Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

18-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

филиалын ашуға рұқсаттың қолданылу мерзімі
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына банк лицензиясын беру туралы шешім қабылдағанға дейін не осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайлардың бірі басталғанға дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсаттың заңды күші болады.
2. Мынадай жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсаттың күші жойылды деп танылады:
1) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының аумағында өз филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;
2) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген банк қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның (рұқсаттың) қолданысы тоқтатыла тұруы немесе одан айырылуы;
3) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда есептік тіркеуден өтпеуі;
4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алуы. Рұқсат беруге негіз болған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер (мәліметтер) анықталған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алады. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде банк лицензиясын алмауы.
3. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты уәкілетті органға қайтару арқылы оған берілген Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсаттан өз еркімен бас тартуға құқылы. Көрсетілген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілген филиалды есептік тіркеуден алу арқылы өз филиалының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметін тоқтатуға міндетті.