Құжат мәтініне өту

Об утверждении Минимальных стандартов транспортной инфраструктуры Республики Казахстан в области автомобильных дорог для строительства, реконструкции, капитального и среднего ремонта автомобильных дорог областного и районного значения

Бұйрық · № 207 · қабылданған 26.06.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-211943/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Минимальных стандартов транспортной инфраструктуры Республики Казахстан в области автомобильных дорог для строительства, реконструкции, капитального и среднего ремонта автомобильных дорог областного и районного значения Қолданыста Бұйрық ·№ 207 ·26.06.2025
26.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Минимальных стандартов транспортной инфраструктуры Республики Казахстан в области автомобильных дорог для строительства, реконструкции, капитального и среднего ремонта автомобильных дорог областного и районного значения

Қолданыста Бұйрық ·№ 207 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Минимальных стандартов транспортной инфраструктуры Республики Казахстан в области автомобильных дорог для строительства, реконструкции, капитального и среднего ремонта автомобильных дорог областного и районного значения
Атауы (қаз.)
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
26.06.2025
Көрсетілген редакция
26.06.2025 211943_764679.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G25IK000207
ЭКБ идентификаторы
211943
Редакция идентификаторы
211943_764679
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 03:41

0 Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағының он үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күні қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары

Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2025 жылғы « » маусымдағы
№ бұйрығымен
бекітілген
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттары (бұдан әрі – Ең төменгі стандарттар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағының он үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді.

2 2. Ең төменгі стандарттар облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салуды, реконструкциялауды, күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруды есептеуде пайдалануға арналған.

3 3. Облыстардың даму жоспарында көзделген нысаналы индикаторлардың орындалуы мен қол жеткізілуіне және ақшалай қаражаттың игерілуіне тиісті облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) жауапты болып табылады.

4 4. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Ең төменгі стандарттардың 3-тармағының орындалуы бойынша қызметті үйлестіреді және жалпы мониторингті жүргізеді.

5

5. Облыстың даму жоспарында көзделген облыстың жергілікті атқарушы органымен (әкімдікпен) өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржылық үш жылдық кезеңге арналған нысаналы индикаторларға қол жеткізбеген жағдайда, қол жеткізілмеген облыстың нысаналы индикаторына арналған бюджет қаражатының көлемі облыстың келесі үш жылдық жоспарлау кезеңінде жолдарды салуды, реконструкциялауды, жөндеуді қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемін айқындау кезінде ескеріледі және төмендетіледі.

2 2-тарау. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу үшін автомобиль жолдары саласындағы Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымының ең төмен стандарттарын қаржыландыру есебі

6 6. Ең төменгі стандарттарын қаржыландыру есебі жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемін айқындау кезінде қолданылады.

7

7. Ең төменгі стандарттарын қаржыландыру есебі облыстардың жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) келісім бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының (бұдан әрі – жолдар) ұзындығына сәйкес қалыптастырады және әрбір облыс үшін мынадай формула бойынша жүргізіледі:
мұнда:
V – қаржы жылына арналған жолдарды салуды, реконструкциялауды, күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге;
– қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) өңірлері бойынша жолдарды салуды, реконструкциялауды қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге,
мұнда:
мұнда:
– ағымдағы баға деңгейінде ҚР өңірлері бойынша III техникалық санатқа 1 километр жолды салудың және реконструкциялаудың құны, мың теңге;
– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған жолдар желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар қанағаттанарлықсыз жай-күйдегі жолдардың ұзындығы, шақырым,
J – жолдарды дамытуға пайыз, 5% асырмай, %;
K – 2025 жылға қарай жоспарланған жылдың құрылыстағы баға индексінің өзгеру коэффициенті:
K=A/B, мұнда:
А – «Құрылысқа арналған құн индекстері» ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес жоспарлы жылдың баға индексінің коэффициенті;
B – «Құрылысқа арналған құн индекстері» ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес 2025 жылға баға индексінің коэффициенті;
– қаржы жылына арналған ҚР өңірлері бойынша жолдардын күрделі және орташа жөндеуді қаржыландыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, мың теңге,
мұнда:
мұнда:
– өңірлер бойынша жолдарды нысаналы индикаторға дейін келтіруді жыл сайын қамту, шақырым:
= D×(P/3), мұнда:
P – желінің жалпы ұзындығынан нақты нормативтік жай-күйін (жақсы және қанағаттанарлық жағдайда) ескере отырып, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1116 қаулысымен бекітілген ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес желіні 95%-ға тең нысаналы индикаторға дейін жеткізудің қалған көлемі, %;
3 – үш жылдық кезең;
D – 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған жолдар желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес жолдар желісінің жалпы ұзындығы, шақырым;
Lтозу.жақ.і. – өңірлер бойынша жақсы жай-күйдегі жолдардың жыл сайынғы тозуымен ұзындығы, шақырым:
мұнда:
– 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған жолдар желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес жақсы жай-күйдегі жолдардың ұзындығы, шақырым;
Т – жолдардың тозу пайызы, 5% асырмай, %;
Lтозу.қанағ.і. – өңірлер бойынша қанағаттанарлық жай-күйдегі жолдардың жыл сайынғы тозуымен ұзындығы, шақырым:
Lтозу.қанағ.i. = EТ,
мұнда:
E – 2025 жылға облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) ұсынған жолдар желісінің жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес қанағаттанарлық жай-күйдегі жолдардың ұзындығы, шақырым;
Т – жолдардың тозу пайызы, 5% асырмай, %;
N – ағымдағы баға деңгейінде жасанды құрылыстарды ескере отырып өңірлер бойынша III, IV санаттағы 1 километр жолды күрделі және орташа жөндеудің құны, мың теңге;
K – 2025 жылға қарай жоспарланған жылдың құрылыстағы баға индексінің өзгеру коэффициенті:
K=A/B, мұнда:
А – «Құрылысқа арналған құн индекстері» ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес жоспарлы жылдың баға индексінің коэффициенті;
B – «Құрылысқа арналған құн индекстері» ҚР ББСНҚ 8.04-07-2024 сәйкес 2025 жылға баға индексінің коэффициенті.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР ББСНҚ – Қазақстан Республикасының баға белгілеу және сметалар бойынша нормативтік құжаттар;
қмж – құрылыс-монтаж жұмыстары;
иқ – инжинирингтік қызметтер.

Қолданыстағы