Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы
«¥лы отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жэне соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесі бекітілсін.
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы от 24.11.2004 г. № 95 (Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Ережесін бекіту туралы)
Облыстық Мәслихаттың
2004 жылғы 25 маусымдағы
IX сессиясының №95
шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген кейбір санаттағы азаматтарға берілетін әлеуметтік төлемдер бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға (әрі қарай -әлеуметтік төлемдер алушылар) тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер көрсету тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемдер 2004 жылдың 1 шілдесінен бастап жасалынады.
3. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік төлемдерді тағайындау Қызылорда қалалық, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері арқылы жүргізіледі және Байқоныр қалалық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау орталығы Байқоныр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына.
2. Әлеуметтік төлемдердің түрлері
4. Әлеуметтік төлемдерді алушыларға әлеуметтік көмектер ай сайын (қосымша
есебіне сәйкес) түрлері бойынша тағайындалады:
1)шаштараздар қызметі үшін әлеуметтік төлемдер;
2)моншалар қызметі үшін әлеуметтік төлемдер.
3. Қаржыландыру және төлеу
5. Бағдарламаның әкімшісі облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, аудандық және қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері болып табылады.
6. Әлеуметтіқ төлемді алушының құқығын растайтын құжат Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлерінің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдардың аудандық, қалалық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімдерінің ай сайын ұсынылған мөрімен расталған тізімі болып табылады.
7. Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.
8. Тиісті бюджеттерден әлеуметтік төлемдер әлеуметтіқ төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.