Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки населенных пунктов Жылыойского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки населенных пунктов Жылыойского района
- Атауы (қаз.)
- Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 30-10
- Қабылданған күні
- 06.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2025 210152_757337.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25TB527606
- ЭКБ идентификаторы
- 210152
- Редакция идентификаторы
- 210152_757337
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:36
0 Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 11-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің 1- және 2- қосымшаларына сәйкес Жылыой ауданының елді мекендерінің бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жылыой ауданындағы елді мекендердің бағалау аймақтарының шекаралары
Жылыой аудандық
мәслихатының 2025 жылғы
6 мамырдағы № 30-10
шешіміне 1 қосымша
Жылыой ауданындағы елді мекендердің бағалау аймақтарының шекаралары
№№
Бағалау аймақтарының номері
Бағалау аймақтарының шекаралары
1
Құлсары қаласы,
І аймақ
04-059-005, 04-059-007, 04-059-024, 04-059-025 кадастрлық кварталдары. Құлсары қаласына кіреберістегі Жем өзенінен бастап Атырау-Бейнеу (А-33) тас жолы бойымен оңтүстік-шығыс бағытта жүріп, 46-көшесінің бойынан өтіп, Аңырақай көшесіне жалғасып, батысқа қарай Атырау-Бейнеу (А-33) тас жолын кесіп өтеді, әрі қарай Сариев көшесімен жалғасып өндірістік аймақтың оңтүстігіне қарай Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп, солтүстік бағытта Атырау- Жаңа Қаратон тас жолына жетпей батыс бағытта бас жоспар шекарасына дейін келіп, солтүстік бағытқа бұрылып, Құлсары-Теңіз тас жолын кесіп өтеді. Әрі қарай, Бас жоспар шекарасымен шығыс бағытта келіп, Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, бас жоспар шекарасы бойымен Жем өзені сағаларын кесіп өтіп, бастапқы нүктеге келеді.
2
Құлсары қаласы,
ІІ аймақ
04-059-011, 04-059-019, 04-059-026 кадастрлық кварталдары. Атырау-Бейнеу тас жолы бойынан бастап оңтүстік-шығыс бағытта Бас жоспар шекарасы бойымен жалғасып, оңтүстікке қарай бұрылып, Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолын кесіп өтеді де, батыс бағытта жалғасып 04-059-009 кадастрлық квартал шекарасының бойымен солтүстік бағытта жүріп, Аңырақай көшесімен жалғасып, 46-көше бойымен жүреді, Жем өзенін кесіп өтіп, Атырау –Бейнеу (А-33) тас жолы бойымен солтүстік бағытқа қарай Бас жоспар шекарасы бойымен бастапқы нүктеге келеді.
3
Құлсары қаласы,
ІІІ аймақ
04-059-009 кадастрлық кварталы. Сариев көшесінің бойынан бастап, шығыс бағытта Атырау-Бейнеу тас жолын кесіп, Аңырақай көшесіне дейін 04-059-009 кадастрлық квартал шекарасы бойымен оңтүстік-шығыс бағытта, Бас жоспар шекарасымен келіп батыс бағытына бұрылып, Атырау (А-33) тас жолын кесіп өтіп, батыс бағытта жалғасып Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтеді. Бас жоспар шекарасымен солтүстік бағытта Құлсары-Теңіз темір жолын кесіп, шығыс бағытқа темір жол бойымен жүреді. Құлсары-Теңіз тас жолына жетпей шығыс бағытқа бұрылып, 04-059-024 кадастрлық квартал шекарасы бойымен оңтүстік бағытқа қарай жүреді, содан шығыс бағытқа бұрылып, Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, Сариев көшесіне бастапқы нүктеге келеді.
4
Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы
04-059-002 кадастрлық кварталы. Құлсары-Тұрғызба тас жолынан бастап, Бас жоспар шекарасының бойымен Тұрғызба ауылын айнала Құлсары-Тұрғызба тас жолына бастапқы нүктеге келеді.
5
Жем ауылдық округі, Қараша ауылы
04-059-017 кадастрлық кварталы. Доссор-Қараша жолынан бастап, Бас жоспар шекарасы бойымен, Қараша ауылын айналып, Доссор-Қараша жолына бастапқы нүктеге келеді.
6
Жаңа Қаратон кенті
04-059-024 кадастрлық кварталы. Құлсары-Теңіз тас жолы бойымен оңтүстік бағытпен жүріп, Бас жоспар шекарасымен Жаңа Қаратон ауылын айнала Құлсары-Теңіз тас жолына бастапқы нүктеге келіп жалғанады.
7
Қосшағыл ауылдық округі, Қосшағыл ауылы
04-059-011 кадастрлық кварталы. Құлсары-Қаратон тас жолынан Қосшағыл ауылына кіретін жолдан бастап солтүстік бағытта бекітілген Бас жоспар шекарасының бойымен жүріп, солтүстік-шығысқа қарай Бас жоспардың шекарасы бойымен, Құлсары қаласына баратын жолды кесіп, әрі қарай Бас жоспар шекарасымен жүріп оңтүстік бағытқа жүреді. Қосшағыл ауылын айнала Бас жоспар шекарасы бойымен, бастапқы Құлсары-Қаратон тас жолынан Қосшағыл ауылына кіретін жолдан аяқталады.
8
Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы
04-059-001, 04-059-016 кадастрлық кварталдары. Атырау-Маңғышлақ темір жолынан бастап, шығыс бағытта Бас жоспар шекарасы бойымен Шоқпартоғай ауылын айнала, осы ауылдың оңтүстік бағытында Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, солтүстік бағытта айналып, темір жолмен бастапқы нүктеге келіп жалғасады.
9
Ақкиізтоғай ауылдық округі, Ақкиізтоғай ауылы
04-059-010 кадастрлық кварталы. Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолынан бастап, Бас жоспар шекарасы бойымен Ақкиізтоғай ауылын айналып, Құлсары-Ақкиізтоғай тас жолымен бастапқы нүктеге келіп қосылады.
10
Майкөмген ауылдық округі, Майкөмген ауылы
04-059-010 кадастрлық кварталы. Атырау-Маңғышлақ темір жолынан бастап шығыс бағытта, Бас жоспар шекарасы бойымен Майкөмген ауылын айнала, осы ауылдың оңтүстік бағытында Атырау-Маңғышлақ темір жолын кесіп өтіп, солтүстік бағытта айналып темір жолға жалғасады.
5 Жылыой ауданының елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Жылыой аудандық
мәслихатының 2025 жылғы
6 мамырдағы № 30-10
шешіміне 2 қосымша
Жылыой ауданының елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
№№
Елді мекендердің атаулары
Түзету коэффициенттері
1
Құлсары қаласы – І аймақ
1,4
2
Құлсары қаласы – ІІ аймақ
1,2
3
Құлсары қаласы – ІІІ аймақ
1,1
4
Қосшағыл ауылы
1,3
5
Тұрғызба ауылы
1,1
6
Қараша ауылы
0,8
7
Шоқпартоғай ауылы
1,1
8
Майкөмген ауылы
1,1
9
Ақкиізтоғай ауылы
0,9
10
Жаңа Қаратон кенті
1,1