Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Информация о травматизме, инциденте, аварии и возникновении опасных производственных факторов»

Бұйрық · № 183 · қабылданған 08.05.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-209975/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Информация о травматизме, инциденте, аварии и возникновении опасных производственных факторов» Қолданыста Бұйрық ·№ 183 ·08.05.2025
08.05.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Информация о травматизме, инциденте, аварии и возникновении опасных производственных факторов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 183 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных «Информация о травматизме, инциденте, аварии и возникновении опасных производственных факторов»
Атауы (қаз.)
«Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
183
Қабылданған күні
08.05.2025
Көрсетілген редакция
08.05.2025 209975_760715.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036098
ЭКБ идентификаторы
209975
Редакция идентификаторы
209975_760715
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 04:31

0 «Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған

нысанын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі-Министрлік) мыналарды қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

2 2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыру.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

0 Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 8 мамырдағы
№ 183
Бұйрықпен бекітілген
Нысан
Ұсынылады: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанының атауы: Жарақат, оқиға, апат және қауіпті өндірістік факторлардың пайда болуы туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: ТИАФ-4
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жыл «__»_______________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдар, қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын
ЖСН/БСН
Жинау әдісі: қағаз тасымалдағышта немесе электронды (болған жағдайда)

Көрсеткіштердің атауы
Ақпарат
1
Қауіпті өндірістік объектінің атауы
2
Объектінің орналасқан жері, мекен-жайы болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі
3
Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды
4
Мекенжайдың тіркеу коды
5
Оқиға санаты (жарақаттану, инцидент, авария, қауіпті өндірістік фактордың туындау фактісі)
6
Жағдайлар мен алдын ала себептердің қысқаша сипаттамасы
7
Хабарлама жіберілген күні мен уақыты
Ұйымның атауы:
Мекенжайы:
Телефоны_____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы: _________________________________________
Орындаушы___________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_______________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

1 Әкімшілік деректерді жинауға

арналған нысанға қосымша

1 1. Осы түсіндірме «Жарақаттану, инцидент, авария және қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - нысан) толтыру жөніндегі ұсынымдарды айқындайды.

2 2. Нысанды қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдар, қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар толтырады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

3 3. Нысан мемлекеттік және / немесе орыс тілдерінде толтырылады.

4 4. 1 жолда жолда жарақат алған қауіпті өндірістік объектінің атауы, инцидент, авария, қауіпті өндірістік фактордың туындау фактісі көрсетіледі.

6 6. 2 жолда жарақат алған объектінің орналасқан жері, инцидент, авария, қауіпті өндірістік фактордың туындау фактісі көрсетіледі. Мекенжай болмаған жағдайда бойлық-объектінің орналасқан жерінің ендігі көрсетіледі.

7 7. 3 жолда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды көрсетіледі.

8 8. 4 жолда мекенжайдың тіркеу коды көрсетіледі.

9 9. 5 жолда мыналар көрсетіледі:

адам жарақат алған жағдайда-жарақат;
ғимараттар, құрылыстар және (немесе) техникалық құрылғылар қираған, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттар шығарылған жағдайда-авария;
қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар істен шыққан немесе бүлінген, аварияға әкеп соқпаған технологиялық процесті жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқыған жағдайда-инцидент;
қауіпті өндірістік объектілерде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян (залал) келтіретін физикалық құбылыс болған жағдайда-қауіпті өндірістік фактор.

10 10. 6 жолда мән-жайлардың қысқаша сипаттамасы, алдын ала себептері көрсетіледі.

11 11. 7 жолда ақпаратты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберу күні мен уақыты көрсетіледі.

Қолданыстағы