Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими трансфер-агентскую деятельность на рынке ценных бумаг

Қаулы · № 176 · қабылданған 15.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-22769/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими трансфер-агентскую деятельность на рынке ценных бумаг Күшін жойған Қаулы ·№ 176 ·15.12.2004
25.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими трансфер-агентскую деятельность на рынке ценных бумаг

Күшін жойған Қаулы ·№ 176 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции о перечне, формах и сроках представления годовой финансовой отчетности организациями, осуществляющими трансфер-агентскую деятельность на рынке ценных бумаг
Атауы (қаз.)
Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
176
Қабылданған күні
15.12.2004
Көрсетілген редакция
25.05.2009 AI22769_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040003379_
ЭКБ идентификаторы
22769
Редакция идентификаторы
AI22769_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:23

0 Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 12 қарашадағы № 396 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2605 тіркелген, 2003 жылғы 15 - 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):

1 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне және Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсін.

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және
қадағалау агенттігінің
Төрағасы
2004 жылғы "___" _________

8 Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2004 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 176 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жылдық қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", " Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Нұсқаулық қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - трансфер-агенттер) жылдық қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

3 3. Осы Нұсқаулық бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қолданылмайды.

2 2-тарау. Қаржылық есепті ұсыну

4 4. Трансфер-агенттер уәкілетті органға жыл сайын мыналар кіретін жылдық қаржылық есепті ұсынады:

1 1) 1-нысан бойынша жасалған шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);

2 2) 2-нысан бойынша жасалған пайдалар мен зияндар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп) (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);

3 3) 3-нысан бойынша жасалған ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қаражаты қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп) (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);

4 4) 4-нысан бойынша жасалған капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп) (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы);

5 5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында белгіленген толтыру жөніндегі талаптарға сәйкес жасалған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.

5 5. Еншілес және қауымдасқан ұйымдары болмаған кезде трансфер-агент аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ғана ұсынады.

Трансфер-агент шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растамасы тек еншілес және қауымдасқан ұйымдарының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің жұмыс кестелері және тиісті нысандары қоса беріле отырып шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп үшін ғана талап етіледі.

6

6. Трансфер-агенттер есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңнің шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей, есепті жылдың қаржылық есебіне жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудиторлық есеппен бірге ұсынады.

7 7. Қаржылық есептегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - қазақстандық теңгемен көрсетіледі.

8 8. Қаржылық есепті жасағанда пайдаланылатын өлшем бірлігі мың қазақстандық теңгемен белгіленеді. Қаржылық есептегі бес жүз қазақстандық теңгеден аз сома нольге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз қазақстандық теңгеге тең және одан жоғары сома мың қазақстандық теңгеге дейін дөңгелектенеді.

9 9. Қаржылық есептің барлық парақтары нөмірленуге тиіс, оны уәкілетті органға жібергенде олардың жалпы саны ілеспе хатта көрсетіледі.

10 10. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп мөрмен куәландырылады және оған тіркеушінің басшысы мен бас бухгалтері қол қояды.

11 11. Трансфер-агенттер қаржылық есепті уәкілетті органға электрондық тасымалдауышта және қағаз жазбада ұсынады. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп электрондық тасымалдағышпен берілген есепке сәйкес болуға тиіс.

12 12. Қағаз жазбадағы қаржылық есеп екі данада жасалады, қаржылық есептің бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы трансфер-агентте қалады.

13 13. Уәкілетті орган қағаз жазбадағы түзетілген және өшірілген қаржылық есепті қабылдамайды және ол трансфер-агентке қайтарылуға жатады.

14 14. Уәкілетті орган тіркеуші ұсынған қаржылық есептен дәлсіздіктер немесе қателіктер тапқанда, қаржылық есепті пысықтау үшін қайтаруға құқылы.

15 15. Қаржылық есепке өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, трансфер-агенттер қаржылық есеп берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш береді.

16 16. Қаржылық есепті уақтылы бермеу, бермеу немесе қаржылық есепте күмәнді мәліметтер беру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

17 17. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

1 бухгалтерлік балансы

Бағалы қағаздар нарығында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
жылдық қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша
1-нысан
_______________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
бухгалтерлік балансы
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
есеп­ті
ке­зең­нің
ая­ғын­да
өт­кен
жыл­дың
ая­ғын­да
1
2
3
4
Ак­тив­тер
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар
(амор­ти­за­ци­я­ны ше­гер­ген­де)
Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер
(амор­ти­за­ци­я­ны ше­гер­ген­де)
Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер
Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на
ин­ве­сти­ци­я­лар
Ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек
(ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Өтел­ген­ге дей­ін ұста­ла­тын ба­ға­лы
қа­ға­з­дар (ық­ти­мал шы­ғын­дар­ға ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар (ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер­ді ше­гер­ген­де)
Мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған са­лық­тық та­лап
Бас­қа да ак­тив­тер
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін
бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша
бюд­жет­ке қой­ы­ла­тын та­лап­тар
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
Ор­на­ла­сты­ры­л­ған ақ­ша және са­лым­дар
Ак­тив­тер­дің жиын­тығы:
Ка­пи­тал
Жар­ғы­лық ка­пи­тал
Сый­лы­қа­қы­лар
(қо­сым­ша тө­лен­ген ка­пи­тал)
Алын­ған ка­пи­тал
Ре­зерв­тік ка­пи­тал
Бас­қа да ре­зерв­тер
Бө­лін­бе­ген пай­да (өтел­ме­ген шы­ғын)
оның ішін­де:
өт­кен жыл­дар­дың
есеп­ті жыл­дың
Ка­пи­тал жиын­тығы:
Аз­шы­лық үле­сі
Мін­дет­те­ме­лер
Алын­ған за­ем­дар
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
Ба­ға­лау мін­дет­те­ме­ле­рі
Шы­ға­ры­л­ған бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар
Мер­зі­мі ұзар­ты­л­ған са­лық мін­дет­те­ме­сі
Ак­ци­о­нер­лер­мен ак­ци­я­лар бой­ын­ша есеп
ай­ы­ры­су бой­ын­ша есеп­тел­ген шы­ғы­стар
Қыз­мет­кер­лер­мен есеп ай­ы­ры­су
бой­ын­ша есеп­тел­ген шы­ғы­стар
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін
бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша
бюд­жет ал­дын­да­ғы мін­дет­те­ме
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­сы
Туын­ды қар­жы құ­рал­да­ры
Бас­қа да мін­дет­те­ме­лер
Мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы:
Ка­пи­тал және мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы
Бірінші басшы _________________ күні__________________
Бас бухгалтер _________________ күні__________________
Орындаушы _____________________ күні__________________
Телефоны __________________
Мөр орны

2 пайдалар мен зияндар туралы есебі

Бағалы қағаздар нарығында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
жылдық қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 2-қосымша
2-нысан
_______________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
пайдалар мен зияндар туралы есебі
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
Есеп­ті
жыл­да
Өт­кен
жыл­да
1
2
3
4
Негіз­гі қыз­мет­тен сый­а­қы
тү­рін­де­гі кі­рі­стер
Ағым­да­ғы шот­тар және ор­на­ла­сты­ры­л­ған
са­лым­дар бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де­гі
кі­рі­стер
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
сый­а­қы (ку­пон және/неме­се дис­конт)
тү­рін­де­гі кі­рі­стер
Ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды са­тып алу-са­ту­дан
кі­рі­стер (шы­ғын­дар) (нет­то)
Са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры құ­ны­ның өзге­ру­і­нен кі­рі­стер (шы­ғын­дар) (нет­то)
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша
кі­рі­стер
Ше­тел ва­лю­та­сын қай­та ба­ға­ла­удан
кі­рі­стер (шы­ғын­дар) (нет­то)
Қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді са­ту­дан
және ак­тив­тер­ді алу­дан кі­рі­стер
Бас­қа да кі­рі­стер
Кі­рі­стер жиын­тығы
Ко­мис­си­я­лық шы­ғы­стар
Са­тып алын­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
сый­а­қы (сый­лы­қа­қы) тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
Шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бой­ын­ша
сый­а­қы тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
"РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша шы­ғы­стар
Алын­ған за­ем­дар және қар­жы­лық жал­дау
бой­ын­ша сый­а­қы тү­рін­де­гі шы­ғы­стар
Жал­пы әкім­ші­лік шы­ғы­стар
Қар­жы­лық емес ак­тив­тер­ді са­ту­дан
және ак­тив­тер­ді өт­кі­зу­ден шы­ғы­стар
Бас­қа да шы­ғы­стар
Шы­ғы­стар жиын­тығы
Ре­зерв­тер­ге (про­ви­зи­я­лар­ға)
ауда­ры­л­ған­ға дей­ін­гі пай­да (шы­ғын)
Опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша ық­ти­мал шы­ғын­дар­ға
ар­нал­ған ре­зерв­тер (ре­зерв­тер­ді қал­пы­на
кел­ті­ру)
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың
ка­пи­та­лы­на қа­ты­су­дан кі­ріс
Ке­зең­де­гі пай­да (зи­ян)
Тоқ­та­ты­л­ған қыз­мет­тен пай­да (зи­ян)
Са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі пай­да (шы­ғын)
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Са­лық са­лын­ған­нан кей­ін­гі та­за пай­да
(шы­ғын)
Аз­шы­лық үле­сі
Ке­зең ішін­де­гі та­за пай­да (шы­ғын)
Бірінші басшы _________________ күні__________________
Бас бухгалтер _________________ күні__________________
Орындаушы _____________________ күні__________________
Телефоны __________________
Мөр орны

3 ақша қаражаты қозғалысы (жанама әдіс) туралы есеп

Бағалы қағаздар нарығында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
жылдық қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 3-қосымша
3-нысан
_______________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
ақша қаражаты қозғалысы (жанама әдіс) туралы есеп
(мың қазақстандық теңгемен)
Бап­тар­дың ата­уы
Ес­кер­ту
Есеп­ті
жыл­да
Өт­кен
жыл­да
1
2
3
4
Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты
ақ­ша тү­сім­де­рі және тө­лем­де­рі
Са­лық са­лын­ған­ға дей­ін­гі та­за пай­да
(шы­ғын)
Ақ­ша­лай емес опе­ра­ция бап­та­ры­на
тү­зе­ту­лер:
оның ішін­де:
амор­ти­за­ци­я­лық ауда­ру және то­зу
ық­ти­мал ысы­рап­қа ар­нал­ған
ре­зерв­тер бой­ын­ша шы­ғы­стар
ше­тел ва­лю­та­сы­мен опе­ра­ци­я­лар бой­ын­ша
ба­ғам­дық ай­ыр­ма тү­рін­де­гі жұм­сал­ма­ған
кі­рі­стер мен шы­ғы­стар
ала­тын сый­а­қы тү­рін­де­гі есеп­тел­ген
кі­рі­стер
сый­а­қы тө­леу шы­ғы­ста­ры
ақ­ша­лай емес бап­тар­ға бас­қа да тү­зе­ту­лер
Опе­ра­ци­я­лық ак­тив­тер мен мін­дет­те­ме­лер
өзгер­ген­ге дей­ін­гі опе­ра­ци­я­лық кі­ріс
(шы­ғын)
Опе­ра­ци­я­лық ак­тив­тер­де­гі (ұл­ғаю) азаю:
ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің
(ұл­ға­юы) аза­юы
Са­ту­ға ар­нал­ған қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар­дың (ұл­ға­юы) аза­юы
бо­ла­шақ ке­зең­дер шы­ғы­ста­ры­ның
(ұл­ға­юы) аза­юы
қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің
(ұл­ға­юы) аза­юы
"Ке­рі РЕ­ПО" опе­ра­ци­я­ла­ры­ның
(ұл­ға­юы) аза­юы
са­уда ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­ның (ұл­ға­юы) аза­юы
Үш ай­дан аса­тын өтеу мер­зі­мі бар
ор­на­ла­сты­ры­л­ған са­лым­дар­дың
(ұл­ға­юы) аза­юы
Бас­қа да ак­тив­тер­дің (ұл­ға­юы) аза­юы
Опе­ра­ци­я­лық мін­дет­те­ме­лер­дің ұл­ға­юы
(аза­юы):
Ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің
ұл­ға­юы (аза­юы)
бо­ла­шақ ке­зең­дер кі­рі­сте­рі­нің ұл­ға­юы
(аза­юы)
қы­сқа мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің
ұл­ға­юы (аза­юы)
Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның ұл­ға­юы
(аза­юы)
Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның са­лық
са­лын­ған­нан кей­ін­гі ұл­ға­юы (аза­юы)
Ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты
ақ­ша тү­сім­де­рі мен тө­лем­дер
Өтел­ген­ге дей­ін ұста­ла­тын ба­ға­лы
қа­ға­з­дар­ды са­тып алу (са­ту)
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық
емес ак­тив­тер­ді са­тып алу
Негіз­гі құ­рал-жаб­дық­тар мен ма­те­ри­ал­дық
емес ак­тив­тер­ді са­ту
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың ка­пи­та­лы­на
ин­ве­сти­ци­я­лар
Бас­қа да тү­сім­дер мен тө­лем­дер
Ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның
ұл­ғаю (азаю) жиын­тығы
Қар­жы­лық қыз­мет­ке бай­ла­ны­сты
ақ­ша тү­сім­де­рі мен тө­лем­дер
Ак­ци­я­лар шы­ға­ру
Бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды шы­ға­ру
Ак­ци­я­лар­ды және қа­ты­су үле­сте­рін
алу неме­се өтеу
Алын­ған за­ем­дар
Ак­ци­я­лар бой­ын­ша ди­ви­денд­тер тө­леу
Бас­қа да тү­сім­дер мен тө­лем­дер
Қар­жы­лық қыз­мет­тен ақ­ша­ның ұл­ғаю
(азаю) жиын­тығы
Есеп­ті ке­зең­де­гі ақ­ша­ның та­за
ұл­ғаю (азаю) жиын­тығы
Ке­зең ба­сын­да­ғы ақ­ша және ақ­ша ба­ла­ма­ла­ры қал­ды­ғы
Ке­зең со­ңын­да­ғы ақ­ша және ақ­ша ба­ла­ма­ла­ры қал­ды­ғы
Бірінші басшы _________________ күні__________________
Бас бухгалтер _________________ күні__________________
Орындаушы ____________________ күні__________________
Телефоны:__________________
Мөр орны

4 капиталындағы өзгеріс туралы есебі

Бағалы қағаздар нарығында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
жылдық қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 4-қосымша
4-нысан
____________________________________________________________
(бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге
асыратын ұйымның толық атауы)
200_ жылғы "___" _______ жағдай бойынша
капиталындағы өзгеріс туралы есебі
(мың Қазақстандық теңгемен)
Бас ұй­ым­ның ка­пи­та­лы
Жар­ғы­лық
ка­пи­тал
Ре­зерв­тік
ка­пи­тал
Бас­қа да
ре­зерв­тер
1
2
3
4
Ал­дың­ғы ке­зең
ба­сын­да­ғы саль­до
Есеп са­я­са­тын­да­ғы
өзге­рі­стер және
қа­те­лер­ді тү­зе­ту
Өт­кен ке­зең ба­сын­да
қай­та са­нал­ған
саль­до
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
қай­та ба­ға­лау
Са­ту­ға ар­нал­ған
қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар құ­ны­ның
өзге­руі
Ақ­ша ағын­да­рын
хеджир­леу
Бас­қа да
опе­ра­ци­я­лар­дан пай­да
(зи­ян)
Ка­пи­тал­дың өзін­де
ті­ке­лей та­ны­л­ған
пай­да (зи­ян)
Ке­зең­де­гі пай­да
(зи­ян)
Ке­зең­де­гі бар­лық
пай­да (зи­ян)
Ди­ви­денд­тер
Ак­ци­я­лар эмис­си­я­сы
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Са­тып алын­ған
ак­ци­я­лар
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Іш­кі ауда­рым­дар
оның ішін­де:
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
жи­нақ­тал­ған қай­та
ба­ға­ла­удың өзге­руі
ре­зерв­тік ка­пи­тал­ды
қа­лып­та­сты­ру
Бас­қа да опе­ра­ци­я­лар
Есеп­ті ке­зең
ба­сын­да­ғы саль­до
Есеп са­я­са­тын­да­ғы
өзге­рі­стер және
қа­те­лер­ді тү­зе­ту
Есеп­ті ке­зең ба­сын­да
қай­та са­нал­ған
саль­до
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
қай­та ба­ға­лау
Са­ту­ға ар­нал­ған
қол­да бар ба­ға­лы
қа­ға­з­дар құ­ны­ның
өзге­руі
Ақ­ша ағын­да­рын
хеджир­леу
Бас­қа да
опе­ра­ци­я­лар­дан пай­да
(зи­ян)
Ка­пи­тал­дың өзін­де
ті­ке­лей та­ны­л­ған
пай­да (зи­ян)
Ке­зең­де­гі пай­да
(зи­ян)
Ке­зең­де­гі бар­лық
пай­да (зи­ян)
Ди­ви­денд­тер
Ак­ци­я­лар эмис­си­я­сы
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Са­тып алын­ған
ак­ци­я­лар
(құ­ры­л­тай­шы­лар­дың
са­лым­да­ры және
пай­ла­ры)
Іш­кі ауда­рым­дар
оның ішін­де:
Негіз­гі
құ­рал-жаб­дық­тар­ды
жи­нақ­тал­ған қай­та
ба­ға­ла­удың өзге­руі
ре­зерв­тік ка­пи­тал­ды
қа­лып­та­сты­ру
Бас­қа да опе­ра­ци­я­лар
Есеп­ті ке­зең
со­ңын­да­ғы саль­до
кестенің жалғасы
Аз­шы­лық үле­сі
Ка­пи­тал жиын­тығы
Бө­лін­бе­ген пай­да
(өтел­ме­ген зи­ян)
Бар­лы­ғы
5
6
7
8
« "Бас ұйымның капиталы" және "Азшылық үлесі" бағандары шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде толтырылады.
Шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жасау кезінде немесе еншілес ұйымдар болмаған кезде инвестициялық портфельді басқарушылар 2-6-бағандарды толтырады.
Бірінші басшы ___________________ күні ___________________
Бас бухгалтер ______________________ күні ___________________
Орындаушы ___________________________ күні ___________________
Телефоны _______________________________
Мөр қоюға арналған орын

5 Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаны толтыру жөніндегі талаптар

Бағалы қағаздар нарығында
трансфер-агенттік қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың
жылдық қаржылық есеп беру
тізбесі, нысандары және
ұсыну мерзімдері туралы
нұсқаулыққа 5-қосымша
Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаны толтыру жөніндегі талаптар

1 1. Шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбаға мыналар кіреді:

1 1) активтер мен міндеттемелер бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;

2 2) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;

3 3) ақша ағыны бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер;

4 4) капитал бойынша есепті кезеңде болған өзгерістер.

2 2. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазбада шектелместен мынадай ақпарат ашылады:

1 1) еншілес және қауымдасқан ұйымдардың тізімі, аффилиирленгендік туралы ақпаратты ашу (қатынастардың сипаты және ауқымы);

2 2) негізгі трансфер-агенттер және олардың еншілес ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынастың сипаты;

3 3) атын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, оларға қатысу үлесінің мөлшерін, дауыс беретін акцияларының санын көрсете отырып басқа аффилиирленген тұлғалардың тізімі;

4 4) еншілес ұйымды сатып алудың немесе сатудың есепті және өткен кезеңдердегі қаржылық көрсеткіштерге әсері;

5 5) еншілес ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін негізгі трансфер-агенттер жеке жылдық қаржылық есепте пайдаланатын әдіс;

6 6) қауымдасқан ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін пайдаланатын әдіс;

7 7) еншілес ұйымның есебі шоғырландырылған жылдық қаржылық есепке кіргізілмеуінің себептері;

8 8) шоғырландырылған жылдық қаржылық есептің баптарына субъектілердің есептің осы баптарына қолданатын талаптарының айырмашылықтарынан жасауға болмайтын түзетулер;

9 9) жекелеген жылдық қаржылық есептердің біріктірілетін, түзетілетін және ауыстырылатын баптары, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижесі;

10 10) азшылық үлесін құрайтын қатысушылардың атауын, олардың еншілес ұйымдардағы үлестерін көрсете отырып, азшылық үлесі туралы ақпарат;

11 11) есеп субъектілерінің бірлескен қызметке қатысу туралы ақпарат.

Қолданыстағы