Құжат мәтініне өту

Об утверждении Типовых квалификационных характеристик специалистов по работе с молодежью

Бұйрық · № 129-НҚ · қабылданған 31.03.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-208765/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Типовых квалификационных характеристик специалистов по работе с молодежью Қолданыста Бұйрық ·№ 129-НҚ ·31.03.2025
31.03.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Типовых квалификационных характеристик специалистов по работе с молодежью

Қолданыста Бұйрық ·№ 129-НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Типовых квалификационных характеристик специалистов по работе с молодежью
Атауы (қаз.)
Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
129-НҚ
Қабылданған күні
31.03.2025
Көрсетілген редакция
31.03.2025 208765_750776.kaz
Соңғы өзгеріс
31.03.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035916
ЭКБ идентификаторы
208765
Редакция идентификаторы
208765_750776
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:20

0 Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 117) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

2

2. «Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32098 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

1 Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 129-НҚ бұйрықпен бекітілген
Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары

1 1-тарау. Жалпы ереже

1

1. Осы жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 117) тармақшасына сәйкес әзірленді және жастармен жұмыс жөніндегі мамандарды дұрыс іріктеуді қамтамасыз етуге, жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың біліктілік сипаттамаларын айқындауға бағытталған.

2 2. Жастармен жұмыс жөніндегі маман – жастардың жеке адам ретінде және әлеуметтік дамуын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыратын, біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар маман.

2 2-тарау. Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамалары

3 3. Лауазымдық міндеттері:

жастар арасындағы өзекті мәселелер (жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру, репродуктивті денсаулықты қорғау, құмар ойындардың (лудоманияның) қауіптілігі) бойынша ақпараттық-түсіндіру, консультациялық жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді;
мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша отандық және шетелдік жұмыс тәжірибесін зерделейді және жинақтайды;
жұмыс іздеп жүрген жас адамдарды, өз бетінше жұмыспен қамтылған жастарды, жұмыссыз жастарды және аз қамтылғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша мүдделі органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынастарды жүзеге асырады;
жұмысқа орналаспаған жастардың деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмыс мәселесін ұйымдастырады;
жастардың әртүрлі топтарымен және санаттарымен жұмыс істеу түрлері сонымен қоса әдістерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
қажетті және дұрыс есеп беруді қамтамасыз етеді;
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитарлық гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жасайды және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына дербес жауапты болады.

4 4. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңды;
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңды;
Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын, білім беруді реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың негіздері, қағидаттары мен бағыттарын.

5 5. Біліктілікке қойылатын талаптар:

гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық), немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Қолданыстағы