Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств областного бюджета

Қаулы · № 131 · қабылданған 30.05.2004
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-20340/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств областного бюджета Мәртебесі расталмаған 29.07.2004 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств областного бюджета

Мәртебесі расталмаған Қаулы № 131 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил предоставления кредитов на поддержку и развитие малого предпринимательства за счет средств областного бюджета
Атауы (қаз.)
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен кредит беру Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
upd
Нөмірі
131
Қабылданған күні
30.05.2004
Көрсетілген редакция
29.07.2004 20340_198202.kaz
Соңғы өзгеріс
29.07.2004
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V04C0002806
ЭКБ идентификаторы
20340
Редакция идентификаторы
20340_198202
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:03
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет

қаржысы есебінен кредит беру Қағидасын бекіту туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1
сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25
шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік
нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық
рәсімдердің Ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет

қаржысы есебінен кредит беру Қағидасы;

2) шағын кәсіпкерлік дамытудың басым бағыттарының Тізбесі;

3) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу және қарау

жөніндегі конкурстық комиссия құрамы бекітілсін.

2. «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ

(Р. Ә. Юсупова) әкіммен және оның орнындағы тұлғамен бірге екінші
деңгейдегі банктермен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің
лицензиясы бар, конкурстық іріктеуден өткен мекемелермен кредит беру
келісімдеріне қол қоюға окілетті деп белгіленсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қ.

Ғилымовқа жүктелсін.

7 Облыс әкімиятының

2004 жылғы 31 мамырдағы
№ 131 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен кредит беру ҚАҒИДАСЫ
1. Осы Қағида «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылдың 1 сәуіріндегі № 357-1 Заңына, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін
бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және
жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережелеріне сәйкес дайындалды
және облыста шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бөлінетін
бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит
берудің тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидада мынадай түсініктер қолданылады:

кредит беруші - жергілікті атқарушы орган;
бюджеттік кредит -кредит берушілердің жергілікті бюджет қаржысы
есебінен мерзімділігі, ақылығы және қайтарылымдылығы шарттарда
берілетін ақша;
заем алушы - тиісті бюджет алдында кредитті қайтару жөнінде тікелей
міндеттемелері бар бюджет қаражатынан кредит алушы;
заемшы-банк - банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыру
үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясын алған екінші
деңгейдегі банк немесе ұйым, олар түпкі заемшыларға одан әрі кредит беру
үшін жергілікті бюджеттен бюджеттік кредит алады;
түпкі заемшы - заемшы-банк арқылы бюджеттік кредит алушы,
шағын кәсіпкерлік субъектісі - заңды немесе жеке тұлға;
бюджеттік кредит бойынша берешек - заемшының бюджеттік
кредитті белгілі мерзімге өтеу мен қызмет көрсету кестесіне сәйкес
қайтармаған төлемдердің сомасы;
конкурстық комиссия - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын
іріктеу және қарау жөніндегі комиссия.

2. Бюджеттік кредит беру жергілікті атқарушы органдардың тиісті

жылға қабылданған бюджеттерді орындау жөніндегі міндеттерінің құрамына
кіреді және одан әрі бюджеттік кредиттерді түпкі заемшыларға және
бюджеттік кредит беру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің
лицензиясын алған ұйымдарға беретін заемшы - банкке беру жолымен
жүзеге асырылады.
Осы қағидада сондай-ақ түпкі заемшыларға заемшы банктермен
бірге қосымша қаржыландыру тәртібінде бірлесіп кредит беру шарттары
айқындалады.
Бюджеттік кредит беру, жобаларды қосымша қаржыландыру
қолданыстағы заңнамаға сәйкес ашық конкурс өткізу жолымен іріктелген
заемшы-банк арқылы облыста шағын кәсіпкерлікті дамытудың басым
бағыттарының Тізібесіне сай орындалады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
бюджет қаржылары есебінен кредит беру үшін банкілік қызмет көрсету
жөніндегі ашық конкурс өткізу тәртібі конкурстық Комиссиямен
анықталады. Бұдан басқа конкурстық Комиссия екінші деңгейдегі
банктермен, Қазақстан Республикасы Халықтық банкісінің лицензиясы бар
мекемелермен кредиттік келісімнің жалпы шарттарын, сыйақы ставкасын
және кредит беру жөніндегі басқа да шарттарды әзірлейді және бекітеді.

3. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне бюджеттік кредит беру туралы заемшы- банкпен кредиттік келісім жасауды жергілікті атқарушы орган атынан экім немесе оның орнындағы тұлға және облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы (бұдан әрі Басқарма) жүзеге асырады.

2. Бюджеттік кредит берудің тәртібі және шарты

4. Шағын кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған бюджет

қаржысы мақсатты және облыстық бюджетте тиісті жылға бекітілген сома
шегінде "Ақтөбе облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық Бағдарламасы туралы"
облыстық мэслихаттың 2003 жылғы 27 наурызындағы №9 шешімін
орындауға беріледі.

5. Бюджеттік кредит беру барысында экім немесе оның орнындағы

тұлға, Басқарма және заемшы-банк арасында кредиттік келісім жасалады.

6. Кредит беру мерзімі бизнес-жобаға байланысты:

1 жылға дейін - қысқа мерзімдік, 1 жылдан артық, бірақ 3 жылдан кем - орта
мерзімдік, 3 жылдан жоғары - үзақ мерзімдік болып анықталады.

7. Бюджеттік кредитті жергілікті бюджет заемшы - банкке нөлдік

ставка бойынша, банк түпкі заемшыга конкурстық комиссия белгілеген
ставка бойынша ұлттық ақша түрінде береді.

8. Бюджеттік кредиттерді түпкі заемшыға қайтарымдылық шартында

беру, сондай-ақ жобаларды қосымша қаржыландыру олар облыстың шағын
кәсіпкерлігін дамытудың басым бағыттарының Тізбесіне сәйкес қызмет
атқарған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

9. Кредит беруге бөлінетін бюджеттік қаржыны олар еңбекке ақы

төлеу, бюджетке төлемдер, банк алдындағы міндеттемелер және мерзімі өтіп
кеткен төлемдер жөніндегі берешетерін өтеуге жұмсай алмайды.

10. Басқарма басым бағыттар Тізбесіне сәйкес келетін жобаларды іріктейді, алдын ала сараптама жасайды және конкурстық Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия өзінің отырысында өзі мақұлдаған жобаларды қарайды және оның тізімін бекітеді. Конкурстық Комиссияның шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді. Жобалардың бекітілген тізімін басқарма
уәкілетті заемшы-банкке береді.

11. Заемшы-банктердің кредит берушінің кредиттік ресурстарынан

бюджеттік қаржыларды түпкі заемшыларға беруі қолданыстағы заңнамаға
сәйкес жасалған кредиттік шарттарға және заемшы-банктердің ішкі кредиттік
саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Заемшы-банктер: түпкі заемшылардың төлем қабілеттілігін және

бюджеттік кредитті өтемеу тәуекелінің дәрежесін, экономикалық жағынан
мақсатқа сәйкес келетіндігін, жобаның техникалық- экономикалық және
қаржылық көрсеткіштеріне талдауына, кредитті өтеу көзінің болуын және
оның қамтамасыз етілгендігіне талдау жүргізу жолымен түпкі
заемшылардың жобаларына сараптау жүргізеді. Банктер мақұлдаған
жобалар бойынша банк жобаны қаржыландыруға келісім беретіндігі туралы
Басқармаға жазбаша түрде хабарлайды.

13. Комиссияның қанағаттандырарлық шешімін алған және банк

мақұлдаған жобалар бойынша банк түпкі заемшыға кредит беру жөнінде
қажетті құжаттарды ресімдейді, кредит беру шартын жасайды.

14. Банктің түпкі заемшыға беретін бюджеттік кредит пайызы, оның

мөлшері және мерзімі облыс әкімиятының тиісті қаулысымен анықталған
шекті мөлшерлерден аспауы тиіс.

15. Бюджет қаржысы есебінен берілетін бюджеттік кредиттер, сондай-

ақ түпкі заемшыларға кредит беруге жұмсалған Комиссиямен қосымша
қаржыландыру шарты бойынша осы Ережелерде белгіленген қаржының бір
бөлігі, әдетте, қамтамасыз етілген кепілділдікке немесе олар ұсынған өзге
кепілдікке берілуі тиіс.

16. Жобаларды қосымша қаржыландыру кезінде басқарма бюджеттік

кредиттердің үлесін жылдық нөлдік ставка бойынша жоба құнына береді.
Банкінің жобаны қосымша қаржыландыруға қатысу үлесі берілетін кредиттің
жалпы сомасының 50 пайызынан кем болмауы керек. Сыйақының жалпы
пайыздық ставкасы кредит беру сэтінде Қазақстан Республикасы ¥лттық
банктің қайта қаржыландыру ставкасынан аспауы тиіс.

17. Кредиттік шарт және де оған байланысты құжаттар жасалғаннан

кейін, заемшы-банктер түпкі заемшылардың атына несие шоттарын ашады,
оларға кредиттік шарттарға сәйкес бюджеттік кредит аударылады.
Көрсетілген шоттар түпкі заемшының есеп-шотына ақша аудару жолымен
немесе оның төлем құжаттарына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

18. Жергілікті бюджетте шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін

көзделген қаржыларды облыстық қаржы басқармасы оның өтініміне сәйкес
- басқарманың (бағдарлама әкімшісінің) есеп шотына аударады және ол
Басқарма нақты жоба бойынша қанағаттандырарлық қорытынды алғандығы
туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін түпкі заемшыларға кредит беру
үшін заемшы банкке бөлінеді. Банк бөлінген бюджегтік каржылары 15
күннің ішінде кредит ресурсы ретінде игермеген жагдайда, олар 5 банк
кунінің ішінде басқарманың есеп-шотына кайтарылады. Олар бөлген:
бюджеттік каржылар игерілмеген жағдайда, банктердің ақшалай
каражаттарды басқарманың шотына уақытында кайтармағаны үшін
төлейтін санкция мөлшері басқарма мен банктер арасында жасалған
кредиттік келісімдерде анықталады.

3. Бюджеттік кредитті өтеу және қызмет көрсету тәртібі

19. Заемшы-банк бюджеттік кредитті өтелуді жасалған кредиттік келісімге сәйкес жүзеге асырады. Бұл кезде төлемдер:

- есептелген айыппұлдар мен өсімақылар;
- есептелген сыйақылар;
- негізгі қарызды өтеу кезегінде төленеді.

20. Заемшы-банк кредиттік келісімді бұзган жагдайда басқарма кредиттік келісімді мерзімінен бұрын бұзуга және кредиттің берілген нақты сомасын қайтаруға құқылы.

21. Кредитті келісім бұзылмаған жағдайда, басқарма бюджеттік кредиттің мақсатсыз жұмсалғандығын анықтаған кезде кредиттік келісімде айтылған мөлшерде айыппұл ала отырып, заемшы банктен заңсыз жұмсалған кредит сомасын өндіріп алуға құқылы.

22. Заемшы банк бюджеттік кредитті қайтармаған және кредиттік келісімде белгіленген мерзімде бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлемеген жағдайда түзілген берешекке айыппұл пайызы есеателеді.

23. Заемшы-банк негізгі берешек сомасын кайтарған, сыйақыны айыппұлды қоса алғанда, осы кредитке қатысты барлық ілеспе төлемдерді толық көлемде толеген кезде жергілікті бюджет каржыеы есебінен берілген кредит өтеледі деп есептеледі.

24. Түпкі заемшыларда бюджеттік кредит бойынша берешек түзелген

және ол кредиттік шарттың мерзімдерінде аныкталган мерзімде өтелмеген
кезде банк кепілзатты өндіріп алу жолымен кредитті күштеп қайтару
жөнінде шара алады.

25. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен берілген кредитті:

- сыйақы ставкасын;
- кредитті және кезекті төлемді өтеу мерзімін;
- кредит валютасын өзгерту арқылы құрылымдық жағынан қайта құру әкімияттын тиісті шешімнің негізінде жүзеге асырылады. Бұл кезде кредитті немесе кезекті төлемді өтеу мерзімі кредит валютасы және сондай-ақ сыйақы ставкасы, тиісті каржы жылына жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген бюджеттің кіріс бөлігінің мөлшеріне әсер етпеуі тиіс.

4. Бюджеттік кредитті есепке алу және бақылау

26. Бюджеттік кредитердің максатты жұмсалуын бақылауды "Облыстық

каржы баскармасы" ММ бағдарлама әкімшісі, заемшы банк түпкі заемшылардың бюджеттік кредитердің максатты жұмсалуын бөлінген қаржылар шығыстарының аударылуын тексеру және кадағалау жолымен жүзеге асырады.

27. Тараптардың бюджеттік несиелендіру кезінде туындаған барлық даулары мен пікір- қайшылыктары жасалған несиелік шарттардың талаптарымен және Қазакстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.

28. Басқарма бақылауға алу мақсатында заемшы банктердің бюджеттік кредиттерге байланысты ақпаратты талап етуге құқылы.

40 Облыс әкімиятының

2004 жылғы «31» мамырдағы
№ 131 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Шағын кәсіпкерлік дамытудың басым бағыттарының Тізбесі

1) мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы;

2) егін шаруашылығы;

3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу;

4) сүт өнімдерін өндіру және өңдеу;

5) үй малының, балықтың және құстың етін өңдеу;

6) жидектерді, жемістерді, майлы дақылдарды, көкөністерді өңдеу;

7) кондитерлік және нан өндірісі;

8) ас өнімдерін өндіру;

9) өсімдік майын өндіру;

10) жүн мен теріні өңдеу және олардан бұйымдар өндіру;

11) ара өсіру;

12) текстильді және тігін өндірісі;

13) қолөнер кәсібін дамыту, сыйлық бұйымдарын өндіру;

14) ақпараттық технологияларды дамыту;

15) ғылыми технологияларға негізделген құрал-жадбықтар мен

қондырғыларды жинақтау, өндіру, ноу-хау;

16) туризмді дамыту;

17) республикалық маңызы бар жолдарда жол бойындағы сервис дамыту;

18) құрылыс материалдарын шығару;

19) халыққа қызмет көрсету саласын дамыту;

20) франчайзангті дамыту;

21) халық пайдаланатын тауарларды өндіру;

22) өнер кәсіп өндірісі.

63 Облыс Әкімиятының

2004 жылғы «31» мамырдағы
№ 131 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іріктеу және қарау жөніндегі конкурстық комиссияның ҚҰРАМЫ
Юсупова Рашида Әбілсағитқызы
«Ақтөбе облыстық кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ бастығы, комиссия торағасы
Еңсегенұлы Сағат
«Ақтөбе облысы қаржы департаменті» ММ директоры
Әжібаев Ерсайын Ысқақұлы
«Облыстық ауыл шаруашылығы департамент» ММ директоры
Қаратаев Аманжол Қамзаұлы
«Облыстық экономика және индикативті жоспарлау департамент» ММ директоры
Марченко Анатолий Николаевич
«Ақтобе облысының кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» ҚБ атқарушы директоры (келісім бойынша)