Қолданыстағы ред. 23.01.2004 (Редакция 18626_208176.kaz)

Әкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы от 23.01.2004 г. № 68-III (Әкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы)

0

Әкімшілік-аумақтық бірліктерді тарату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 5, 8, 11-баптарына сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімияты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тұрғындары көшіп кетулеріне байланысты, төмендегі елді мекендер таратылып, есептік деректемелерден шығарылсын:
Жылой ауданы бойынша:
Биікжал поселкесі;
Мұнайлы поселкесі;
Қара-Арна селолық округінің Ащысай селосы;
Қосшағыл поселкелік округінің Шұбыртпалы селосы.