Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

48-бап. Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 258-VIII

1. Банк тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады, онда:
1) банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, құрылымдық бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, олардың жауапкершілігі;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясат пен рәсімдер;
3) банк операцияларының түрлері бойынша тәуекелдердің жол берілетін мөлшеріне арналған жеке лимиттер;
4) банк органдарына тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі есептілікті ұсынудың ішкі рәсімдері;
5) тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың ішкі өлшемшарттары қамтылуға тиіс. Банктің тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Көрсетілген нормативтік құқықтық акт банктегі корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды да қамтиды. Банктің директорлар кеңесі банкте корпоративтік басқару жүйесін ендіру мен оның жұмыс істеу тиімділігін бақылайды және қамтамасыз етеді.
2. Банк қызметкерлерді тәуекел-менеджмент жетекшісі (басшысы), ішкі аудит бөлімшесінің жетекшісі (басшысы), бас комплаенс-бақылаушы лауазымына тағайындаған кезде олардың тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібіне уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келуін дербес тексереді.
3. Банк конгломератының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесі болуға тиіс. Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын шоғырландырылған негізде қамтамасыз етеді. Банк конгломератының бас ұйымы тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды банк конгломераты қатысушыларының сақтауы үшін жауапты болады.
4. Уәкілетті орган банктің және банк конгломератының тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды сақтауын, сондай-ақ «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауында белгіленген тәртіппен осындай жүйенің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады.
5. Жүйелік маңызы бар банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, уәкілетті орган және жүйелік маңызы бар банк арасында жасалатын соңғы сатыдағы қарыз берудің жалпы талаптары туралы шартқа қосылуға және уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіпке сәйкес осындай қарызды қамтамасыз етуге берілетін нарықтық емес активтер кепілінің препозициясынан өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына қолданылады.