Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

43-бап. Мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен банктік инвестициялық қызмет

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы банктік инвестициялық қызметті мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен жүзеге асыруға құқылы.
2. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының мүлік лизингі (жалдау) шарттарымен банктік инвестициялық қызмет шеңберіндегі қатынастарына осы бапта көзделген ерекшеліктері бар қаржы лизингі немесе мүлікті жалдау туралы қағидалар қолданылады.
3. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен жасалатын мүлік лизингі (жалдау) талаптарымен банктік инвестициялық қызмет шартында жалға алынатын мүлікті сатып алу құқығы көзделмеуі мүмкін. Көрсетілген шарттың нысанасы болып табылатын мүлікке меншік құқығы жекелеген келісімнің негізінде лизинг алушыға (жалдаушыға) өтуі мүмкін.
4. Мүлік лизингі (жалдау) талаптарымен банктік инвестициялық қызмет шарты исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен исламдық банк операцияларын және өзге де операцияларды жүзеге асырудың жалпы шарттары туралы қағидаларға сәйкес жасалады және егер исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының жарғысында (ережесінде) және (немесе) ішкі қағидаларында өзгеше көзделмесе, исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас органның) бөлек бекітуін және (немесе) келісуін талап етпейді.
5. Исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкімен жасалатын мүлік лизингі (жалдау) талаптарымен банктік инвестициялық қызмет шартында лизингтік төлемдерге ақы төлеу (жалдау төлемі) жөніндегі міндеттемелерді мүлік кепілімен қамтамасыз ету туралы талап көзделуі мүмкін.