Қолданыстағы ред. 01.04.2004 (Редакция 19645_339554.kaz)

Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы от 01.04.2004 г. № 53 (Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы)

0

Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Батыс Қазақтан облыстық әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" № 48 (мемлекеттік тіркеу № 1143), "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" № 49 (мемлекеттік тіркеу № 1144) қаулыларының негізінде тұрмысы төмен отбасыларды материалдық қолдау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету туралы Ережесі қосымшаға сай бекітілсін.

2. Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық көмек көрсету ережесі

Аудандық әкімдігінің
2004 жылғы 2 сәуірдегі
"Жәнібек аудандық бюджетінен
материалдық көмек көрсету
Ережесін бекіту туралы"
№ 53 қаулысымен бекітілді
Жәнібек аудандық бюджетінен материалдық
көмек көрсету ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" № 148-II Заңына, Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" № 48 (мемлекеттік тіркеу № 1143), "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" № 49 (мемлекеттік тіркеу № 1144) қаулыларына сәйкес жасалды.

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Жергілікті атқару органдары өз құқығы мен құзыреті шегінде тиісті бюджет есебінен төмендегі санаттарға жеңілдіктер, сондай-ақ материалдық көмек пен басқа да көмек түрлерін көрсету мақсатында мынадай шаралар белгілейді:

1

1) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек;

2

2) 1926-1927 жылдары туған Ұлы Отан соғысына әскерге шақырылған, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған адамдарға материалдық көмек;

3

3) табыс көзі жоқ отбасыларына жанұя мүшесі қайтыс болғанда жерлеу шығындарына материалдық көмек;

4

4) тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үйлерінің жөндеуіне, тосын жағдайлар (өрт, суға кету, тағы басқа табиғи апаттар) салдарынан материалдық тапшылыққа тап болған және ауыр науқасқа шалдыққан жағдайда емделуге материалдық көмек беру;

5

5) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, ерлері майданда қайтыс болған жесірлерге, балалары бейбіт кезде Армия қатарында қайтыс болған отбасыларына мереке күндерінде біржолғы материалдық көмек;

6

6) Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына көлік пен жүруге жол құнын төлеу үшін материалдық көмек;

7

7) Табыс көзі жоқ отбасыларына жеке басының куәлігін алу үшін материалдық көмек;

8

8) Аз қамтылған отбасыларына рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу үшін материалдық көмек.

2

2. Қаржыландыру көздері жергілікті бюджеттен 2581500332 бюджеттік бағдарлама арқылы жүргізіледі.

3

3. Осы Ережедегі қаралған көмек түрлері басқа жәрдемақы, көмек алуына қарамастан тағайындалады.

4

4. Көмектер түрлері төменде көрсетілген санаттарға төленбейді:

1

1) соңғы әскерге шақырылған, бірақ әскери қызметі үшін ешқандай ордендер мен медальдармен марапатталмаған адамдарға 1 тармақтың 2 тармақшасында қаралған көмек берілмейді;

2

2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатынасушыларға және оларға теңестірілген адамдарға осы Ереженің 1 тармақтың 2 тармақшасында қаралған түрі берілмейді;

3

3) Отан алдында ерен еңбегі үшін марапатталған, бірақ 1992-1999 жылдар аралығында облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықпағандарға осы Ереженің 1 тармақтың 1 тармақшасында қаралған көмек түрі төленбейді.

2. 2. Материалдық көмектерді тағайындау үшін қажетті құжаттар

2. Материалдық көмектерді тағайындау
үшін қажетті құжаттар

5

5. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) дербес зейнеткерлердің куәлік көшірмесі, немесе мұрағаттық анықтама;

4

4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.

6

6. Соғысқа соңғы әскерге шақырылғандар үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) аудандық әскери комиссариаттан соңғы әскерге шақырылғандығы жөнінде анықтама;

4

4) соғыс кезінде әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін алған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медальдарының куәлік көшірмесі;

5

5) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.

7

7. Табыс көзі жоқ отбасыларына жерлеу шығындары үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) денсаулық сақтау мекемесінен өлімі туралы куәліктің көшірмесі;

4

4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі;

8

8. Тұрмысы төмен табыс көзі жоқ отбасыларына және жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге біржолғы материалдық және қаржылай көмек алу үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау жөнінде толық көрсетілген арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) денсаулық сақтау мекемесінің анықтамасы;

4

4) тосын жағдайлар жөнінде салалық мекемелерден тиісті органдардан анықтама;

5

5) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.

9

9. Осы Ереженің 1 тармағының 5 тармақшасында көзделген материалдық көмекті тағайындау аудандық әскери комиссариат, зейнетақы төлеу орталығы, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің және ауылдық округі әкімдерінің бірлесе дайындаған тізімі бойынша аудан әкімдігінің қаулысымен жүзеге асырылады.

10

10. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына материалдық көмек тағайындау үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) жеке төлқұжат көшірмесі;

3

3) аудандық әскери комиссариаттан анықтама;

4

4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.

11

11. Табыс көзі жоқ отбасыларына жеке басының куәлігін алуға көмек беру үшін:

1

1) материалдық көмек тағайындау үшін арызы;

2

2) отбасының кедейшілік деңгейден төмен тұрмысы жөнінде ауыл әкімінің анықтамасы және көмекті кімге беру жөнінде ұсыныс;

3

3) көмек берілетін кісінің төлқұжат көшірмесі;

4

4) салық төлеушінің тіркелім нөмірі.

3. 3. Көмектер мөлшері мен мерзімі

3. Көмектер мөлшері мен мерзімі

12

12. Жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге материалдық көмек ай-сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалып, төленеді.

13

13. 1926-1927 жылдары туылған, Ұлы Отан соғысына соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек ай-сайын 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады және төленеді.

14

14. Табыс көзі жоқ отбасыларына жанұя мүшесі қайтыс болған жағдайда жерлеу шығындарын көтеріп алған жанұя мүшесіне 5-тен 10-ға дейін айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде біржолғы материалдық көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанындағы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия қорытындысына сәйкес аудан әкімдігіне ұсыныс етіледі.

15

15. Табыс көзі жоқ отбасыларына жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге тұрғын үйлерінің жөндеуіне материалдық көмек отбасының көмек сұраған жағдайы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссиямен егжей-тегжей қаралып нақтылы жағдайға және аудандық бюджет қаражатына байланысты 5 мыңнан 20 мыңға дейінгі мөлшерде аудан әкімдігінің қаулысы негізінде төленеді.

16

16. Бейбіт уақытта қаза болған жауынгерлердің отбасына көлік пен жүруге жол құнын төлеу үшін ай-сайын 1000 теңге мөлшерінде төленеді.

17

17. Осы Ереженің 1 тармағының 7 тармақшасында көзделген табыс көзі жоқ отбасыларына жеке басының куәлігін алу үшін 3000 теңге дейінгі мөлшеріндегі біржолғы көмек комиссия қорытындысына сай аудан әкімдігінің қаулысы негізінде төленеді.
Осы Ережеде көрсетілген материалдық көмектерге қажетті құжаттар аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанындағы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссияға тапсырылады.
Ауыл әкімі қажетті құжаттарды түгелдеп, тіркеп Ереженің 1 тармағының 1 және 2 тармақшалары бойынша аудандық әлеуметтік қорғау бөліміне, ал материалдық көмектің қалған түрлеріне жинақталған құжаттарды аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің жанындағы материалдық көмек тағайындау жөніндегі комиссия хатшысына әкеліп тапсырады.
Материалдық көмек аудандық пошта байланыс мекемесі және оның ауылдардағы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады.
Көмек сұраушы азаматтар тапсырылған құжаттардың дұрыстығы үшін толық жауап береді.
Төлем жүргізілгеннен кейін қателіктер, жалған мәліметтер анықталған жағдайда заңсыз төленген көмек қолданыстағы Заңдарда белгіленген тәртіппен кері өндіріледі.