Құжат мәтініне өту

Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Бұйрық · № 273 · қабылданған 28.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-185663/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования Қолданыста Бұйрық ·№ 273 ·28.08.2023
28.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования

Қолданыста Бұйрық ·№ 273 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении структуры и правил разработки программы развития организации дошкольного, среднего, технического и профессионального, послесреднего образования
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
273
Қабылданған күні
28.08.2023
Көрсетілген редакция
28.08.2023 185663_654973.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033356
ЭКБ идентификаторы
185663
Редакция идентификаторы
185663_654973
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:05

0 Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 106) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономикалық министрлігі
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

1 Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 28 тамыздағы
№ 273 Бұйрығына
1-қосымша
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы

1 1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы (бұдан әрі – Құрылым) мынадай бөлімдерден тұрады:

1 1) Құрылымға 1-қосымшаға сәйкес кіріспе (қысқаша аннотация), Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) паспорты;

2 2) Ағымдағы жағдайы мен ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту перспективаларының сипаттамасы;

2 2. Бағдарламаның талдамалық және болжамдау негіздемесінің блогы:

1 1) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ағымдағы қызметінің жай-күйін, негізгі проблемаларды және олардың себептерін талдау;

2 2) білім беру ұйымының инновациялық әлеуетін бағалау;

3 3) педагогтер мен олардың кәсіби бірлестіктерінің білім беру ұйымын дамытудың перспективалары мен бағыттары туралы пікірлерін зерделеу;

4 4) білім беру ұйымдарында ұсынылған өзгерістердің күтілетін салдарын болжау, өзгерістер тәсілдері мен нысандарын ұсыну;

5 5) білім беру процесінің мазмұнына қанағаттану дәрежесін зерделеу үшін тәрбиеленушілердің/білім алушылардың ата-аналарынан сұхбат алу және сауалнама жинау;

6 6) кадрларға деген қажеттілікке еңбек нарығының өзгеру үрдісінің болжамы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін);

3 3. Бағдарламаның пайымы. Бағдарлама қарастырады:

1 1) өзекті (анықталған проблемаларды шешуге және белгіленген мақсатқа жетуге бағытты);

2 2) реализм (қолда бар ресурстарды ескере отырып, білім беру ұйымының мүмкіндіктері);

3 3) кешенділіқ.

4 4. Бағдарламаның миссиясы:

1 1) білім беру қызметтерінің барлық тұтынушыларының мүдделерін ескере отырып, білім беру ұйымын тағайындаудың стратегиялық нысаналы қондырғысы;

2 2) білім беру ұйымы қызметінің бірегейлігі.

5 5. Бағдарламаның стратегиялық блогы:

1 1) Қазақстанның мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымының орны және рөлі;

2 2) болашақта білім беру ұйымын тиімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында дамытудың стратегияларын таңдау және кезеңдерін болжау;

3 3) академиялық саясат (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін);

4 4) білім беру ұйымының инновациялық әлеуетін дамыту және оған қол жеткізу;

5 5) ғылыми-техникалық зерттемелерді коммерциялау (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін).

6 6. Бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу жолдары:

1 1) Бағдарламаны іске асыру жоспарын әзірлеу;

2 2) Бағдарламаның мақсаттарына, міндеттеріне уақтылы және толыққанды қол жеткізу және күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оны іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және үйлестіру.

7 7. Бағдарламаны іске асыру барысында күтілетін нәтижелердің сипаттамасы:

1 1) Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетін білім беру ұйымындағы оң өзгерістер;

2 2) күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыруды аяқтау мерзіміне сапалық және/немесе сандық түрде тұжырымдалады.

8 8. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары туралы ақпарат осы Құрылымға 2-қосымшаның нысаны бойынша жасалады.

1-1 Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының паспорты

Мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарын дамыту
бағдарламасының құрылымына
1-қосымша
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымын дамыту бағдарламасының паспорты
Бағ­дар­ла­ма­ның ата­уы
Бағ­дар­ла­ма­ны әзір­леу үшін негіз­де­ме
Бағ­дар­ла­ма­ны әзір­ле­у­ші
Бағ­дар­ла­ма­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­рі
Бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру мер­зім­де­рі мен ке­зең­де­рі
Қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі

1-2 Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Мектепке дейінгі, орта,
техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім
беру ұйымдарын дамыту
бағдарламасының құрылымына
2-қосымша
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымының даму бағдарламасының нысаналы индикаторлары

Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар
Өл­шем бір­лі­гі
Жос­пар­лы ке­зең­де
____ жыл
____ жыл
___ жыл
____ жыл
____ жыл
1-мақ­сат
1.
2.
3.
4.
5.

2 Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының әзірлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2023 жылғы 28 тамыздағы
№ 273 бұйрығына
2-қосымша
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту
бағдарламасының әзірлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 106) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу тәртібін айқындайды.

2 2. Бағдарлама мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту барысын регламенттейтін, бағыт беретін және орта мерзімді сипатқа ие құжат болып табылады.

2 2-тарау. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының әзірлеу тәртібі

3

3. Бағдарлама Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қажетті нәтижеге қол жеткіз қамтамасыз ету үшін жағдай жасау мақсатында әзірленеді.

4 4. Бағдарламаны әзірлеу үшін мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылығымен жұмыс тобы құрылады.

Жұмыс тобының құрамына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ педагогикалық құрамының өкілдері кіреді.

5 5. Бағдарламаны педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының басшысы бекітеді және білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісіледі.

Қолданыстағы