Об утверждении Правил направления в электронном формате акта о несчастном случае в уполномоченный государственный орган по труду
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил направления в электронном формате акта о несчастном случае в уполномоченный государственный орган по труду
- Атауы (қаз.)
- Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 26.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 192914_723022.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033937
- ЭКБ идентификаторы
- 192914
- Редакция идентификаторы
- 192914_723022
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:23
0 Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 190-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидалары бекітілсін.
2 2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидалары
2024 жылғы 26 қаңтардағы
№ 15 Бұйрықпен
бекітілген
Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 190-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1
1) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі;