Қолданыстағы ред. 25.02.2004 (Редакция 19084_291893.kaz)

Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы от 25.02.2004 г. № 73 (Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы)

0

Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, әкімшілік кедергілерін жою, келешегі бар идеяларды көтеру және кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын проблемалық мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

2

2. Қоса берілген Кеңес туралы Ереже бекітілсін.

3

3. Аудан әкімдігінің "Аудан әкімінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы" 2003 жылғы 25 маусымдағы N 354 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Аудан әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже

Қосымша
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 25 ақпандағы
N 73 қаулысымен бекітілген
Аудан әкімдігінің жанындағы
кәсіпкерлер Кеңесі туралы
Ереже

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Аудан әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады.

2

2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, әкімдіктің қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3

3. Кеңес жетекші кәсіпкерлер, іскер қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатарынан құрылады.

2. 2. Кеңестің міндеттері

2. Кеңестің міндеттері

4

4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыруға ықпал ету.

5

5. Әкімдік қаулысын әзірлеу және қабылдау барысында заңнамада белгіленген тәртіп бойынша кәсіпкерлердің мүдделерін білдіруді, заңды құқығын қорғауды және олардың пікірін есепке алуды жүзеге асыру.

6

6. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шағын және орта бизнестің дамуына және тұрақтануына кедергі болып отырған себептерді жоюға бағытталған кәсіпкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің сындарлы бастамаларын, ұсыныстарын және өтініштерін қолдау.

7

7. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде, үйлестіруде және жүзеге асыруда ықпал ету.

3. 3. Кеңес құрамы

3. Кеңес құрамы

8

8. Кеңесті аудан әкімі басқарады.

9

9. Аудан әкімі аппаратының шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі бас маманы Кеңес хатшысы болып табылады. Хатшы дауыс беруге құқығы жоқ.

10

10. Кеңестің жұмысшы органының қызметін аудан әкімінің аппараты атқарады.

11

11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелерінің көпшілігінің дауысы берілген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда қайсысына төраға дауыс берсе, сол шешім қабылданады.

12

12. Кеңес шешіміне Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

13

13. Кеңестің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқығы бар, пікір білдірген жағдайда жазбаша түрде баяндалып, Кеңес отырысының хаттамасына тіркеледі.

14

14. Кеңес хатшысы Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлейді, Кеңес шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.

4. 4. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары

4. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары

15

15. Өз міндеттеріне сәйкес Кеңес:

1

1) шағын бизнес қауымдастықтарымен, бірлестіктерімен және басқа да кәсіпкерлік құрылымдармен қарым-қатынас жасайды;

2

2) келісілген шешімдерді қабылдау үшін шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және тексеру міндетіне кіретін қадағалаушы және тексеруші (фискалдық) органдармен ұдайы қарым-қатынас жасайды;

3

3) осы мақсатта тиісті органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақырып, Кеңестің бірлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады;

4

4) әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болып отырған себептерді жоюға арналған шараларды дайындауға заңнамада белгіленген тәртіп бойынша шағын кәсіпкерлік өкілдерін қатыстырады.

5. 5. Кеңес қызметін ұйымдастыру

5. Кеңес қызметін ұйымдастыру

16

16. Өз қызметін жүзеге асыру үшін Кеңес:

1

1) Кеңесте жұмыс істеу үшін заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ғалымдар мен беделді кәсіпкерлер қатарынан сарапшылар және Кеңесшілер, басқару органдарының өкілдерін және басқа да мамандарды шақырады;

2

2) белгілі тәртіп бойынша атқарушы органдардан қажетті ақпараттың, сараптамалық, анықтамалық, статистикалық деректерді алады;

3

3) қажет болған жағдайда уақытша сараптама және жұмыс топтарын құрады, олардың қызметін үйлестіріп отырады.

17

17. Кеңес мәжілістерін қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде айына бір рет Кеңес төрағасы шақырады.