерлiк, бiлiм беру, ақпарат қызметінің мамандары, ауыл әкімдерi кiредi.
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:
а) туберкулезбен күрестi ұйымдастырады;
б) ауылдарда алдын ала тексеру жүргiзiп, жергiлiктi жердегi жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күрестiң жай-күйi туралы қатысты сала мамандары мен басшыларын тыңдайды.
4. Кеңес мәжiлiсi тоқсан сайын өткiзiлiп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжiлiсi бекiтедi.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімi жүргiзедi.