Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

37-бап. Операцияларды және (немесе) мәмілелерді исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейді деп танудың салдары

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) жасалу сатысындағы операцияларды және (немесе) мәмілелерді осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы көрсетілген операцияларды және (немесе) мәмілелерді жасай алмайды (жасаспайды).
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операцияларын және (немесе) мәмілелерін осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда: жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған операциялар және (немесе) мәмілелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының талап етуі бойынша бұзылуға (тоқтатылуға) жатады; исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орындалған немесе ішінара орындалған операциялар және (немесе) мәмілелер бойынша кірісі қайырымдылыққа бағытталуға тиіс.