47-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII
1. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есепке жазу бойынша банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ішкі саясатына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының бас бухгалтерінің орынбасарына қатысты қолданылмайды.
2. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржы жылы ішінде басшы қызметкерлеріне төлеген кірістері туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынуға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-221398/st-47/