О требованиях к организационной структуре организатора торгов и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О требованиях к организационной структуре организатора торгов и об утверждении Правил осуществления деятельности структурного подразделения организатора торгов, осуществляющего деятельность по надзору за совершаемыми сделками в торговой системе организатора торгов
- Атауы (қаз.)
- Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 152
- Қабылданған күні
- 11.06.2004
- Көрсетілген редакция
- 28.11.2008 AI21135_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.11.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040003045_
- ЭКБ идентификаторы
- 21135
- Редакция идентификаторы
- AI21135_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:01
0 Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар туралы және Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту жөнінде
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 83-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына негізгі функциялары:
1 1) қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру;
2 2) бағалы қағаздардың листингі және листингтен кейінгі рәсімдер;
3 3) биржа ақпаратымен жұмыс істеу;
4 4) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметіне бағдарламалық қолдау көрсету;
5 5) сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметіне техникалық қолдау көрсету;
6 6) сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып табылатын дербес бөлімшелер жататындығы белгіленсін.
2 2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
3 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4 4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және сауда-саттықты ұйымдастырушыларға жіберсін.
5 5. Сауда-саттықты ұйымдастырушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өздерінің ұйымдық құрылымын және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
6 6. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми баспа басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Бахмутоваға жүктелсін.
16 Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының "Сауда-
саттықты ұйымдастырушының ұйымдық
құрылымына қойылатын талаптар
туралы және Сауда-саттықты
ұйымдастырушының сауда жүйесінде
жасалатын мәмілелерге қадағалау
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын
сауда-саттықты ұйымдастырушының
ұйымдық құрылымының қызметін
жүзеге асыру ережесін бекіту
жөнінде" 2004 жылғы 12 маусымдағы
N 152 қаулысымен бекітілген
Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымының қызметін жүзеге асыру ережесі
1 1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерге қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
жасалу параметрлері мен талаптары осы мәмілелер бағалы қағаздардың бағасымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп болжау жасауға негіз беретін (бұдан әрі - күмәнды) бағалы қағаздармен мәмілелерді анықтау;
мұндай мәмілелер туралы мәліметтерді қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) тапсыру;
сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген өзге функциялар.
2 2. Қадағалау бөлімшесін бастық (сауда-саттықты ұйымдастырушының штаттық кестесінде мұндай лауазым болған жағдайда) басқарады және оған сауда-саттықты ұйымдастырушының атқарушы органының мүшесі жетекшілік етеді.
3 3. Бағалы қағаздармен мәмілелерді күмәнды мәмілелер санына жатқызу критериялары (бұдан әрі - критериялар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген.
4 4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері күмәнды мәмілелерді анықтаған кезде есеп дайындайды әрі оған мыналар жатады:
оның негізінде бағалы қағаздармен мәміле күмәндылардың санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;
күмәнды мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;
өзара байланысты күмәнды мәмілелер тобының құрамына жататын күмәнды мәміле үшін - мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;
есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қолы;
қадағалау бөлімшесі бастығының қолы (сауда-саттықты ұйымдастырушының штаттық кестесінде мұндай лауазым болған жағдайда);
қадағалау бөлімшесі жетекшісінің мұндай есепті уәкілетті органға бергендігі туралы қарары.