Об утверждении Правил регистрации и ведения учета несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил регистрации и ведения учета несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью
- Атауы (қаз.)
- Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 31.01.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2024 193004_723014.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400033955
- ЭКБ идентификаторы
- 193004
- Редакция идентификаторы
- 193004_723014
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:21
0 Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды
тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 17-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Астана, Алматы, Шымкент қалалардың
және облыстардың әкімдіктері
0 Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидалар
2024 жылғы 31 қаңтардағы
№ 21 Бұйрығымен
бекітілген
Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды
тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидалар
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 17-бабының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (аумақтық бөлімшелер) – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
2
2) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің не қабылдаушы тараптың тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің, жіберуші тарап жұмыскерінің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан олардың еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге, жіберуші тараптың жұмыскеріне әсер етуі;
3 3) еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
4 4) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.
2 2-тарау. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу тәртібі
3 3. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде жұмыс берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімшеге хабарлайды.
4 4. Еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиға тергеп-тексерілуге жатады.
5 5. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, тергеп-тексеру материалдарына сәйкес үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазатайым оқиға туралы актіні аумақтық бөлімшеге қағаз және электрондық жеткізгіштерде жібереді.
6 6. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеуді және есепке алуды жұмыс берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімше еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйеде жүзеге асырады.
7
7. Жазатайым оқиға туралы әрбір актіні аумақтық бөлімшемен еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық жүйе арқылы жұмыс берушіден еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде енгізіледі, онда мынадай мәліметтер қамтылған: