Қолданыстағы ред. 22.08.2004 (Редакция 21177_327792.kaz)

Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы от 22.08.2004 г. № 128/2 (Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы)

0

Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 17 тармақшасына сәйкес ауданда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылып, құрамы заңнамаға сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуіне ұсынылсын.

2

2. Кеңестің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Әлжановқа жүктелсін.

4. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

Май ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «23» тамыздағы
«Аудан әкімі жанындағы
қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы»
№ 128/2 қаулысымен бекітілген
Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Аудан әкімі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) – консультативтік – кеңестің органы болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат ауданда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізу болып табылады.

2

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімдігінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

3

3. Кеңестің негізгі міндеттері:

1

1) ауданда сыбайлас жемқорлықтың әрі қарай таралуына тиімді мемлекеттік және қоғамдық қарсы іс-әрекет жасау жүйесінің негізгі буындары құру;

2

2) сыбайлас жемқорлық тудыратын жағдайларды жою үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру;

3

3) сыбайлас жемқорлықтың көзі – көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шешуші шаралар қолдану үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету.

4

4. Кеңестің негізгі функциялары:

1

1) қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенімін бекіту;

2

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін аудандық құқық қорғау органдарын нығайту;

3

3) мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына халықтың көпшілігінің қатысуын қамтамасыз ету;

4

4) облыста жемқорлыққа қарсы күрестің 2004 – 2005 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асырылуына бақылау жасау кеңестің негізгі функциясы болып табылады;

5

5) аудан әкімі аппаратының тәртіптік комиссиясының, ауданның мемлекеттік органдарының, мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес проблемалары бойынша дөңгелек үстелдер өткізу.

3. 3. Кеңестің өкілеттігі

3. Кеңестің өкілеттігі

5

5. Кеңестің өкілеттігі:

1

1) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сұрақтармен аудандық атқарушы және мемлекеттік органдармен жұмыс жасауға;

2

2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарын жетілдіру;

3

3) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды одан әрі күшейту іс-шараларын қолдау.

4. 4. Комиссияның құрамын және қызметін ұйымдастыру

4. Комиссияның құрамын және қызметін ұйымдастыру

6

6. Комиссия құрамы:

1

1) Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.

2

2) Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

3

3) Кеңес шешімі ашық дауыспен қабылданады және егер кеңес мүшелері жалпы санынан көбі дауыс берсе, шешім қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген жақтың шешімі қабылданған болып есептеледі.

4

4) Мәжіліс отырыстарының жүргізілуі нәтижесі бойынша хаттама жасалады, оған отырыста болған кеңес мүшелері қол қояды. Кеңес шешімі сипатта болады.

5

5) Аудандық ішкі саясат бөлімі, ішкі істер бөлімі және аудан әкімі аппараты – Кеңестің жұмысы органдары болып табылады.