Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о курсах повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Бұйрық · № 123-П · қабылданған 31.05.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-2265/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о курсах повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Күшін жойған 01.03.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о курсах повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық № 123-П 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о курсах повышения квалификации кадров Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларының біліктілігін арттыру курсы туралы Ереже
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
123-П
Қабылданған күні
31.05.1998
Көрсетілген редакция
01.03.1999 AI2265_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V980000524_
ЭКБ идентификаторы
2265
Редакция идентификаторы
AI2265_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларының біліктілігін арттыру курсы туралы Ереже

1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кадрларының біліктілігін арттыру курсы туралы ереже (қоса беріледі) бекітілсін.

2. Бұйрықты орындау курс директоры Б.Б. Байжуминаға жүктелсін.

І. Жалпы ережелер

3. Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің 1989 жылғы 31 қазандағы N 66 бұйрығымен бекітілген Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін көтеру жөніндегі тұрақты курс туралы ереже күшін жойған деп саналсын.
І. Жалпы ережелер

1. Кадрлардың біліктілігін арттыру курсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 қаңтарда бекіткен N 25 "А", "Б" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже негізінде құрылған.

2. Курс облыстардың, қалалар мен аудандардың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі оқу және әдістемелік жұмысты жүргізетін кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінің оқу бөлімшесі болып табылады.

3. Курстың Заң белгіленген тәртіптегі жеке балансы мен есеп шоты, банкте арнайы шоты болады, заңды тұлға құқын пайдаланады, мемлекеттік тілдегі мөрі болады, іс жүргізеді, бухгалтерлік есеп жүргізеді, негізгі және арнайы шоттар бойынша тоқсандық жарты жылдық, жылдық есептер жасайды және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне есеп береді.

4. Кадрлар біліктілігін арттыру курсы өз жұмысын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алқасының қаулыларына, шешімдері мен бұйрықтарына, нормативтік және құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Кадрлар біліктілігін арттыру курсына жұмсалатын шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен сметаға сәйкес Республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

6. Курс өз қызметін Курс туралы осы ережеге, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы бекітетін курстың жылдық және тоқсандық жоспарларына сәйкес жүргізеді.

II. Курстың міндеттері мен құқылары

Курстың басты міндеттері мыналар болып табылады:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін жоспар-кесте және тақырыптық бағдарлама бойынша облыстардың, қалалар мен аудандардың басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері мен мамандарын оқумен қамту;

2. Мамандардың біліктілігін мына бағыттар бойынша арттыру:

а) әлеуметтік мәселелер

- зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі
- аз қамсыздандырылған азаматтарға, көп балалы отбасыларына нақты мекен-жайын көрсете отырып көмек көрсету
- Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушыларын және соларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қорғау
- әлеуметтік мекемелердің, ортопедия кәсіпорындарының жұмысына басшылық жасау
- медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу

б) еңбек және жұмыспен қамту мәселелері

- еңбек қатынастарын реформалау
- заң және нормативтік актілерді әзірлеу және сараптау
- халықты жұмыспен қамтуға мемлекеттік жәрдемдесуді жүзеге асыру
- еңбекті қорғау
- еңбек заңдарының сақталуына бақылау жасау (мемеңбекинспекциясы)
- еңбекақы төлеуді ұйымдастыру және нормалау
- әлеуметтік әріптестік

3. Тыңдаушыларды оқытудың сапасын үнемі көтеріп отыру, оқу сабақтарын жүргізудің белсенді нысандары мен әдістерін енгізу.

4. Курста сабақ берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, ол үшін штаттан тыс оқытушылар үшін семинарлар өткізу, оларды қажетті нормативтік-құқылық әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету.

5. Сабақ өткізудің жаңа нысандары ретінде оқытудың жаңа түрлерін;

лекцияларды тренингтермен, пікірталастар мен айтыстардың түрлі нысандармен қабыстыра отырып өткізу түрлерін қолдану.

6. Тыңдаушыларды топтарда оқытудың қорытындысы бойынша олардың кәсіби экономикалық және саяси білімдерін, іскерлік қасиеттері мен даярлықтарын кешенді түрде бағалауды жүзеге асыру, ол үшін:

а) рефераттар қорғау;

б) арнайы құрылған комиссиялар алдында сынақтар тапсыру нысандарын пайдалану.

7. Тыңдаушыларға оқуды аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін үлгідегі куәліктер беріледі.

8. Тыңдаушылардың үлгірімі "үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық", "қанағаттанғысыз", "зачет қойылды" деген бағалармен белгіленеді.

9. Оқу сабақтарын кесте бойынша өткізу.

Курс тыңдаушыларына қойылатын талаптар:

10. Курсқа облыстардың, қалалар және аудандардың басқармалары мен бөлімдерінің, интернат үйлерінің, әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің және аумақтық орталықтардың кемінде бір жыл жұмыс істеген, оқуға жіберілген басшы қызметкерлері мен мамандары қабылданады.

11. Тыңдаушыларға курсқа оқуға жолдаманы облыстардың, қалалар мен аудандардың бөлімдері Министрлік бекіткен оқу жоспарына сәйкес береді.

12. Тыңдаушыларды оқуға тіркеу курс директорының бұйрығымен оқу мерзімі көрсетіле отырып жүргізіледі.

13. Тыңдаушы оқу жоспарын орындамаған, сондай-ақ ішкі тәртіпті бұзған ретте (дәлелсіз себептермен сабаққа келмеу, сабаққа масаң болып келу, санитарлық нормаларды сақтамау және т.б.) директор оның қолына курста болғаны туралы анықтама қағазын бере отырып, оны курстан шығарады.

Алынған құжат қызметкерлерді аттестациялағанда, басшы қызметкерлерді бір орыннан екінші орынға орналастырғанда, оларға тиісті жалақы белгіленгенде ескеріледі.

14. Тыңдаушылар өндірістен қол үзіп оқытылады. Оқу мерзімдері бекітілген жоспар-кестеде белгіленеді. Тыңдаушылар оқуда болған кезде олардың орташа жалақысы сақталады, сырттан келген тыңдаушыларға негізгі жұмыс орны бойынша іс сапарлық шығындары төленеді.

15. Оқитын жерге бару және кейін қайту жолдарының шығындарын негізгі жұмыс орны төлейді.

16. Тыңдаушылар оқуда болған кезінде жатақханамен қамтамасыз етіледі.

17. Курстың:

а) күрделі жөндеу саласында тиісті ұйымдармен жасасқан шығындар сметасының қаражаты шегінде жасалған мердігерлік шарты бойынша негізгі қорларды қайта жасауға;

б) іске жарамсыз және одан әрі пайдалануға келмейтін, тозған жабдықтарды қалпына келтіру мүмкін болмайтын жағдайда оларды есептен шығаруға құқы бар.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 206-бабына сәйкес курстың мүліктерді жеке пайдалануына құқысы жоқ.

18. Курс жұмысын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жұмысқа тағайындалатын және жұмыстан босатылатын директор басқарады. Ол оқу процесінің, әдістемелік және қаржы-шаруашылық жұмыстарының жай-күйіне, курс тыңдаушыларының ішкі тәртіпті орындауына жауап береді.

Курс директоры:
- еңбекақы төлеудің белгіленген қоры шамасында курстың штаттық кестесін бекітуге;
- курсқа қызметкерлерді белгіленген тәртіпте жұмысқа тағайындап, жұмыстан босатуға;
- заң белгіленген тәртіпте ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік айыппұлдар салу мәселелерін шешуге;
- өзіне заң жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

19. Тыңдаушыларды оқытуға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітетін смета бойынша жүргізіледі.