Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 16 наурыздағы «Мүгедектерді оңалтудың аудандық 2003 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы» № 79/3 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы от 21.06.2004 г. № 97/1 (Мүгедектер жөніндегі аудандық кеңес құру туралы)
1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2. Кеңестің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсін.
Май ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «22» маусымдағы
«Мүгедектер ісі жөніндегі
аудандық кеңес құру туралы»
№ 97/1 қаулысымен бекітілген
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңестің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Мүгедектерді ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңестің органы болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімдігінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
2. Негізгі міндеттері
3. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) қоғамда мүгедектерді оңалту үшін жағдайлар жасау және мүгедектің деңгейін төмендету;
2) мүгедектік және мүгедектер мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) мүгедектер мәселелері жөніндегі ұсыныстар дайындау Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
3. Негізгі функциялары
4. Кеңестің негізгі функциялары:
1) мүгедектерді кешенді оңалтуды қамтамасыз ету, оңалту мекемелерінің желісін дамыту мен материалдық – техникалық базасын анықтау жөніндегі практикалық іс – шараларды қамтамасыз ету;
2) жергілікті мемлекеттік органдардың мүгедектің алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы кәсіптік даярлануы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі іс – қимылын үйлестіру үшін ұсыныстарды пысықтау;
3) білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру мен спорт жүйелері ұйымдарының мүгедектері оңалту мәселелері жөніндегі жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;
4) мүгедектерді оңалтудың 2004 – 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жасау кеңестің негізгі функциялары болып табылады.
4. Кеңестің құқықтары
1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге;
2) мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
3) өз шешімдерінің орындалуына бақылау жасауға;
4) мүгедектік және мүгедектер проблемаларына байланысты мәселелерді қарайтын жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар кәсіподақ бірлестіктер, жұмыс берушілер (келісім бойынша) өткізетін мәжілістерге қатысуға құқылы.
5. Кеңес қызметін ұйымдастыру
5. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.
6. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
7. Аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімі кеңестің жұмыс органы болып табылады.