О дополнительных мерах по упорядочению работы автобусов, обслуживающих междугородные маршруты
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительных мерах по упорядочению работы автобусов, обслуживающих междугородные маршруты
- Атауы (қаз.)
- Қалааралық маршруттарға қызмет көрсететін автобустар жұмысын реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 217
- Қабылданған күні
- 10.11.1997
- Көрсетілген редакция
- 10.11.1997 2028_235437.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97Z0000006
- ЭКБ идентификаторы
- 2028
- Редакция идентификаторы
- 2028_235437
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:54
0 Қалааралық маршруттарға қызмет көрсететін автобустар жұмысын реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 11.07.2001 № 28 қаулысымен.
Бүгін № 2 автобус паркі сияқты дәстүрлі тасымалдаушылармен қатар қалааралық және облыс ішіндегі маршруттарда қызмет көрсету нарығында көптеген жеке және ведомстволық автобустар пайда болды. Олардың көпшілігі бірін-бірі қайталап, қозғалыс кестесін бұзады. Бұл автобустардың келгені немесе кеткені және техникалық жарамсыздық жағдайында бірін-бірі алмастыру туралы ақпараттың болмауы жолаушылар үшін көптеген ыңғайсыздықтар туғызады.
Осы айтылғандарды ескере отырып және түрлі меншік нысандарындағы автобустар жұмысын реттеу, дұрыс бәсеке жағдайларын туғызу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстық жалпы пайдаланудағы жолаушы көлігі басқармасына (Галиев) 1997 жылғы 1 қарашадан бастап облыс ішіндегі және қалааралық маршруттарды ұсынуды тек ашық тендерлер ұйымдастыру арқылы ғана жүзеге асыру тапсырылсын.
2. Облыс ішіндегі және қалааралық маршруттарда жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге ашық тендерлер ұйымдастыру жөніндегі ереже бекітілсін (1 қосымша).
3. Облыстық жалпы пайдаланудағы жолаушы көлігі басқармасы (Ғалиев) бір апта ішіңде аудандар әкімдерімен келісе отырып тендерге қойылатын облыс ішіндегі және қалааралық маршруттардың тізімін бекітуге ұсынсын.
4. Облыстық тендер комиссиясының құрамы бекітілсін (№2 қосымша).
5. Жол полициясының бастығы (Маковский) аудандар әкімдерімен және облыстық жалпы пайдаланудағы жолаушы көлігі басқармасымен (Ғалиев) бірлесіп екі апта ішінде облыс ішіндегі, қалааралық және аудандар ішіндегі маршруттарда қызмет көрсететін жолаушы көлігін рейс алдында бақылауды және техникалық тексеруді ұйымдастыру ұйымдастыру мәселесімен жұмыстансын.
6. Осы шешімнің орындалу барысына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Маючийге жүктелсін.
7 ОБЛЫСТЫҚ ТЕНДЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
Облыс әкімінің 1997 жылғы
10 қараша № 217
шешіміне № 1 қосымша
ОБЛЫСТЫҚ ТЕНДЕРЛІК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ
1. С.Ғ.Ғалиев - облыстық жалпы пайлаланудағы жолаушы
көлігі басқармасының бастығы, комиссия төрағасы
2. Ғ.Х.Қапақов - облыс әкімі бірінші орынбасарының кеңесшілер
тобының жетекшісі, төраға орынбасары
3. С.Дрозд - облыстық жалпы пайдаланудағы жолаушы көлігі
басқармасының бөлім бастығы, комиссия хатшысы
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
4. К.Б.Бердешев - жол полициясы бастығының орынбасары
5. Ә.Л.Үмбеталиев - көлік инспекциясының бастығы
6. В.А.Кондратенко - баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі
аумақтық комитет төрағасы
7. Ж.К.Көптілеуов - облыстық әділет басқармасы бастығының орынбасары
8. А.С.Жабалбаева - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
9. Л.И.Амелин - облыстық салық инспекциясы бастығының орынбасары
8 Батыс Қазақстан облысының ішкі облыстық (қала іргелес және қалааралық) жол бағыттарында жолаушы көлігі қызметін көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру жөніндегі Е Р Е Ж Е
Облыс әкімінің 1997 жылғы
10 қараша № 217
шешіміне № 2 қосымша
Батыс Қазақстан облысының ішкі облыстық (қала іргелес және қалааралық) жол бағыттарында жолаушы көлігі қызметін көрсетуге ашық тендер ұйымдастыру жөніндегі
Е Р Е Ж Е
1. Жалпы ережелер
1.1. Ашық тендер ұйымдастыру мақсаты Батыс Қазақстан облысы аумағында қоғамдық көлікпен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, әділ бәсекеге жағдай туғызу және көлікпен қызмет көрсету рыногын дамытуды ретке келтіру, тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
1.2. Тендер өткізудің негізгі ұсыныстары:
- түрлі нысанды меншіктегі тасымалдаушылардың жол бағыттарын әділетті түрде нақтылай бөлу;
- жолаушыларды тасымалдау құқығына тасымалдаудың ең қолайлы жағдайын ұсынған тасымалдаушы ие бола алады, бүл жағдайда тасымалдаушы жолаушыларды жол бағыттарындағы автостанциялар мен автовокзалдарға түсіру мен отырғызуды жүзеге асыруы тиіс.
1.3. Тендердің міндеттері:
- жалпы пайдаланудағы көлікте бір жолаушы-шақырымдық жолаушылар жүрісінің нарықтық құнын белгілеу. Жолаушылар тасымалдау бойынша қызмет көрсетудің нарықтық бағасы тендер үдересінде айқындалады;
- жолаушы көлігімен қызмет көрсету саласында бәсекелік орта құру.
1.4. Әр тендерге жол бағыттары пакетін қалыптастыру облыс аумағы және іргелес жатқан аудандар арқылы өтетін негізгі трассалардың бағыттары бойынша жүргізілуі тиіс.
1.5. Жалпы пайдаланылудағы жолаушы көлігі басқармасы (одан әрі мәтін бойынша – Тапсырысшы) облыс әкімі атынан ашық тендерді ұйымдастырушы болып табылады және ашық тендерді өткізу шарттары мен тәртіптерін белгілейді.
1.6. Тендер үдересі оны жариялаудан бастап жеңімпаз танылғанға дейін 60 күннен асырылмай жүргізіледі.
1.7. Ашық тендердің жеңімпазы тендерге шығарылған жол бағыттарына жолаушы көлігімен қызмет көрсету контрактасына тапсырысшымен қатар қол қою құқығына ие болады.
2. АШЫҚ ТЕНДЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Тапсырысшы тендер өткізілгенге дейінгі кемінде 30 күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газеттер, радио, теледидар және әлеуметті қатысушыларға жазбалай хабарлама жасау жолымен) оны өткізудің шарттарын, тәртіптері мен мерзімді уақытын жариялайды.
2.2. Тендерге меншік нысанына қарамастан жолаушылар тасымалдау құқығы, жолаушылар алдында азаматтық; жауапкершілігі жөніндегі сақтандыру шарты, кемінде 3 жылжымалы құрамды бірлігі бар кезкелген заңды немесе жеке тұлға қатыса алады. Бір ұйымдық-басқару немесе қаржылық құрылымға енген шаруашылық жүзгізуші субъектілерінің тендерге қатысуына тиым салынады.
2.3. Тендерге қатысуға тілек білдіруші тасымалдаушылар "катысушы туралы мәлімет" сауалнамасын толтыруы, тендерлік құжаттар пакетіне жазбалай тапсырыс беруі, олардың 20 ең аз есептесу көрсеткішінен аспайтын мөлшердегі құнын төлеуі тиіс. Тендерге қатысушы тапсырысшыға белгіленген нысанда таңдап алған жол бағыттары бойынша тендерлік ұсынысты және белгіленген нысанда тапсырысшы көрсеткен санда қатысушы туралы ақпаратты тендер өткізуден 4-күн бұрын тапсырыу қажет. Тапсырысшы тендер өткізуге дейінгі 10 күнде конференция өткізуі және қатысушылардың сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Тендерлік құжаттар жиынтығына:
1. Контракт, жалпы және косымша шарттар
2. Техникалық сипаттамасы көрсетілген жол бағыттарының сызбалары
3. Жол бағыттарының техникалық-экономикалык көрсеткіштері (жол бағыттарының қашықтығы, жол бағыттары өтетін, жерлердің бедері, белгілер саны, бағыттар бойынша желілік, әдеттегі аялдамалардың саны, жолдардың жағдайы, жол бағытының соңгы пункттеріндегі халықтың тығыздағы, пайлалану кезеңі).
4. Тендер жеңімпазы айқындалатын өлшемдер ("Қатысушының тендерлік ұсыныстарының нысаны", "Тендерлік ұсыныстарды бағалау жөніндегі комиссия мүшелеріне нұсқама", "Тендерлік ұсыныстар үшін шекті бағалау балдары жөніндегі қосымшаларды қараңыз").
5. Тендерлік үдеріс нұсқамасы және сипаттамасы.
6. Жолаушыларды тасымалдау қызметінің сапасына, жол бағыттарын пайдалану бойынша мердігердің жылжымалы құрамына талап (қосымшаны қараңыз).
7. Арнайы шарттар (Тапсырысшы ұсынған шарттарға сәйкес жүріс жеңілдігі бар жолаушыларды тасымалдау) енгізіледі.
Тендерге дайындық жасау жағдайында қатысушыға контракт шарттарына ерекше назар аудару ұсынылады.
2.4. Қатысушы тапсырысшығы тендерлік ұсыныстар нысаны мен қатысушы туралы ақпараттың жеті данасын тапсырады.
Тендерлік ұсыныстар нысаны мен қатысушы туралы ақпарат екі бөлек конвертке салынып мөрленеді, одан соң екеуін қоса бір үлкен конвертке орналастырылып мөрленген түрінде тендерге беріледі. Тендерлік ұсыныстарда қатысушы жөніндегі деректер болмауы тиіс. Үш конверттің бірде-бірінде танымал белгісі және қатысушы туралы деректері болмауы керек.
2.5. Белгіленген мерзімді уақыттан кешігіп келіп түскен ұсыныстар тендерге қатыстырылуға жіберілмейді. Тендердің ұйымдастырушысы мерзімді уақытында тапсырылған тендерлік ұсыныстарды қабылдауға міндетті.
2.6. Ұйымдастырушы қатысушының тендерлік ұсыныстарын тіркеуден өткізгеннен кейін оларға қосымша өзгерту енгізуге тиым салынады.
2.7. Қатысушының тендерге берген және тапсырысшы тіркеуден өткізген ұсыныстары 60 күн бойына заңды күшінде болады.
2.8. Конверттерді ашуды, тендерлік ұсыныстарды қарап бағалауды, жеңімпаздарды анықтауды облыс әкімінің тендерлік комиссиясы ашық түрде жүзеге асырады.
3. ТЕНДЕРЛІК ҰСЫНЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
3.1. Тендерлік ұсыныстар нысандарының және қатысушы туралы ақпарат үлгілері №№ 6, 7 қосымшаларда сәйкесті берілген.
3.2. Тендерлік ұсыныстарға төменде көрсетілген бағалау өлшемдері енгізілуі керек:
3.2.1. Таңба-белгі, дайындаған зауыт, шығу жылы, сыйымдылығы (отырғыштар бойынша және толық), жол бағыттарын қамту үшін қатысушының пайдалануға ұсынып, тендерге шығарған көлік құрамдарының жорығы (әр бірлік бойынша бөлек).
3.2.2. Тендерге маршруттар бойынша шығарылған автобустардың ұсынылудағы жұмыс кестесі мен тәртібі.
3.2.3. Тендерге шығарылған жол бағыттарына қатысушы ұсынған құрылым және жол жүрісі тарифіның деңгейі.
3.2.4. Желіден шығарылған жылжымалы бірліктерді жедел ауыстыру бойынша шаралар жүйесі және оларды алмастыруға кететін уақыт шығыны. Жолаушы көлігі қызметіне сәйкесті сапалықты қамтамасыз ету үшін (елді мекендердің қашықтығын ескеріп) бұл қызметтердің сенімді болуы мәселесі ең басты көрсеткіш болып табылады. Тендерге қатысушы көлік құралының желіден шығуы жағдайында оны ауыстыруға қосалқы көлік құралының қолда барлығын және қалайша алмастыратындығын көрсетуі қажет.
3.2.5. Жол бағыттарында жұмыстану жағдайында автобустардың қауіпсіздігін және жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспары.
Тендерге қатысушы өзінің шараларында шарттарды орындау үшін өзі қандай шаралар қолданатындығын көрсетуі тиіс.
3.2.6. Жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қамту, жөндеу үшін өндірістік-техникалық базаның және басқару қызметшілерін орналастыруға орынжайдың қолда барлығы.
Тендерге қатысушы жол бағыттарында пайдалануға ұсынып, тендерге шығарылған автобустарды қою және жөндеу үшін автотұрақтың немесе алаңның, шеберхананың қолда барлығын көрсетуі тиіс.
Егер тендерге қатысушының меншігінде автотұрақтың, шеберхана мен әкімшілік орынжайының болмауы жағдайында ол әкімшілік-басқару қызметшілерін орналастыруды, автобустарды жөндеу мен сақтауды қамтамасыз ету үшін қандай шаралар алатындығын көрсетуі қажет.
4. ТЕНДЕРЛІК ҰСЫНЫСТАРДЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖЕҢІМПАЗДЫ АНЫҚТАУ
4.1. Қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын бағалауды және жеңімпазды анықтауды тендерлік комиссия жүзеге асырады.
4.2. Тендерлік ұсыныстар және қатысушы туралы ақпарат салынып мөрленген конверттер салынған үлкен конверт мөлдір емес қорапта болуы тиіс.
4.3. Комиссия төрағасы қораптағы кез-келген үлкен конвертті алады және конверттің оң жақтағы жоғарғы бұрышына ірі қарыппен бірінші кезекті номер қояды.
4.4. Бұдан кейін төраға үлкен конвертті ашып, тендерлік ұсыныстар және қатысушы туралы ақпарат салынған конверттерге де бірінші кезекті номер кояды.
4.5. Одан соң төраға тендерлік ұсыныстар конвертін ашып, әрбір ұсыныс көшірмесіне бірінші кезекті номер жазып комиссия мүшелеріне үлестіріп береді. Қатысушы туралы ақпарат салынған конверт үлкен конвертте сақталынады.
4.6. Тендерлік ұсыныстардың даналарын комиссия мүшелері қарайды. Олар тендерлік ұсыныстардың әр пунктіне өздерінің бағасын қояды.
4.7. Тендерлік ұсыныстар қаралып, бағаланғаннан кейін комиссия хатшысына тапсырылады, ол оларды №1 нөмерлі үлкен конвертке салуға міндетті.
4.8. Тендерлік ұсыныстар конверттерін тақылеттес жосықта қарау барлық тендерге қатысушылар үшін де жүргізілуі тиіс.
4.9. Тендерлік ұсыныстар салынған барлық конверттер қаралып бағаланғаннан кейін әрбір комиссия мүшесі бағалау нәтижесімен қоса нысанды (№ 3қосымша) куәландырады және оларды төрағаға (хатшыға) тапсырады.
4.10. Бұдан кейін тендерлік комиссия мүшелері куәландырылған нысандар негізінде бірдей кезекті номерлі қатысушының балдарын жинақтап, қорытындысын шығарады және әрбір қатысушы бойынша жалпы жинақ балын айқындап, комиссия хатшысының хаттамасы арқылы тіркеуден өткізеді.
4.11. Жалпы балл жинақтарының қорытынды нәтижесі бойынша комиссия хатшысы жалпы ең көп балл алған қатысушының кезектік номерін жариялайды.
4.12. Егер екі немесе одан көп қатысушы ең жоғары бірдей жинақы балға ие болса, онда комиссия мүшелеріне олардың тендерлік ұсыныстары қайтадан үлестіріліп, тендер жеңімпазы жабық дауыспен анықталады.
4.13. Комиссия төрағасы тендер жеңімпазының жарияланған кезекті номеріне сәйкес жеңімпаздың сәйкесті номерлі үлкен конвертінен қатысушы туралы ақпарат салынған конвертті алып ашады және көшірмелерді танысу үшін комиссия мүшелеріне үлестіріп береді.
4.14. Қатысушы туралы ақпаратпен комиссия мүшелері танысқаннан кейін төраға ашық тендерде жеңіске жеткен және контракті жасау құқығына ие болған жеңімпаз деректерін жариялайды.
4.15. Тендер жеңімпазын анықтау жөніндегі комиссия мәжілісінің нәтижесі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелері қол қойып, төраға бекітеді.
4.16. Тендерлік комиссияның хаттамасы негізінде жалпы пайдаланылудағы жолаушы көлігі басқармасы тендерге қойылған жол бағыттарын немесе жол бағыттары пакетін қамту жөніндегі тендер жеңімпазымен контракт жасасады. Контракт жасаған тендер жеңімпазына жол бағыттарында жұмыстану құқығын білдіретін куәлік беріледі.
4.17. Тендерге қатысушы тендерге олар берген ұсыныстарды қарау мен бағалау нәтижесін жазбалай алуға құқығы бар.
5. ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУШЫ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМ МЕН ЖҮРГІЗУШІ ПЕРСОНАЛҒА ҚОЙЬІЛАТЫН ТАЛАПТАР
5.1. Мердігердің жылжымалы құрамына қойылатын талаптар.
Мердигер жолаушы тасымалы үшін жылжымалы құрамды төменде көрсетілген қанағаттанарлық өлшемдерге сай пайдаланатын болады.
5.1.1. Мердігер жылжымалы құрамның төменде көрсетілген түрлерін пайдаланады:
№_________ жол бағытында сыйымдылығы_____________________ маркалы автобустар:
5.1.2. Мердігер:
- автобустарды техникалық қамтуды, олардың сырты мен ішкі талондарын күн сайын кемінде ______ рет тазалап жууды, көлік құрамдарына рейіске шығарда техникалық тексеру және жүргізушілерге медициналық куәландыру жүргізуді, желіге жабдықталған автобустар шығаруды, көлік құралдарын кемінде екі жылда бір рет толық сырлаудан өткізуді;
- қолданылудағы талапқа сай № 1 және № 2 техникалық байкаудан барлық жылжымалы құрамды уақытылы өткізуді және жүргізушілердің медициналық тексерілуін қамтамасыз етеді.
5.1.3. Мердігердің автобустары техникалық жағынан оңдалған, тасымалдау қауіпсіздігі, санитарлық, экологиялық және өртке қарсы нормалар талаптарына сәйкес болуы қажет.
5.2.ЖҮРГІЗУШІ ПЕРСОНАЛҒА КОЙЫЛАТЫН ТАЛАП
5.1.4. Автобустардың техникалық жағдайы, сыртқы түрі және жабдықталуы.
Мердігердің автобустары мынадай құрал-жабдықтармен:
- медициналық дәріханашықпен;
- автобустың өрге көтерілуі немесе төмен түсуінде ұзақ тоқталуы жағдайында оның өзінен-өзі жылжуын бекіту құралымен (тиянақпен);
- салонда ГОСТ пен көзделген ақпараттың көрсеткіш тақтайшалармен немесе жазбалармен;
- өртке қарсы қолданылатын құралдармен;
- жол бағыттарын пайдаланудың белгіленген талаптарына сәйкес автобус қозғалысына бақылау жасайтын АСУ құрылғыларымен;
- әйнектерді сындыру үшін балғалар жиынтығымен;
- жол-көлік оқиғасы жағдайында төбе қақпаларын, терезелерді, есіктерді шұғыл түрде ашу және автобустар салонынан әйнек сынықтарын шығару әдістері жөнінде жолаушыларға ақпарат беретін жазбалармен;
- жол бағыттарында жүргізуші жұмысына бақылау орнату құралдарымен жабдықтауы қажет;
- соңгы есіктің оң жағындағы маңдай бетте, сондай-ақ автобустың артқы жағында жол бағытының номері, қысқаша сипаттамасы жазылған трафареттер болуы тиіс. Мердігер жолаушыларға мұндай ақпаратты аялдамаларда қосымша хабарлай отыру шараларын жүзеге асыра алады.
Мердігер автобусы машина жасаушы зауыттардың мемлекеттік стандарты бойынша, оның ішінде тұтқалармен, жолаушылардың апаттық жағдайда шығу кұралдарымен, тұзу отырғыштармен, қосалқы дөңгелектермен жабдықталуы тиіс. Ал ерекше жағдайда қосымша жабдықтары болуы шарт.
Автобус салонының көріністі орнында мына құжаттамалардың:
- осы контрактіден қысқаша үзінді, атап айтқанда:
жолаушылар мен қол жүгін тасымалдау шарты, тасымалдау сапасының деңгейі, жол бағыты бойынша автобус қозғалысының сызбасы, кестесі, жолжүріс тарифы, айыппұл мөлшері жөнінде ақпарат, мердігер міндеті, мердігер диспечерлерінің телефондарының номері, сондай-ақ тасымалдау жағдайына қанағаттанбаған жолаушының мердігерден талап етуі жөніндегі ақпараттың да болуы тиіс.
Мердігер автобусы мұнтаздай эстетикалық қалыпта болуы қажет:
- автобустың сыртқы беті таза болуы және белгіленген талапқа сай сырлануы керек;
- маңдай беті (оның ішінде артқы беті) және терезе (қаптал беті) әйнектері мөлдір, шаңнан, ластан, бояудан және басқа әйнекке жұққыш заттардан таза болуы қажет;
- автобус салоны таза болуы, қысқы және жылдың салқын мерзімдерінде жылытылуы /+І8°С/, ыстық және қапырықты ауа-райында желдетіліп алынуы, құрал-саймандармен, қосалқы бөлшектермен, жанаржағу материалдары сыйымдылықтарымен, басқа да бөтен заттармен ластанбауы жүргізушілер назарын аударатын және жолаушылар көңілін қобылжытатын эстетикалық мәнсіз плакаттармен және заттармен көмкерілмеуі шарт;
- автобус салонының есіктері ешбір кедергісіз автоматты түрде немесе қолдың көмегімен еркін ашылып-жабылуы тиіс.
5.2.ЖҮРГІЗУШІ ПЕРСОНАЛҒА КОЙЫЛАТЫН ТАЛАП
5.2.1. Жүргізуші персонал төмендегі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
Көлік құралдарын жүргізуге қолында оларды жүргізуге құқық беретін куәлігі, біліктілік дәрежесі мен жұмыс тәжірибесі бар, жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру талабына сай келетін, рейс алдындағы жүргізушілердің денсаулығын медициналық тексеруінен және кезеңімен, үш жылдан аспайтын мерзімде медициналық куәландырылудан өткізілген тұлғаларға рұқсат етіледі.
5.2.2. Мердігер жүргізушісі:
- жолаушыларға әрбір аялдама және одан кейінгі пунктті, басқа жол бағыттарына ауысып отыру орындарын дұрыс және анық хабарлауы, жол бағыты өзгерген жағдайда - бұл жөнінде әрбір аялдамада хабарлауды, жол жүрісі мен қол жүгі ақысын уақытылы төлеу қажеттігі және тәртібі туралы жолаушыларға ескертіп отыруы;
- жолаушыларды тек қана жол бағытының аялдама пункттерінде, сондай-ақ жол бағытындағы автостанциялар мен автовокзалда отырғызып-түсіруі, отырғызу алаңына бір қалыпты жәй қозғалыспен сықай келуі, есіктерді көлік құралы толықтоқтаған жағдайда ғана ашуы;
- жолаушылар толықтай түскеннен және отырғаннан кейін есіктер толық жабылғаннан соң ғана аялдамадан көлік құралын бір қалыпты жәй қозғауы;
- жол бағытымен сапарға шығу жағдайында салондағы жолаушылардың құлап қалуына және осыдаң түрлі зақым алуға ұшырататын автобусты қатты тежеу мен оның жан-жақты қатты теңселуіне жол бермеу мақсатында қозғалыс тілімін уақытылы таңдап алуы және автобустың жылдамдық тәртібін ретке келтіру;
- жолаушыларға ілтипатты, кішіпейіл болуы, жолаушылар арасында автобус салонында жанжал немесе бұзақылық әрекеттер немесе басқа оқиғалар (жолаушының сырқаттануы) туындаған жағдайда автобусты шұғыл түрде тоқтатуы және телефонның 02 номерімен милицияға, 03 номерімен медициналық жедел көмекке хабар беріп қақтығысты тоқтату немесе көмек беру жолында бірлескен іс-қимыл жасауы;
- автобус салонына лас және арнайы киім киген және ішімдіктік мас жолаушыларды кіргізбеуі;
- автобус салонында спирттік ішімдік ішуге, шылым шегуге және автобустан басқа да қолайсыз иістің шығуына жол бермеуі;
- автобусты одан әрі пайдалануда оның жүйелері мен тетіктерінде қозғалыс қауіптілігін туғызатын тура техникалық ахау туындаған жағдайда автобусты тоқтатып, барлық есіктерді, егер қажет болса апаттық төбе қақпаларын ашуы, салондағы жолаушыларды шығарып, оларды осы жол бағытымен келе жатқан автобусқа бұрынғы алған билеттерімен отырғызуы;
- тексеруші органдардың (МАИ, көлік және салык инспекторлары, сондай -ақ тапсырысшы қызметкерлері) бірінші кезекті талабы бойынша бүкіл қажетті ақпаратты және көлік құралын тексеруден өткізуге рұқсаты бар тұлғаға көмек беруі;
- автобустың жол бағыты бойынша ауысуы, оның ішінде басқа жол бағытына ауысып отыру орындары жөнінде жолаушыға ауызша анықтама беруі тиіс.
68 АШЫҚ ТЕНДЕРЛЕРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
№ 1 қосымша
АШЫҚ ТЕНДЕРЛЕРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Барлық мемлекеттік, жеке, жалдық және кооперативтік ұйымдарға, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынушы дербес тұлғаларға.
1. Қала /облыс/ әкімінің аппараты 1997 жылғы "__"_______________ жолаушы тасымалы қызметтерін көрсетуге контрактылар жасау үшін мына мекенжай бойынша ____________________ ашық тендер өткізеді. Басталуы сағат 9.00.
2. Тендерге меншік нысанына қарамастан мына талаптарға сай келетін заңды немесе дербес тұлғалар қатыса алады.
Қатысушыда: - жолаушыларды тасымалдауға лицензия;
- жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру келісім-шарты;
- меншік (немесе жалдау) құқығында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға қажетті кемінде 3 жылжымалы құрам (состав);
- аппараттық басқару пункті, жолаушы тасымалы саласында жұмыс тәжірибесі бар диспетчерлер мен бақылаушылар;
- Д немесе Е категориясындағы кемінде жарты жыл жұмыс тәжірибесі бар 3 адамнан тұратын жүргізушілер тобы.
Бір ұйымдастырушылық басқару немесе қаржы құрылымына кіретін шаруашылық субъектілері тендерге қатыстырылмайды.
3. Ашық тендерге мына маршруттар шығарылады:
1. ________________________аялдамасынан __________________________
/бірінші аялдаманың атауы/ /соңғы аялдаманың атауы/
аялдамасына дейін мына жолмен жүретін ___________________________
______________________________________________№ ___ маршрут.
/ негізгі көшелер атауы/
2. Ашық тендерге қатысуға тілек білдірушілер "Қатысушы туралы мәліметтер" анкетасын толтыруы және тендер өткізуден кемінде 3 күн бұрын тендерлік құжаттар пакетін алу үшін қала (облыс) әкімі аппаратына мына мекенжай бойынша ___________________________________________
1997 жылғы «___» ___________ 17.00 сағатта жазбалай өтініш тапсыруы тиіс.
3. Тендерлік құжаттар пакетін төлеу алдын-ала (немесе келісім бойынша) қолма-кол ақшасыз № _____ есеп айырысу шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
4. Тендерлік құжаттар пакетінің құны _________ теңге тұрады. Бұл төлем қатысушыға қайтарылмайды.
5. Маршруттардағы жолаушы көлігімен қызмет көрсетуге контракт тендер жеңімпазымен кемінде үш жыл мерзімге жасалады.
6. Тендерлік құжаттар пакетін, маршруттардың негізгі сипаттамаларын және тендердің шарттары және оны өткізу тәртібі жөніндегі қажетті анықтамаларды мына мекенжайда _____________________алуға болады.
7. 199___жылғы «____» __________ (тендер өткізуден кемінде 10 күн бұрын) әкімнің аппараты конференция өткізеді. Онда тендерге қатысушылар тендерлік құжаттарды әзірлеу жөнінде сұрап, жолаушы көлігі қызметтерін беру шарттары мен орнын білулеріне болады.
Анықтама мына телефондар бойынша беріледі:___________________
79 «Қатысушы туралы мәліметтер» анкетасы
№ 2 қосымша
«Қатысушы туралы мәліметтер» анкетасы
1. Қатысушының толық атауы, заңды мекенжайы, банк реквизиттері, директордың немесе қатысушы өкілінің аты, фамилиясы, әкесінің аты.
2. Қатысушының қандай әкімшілік, инженерлік-техникалық және жүргізуші құрамы бар (тізбелеп көрсетілсін):
а) әкімшілік - басқару қызметкерлері, олардың жасы, білімі, мамандағы, жұмыс стажы (жалпы және қалалық жолаушы көлігі қызметіне қатысты) және қызметі;
б) жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі деңгейінде жылжымалы құрамының техникалық жағдайын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық қызметкерлердің жасы, білімі, мамандығы, жұмыс стажы (қалалық жолаушы көлігіндегі);
в) қатысушы жүргізушілер құрамының жасын, жалпы және қалалық жолаушы көлігіндегі стажын және соңғы рет медициналық тексеруден өткен күнін көрсетуі тиіс.
3. Жолаушыларды тасымалдау құқығына лицензияның болуы, оның нөмері, сериясы, иесінің аты-жөні.
4. Жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершіліктің сақтандыру келісімі.
5. Қатысушының меншігінде /немесе жалға алған/ жолаушы тасымалын жүзеге асыруға арналған жылжымалы құрамның түрін көрсетуі тиіс. Ұсынылып отырған ақпарат жылжымалы құрамның әрбір бірлігі бойынша келтіріледі:
№
Көлік құралының маркасы
Меншік түрі меншік жал
Сыйымдылығы
Шығарылған жылы
Жүрген жолы мың.км.
орындар саны
жалпы
1
2
6. Аппараттық-басқару пунктін, диспетчерлік қызметті орналастыратын орын бар ма /жалпы алаңын көрсету/.
7. Жылжымалы құрамды сақтау үшін тұрақтар мен техникалық жайлар, жөндеу базасы бар ма /жалпы алаңын көрсету/.
Кәсіпорының директоры Фамилиясы, Қолы Мөрі
аты,
әкесінің аты
90 Тендерге шығарылған жол бағыттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру ТАЛАПТАРЫ
№ 3 қосымша
Тендерге шығарылған жол бағыттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру ТАЛАПТАРЫ
1. Жоғары мәдениетті қызмет көрсету жағдайында тасымалдаушы жолаушылар тасымалдаудың
сапалы болуын қамтамасыз етуі тиіс.
2. Халыққа тасымалдау қызметін көрсету коммерциялық жағдайда жүргізілуі тиіс, осыған
сәйкес жүріс төлемі бойынша барлық түсім тасымалдаушыда толық қалады. Тасымалдаушы
біржолғы билеттерді, ұзақ пайдаланатын жүріс билеттерін сатуды, жүріс түсімін жинауды
қамтамасыз етеді. Жолаушылардың біржолғы жол жүрісі мен жүк алып жүру билеттері тікелей
көлік құралы салонында берілуі тиіс.
3. Ашық тендер қатысушысына жолаушы көлігімен қызмет көрсету үшін төменде көрсетілген
жол бағыттары ұсынылады:
1) №______жол бағыты ____________бастап ________________________
дейін мынадай сызба бойынша __________________________________
__________________________________________ дейін қызмет көрсетуі тиіс.
басты көшелер соңғы аялдама атауы
Жұмыстың басталуы ____________________________________
сағат, минут көрсетіледі
Жұмыстың аяқталуы __________________________________________
Тәуліктік рейістер саны _____________________________________
Жұмыс тәртібі _________________________________________________
апталық күн саны
Отырғыш бойынша орын сыйымдылығы __________________ жалпы сыйымдылық
____________________.
1 жолаушы-шақырым тарифы _________________
4. Тендер ұтқан қатысушы міндетті:
- жеңілдігі бар және жол жүрісі билеттерін пайдаланушы жолаушыларды ақысыз негізде тасу;
- жол бағыты трассасындағы автостанциялар мен автовокзалдарда рейістерді тіркеу;
- жол бағыты трассасындағы автостанциялар мен және автовокзалдармен диспечерлік басқару мен қызмет көрсету жөніндегі шарттар жасау;
- тапсырысшыға белгіленген нысанда есеп түрінде ақпарат беру.
91 ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА НҰСҚАМА
№ 4 қосымша
ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА НҰСҚАМА
1. Ашық тендерді ұйымдастырудың мақсаты жолаушыларға қоғамдық көлікпен сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, әділ бәсекелестікке жағдайлар туғызу және көлік қызметі нарығын реттеу.
2. Тендерлік процестің ұзақтығы оны жариялағаннан бастап, жеңімпазды таңдауды аяктағанға дейін 60 күннен аспайды.
3. Тендерге меншік нысандарына қарамастан, жолаушыларды тасымалдау құқығына лицензиясы бар заңды және дербес тұлғалар қатыса алады.
4. Барлық қатысушылар мына ақпараттар мен құжаттарды тапсыруы тиіс:
- шаруашылық субъектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
- реквизиттер және заңды мекенжай;
- тендерлік құжаттар қол қоюшы тұлғаға жазбаша сенімхат;
- соңғы екі жылда орындалған жолаушы тасымалы саласындағы жалпы жылдық айналым туралы мәліметтер;
- жолаушы тасымалы шарттарына сай келетін қолда бар жүріп тұрған жылжымалы құрамның саны және оны жалға алу келісімдері туралы мәліметтер;
- контрактыны орындау үшін ұсынылатын негізгі басшылар мен техникалық мамандардың біліктілігі мен тәжірибесі туралы мәліметтер.
5. Тендерге қатысушы "Қатысушының тендерлік ұсыныстары" түрінде ұсынылған мәселелерге, маршруттағы жолаушы көлігімен қызмет көрсету контрактысының нысанына, контрактының жалпы және арнаулы шарттарына, техникалық-экономикалық құжаттамаға ерекше көңіл аударуы тиіс.
6. Ашық тендердің жеңімпазы тапсырысшымен, тендерге шығарылған маршруттарда жолаушы көлігімен қызмет көрсету жөніндегі контрактыға қол қою құқығына ие болады.
7. Қатысушылар тапсырысшыға өз ұсыныстарын тендер өткізуге 4 күн қалғанға дейін Орал қаласы, Дзержинский көшесіндегі 90 үйде орналасқан жолаушы көлігі басқармасына тапсырады.
Белгіленген мерзімнен кеш түскен ұсыныстар тендерге қатысуға берілмейді.
Тапсырысшы қатысушыға оның ұсыныстарын алғаны туралы мөр басылған, қабылданған күні мен уақыты көрсетілген жазбаша хабарландыру береді.
Тендерлік ұсыныс беру қатысушының, болашақ жұмыстар /қызметтер/ сипатымен жақсы танысқандығын және оның шарттарын қабылдағандығын білдіреді.
8. Тендерлік ұсыныстар мен қатысушылар туралы ақпарат салынған форма тендерге бір үлкен конвертке салынған екі мөрленген конвертпен бөлек беріледі. Конверттер стандартты түрде болуы тиіс, олар алдын-ала әзірленіп, тендерлік құжаттар пакетінің бір бөлігі ретінде қатысушыға беріледі:
- үлкен конверт оның ішіне екі кішкентай конверт салу үшін қажет;
- машинкаға басылган "Техникалық ұсыныстар" деген жазуы бар бір кішкентай конверт;
- «Қатысушы туралы ақпарат» деген жазуы бар тағы бір кішкентай конверт.
Барлық пакеттерде ешқандай белгілер болмауы тиіс. Барлық ұсынылған конверттер жабылған және мөрленген болуы тиіс. Осы ережелерге сай келмеген жағдайда қатысушы тендерге қатысу құқығынан айырылады.
9. Қатысушы тапсырмаға ____ дана мөлшерінде "Тендерлік ұсыныстар" және "Қатысушы туралы ақпарат" формасын ұсынады.
10. Қатысушы тендерлік ұсыныстарды тапсырғаннан соң және оны тапсырысшы тіркегеннен соң оларға қандайма болмасын толықтырулар мен өзгертулер енгізуге тыйым салынады.
11. Тапсырысшы ұсынылған тендерлік ұсыныстарды ашқанға дейін 2 күн бұрын тендерлік құжаттарга өз қалауы бойынша түзетулер енгізуге құқылы.
12. Тапсырысшы тендерлік кұжаттарды немесе тендердің шарттары мен талаптарын қайта қараған жағдайда, мұндай ақпарат барлық қатысушыларға жазбаша түрде берілуі тиіс.
13. Тапсырысшы тендерді шінара немесе толықтай тоқтатуға құқылы, бұл туралы ақпарат барлық қатысушыларға жазбаша түрде берілуі тиіс. Тендерлік құжаттар пакетінің құны бұл жағдайда қатысушыларға сол күйінде қайтарылуы тиіс.
14. Тендерлік ұсыныстар оларды берген күннен кейін 60 күн бойы өзінің заңды күшін сақтайды.
15. Тендерге қатысушы өз қалауы бойынша өзінің косымша ұсыныстарын бере алады.
16. Тапсырысшы № _____ қосымшада көрсеткен нысанда тендерлік ұсыныстардың барлық пункттері бойынша қатысушы толық және жан-жақты қамтылған ақпарат беруі тиіс.
17. Рәсімделуі және толтырылуы жағынан қойылатын талаптарға сай келмейтін тендерлік құжаттар тендерге қатысуға жіберілмейді.
18. Тендерлік ұсыныстары комиссия бағасының қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған қатысушы ашық тендердің жеңімпазы болып табылады. Оны тендерлік комиссия тендерге қойылған маршруттарда қызмет көрсетуге контракт жасау үшін мердігерші ретінде тапсырысшы басшылығына ұсынады.
19. Тендерге қатысушының кез келгені тапсырысшы көрсеткен мекенжай бойынша тендерлік ұсыныстарды қараудың және бағалаудың нәтижелерін жазбаша түрде алуға құқылы.
111 Маршруттардың техникалық-экономикалық сипаттамасы
№ 5 қосымша
Маршруттардың техникалық-экономикалық сипаттамасы
№
Негізгі сипаттамалар
Өлшем бірлігі
Негізгі көрсеткіштер
1.
Маршруттың ұзақтығы
км
2.
Маршрут өтетін жер бедері
таулы
жазық
3.
«Белгілер» саны
дана
4.
Аялдамалар саны, оның ішінде:
желілік
жай
дана
дана
5.
Жолдар жабыны
6.
Маршруттың соңғы пунктіндегі халықтың тығыздығы
7.
Пайдалану жылдамдығы
8.
Қосымша сипаттамалар
Ескерту: Техникалық-экономикалық сипаттамалар таблица күнінде, сондай-ақ маршруттың ерекшеліктері суреттелгенін түсіндіру хат түрінде де берілуі тиіс.
112 Қатысушының тендерлік ұсыныстарының нысаны
№ 6 қосымша
Қатысушының тендерлік ұсыныстарының нысаны
Тендерлік ұсыныстардың әрбір пункті бөлек парақтарға толтырылады.
1. Жол бағыттарында жұмыстануға шыққан автобустар тізбесі.
Ұсынылып отырған ақпарат әрбір жылжымалы құрам бойынша көрсетіледі
№
Көлік құралының маркасы
дайындаушы зауыт
сыйымдылығы
шыққан жылы
жолжүрісі мың шақырым
отырғыштар бойынша
жалпы
1
2
3
4
5
6
Егер шассилер мен қораптарды түрлі зауыт дайындап шығарған болса,онда шассилерді дайындаушылардың көрсетілуі қажет, қатысушы, сондай-ақ, әрбір жол бағытында қызмет көрсету үшін қажетті көлік құралының санын хабарлай алады, жол бағыттарындағы көлік құралдарының сынып, апатка ұшырауы, жөнлінілуі, техникалық қызмет көрсетілуі жағдайларында олар қосымша көлік құралдары есебінен көбейтіледі. Мысалы, негізгі құрам 10 немесе одан да көп процентке арттырылады.
2. Тендерге шығарылған жол бағыттарындағы автобустардың жұмыс кестесі мен тәртібінің ұсынылған нұсқасы.
- Тендерге қатысушы "Жол бағытындағы жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырудың талаптары" нысаны шарттарын орындаумен қатар нақты дәлелдеу негізінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасына сай келетін балама нұсқа ұсына алады.
3. Қатысушының тендерге қойылған жол бағыттарындағы жол жүрісі тарифтерінің құрылымы мен деңгейі жөніндегі ұсыныстары.
4. Желіден шыққан жылжымалы бірліктерді жедел алмастыру және оларды алмастыруға жұмсалған уақыт шығыны шараларының (қолданылудағы немесе ұсынылудағы) жүйесі.
Сәйкесті қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін /елді пукттер қашықтығын ескеріп/ бұл қызметтер сенімділігі басты негіз болып табылады.
Тендерге қатысушы желіден шығу жағдайында, қосымша көлік құрамының қалпында болуы-болмауын және басқа көлік құралымен алмастыруға қанша уақыт жұмсалатындығын көрсетуі тиіс. Қатардан шыққан автобустарды жөндеу немесе басқа тиімді әдіс жөнінде қосымша ақпарат беруге болады.
5. Жол бағыттарындағы автобустар қозғаласының қауіпсіздігін және жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ұсынылған шаралар жоспары.
Тендерге қатысушы өзінің шараларында бұл шарттарды орындау үшін қандай шаралар алатындығын көрсетуі тиіс.
6. Жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу үшін өндірістік-техникалық базаның, басқару персоналын орналастыру үшін орынжайдың бар болуы.
Тендерге қатысушы тендерге шығарылған жол бағыттарында пайдалану үшін алдын-ала белгіленген автокөлік құралдарын қою және жөндеуге арналған автотұрақтың немесе алаңның, щеберхананың барлығын көрсетуі қажет.
Егер тендерге қатысушы меншігінде автотұрақ, шеберхана, әкімшіліктік орынжай болмаса, онда ол әкімшілік-басқару персоналын орналастыру, жылжымалы құрамды жөндеу және сақтау орынжайларын табу жөнінде қандай шаралар алатындығын көрсетуі тиіс.
7. Көлік құрамдарының ішкі салондарын және сыртқы бетін жуып тазалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі.
Тендерге қатысушының жол бағыттарына белгілеген көлік құралдарының әрі ішін және әрі сыртын жуып тазалаудың жүйелілігі. Автобустар салоны аусымында қанша рет тазалаудан өткізіледі.
Жылжымалы құрамды таза күйінде ұстау үшін қандай шаралар алынады.
8. Автовокзал мен автостанцияны ұстау үшін қатысушы қандай шаралар алады.
9. Қосымша ұсыныстар
Тендерге қатысушыға өзінің шығармашылық қабілетін таныту құқығы беріледі, бірақ оған көрсетілген тендерлік құжаттарға қосымша ұсыныс енгізу талап етілмейді. Екінші жағынан, тендерге қатысушы қол қойылған контракт мүмкіншілдігін арттыратын бірқатар құнды ұсыныстар қосуына болады:
- жол бағыты бойынша жиі қозғалыс қызметін көрсету;
- жолаушылар үшін автобустың өте қолайлы жұмыс тәртібін ұйымдастыру;
- жолаушыларды өте сапалы қамту шартын ұсыну;
- ағымдағы жөндеу бағдарламасын ұсыну;
- жолаушыларға қосымша сервистік қызмет көрсетуді ұсыну;
- автобустардың жүргізушілерін қалыпты киімдермен қамту;
- жаңа автобустар сатып алу және одан әрі басқалар.
122 ҚАТЫСУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
№ 7 қосымша
ҚАТЫСУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Бұл ақпарат бөлек конвертке салынып мөрленеді.
1. Көлік компаниясының /тасымалдаушының/ атауы, заңды мекенжайы, телефоны, факс, компанияның өкілетті өкілінің фамилиясы, аты-жөні, қызмет орны.
Тендерге қатысушы есепайырысу шотын, банктың мекенжайын тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесін көрсету тиіс. _____________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Жолаушы көлігімен қызмет көрсету жүйесіндегі компанияның жұмыс тәжірибесі.
Қатысушы соңғы екі жылда жолаушы көлігімен қызмет көрсету саласында жинақталған жұмыс тәжірибесін жазбалай көрсетуі қажет, қызмет көрсету түрлерін /қалалық, қала іргелес немесе басқа түрлері/.
Қызмет көрсетумен айналысатын көлік құрамдарының саны және күн, ай немесе жыл бойынша тасымалданған жолаушылар саны ________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3. Компанияның соңғы қаржылық жылдағы айналымы.
Тендерге қатысушыға соңғы қаржылық жылдағы тендерге өтінім бергенге дейінгі айналымды /яғни салық төлегенге дейінгі толық кіріс, таза пайда емес/ көрсету талап етіледі __________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Жылжымалы құрамды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу үшін қатысушы пайдаланған жөндеу базасының заңды мекен-жайы.
5. Жылжымалы құрамның саны /жалпы және түрі бойынша/ және түрлері.
6. Кемінде жартыжылдық жұмыс тәжірибесі бар жүргізуші персонал:
- жасы, жолаушы көлігіндегі жұмыс стажы, соңғы медициналық тексеруден өткен күні және оның жүргізу құқығы бар автокөлік санатын көрсету.
7. Желілік басшылар:
- жасы, білімі, біліктілігі, жұмыс стажы /жалпы және қалалық жолаушы көлігімен қызмет көрсетуіне жатқызылған/ және тендерге жеңіске жету жағдайында контрастілік міндеттері орындауда атқарған лауазым.
8. Жылжымалы құрамды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі деңгейінде ұстаудың техникалық жағдайын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық персонал;
Жасы, білімі, біліктілігі көлік саласындағы жұмыс стажы.
__________________________ __________________
фамилиясы, аты-жөні қолы
__________________________
лауазымы, мөр
131 Тендерлік ұсыныстар үшін ең көп бағалау баллдары
№ 8 қосымша
Тендерлік ұсыныстар үшін ең көп бағалау баллдары
№
Тендерлік ұсыныстың атауы
ең көп бағалау баллы
1
Маршрутта жұмыс істеуге бөлінген жылжымалы құрамды пайдалану
7 балл
2
Тендерге қойылған маршруттағы автобустардың ұсынылатын кестелер варианты және жұмыс тәртібі
10 балл
3
Тендерге қойылған маршруттардың қатысушы ұсынған құрылымы және жүру тарифтерінің деңгейі
10 балл
4
Жүрістен шығарылған көлікті жедел ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі (пайдаланылған немесе ұсынылған) және оларды ауыстыруға уақыт шығындау
8 балл
5
Маршруттардағы жұмыс кезінде автобустар қозғаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі ұсынылатын шаралар жоспары
6 балл
6
Жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базасының және басқару қызметкерлерін орналастыратын үй-жайдың болуы
3 балл
7
Көлік құралдарының ішін және сыртың жуу-жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі
5 балл
8
Қатысушы маршруттарды, аялдамалық пункттерді көріктендіру үшін қандай шаралар алады т.б.
5 балл
9
Қосымша ұсыныстар
5 балл
132 Тендерлік комиссия мүшелерінің тендерлік ұсыныстарды бағалау нысаны
№ 9 қосымша
Тендерлік комиссия мүшелерінің тендерлік ұсыныстарды бағалау нысаны
№№
Тендерлік ұсыныстың атауы
уч.1
уч.2
уч.3
уч.4
уч.5
уч.6
уч.7
1
Маршрутта жұмыс істеуге бөлінген жылжымалы құрамды пайдалану
2
Тендерге қойылған маршруттағы автобустардың ұсынылатын кестелер варианты және жұмыс тәртібі
3
Тендерге қойылған маршруттардың қатысушы ұсынған құрылымы және жүру тарифтерінің деңгейі
4
Жүрістен шығарылған көлікті жедел ауыстыру жөніндегі шаралар жүйесі (пайдаланылған немесе ұсынылған) және оларды ауыстыруға уақыт шығындау
5
Маршруттардағы жұмыс кезінде автобустар қозғаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі ұсынылатын шаралар жоспары
6
Жылжымалы құрамды сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге арналған өндірістік-техникалық базасының және басқару қызметкерлерін орналастыратын үй-жайдың болуы
7
Көлік құралдарының ішін және сыртың жуу-жинауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесі
8
Қатысушы маршруттарды, аялдамалық пункттерді көріктендіру үшін қандай шаралар алады т.б.
9
Қосымша ұсыныстар
10
Барлығы