Қолданыстағы ред. 18.02.2004 (Редакция 18834_294593.kaz)

Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы от 18.02.2004 г. № 16 (Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы)

0

Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.

2

2. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы ереже бекітілсін (жалғанды).

3

3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңес туралы" N 3 қаулысы жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (З. Сисенғали) жүктелсін.

5. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі туралы ЕPЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы «18»ақпандағы
N 16 қаулысымен
бекітілген
Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен
байланыс жөніндегі аудандық Кеңесі туралы
ЕPЕЖЕ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Діни бірлестіктерімен байланыстар Кеңесі (арықарай - Кеңес) аудан әкімдігі жанынан құрылған Кеңесші орган болып саналады.

2

2. Кеңес өз жұмысында Конституцияны, Қазақстан Республикасы Заңдарын, басқалай нормативті актілермен осы Ережені басшылыққа алатын болады.

3

3. Кеңес өз қызметінде мемлекеттік органдармен, діни басқалай қоғамдық, бірлестіктер, облыстық және республика, халықаралық органдармен тығыз байланысты жұмыс жасайтын болады.

4

4. Кеңестің шешімі ұсынба сипатта болады.

2. 2. Кеңестің мақсаты және функциялық міндеттері

2. Кеңестің мақсаты және функциялық міндеттері

5

5. Кеңестің мақсаты мемлекеттік саясатты ұсынбалы мәселелерді Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығын, дінге сену бостандығын, қоғамдағы діни сенімді тұрақтандыру және халықаралық жасырын қатынастарды үйлестіріп отырады.

6

6. Кеңестің негізгі мақсаты:

1

1) аудандағы діни жағдайдың дамуы және жан-жақты, нанымды оқып талдаулар жасап отыру;

2

2) ішкі саясат саласында қоғамдық басымдық мәселесін азаматтар құқығын қамтамасыз ету еркіндігін жүзеге асыру;

3

3) аудан әкіміне және аудандық атқарушы органдарға аудандағы діни сену жағдайлар мен Заңдылықты сақтау, дін тұтыну сенімділігі туралы анықтамалар беріп отыруға тиіс;

4

4) өзара сенімділік және шыдамдылық, дінге сенушілер бірлестіктеріне Қазақстан Республикасы Заңдарын сәйкесті Кеңес көмектер береді.

7

7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді сәйкесті орныққан Заңдар ретімен төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:

1

1) ішкі саясат саласында негізгі құрылымдарға қатынасу азаматтар құқығын қамтамасыз ету саласында дінге сену еркіндігі және дінге сену бірлестіктерімен бірлесе атқарылады;

2

2) аудан аймақтарында діни бірлестіктері мен шетел дін уағыздаушылары қызметтері туралы банктер негізгі мәліметтер дайындайды;

3

3) ақпараттық насихат шараларын жүзеге асырады;

4

4) азаматтардың дінге сену құқық еркіндігін реттеу туралы Заңдылықты жаңарту мәселелерін жетілдіреді;

5

5) Мемлекеттік саясат саласында Кеңестер беріп азаматтардың діни сенім құқық еркіндігін қамтиды;

6

6) Қазақстан Республикасы Заңдарына сүйене отырып, басқалай қызметтер түрін жүргізеді.

3. 3. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

3. Кеңес жұмысының тәртібі және қызметін ұйымдастыру

8

8. Кеңесті аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары басқарады.

9

9. Кеңес отырысы үш айда бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының жеке өзінің бастамасымен немесе барлық Кеңес мүшелерінің үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады.

10

10. Кеңес отырысында барлық Кеңес мүшесінің үштен екісі қатынасса құқылы болып саналады. Кеңеске қатынасқандардың көпшілігі дауыс берсе Кеңес шешімі Заңды болып саналады. Егер теңбе-тең болса Кеңес төрағасы жағы шешуші болып саналады.

11

11. Мәселелерді жетілдіріп, отырысты әзірлеп, сараптап, талдаулар жүргізгеннен кейін Кеңес жұмысшы тобын құруы мүмкін, оған Кеңес мүшесінің біреуі басшылық жасайды.

12

12. Кеңес өзіне тиісті мәселелерді іске асыруды Заңдылық тәртібіне сәйкесті жүргізуге құқылы болады:

1

1) мемлекеттік органдардан, діни ұйымдардан және жеке тұлғалардан Кеңес өз құзырына кіретін мәселелеріне керекті ақпаратты сұрай алады;

2

2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар ақпарат банктерінен мәліметтермен пайдалануға құқылы;

3

3) құжаттар дайындауға ғылыми ұйымдарды тәуелсіз сарапшылармен мамандарды белгіленген тәртіпте қатынастырады;

4

4) республика Заңдарын бұзушылар, діни сенуші азаматтардың құқысын қамтамасыз етуге байланысты діни бірлестіктер мен шетелдік дінді уағыздаушыларды тоқтату жөніндегі мәселелерді енгізе алады;

5

5) нормативтік жобаларды, құқылық актілерді дайындауға Кеңес құзырына кіретін қатысты мәселелерге қатынасады;

6

6) Кеңес құзырына қатысты мәселелерден әдейі түсініктер беру;

7

7) Заңдылыққа сәйкесті басқалай өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4. 4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

4. Кеңес қызметін қамтамасыз ету

13

13. Төраға болмағанда оның міндетін төрағасының орынбасары атқарады.

14

14. Кеңес мүшелері өз міндеттерін қоғамдық негізінде атқарады.

15

15. Кеңестің ұйымдастыру бақылау қызметін қамтамасыз етуге Кеңестің барлық мүшесі қатынастырылады.

16

16. Кеңестің хатшысы ұйымдастыру, әдістемелік Кеңестің басқалай қамту жұмыстарын жүзеге асырады:

1

1) Кеңесте қаралатын жұмыс жоспарын қарауға ұсыну, Кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді төраға бекітеді;

2

2) Кеңес отырысын күн тәртібін бекітеді;

3

3) Кеңестің қызметі туралы есепті әзірлейді;

4

4) Кеңес отырысының жұмысын әзірлейді, Кеңес мүшелерінің өзара қатынасы, іс қағаздарын жүргізеді;

5

5) басқада өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. 5. Кеңес жұмысының жұмысын тоқтату тәртібі

5. Кеңес жұмысының жұмысын тоқтату тәртібі

17

17. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.