Қолданыстағы ред. 11.03.2004 (Редакция 19340_339558.kaz)

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы от 11.03.2004 г. № 42 (Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы)

0

Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын (жалғанды N 1 қосымша).

2

2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Ережесі бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).

3

3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық қаржы бөліміне (Б. Нұрмағанбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

4

4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.

5. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссиясының құрамы

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 42 қаулысына
N 1 қосымша
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары
мен жекелеген азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек беру туралы
комиссиясының құрамы
Балғайшиев Арман - аудан әкімінің орынбасары,
Байзақұлы комиссия төрағасы
Зейнуллин Бақытжан - аудан әкімі аппаратының ішкі
Жұмаұлы саясат және әлеуметтік сала
бөлімінің меңгерушісі
Ермеғали Мақсот - аудандық еңбек, жұмыспен
Иісұлы қамту және халықты
әлеуметтік қорғау бөлімінің
меңгерушісі, комиссия
хатшысы
мүшелері:
Нұрмағанбетов Берік - аудандық қаржы бөлімінің
Базарұлы бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары.
Тулегенова Сания - аудан әкімі аппаратының
Саматқызы құқық жөніндегі бас маманы.
Құспанова Зүлфия аудан әкімі аппаратының ішкі
Алиахметқызы саясат және әлеуметтік сала
бөлімінің бас маманы.
Мұхамедрахимова Альфия - аудандық мұрағат директоры
Карайқызы

6. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы ереже

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 42 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген
азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
ереже

1. 1. Жалпы ереже

1. Жалпы ереже

1

1. Жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру негізі:

1

1) Селолық округ әкіміне, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне берген арызы немесе өтінішіне сәйкес;

2

2) Арызда немесе өтініште көмек алуы үшін жағдайы көрсетіледі.
Арыз немесе өтініш беруші жағдайларын анықтайтын құжаттар қоса береді;

3

3) Және міндетті түрде жергілікті әкімдер немесе аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі материалдық-әлеуметтік жағдайына зерттеулер жүргізеді;

4

4) Округ әкімі осы зерттеулер қорытындысы нәтижесі мен өз ұсынбасын қоса тапсырады;

5

5) Осыған сәйкес аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі материалдық көмек беру жөніндегі аудандық комиссияға ұсынба даярлайды.

2. 2. Материалдық көмек беру шарты

2. Материалдық көмек беру шарты

2

2. Материалдық көмек жекелеген азаматтарға олардың немесе отбасының мынадай материалдық қиын жағдайында беріледі:

1

1) кедей отбасы немесе ақылы қоғамдық қызметтегі адамның жанұясындағы жақын туыстары (ата-анасы, аға-қарындасы, баласы, әйелі, ері) қайтыс болғанда;

2

2) емделуі үшін, егер емделу мерзімі 10 күннен артық және қосымша қаржы қажет ететін жағдайда;

3

3) үй-мүлікке, жеке шаруашылық қора-жәйға табиғи апат залалдары (өрт, су тасқыны, нөсер-жауын, дауыл жел, жер сілкінісі) келген жағдайларда;

4

4) үй, қора жәйінің тозығы жетіп құлап қалғанда;

5

5) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары төмен отбасыларға.

3. 3. Материалдық көмектің мөлшері

3. Материалдық көмектің мөлшері

3

3. Материалдық көмек мынадай мөлшерде беріледі:

1

1) жақын туыстары қайтыс болғанда: 5 есептік көрсеткіш көлемінде;

2

2) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасына: 7 есептік көрсеткіш көлемінде;

3

3) емделуі үшін: 8 есептік көрсеткіш көлемінде;

4

4) залал келгенде: 10 есептік көрсеткіш көлемінде.