Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес және 2003 жылғы 18 қыркүйектегi Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi Батыс Қазақстан облыстық Кеңесi отырысының N 1 хаттамалық тапсырмасының 4 пунктiн iске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы от 29.12.2003 г. № 21-5 (Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі аудандық консультативтік Кеңес туралы)
1. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес төмендегiдей құрамда құрылсын:
Ғұмаров Баянбек Жұмаұлы - аудан әкімiнiң
орынбасары, Кеңес
төрағасы;
Сармағамбет Гүлсiм Ғайнетденқызы - аудандық еңбек,
жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтiк
қорғау бөлiмінің
бастығы, Кеңес
төрағасының
орынбасары;
Молданиязов Әлiбек Елеусiнұлы - аудан әкімi
аппаратының iшкi
саясат және әлеуметтiк
сала жөніндегi бас
маманы, Кеңес хатшысы.
Кеңес мүшелерi:
Ахметжанов Рамазан Мұғзиенұлы - аудандық Мүгедектер
қоғамының төрағасы
(келiсiм бойынша);
Құтқожаев Нұрболат Жалғасқалиұлы – «Сырым» ауылдық несие
серiктестiгi»
жауапкершiлiгi
шектеулi
серiктестiгінің
басқарма төрағасы
(келiсiм бойынша);
Сарғозыұлы Отарбай - аудандық Ардагерлер
Кеңесінің төрағасы
(келiсiм бойынша);
Санкибаева Бақтылы Санкибайқызы - Зағиптар қоғамының
бастауыш ұйымының
төрайымы (келiсiм
бойынша);
Сүйенғалиева Аққыз Тыныштыбайқызы - Қызыл Жарты ай
қоғамының аудандық
өкiлдiгінің төрайымы
(келiсiм бойынша).
2. Кеңес туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
3. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңестiң дербес құрамы мәслихат сессиясына бекiтуге ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Жакиевке жүктелсiн.
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 29 желтоқсандағы
N 21-5 қаулысына N 1 қосымша
Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара
iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Консультативтiк-кеңесшi орган - үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық консультативтiк Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiн үйлестiрiп отыру және оған қолдау көрсету мақсатында құрылады.
2. Кеңес қызметінің құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк-құқықтық актілерi және осы Ереже құрайды.
3. Кеңестiң төрағасы - аудан әкімінің орынбасары болады. Аудандық Кеңестiң құрамына аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бөлiмінің, аудандық мемлекеттiк органдарының, үкіметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiредi. Кеңестiң дербес құрамы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекiтiледi.
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
4. Үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жөніндегi аудандық Кеңестің негiзгi мiндеттерi:
1) үкіметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жөніндегi кешендi аймақтық саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды анықтау және ұсыныстар әзiрлеу;
2) үкіметтiк емес ұйымдарға консультативтiк, әдiстемелiк, ақпараттық, ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсетудің кешендi жүйесiн жасауға жәрдемдесу;
3) жергiлiктi атқарушы органдарды үкіметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастығы және өзара iс-әрекеттестiгi жүйесiн жетiлдiру;
4) Кеңестің құзыретiне кiретiн өзектi мәселелер бойынша мемлекеттiк органдардың, үкіметтiк емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарау, тиiстi ұсынымдар әзiрлеу;
5) әлеуметтiк маңызы бар жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуге және қарауға қатысу;
6) үкіметтiк емес сектордың өзектi мәселелерi бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу, аудандағы үкіметтiк емес ұйымдардың ақпараттық мәлiметтер базасын қалыптастыру;
7) үкіметтiк емес ұйымдар қызметінің төркiнiн жан-жақты көрсету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу;
8) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау;
9) үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне арналған конференцияларға, мәжілiстерге, семинарларға қатысу.
3. Кеңестің өкiлеттiгi
5. Кеңес өзінің құзыретi шеңберiнде мыналарға құқылы:
1) өзінің мәжілiстерiнде ауданның атқарушы органдарының басшыларын, үкіметтiк емес ұйымдардың өкілдерiн тыңдайды;
2) ауданның атқарушы органдарынан үкіметтiк емес ұйымдардың қызметiне қатысты ақпараттар сұратады;
3) Кеңестің мәжілiстерiн әзiрлеуге, бағдарламалық құжаттарды даярлауға қатысу үшін беделдi және кәсіби даярлығы бар жұртшылықтық және үкіметтiк емес ұйымдардың өкілдерiн штаттан тыс сарапшы ретiнде тартады;
4) мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерге үкіметтiк емес ұйымдардың қызметi туралы статистикалық, талдау, әдiстемелiк және басқа да ақпараттық материалдарды жолдайды;
5) Кеңес азаматтардан түскен өтiнiштердi, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қараудың қорытындысы жөніндегi материалдарды осы мәселелер бойынша шешiм алу үшін тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға немесе лауазым иелерiне жiбередi.
4. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
6. Кеңес төрағадан, оның екi орынбасарынан, хатшыдан және Кеңес мүшелерiнен құралады.
7. Кеңестің төрағасы Кеңес мәжілiсiн жүргізедi, Кеңестің хаттамаларына және басқа да құжаттарына қол қояды, мәжілiске енгiзiлетiн мәселелердi айқындайды, басқа да ұйымдастыру-басқарушылық мiндеттердi орындайды. Кеңестің төрағасы болмаған кезде оның мiндетiн орынбасарларының бiреуi атқарады.
8. Кеңестің мәжілiсi тоқсан сайын өткiзiледi. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес отырысында бекiтiледi.
9. Кеңестің мүшелерi қаралған мәселелердi талқылауға қатысуға, ұсыныстар түсiруге, ескертулер айтуға құқылы.
10. Кеңес мүшесінің өз өкілеттiгiн мәжілiске қатысу үшін басқа адамға беруге құқығы жоқ.
11. Кеңестің шешiмi ұсыныстық сипатта болады.
12. Кеңестің шешiмi мәжілiске қатысқан Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешушi болады.
13. Кеңес жұмысын ұйымдық жағынан қамтамасыз етудi аудан әкімi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала жөніндегi бас маманы жүзеге асырады.