Қолданыстағы ред. 16.01.2004 (Редакция 18457_290717.kaz)

Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы от 16.01.2004 г. № 8 (Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы)

0

Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жыл 22 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" N 4176 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 2 наурыздағы "Облыстың (Астана және Алматы қалалары) әкімінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы" N 194 қаулысына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

2

2. Комиссияның дербес құрамы заңда белгіленген тәртіпте аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

3

3. Қоса беріліп отырған комиссия туралы ереже бекітілсін.

4

4. Аудан әкімінің 1999 жыл 3 наурыздағы "Аудандық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы" N 20 шешімі, 2001 жыл 15 қаңтардағы N 1-3 а/ө "Аудандық отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы" өкімі, аудан әкімдігінің 2003 жыл 5 желтоқсандағы N 115 "Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.

5

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Шыныбековке жүктелсін.

6

Аудан әкімдігінің
2004 жыл 16 қаңтардағы
N 8 қаулысымен бекітілген

1. 1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссияның ережесі

1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссияның
ережесі

1

1. Отбасы және әйелдер істері жөніндегі аудандық комиссия аудан әкімідігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

2

2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс, аудан әкімдігінің және әкімінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстарына, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес іске асырады.

2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері

2. Комиссияның негізгі міндеттері

3

3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1

1) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы, облыс әкімі жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссияның белгілі басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөнінде аудандық кешенді бағдарламаларды әзірлеу;

2

2) отбасын, әйелдерді және балаларды әлеуметтік, экономикалық, Заңгерлік және психологиялық қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3

3) ұрпақ өсіру, сондай-ақ әйелдердің денсаулығын, аналық пен балалықты қорғау, отбасылардың тұрғылықты әлеуметтік экономикалық жағдай үрдісіне кешенді талдау жүргізу;

4

4) қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер мен балалардың нақты жағдайының мәселелері жөніндегі ақпарат базасын қалыптастыруға қатысу;

5

5) жергілікті өкілді және атқарушы органдарда әйелдердің санын ұлғайтуға көмек көрсету;

6

6) шағын және орта бизнесті әйелдерді тартумен дамыту мәселелері бойынша жобаларды іске асыруға әзірлеуге және көмек көрсетуге қатысу;

7

7) отбасының, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ұсыныстары мен жобаларын, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша) шешімдерін қарауға қатысу;

8

8) көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды әлеуметтік қолдауды іске асыруға, мектепте жаппай оқытуды қамтамасыз етуге, жетім балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға, отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөнінде өзге де әлеуметтік жобаларды іске асыруға көмек көрсету;

9

9) жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін Комиссия құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау;

10

10) ауданда отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын неғұрлым толық және шынайы көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері жөнінде қайырымдылық акцияларын, конференцияларды, семинарларды, мәжілістерді өткізу.

3. 3. Комиссияның өкілеттігі

3. Комиссияның өкілеттігі

4

4. Комиссия өз құзыреті шеңберінде:

1

1) өз мәжілістерінде аудан әкіміне есеп беретін және бағынышты жергілікті атқарушы органдар басшыларын шақыруға және тыңдауға;

2

2) Комиссия қызметін іске асыру үшін қажет құжаттарды, материалдар мен ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға;

3

3) тиісті жергілікті атқарушы органдар басшыларына отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін реттейтін Заңдарды бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулерді өткізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

4

4) функциялары бойынша сәйкес төменгі тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруге және бақылауға;

5

5) әйелдер санынан басшылық лауазымдарға кандидатуралардың шығуына көмек көрсетуге;

6

6) отбасы, әйелдер мен балалар жағдайын жақсарту мақсатында жергілікті атқарушы органдарға, қоғамдық бірлестіктерге және өзге де ұйымдарға статистикалық, аналитикалық, әдістемелік және өзге де ақпараттық материалдарды жіберуге;

7

7) қажет кезде тиісті жергілікті атқарушы органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына азаматтар өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдары хабарларын қарау қорытындысы бойынша шешімдер қабылдау үшін жіберуге құқылы.

4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

5

5. Комиссия өз қызметін аудан әкімдігі мен бекітілген қағида негізінде іске асырады.

6

6. Комиссияны аудандық мәслихатпен келісілген төраға басқарады. Төраға өз орынбасарын және хатшысын тағайындайды.

7

7. Комиссияға негізінен жергілікті өкілді және атқарушы органдар, сондай-ақ басқа да ұйымдар өкілдері енеді.

8

8. Комиссия мәжілістері қажет жағдайда, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

9

9. Комиссия мәжілістеріне қатысатын мүшелердің жалпы санының дауыс көпшілігімен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

10

10. Комиссия мәжілісі, егер онда оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса, құқықты деп саналады.

11

11. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.

12

12. Комиссия төрағасы:

1

1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және басшылық жасауды іске асырады;

2

2) Комиссия мәжілістерінің күн тәртібін құрастырады;

3

3) Комиссия мәжілістерін шақырады және онда төрағалық етеді;
(Комиссия төрағасы болмаған жағдайда мәжілістерде оның орынбасары немесе Комиссия мүшелерінің біреуі төрағалық етеді);

4

4) Комиссия мүшелерінің арасынан мәжілістің күн тәртібіне енгізілген мәселені дайындауға жауаптыны анықтайды;

5

5) Аудан әкімі мен облыс әкімі жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия алдында есеп береді;

6

6) Аудан әкімі мен әкімдігі қарастырған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. 5. Комиссия қызметін қамтамасыз ету

5. Комиссия қызметін қамтамасыз ету

13

13. Комиссия қызметін ақпараттық-аналитикалық және ұйымдық қамтамасыз ету аудан әкімі аппараты құрылымдық бөлімшілерінің бірімен жүзеге асырылады.