Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения бюджетного учета

Бұйрық · № 445 · қабылданған 14.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22538/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения бюджетного учета Күшін жойған Бұйрық ·№ 445 ·14.12.2004
16.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения бюджетного учета

Күшін жойған Бұйрық ·№ 445 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения бюджетного учета
Атауы (қаз.)
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
445
Қабылданған күні
14.12.2004
Көрсетілген редакция
16.11.2009 AI22538_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003338_
ЭКБ идентификаторы
22538
Редакция идентификаторы
AI22538_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:24

0 Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 119-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (В.А.Сәтқалиева) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 14 желтоқсандағы
N 445 бұйрығымен
бекітілді
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруды бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.

Бюджеттік атқару жөніндегі уәкілетті органдар осы Ережеге сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттiк есепке алу - бюджеттiк операциялар туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытындылаудың олардың үздiксiз құжаттық есебiн жүргiзу арқылы реттелген жүйесi.
Бюджеттік есепке алу кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды бухгалтерлік есепке алу болып табылады, бұл жағдайда операциялар шоттардың жоспарына сәйкес шоттарда қос жазу тәсілімен көрсетіледі.
Бюджеттік есепке алу республикалық және жергілікті бюджеттердің қолма-қол ақша бақылау шотында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ақша қаражатын қаржыландырумен және оның қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және оны атқару барысында бюджеттің жәй-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөнінде есептiлiк жасаудың негiзі болып табылады.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды ұйымдастыруға жауап береді. Басшы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды және бюджеттік есепке алуға қатысы бар барлық бөлімшелер мен қызметкерлердің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімше басшысының талаптарын мінсіз орындауды қамтамасыз етеді.

2 2. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз қызметінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін және бухгалтерлік есепке алу жөніндегі заңнаманы басшылыққа алады.

3

3. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы бухгалтерлік есепке алу шоттарында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асыратын бюджеттің атқарылуы жөніндегі барлық операцияларды бақылауды және оның көрсетілуін, белгіленген мерзімдерде бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің жасалуын қамтамасыз етеді.

4 4. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысына Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына қайшы келетін және қаржылық тәртіпті бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге тиым салынады.

5

5. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы есепке алуды жүргізу кезінде бюджеттік есепке алу бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін қызметтік міндеттерді белгілейді, осымен әрбір қызметкер өз міндеттерін біліп және оның орындалуына жауап берсін.

2 2. Есепке алудың құжаттары

6 6. Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің барлық операциялары осы Ережеде белгіленген құжаттармен ресімделуі тиіс.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдарда бюджеттің атқарылуымен байланысты есепке алу құжаттары бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары және бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, ал ол болмаған кезде уәкілетті тұлға есепке алуды жүзеге асырады. Осы қолдарсыз құжаттар жарамсыз болып есептеледі және орындауға қабылданбайды. Құжаттарға ондағы қажетті деректемелерді толтырмай қол қоюға тиым салынады.

7 7. Бастапқы құжаттарға түсетін нысан (барлық деректемелерінің және қолдарының болуы) бойынша болсын, мазмұны (операциялардың дұрыстығы, арифметикалық есептердің дұрыстығы және тағы сол сияқты) бойынша болсын мұқият тексеруге жатады, одан кейін орындауға және есепке алуға қабылданады.

8 8. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган күн сайын 5-34 "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысанын және түсімдер мен шығыстар бойынша есепті нысандарды қалыптастырады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті орган күн сайын Қазынашылықтың қызмет көрсететін органынан 5-34 "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысанын және түсімдер мен шығыстар бойынша есепті нысандарды алады.

3 3. Бюджеттің атқарылуын есепке алу тіркелімдері

9 9. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:

осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес 1-ф-нысан бойынша "Бас-журнал" кітабы;
осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 2-ф-нысан бойынша берілген рұқсаттарды есепке алу кітабы;
осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес 3-ф-нысан бойынша бюджеттік кредит берулерді есепке алу кітабы;
осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес мемориалдық ордер.
Алдағы жылға арналған есепке алу тіркелімдері ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешіктірілмей дайындалуы тиіс.

4 4. Есепке алу тіркелімдеріндегі жазбалар

10 10. "Бас-журнал" кітабында бюджеттердің атқарылуының бухгалтерлік есепке алудың қосалқы шоттары бойынша хронологиялық және жүйелік жазбалары біріктіріледі.

Жаңа қаржы жылына арналған кітапты ашу кезінде бірінші бет бойынша өткен жылғы қосалқы шоттар жөнінде қалдықтар сомасы жазылады. Баланс активінің сомалары дебетке, ал пассив сомалары - кітаптың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады.
Жекелеген қосалқы шоттар бойынша жылдың басындағы қалдықтар талдамалы есепке алу тіркелімдерінде жылдың басындағы жазбаларға сәйкес келуі тиіс.
"Бас-журнал" кітабына жазбалар мемориалдық ордердің және оны толтыруға негіз болып табылатын, оған қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі.
Мемориалдық ордердің жалпы сомасы бірінші "Мемориалдық ордер бойынша сома" бағанына, содан кейін жеке дебет және жеке кредит берудің бір немесе бірнеше қосалқы шоттарының бағандарына жазылады.
Мемориалдық ордерлер есепке алу тіркелімдеріне жазылғанға дейін әрбір ай үшін жеке тізбектік тәртіппен бірінші нөмірден бастап нөмірленеді.
"Бас-журнал" кітабында бір айдағы айналымдардың жалпы қорытындысы есептеледі және барлық қосалқы шоттар бойынша келесі айдың басындағы дебет немесе кредит қалдықтары шығарылады. Бұл ретте барлық қосалқы шоттардың дебеті бойынша бір айдағы айналым сомасы, сондай-ақ келесі айдың басындағы қалдық сомасы барлық қосалқы шоттардың кредиті бойынша айналымның немесе қалдықтардың тиісінше сомасына тең болуы тиіс. Барлық қосалқы шоттар бойынша бір айдағы айналым сомасы дебет ретінде де, сол сияқты кредит ретінде де "Мемориалдық ордер бойынша сома" бағаны бойынша қорытындыға тең болуы тиіс.
Балансты жасауға негіз (осы Ережеге 6-қосымша) болып "Бас-журнал" кітабында атап көрсетілген қалдықтар сомасы қызмет етеді.

11

11. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдар берген рұқсаттарды есепке алу кітабында ай сайын бөле отырып міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және оған белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістер (3-15-бағандар), сондай-ақ рұқсаттар беру бойынша операциялар (16-28-бағандар) есепке алынады.
Берілген рұқсаттарды есепке алу кітабы Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.

12 12. Бюджет кредиттерін есепке алу кітабында алынған және берілген бюджеттік кредиттер есепке алынады.

Кітаптың әрбір бетінің бірінші бөлігінде оларды өтеу мерзімдері бойынша берілген және алынған бюджет кредиттерінің сомалары жазылады.
Кітаптың тиісті бетінің екінші бөлігінде берілген, алынған сомалар және өтелген бюджеттік кредиттер бойынша операциялар жазылады.
Айдың аяқталуы бойынша берілген айдағы және жылдың басынан бастап өспелі қорытындымен айналым қорытындылары шығарылады.

13 13. Ағымдағы жылғы есепке алу тіркелімінің жазбаларынан табылған қателерді түзету мынадай тәртіппен жүргізіледі:

мемориалдық ордердің өзгеруін талап етпейтін балансты ұсыну сәтіне дейінгі осы есепті кезең үшін табылған қате сызылған, жазуларды оқуға мүмкіндік беретіндей етіп, қажет болған жағдайларда, сызылғанның үстіндегі жаңа дұрыс сомаларды және мәтінді жазу арқылы дұрыс емес сомаларды және мәтінді жіңішке сызықпен сызу жолымен түзетіледі. Түзету күнін көрсете отырып әрбір түзету құжатқа қол қойған тұлғалардың қолдарымен расталады;
мемориалдық ордерде кеткен қатенің нәтижесінде балансты табыс ету сәтіне дейін табылған қате жазба оның сипатына байланысты қосымша мемориалдық ордерде түзетіледі. Сондай-ақ балансы беріліп қойған сол есепті кезең үшін есепке алу жазбаларында табылған барлық жазбалардағы қателер түзетіледі.

14 14. Есепті жылдың аяқталуы бойынша есепке алу тіркелімдерінде балансты жасаудың алдында қосалқы шоттар бойынша айналымдардың қорытындылары саналады және салыстырылады.

Алшақтықтар айқындалған жағдайда балансты жасаудың алдында есепті жылдың тіркеліміне (түзету жазбалары арқылы) түзетулер енгізіледі.

5 5. Бастапқы құжаттарды, бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есепке алу тіркелімдері мен есептерді сақтау

15 15. Әрбір есепті ай аяқталған соң барлық мемориалдық ордерлер оған қатысты құжаттармен бірге хронологиялық тәртіпте реттеледі және кітапша жасалады. Құжаттардың саны аз болған жағдайда үш айдағы құжатты бір папка етіп кітапша жасауға болады.

Мұқабаға мыналар жазылады: бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның атауы, папканың (іс қағазының) атауы мен реттік нөмірі, есепті кезең - жылы мен айы, мемориалдық ордерлердің бастапқы және соңғы нөмірлері, іс қағазындағы парақ саны.

16 16. Бастапқы құжаттардың, есеп тіркелімдерінің, есептер мен баланстардың сақталуына, ресімделуі мен олардың мұрағатқа берілуін бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы қамтамасыз етеді.

Құжаттар жабылатын шкафтарда бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі басшысының жауапкершілігімен қатаң тәртіппен сақталады.
Ағымдағы жылға арналған құжаттар мен тіркелімдер өткен жылғы құжаттардан бөлек жеке сақталуы тиіс.

6 6. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдарда бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары, шоттардың мазмұны және сипаттамасы

17 17. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттердің атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуы үшін мынадай шоттар-жоспарын қолданады:

Шот-
тар­дың
нө­мір-
ле­рі
Шот­тар­дың
ата­уы
Қо­сал­қы
шот­тар­дың
нө­мір­ле­рі
Қо­сал­қы шот­тар­дың
ата­уы
1
2
3
4
01
Ақ­ша­лай қа­ра­жат
010
Бюд­жет­тік шот
02
Шы­ғы­стар
020
Бюд­жет­тің шы­ғы­ста­ры
04
Тү­сім­дер
040
Бюд­жет­тің тү­сі­мі
06
Есеп ай­ы­ры­су­лар
061
Же­тіс­пе­у­ші­лік­тер
бой­ын­ша есеп ай­ы­ры­су­лар
062
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка-
сы­ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі
са­лым­дар­ға (де­по­зит-
тер­ге) рес­пуб­ли­ка­лық
және жер­гі­лік­ті бюд­жет-
тер­дің уа­қыт­ша бос
бюд­жет ақ­ша­сын ор­на-
ла­сты­ру жө­нін­де­гі есеп
ай­ы­ры­су­лар
063
Іш­кі есеп ай­ы­ры­су­лар
09
Нәти­же­лер
090
Бюд­жет­тің ат­қа­ры­лу
нәти­же­ле­рі
Ба­лан­стан
тыс­қа­ры шот­тар
110
Бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар
120
Бюд­жет­тік кре­дит­тер
130
Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке
бюд­жет­тік кре­дит­тер
бой­ын­ша субъ­ек­ті­лер­дің
бе­ре­ше­гі
140
Мем­ле­кет­тік сырт­қы бо­рыш
150
Мем­ле­кет­тік іш­кі бо­рыш
160
Үкі­мет­тік ре­зерв
170
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли-
ка­сы­ның Үкі­ме­тіне
үкі­ме­та­ра­лық ке­лі­сім­дер
бой­ын­ша бе­рі­л­ген
кре­дит­тер
Бюджеттердің атқарылу операциялары бойынша шоттардың корреспонденциясы осы Ережеге 1-қосымшада келтірілді.

7 7. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі операциялардың есебі

18 18. N 01 "Ақшалай қаражаттар" шотының N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотына Бюджет кодексінің 46, 47, 48, 49-баптарында белгіленген салықтық және басқа да түсімдердің есебінен қалыптастырылатын республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдері есептеледі.

N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотынан Бюджет кодексінің 50, 51, 52 және 53-баптарында көзделген республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары жүзеге асырылады.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдар 5-34 "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысанының негізінде қолма-қол ақшаның бақылау шотындағы (бұдан әрі - ҚБШ) кіріс және шығыс қалдықтары мен бір күндегі айналымдарды тексереді. Бұл ретте, айналымдардың дебеті бойынша түсімдер және кассалық шығыстарды қалпына келтіру, кредит бойынша - кассалық шығыстар және түсімдерді қайтарып алу көрсетіледі. Айналымдар түсімдер және шығыстар бойынша есепті нысандардың негізінде тексеріледі.
Түсімдер мен шығыстар бойынша есепті нысандармен бірге 5-34 "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысанының алшақтықтарын айқындаған кезде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган алшақтықтардың туындау және оларды жою себептерін толық анықтағанға дейін Қазынашылық органдарымен жұмыс жүргізеді. Бұл ретте, алшақтықтар сомасы 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шотында есепке алынады.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айдың аяқталуы бойынша Қазынашылықтың аумақтық органдарымен түсімдер, кассалық шығыстар және ҚБШ қаражат қалдықтары бойынша салыстыру жүргізеді және есепті күнге салыстыру актісін жасайды.

19 19. N 02 "Шығыстар" шотының N 020 "Бюджет шығыстары" қосалқы шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық шығыстары есепке алынады.

Жүргізілген кассалық шығыстар сомасының әрбір күніне N 020 "Бюджеттің шығыстары" қосалқы шотының дебеті және N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Кассалық шығыстарды қалпына келтіру кезінде шығыстар бойынша есепті нысандардың негізінде N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотының дебеті және N 020 "Бюджеттің шығыстары" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Қаржы жылының аяқталуы бойынша ағымдағы есепке алу шоттарын жасағанға дейін N 020 "Бюджеттің шығыстары" қосалқы шотының дебетіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тексерілген есептерінің негізінде бюджеттің барлық шығыстарын есептен шығаруға жазбалар жасалуы тиіс.

20 20. N 04 "Түсімдер" шотының N 040 "Бюджеттің түсімі" қосалқы шотында ресми трансферттердің түсімін қоса алғанда республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдері, сондай-ақ артық төленген, бюджетке қателесіп немесе дұрыс түспеген сомаларды қайтару есепке алынады.

Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттің түсімдері бойынша сондай-ақ бюджеттердің шоттарына есептелген өткен жылғы бюджет ақшаларының қалдықтары көрсетіледі.
Түсімдер N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотының дебеті және N 040 "Бюджеттің түсімі" қосалқы шотының кредиті бойынша түсімдер жөніндегі есепті нысандардың негізінде көрсетіледі.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың қайтарылған түсімдерінің сомаларына N 040 "Бюджеттің түсімі" қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жүргізіледі.

21 21. N 06 "Есеп айырысулар" шотының N 061 "Жетіспеушіліктер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында заңнамада белгіленген тәртіппен өтеуге жататын жетіспеушілік, ұрланған ақша қаражатының сомалары есепке алынады.

N 061 "Жетіспеушіліктер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетіне бюджет шотында айқындалған жетіспеушілік, ұрланған ақша қаражатының сомасы жатады, бұл ретте N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шоты кредиттеледі.
N 061 "Жетіспеушіліктер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне келтірілген залалды өтеуге бюджеттік шотқа түскен сомалар жазылады, бұл ретте N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шоты дебеттеледі.
Айқындалған жетіспеушілік, ұрланған ақша қаражатының сомасын бюджет шығысына есептен шығару кезінде N 020 "Бюджет шығыстары" қосалқы шотының дебеті және N 061 "Жетіспеушіліктер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

22

22. N 06 "Есеп айырысулар" шотының N 062 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган орналастырған республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшалары есепке алынады.
Салымдарға (депозиттерге) республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос ақша қалдықтарын беру кезінде N 062 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша және N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Ақшаны ішінара немесе толық қайтару кезінде N 010 "Бюджеттік шот" қосалқы шотының дебеті бойынша және N 062 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

23 23. N 06 "Есеп айырысулар" шотының N 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шотында 5-34 "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысаны деректерінің түсімдер мен шығыстар жөніндегі есептілік нысандармен сәйкес емес сомалары есепке алынады.

Түсімдер бойынша есептілік нысандармен алшақтық сомасына N 040 "Бюджеттің түсімі" қосалқы шотының дебеті және N 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша, ал шығыстар бойынша алшақтық сомаларын көрсете отырып алшақтық туындаудың себептері туралы Қазынашылық органдары берген жазбаша ақпараттың негізінде N 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және N 020 "Бюджет шығыстары" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдар Қазынашылық органдарынан дұрыс емес немесе артығымен түскен кірістерді қайтаруды ҚБШ арқылы өткізу туралы растауды алған кезде N 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және N 040 "Бюджеттің түсімі" қосалқы шотының кредиті бойынша, ал кассалық шығыстар бойынша - N 020 "Бюджет шығыстары" қосалқы шотының дебеті және N 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
N 063 "Ішкі есеп айырысулар" қосалқы шоты бойынша сальдо шығарылмайды. Бас-журнал кітабында және дебет бойынша осы қосалқы шот жөніндегі баланста шығыстар бойынша алшақтық сомасы, кредит бойынша - түсімдер бойынша алшақтық сомасы көрсетіледі.

24 24. Қаржы жылының аяқталуы бойынша бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі жылдық есепті жасардың алдында барлық баланс шоттары деректерінің растығын тексереді.

25

25. N 09 "Нәтижелер" шотының N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шоты бюджеттердің атқарылу нәтижелерін анықтау үшін арналған. Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсімдер мен шығыстар сомалары көрсетіледі. Нәтижелері жылдың аяғында N 040 "Бюджеттің түсімі" қосалқы шоты бойынша қалдықты N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шотының кредитіне, ал N 020 "Бюджеттің шығыстары" қосалқы шоты бойынша қалдықты N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шотының дебетіне есептен шығару арқылы анықталады.
Бюджет түсімдері мен шығыстарын есептен шығарғаннан кейін N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шотына N 040 "Бюджеттің түсімі" және N 020 "Бюджеттің шығыстары" қосалқы шоттары жабылады.
N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы бюджеттің атқарылу нәтижесі болып табылады.

26 26. Бюджет қаражатының бос қалдықтары N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шотында қалады.

Жоғары тұрған бюджетке алуға жатпайтын жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының бос қалдықтары Бюджет кодексінің 91-бабына сәйкес N 090 "Бюджеттің атқарылу нәтижелері" қосалқы шотында қалады.

27 27. Баланстан тысқары қосалқы шоттарда есепке алу қос жазба тәсілін сақтамай қарапайым жүйе бойынша жүргізіледі және дебет қалдығы ғана бар.

28 28. N 110 "Берілген рұқсаттар" баланстан тысқары шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар берген рұқсаттардың сомалары есепке алынады.

29

29. N 120 "Бюджеттік кредиттер" баланстан тысқары шотында республикалық бюджеттен берілген және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерінен алынған бюджеттік кредиттер, сондай-ақ аудандардың бюджеттеріне (облыстық маңызы бар қаланың) облыстық бюджеттер берген бюджеттік кредиттер есепке алынады.

30 30. N 130 "Республикалық бюджетке бюджеттік кредиттер бойынша субъектілердің берешегі" баланстан тысқары шотында бұрын берілген кредиттер бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер жөніндегі субъектілердің берешегін есепке алу жүргізіледі.

31 31. N 140 "Мемлекеттік сыртқы борыш" баланстан тысқары шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі борышын есепке алуды жүргізеді.

32 32. N 150 "Мемлекеттік ішкі борыш" баланстан тысқары шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік ішкі борыш сомасын есепке алуды жүргізеді.

33 33. N 160 "Үкіметтік резерв" баланстан тысқары шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган үкіметтік резерв бойынша деректерді есепке алуды жүргізеді.

34 34. N 170 "Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттер" баланстан тысқары шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне үкіметаралық келісімдер бойынша берілген кредиттерді есепке алады.

1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылды деп тануға жататын бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2004 жылғы 14 желтоқсан
N 445 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылды деп тануға жататын бұйрықтарының тізбесі

1 1. "Қаржы органдарында жергілікті бюджеттердің орындалуын бухгалтерлік есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 288 бұйрығы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 590 тіркелген).

2

2. "Қаржы органдарында жергілікті бюджеттердің орындалуын бухгалтерлік есептеу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 323 бұйрығы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 858 тіркелген).

3

3. "Қаржы органдарында N 590 тіркелген жергілікті бюджеттердің орындалуын бухгалтерлік есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 24 маусымдағы N 288 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы N 430 бұйрығы (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 2654 тіркелген, 2004 жылғы 31 қаңтардағы N 5 Ресми газетте жарияланған).

2 Бюджеттердің атқарылу операциялары бойынша шоттардың корреспонденциясы

Бюджеттік есепке алуды
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Бюджеттердің атқарылу операциялары бойынша шоттардың корреспонденциясы
N
р/р
Опе­ра­ци­я­лар­дың маз­мұ­ны
Қо­сал­қы
шот­тар­дың
нө­мір­ле­рі
_______
де­бет
бой­ын­ша
Қо­сал­қы
шот­тар­дың
нө­мір­ле­рі
________
кре­дит
бой­ын­ша
Бюд­жет­тер­дің
ат­қа­ры­лу
опе­ра­ци­я­ла­ры
бой­ын­ша
жа­з­ба
негіз­де­ме­сі
1
2
3
4
5
1. Шы­ғы­стар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар
1
Бюд­жет­тің кас­са­лық
шы­ғы­ста­рын есеп­тен
шы­ға­ру
020
010
шы­ғы­стар
бой­ын­ша
есеп­ті
ны­сан­дар
2
Анық­тал­ған же­тіс­пеу-
ші­лік, ұр­лан­ған ақ­ша
қа­ра­жа­ты­ның со­ма­сын
бюд­жет шы­ғы­сы­на
есеп­тен шы­ға­ру
020
061
сот­тың
ше­ші­мі
2. Тү­сім­дер бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар
3
Бюд­жет­ке тү­се­тін
тү­сім­дер
010
040
тү­сім­дер
бой­ын­ша
есеп­ті
ны­сан­дар
3. Есеп ай­ы­ры­су­лар бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар
4
Анық­тал­ған же­тіс­пеу-
ші­лік, ұр­лан­ған ақ­ша
қа­ра­жа­ты­ның со­ма­сы
061
010
тек­се­ру
ак­ті­сі
5
Же­тіс­пе­у­ші­лік,
ұр­лан­ған ақ­ша
қа­ра­жа­тын өтеу
010
061
тө­лем құ­жа­ты
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли-
ка­сы­ның Ұлт­тық Бан-
кін­де­гі са­лым­дар­ға
(де­по­зит­тер­ге)
рес­пуб­ли­ка­лық және
жер­гі­лік­ті бюд­жет-
тер­дің уа­қыт­ша бос
бюд­жет ақ­ша­сын
ор­на­ла­сты­ру
062
010
тө­ле­у­ге шот
7
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли-
ка­сы­ның Ұлт­тық Бан-
кін­де­гі са­лым­дар­ға
(де­по­зит­тер­ге)
ор­на­ла­сты­ры­л­ған
ақ­ша­ны іші­на­ра
неме­се то­лық қай­та­ру
010
062
тө­лем құ­жа­ты
8
Тү­сім­дер бой­ын­ша
ал­шақ­тық­тар
со­ма­сын көр­се­ту
040
063
Қа­зы­на­шы­лық
ор­ган­да­ры-
ның тү­сім­дер
бой­ын­ша ал-
шақ­тық­тың
туын­дау
се­беп­те­рі
ту­ра­лы
ақ­па­ра­ты
9
Шы­ғы­стар бой­ын­ша
ал­шақ­тық­тар со­ма­сын
көр­се­ту
063
020
Қа­зы­на­шы­лық
ор­ган­да­ры-
ның шы­ғы­стар
бой­ын­ша
ал­шақ­тық­тың
туын­дау
се­беп­те­рі
ту­ра­лы
ақ­па­ра­ты
10
Тү­сім­дер бой­ын­ша
ал­шақ­тық­тар со­ма­сын
есеп­тен шы­ға­ру
063
040
Қа­зы­на­шы­лық
ор­ган­да­ры­ның
дұ­рыс емес
неме­се ар­ты-
ғы­мен түс­кен
кі­рі­стер­ді
қай­та­ру­ды
қол­ма-қол
ақ­ша­ның ба-
қы­лау шо­ты
ар­қы­лы өт-
кі­зуі ту­ра­лы
рас­та­уы
11
Шы­ғы­стар бой­ын­ша
ал­шақ­тық­тар со­ма­сын
есеп­тен шы­ға­ру
020
063
Қа­зы­на­шы­лық
ор­ган­да­ры­ның
кас­са­лық
шы­ғы­стар­дың
қол­ма-қол
ақ­ша­ны ба-
қы­лау шо­ты
ар­қы­лы өт-
кі­зуі ту­ра­лы
рас­та­уы
4. Шот­тар­дың жыл­дық жа­са­суы бой­ын­ша опе­ра­ци­я­лар
12
"Бюд­жет­тің ат­қа­ры­лу
нәти­же­ле­рі" шо­ты­на
есеп­тен шы­ға­ру
а) есеп­ті қар­жы жы­лы
үшін тү­сім­дер
040
090
ме­мо­ри­ал­дық
ор­дер
б) есеп­ті жы­лы
жүр­гі­зі­л­ген кас­са­лық
шы­ғы­стар­ды
090
020
ме­мо­ри­ал­дық
ор­дер

3 200_ жылға арналған бас-журнал кітабы

Бюджеттік есепке алуды
жүргізу ережесіне
2-қосымша
200_ жылға арналған бас-журнал кітабы
Айы                                                  1-ф-нысаны
(теңгемен)
Кү­ні
N
МО
Ор­дер
бо-
йын­ша
со­ма
N қо­сал­қы
шот
N қо­сал­қы
шот
N қо­сал­қы
шот
Де­бет
Кре-
дит
Де­бет
Кре-
дит
Де-
бет
Кре-
дит
200_01.__
ар­нал­ған
қал­дық­тар
Ай­на­лым­дар
жиы­ны
200_01.__.
қал­дық­тар
кестенің жалғасы
N қо­сал-
қы шот
N қо­сал-
қы шот
N қо­сал-
қы шот
N қо­сал-
қы шот
Де­бет
Кре­дит
Де­бет
Кре­дит
Де­бет
Кре­дит
Де­бет
Кре­дит
кестенің жалғасы
Де­бет
бой­ын­ша
Кре­дит
бой­ын­ша
Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның
      бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің
      басшысы______________қолы

4 200__ жылға арналған берілген рұқсаттарды есепке алу кітабы

Бюджеттік есепке алуды
жүргізу ережесіне
3-қосымша
2-ф-нысаны
200__ жылға арналған берілген рұқсаттарды есепке алу кітабы
______________________________________________________
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның атауы
___________________________бюджеттік сыныптаманың коды
(теңгемен)
Кү­ні
Құ­жат-
тың
нө­мі­рі
Мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру­дың
жиын­тық жос­па­ры және олар­дың өзге­рі­сі
оның ішін­де ай­лар бой­ын­ша
қаң-
тар
ақ­пан
нау-
рыз
сәу­ір
ма­мыр
мау-
сым
шіл­де
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру­дың
жиын­тық жос­па­ры және олар­дың өзге­рі­сі
оның ішін­де ай­лар бой­ын­ша
та­мыз
қыр­күй­ек
қа­зан
қа­ра­ша
жел­тоқ­сан
Жиы­ны
10
11
12
13
14
15
Рұқ­сат­тар (110 ба­лан­стан тыс­қа­ры шот)
оның ішін­де ай­лар бой­ын­ша
қаң­тар
ақ­пан
на­урыз
сәу­ір
ма­мыр
мау­сым
шіл­де
та­мыз
16
17
18
19
20
21
22
23
кестенің жалғасы
Рұқ­сат­тар (110 ба­лан­стан тыс­қа­ры шот)
оның ішін­де ай­лар бой­ын­ша
қыр­күй­ек
қа­зан
қа­ра­ша
жел­тоқ­сан
жиы­ны
24
25
26
27
28
Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның
      бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің
      басшысы______________қолы

5 Бюджет кредиттерін есепке алу кітабы

Бюджеттік есепке алуды
жүргізу ережесіне
4-қосымша
3-ф-нысаны
Бюджет кредиттерін есепке алу кітабы
___________________________________
бюджеттің атауы
Кредит: өтеу мерзімі _________ Сомасы______________________
(теңгемен)
NN
Кү­ні
ме­мо­ри­ал­дық
ор­дер­дің N
Опе­ра­ция-
лар­дың
маз­мұ­ны
Бюд­жет­тен бе­рі­л­ген
(өтел­ген) кре­дит­тер
Де­бет
Кре­дит
Қал­ды­ғы
де­бет
кре­дит
Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның
      бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің
      басшысы______________қолы

6 N ___мемориалдық ордер

Бюджеттік есепке алуды
жүргізу ережесіне
5-қосымша
N ___мемориалдық ордер
200 жылғы " " ___________________ үшін жазба
Негіз­де­ме (құ­жат-
тар­ға сі­л­те­ме неме­се
жа­з­ба­ның маз­мұ­ны)
Қо­сал­қы
шот­тың
де­бе­ті
бой­ын­ша
Код-
та­ры
Қо­сал­қы
шот­тың
кре­ди­ті
бой­ын­ша
Код-
та­ры
Со­ма­сы
Қосымшасы _____ парақ.
      Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның
      бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің
      басшысы______________қолы

7 ______ жылғы______________ ____________ бюджеттің атқарылу балансы

Бюджеттік есепке алуды
жүргізу ережесіне
6-қосымша
______ жылғы______________ ____________ бюджеттің атқарылу балансы
________________________________ атауы
      (республика, облыс, қала, аудан)
      Кезеңділігі___________________________
      Өлшем бірлігі___________________ теңге
Ак­тив
Қо­сал­қы
шот­тың
нө­мі­рі
Қо­сал­қы шот­тың ата­уы
жол­дың
ко­ды
есеп­ті
жыл­дың
ба­сын­да­ғы
есеп­ті
күн­ге
010
Бюд­жет­тік шот
1
020
Бюд­жет­тің шы­ғы­ста­ры
2
061
Же­тіс­пе­у­ші­лік­тер бой­ын­ша
есеп ай­ы­ры­су­лар
3
062
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы-
ның Ұлт­тық Бан­кін­де­гі
са­лым­дар­ға (де­по­зит­тер­ге)
рес­пуб­ли­ка­лық және
жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­дің
уа­қыт­ша бос бюд­жет
ақ­ша­сын ор­на­ла­сты­ру
жө­нін­де­гі есеп ай­ы­ры­су­лар
4
063
Іш­кі есеп ай­ы­ры­су­лар
5
Ба­ланс
7
кестенің жалғасы
Пас­сив
Қо­сал­қы
шот­тың
нө­мі­рі
Қо­сал­қы шот­тың ата­уы
жол­дың
ко­ды
есеп­ті
жыл­дың
ба­сын­да­ғы
есеп­ті
күн­ге
040
Бюд­жет­тің тү­сі­мі
1
063
Іш­кі есеп ай­ы­ры­су­лар
2
090
Бюд­жет­тің ат­қа­ры­лу
нәти­же­ле­рі
3
Ба­ланс
4
Ба­лан­стан тыс­қа­ры шот­тар
110
Бе­рі­л­ген рұқ­сат­тар
5
120
Бюд­жет­тік кре­дит­тер
6
130
Рес­пуб­ли­ка­лық және
жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­ге
бюд­жет­тік кре­дит­тер
бой­ын­ша субъ­ек­ті­лер­дің
бе­ре­ше­гі
7
140
Мем­ле­кет­тік сырт­қы бо­рыш
8
150
Мем­ле­кет­тік іш­кі бо­рыш
9
160
Үкі­мет­тік ре­зерв
10
170
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы-
ның Үкі­ме­тіне үкі­ме­та-
ра­лық ке­лі­сім­дер бой­ын­ша
бе­рі­л­ген кре­дит­тер
11
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның
басшысы___________________________________________
Бюджеттің атқарылуына байланысты уәкілетті органның
бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық
бөлімшесінің басшысы______________________________

Қолданыстағы