Құжат мәтініне өту

Об утверждении Требований и особенностей проведения оценки соответствия, а также выпуска в обращение транспортных средств, отнесенных к автотранспортным средствам с условной и высокой автоматизацией управления

Бұйрық · № 441/НҚ · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228388/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Требований и особенностей проведения оценки соответствия, а также выпуска в обращение транспортных средств, отнесенных к автотранспортным средствам с условной и высокой автоматизацией управления Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 441/НҚ ·31.07.2026
31.07.2026 редакциясы
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Требований и особенностей проведения оценки соответствия, а также выпуска в обращение транспортных средств, отнесенных к автотранспортным средствам с условной и высокой автоматизацией управления

Мәртебесі расталмаған Бұйрық ·№ 441/НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Требований и особенностей проведения оценки соответствия, а также выпуска в обращение транспортных средств, отнесенных к автотранспортным средствам с условной и высокой автоматизацией управления
Атауы (қаз.)
Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
441/НҚ
Қабылданған күні
31.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
17.08.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228388_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039471
ЭКБ идентификаторы
228388
Редакция идентификаторы
I228388_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
07.08.2026 03:30

0 Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 300 ҚБП қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктері бектілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 31 шілдедегі
№ 441/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктері (бұдан әрі – Талаптар) «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Кеден одағы комиссиясы шешімінің 3-тармағы 3.2.7) тармақшасының үшінші бөлігіне (бұдан әрі – Техникалық регламент) және «Басқаруды шартты және жоғары автоматтандырумен автокөлік құралдарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 300 ҚБП қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасына (бұдан әрі – Үкімет қаулысы) сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Талаптар Қазақстан Республикасына үшінші елдерден әкелінетін шартты немесе жоғары автоматтандырумен басқарылатын, М1 және М2 санаттағы автокөлік құралдарына, өндірілген күнінен бастап 3 жылдан аспайтын шартты (бұдан әрі – автокөлік құралдары) және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) субъектілеріне қолданылады.

3 3. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) айналысқа шығару – пилоттық жоба субъектілеріне Қазақстан Республикасында пилоттық жобаны іске асыру аумағында көлік құралын (шассиді) немесе компоненттер партиясын шектеусіз пайдалануға және оларға билік етуге рұқсат беру;

2

2) жоғары автоматтандыру автокөлік құралы – автоматтандырылған басқару жүйесі белгілі бір штаттық пайдалану ортасы шегінде жүргізушінің қатысуынсыз (көлік құралының салонында болуынсыз) басқарудың барлық динамикалық міндеттерін орындауды жүзеге асыратын көлік құралы (көлік құралдарын басқаруды автоматтандыру деңгейлерінің халықаралық жіктемесі бойынша 4-деңгей);

3

3) көлік құралдарын басқаруды автоматтандыру деңгейлерінің халықаралық жіктемесі – ISO/SAE pas 22736 «Жол көлік құралдарын жүргізуді автоматтандыру жүйелеріне қатысты терминдердің таксономиясы және анықтамалары» халықаралық стандартында белгіленген көлік құралдарын басқаруды автоматтандыру деңгейлерінің жіктемесі;

4

4) көлік құралын мемлекеттік тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстырып тексергеннен кейін көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бере отырып және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін бере отырып уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру рәсімі;

5 5) көлік құралын тіркеу туралы куәлік – көлік құралының жол жүрісіне қатысуға жіберілгенін растайтын құжат;

6 6) Қазақстан Республикасы Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік – айналысқа шығарылатын көлік құралының осы Талаптарға сәйкестігін куәландыратын аккредиттелген сынақ зертханасы (орталығы) беретін құжат;

7 7) пилоттық жоба субъектісі – цифрландыру саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) хабарламасы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және пилоттық жобаға қатысуға жіберілген заңды тұлға;

8 8) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі – зертхана) – заңды тұлғаның атынан әрекет ететін, сынақтарды (зерттеулерді) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе құрылымдық бөлімшесі;

9

9) шартты автоматтандырудың автокөлік құралы – автоматтандырылған басқару жүйесі жүргізушінің, автокөлік құралын басқаруға алған жауапты адамның орнында міндетті түрде бола отырып, өндіруші айқындаған штаттық пайдалану ортасы шегінде басқарудың барлық динамикалық міндеттерін орындауды жүзеге асыратын көлік құралы (көлік құралдарын басқаруды автоматтандыру деңгейлерінің халықаралық жіктемесі бойынша 3-деңгей).

2 2-тарау. Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктері

4 4. Автокөлік құралдары 11, 12 және 13-тармақтарда, 4 және 5-қосымшаларда, сондай-ақ Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

5

5. Автокөлік құралының осы Талаптардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін бағалауды «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабының 5-тармағына сәйкес «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген зертхана жүзеге асырады.

6 6. Пилоттық жоба субъектісі автокөлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу мақсатында техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі зертханаға:

1 1) Техникалық регламенттің 12-қосымшасының 3.1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес зертханада белгіленген нысан бойынша өтініш беруші, автокөлік құралдарының санаты, маркасы, саны және сәйкестікті бағалауды жүргізу ниеті туралы мәліметтерді қамтитын сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінішті;

2 2) автокөлік құралына меншік және (немесе) иелік ету құқығын растайтын құжатты;

3 3) осы Талаптарға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу үшін жеткілікті көлемде автокөлік құралының жалпы техникалық сипаттамасын;

4 4) уәкілетті орган Үкімет қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін, Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларында көзделген уәкілетті органның хабарламасын жібереді.

7 7. Зертхана пилоттық жоба субъектісінің өтініші тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде 6-тармақта көрсетілген құжаттарды қарауға қабылдайды не олар толық ұсынылмаған жағдайда, пилоттық жоба субъектісіне жетіспейтін құжаттарды ұсыну туралы сұрау салуды жібереді.

Пилоттық жоба субъектісі сұрау салуды алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде зертханаға жетіспейтін құжаттарды ұсынады.
Пилоттық жоба субъектісі жетіспейтін құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, зертхана автокөлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

8 8. Зертхана құжаттарды қарауға қабылдағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сәйкестендіру мақсатында автокөлік құралын қарап тексеруді, оның ішінде сәйкестендіру нөмірі бойынша автокөлік құралының конструкциясына техникалық сараптаманы, оның ішінде сынақтар мен өлшемдерді жүргізеді.

Автокөлік құралының осы Талаптардың 4-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеру әдістері «Жекелеген автомобиль көліктері. Сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін сараптау және сынау әдістері» МЕМСТ 33670-2015 стандартына сәйкес айқындалады

9 9. Автокөлік құралының конструкциясын техникалық сараптау нәтижелері бойынша зертхана хаттама ресімдейді.

Жекелеген автокөлік құралы осы Талаптардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ол осы Талаптардың 6-тармағында көзделген тәртіппен талаптардың орындалуына қайта тексеру жүргізу үшін сәйкес келтірілуі және зертханаға ұсынылуы мүмкін.
Хаттама ресімделгеннен кейін техникалық реттеудің цифрлық жүйесіндегі зертхана Техникалық регламенттің 70-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес осы талаптарға қосымшаға сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдейді және өтініш берушіге береді.

10 10. Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік субъектінің көлік құралын мемлекеттік тіркеудің пилоттық жобасын жүзеге асыруы үшін негіз болып табылады.

11

11. Осы Талаптардың 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудан өткен автокөлік құралдары тек Қазақстан Республикасында пилоттық жобаны іске асыру аумағында және пилоттық жоба субъектісі автокөлік құралдарын пилоттық жобаға қатысуға жіберу шарттарын орындағаннан кейін ғана айналысқа шығаруға жіберіледі.

1 Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік

Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктеріне қосымша
Көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы
куәлік
№ _____________
Сынақ зертханасы (орталық) ______________________________
(аккредиттеу аттестатының толық және қысқартылған атауы, мекенжайы, нөмірі, қолданылудың аяқталу мерзімі)
Көлік құралы
Маркасы
Коммерциялық атауы
Түрі
Шасси
(басқа өндірушінің
шассиін пайдаланған кезде ғана)
Сәйкестендіру нөмірі (VIN)
Шығарылған жылы
Санаты
Экологиялық сыныбы
Өтініш беруші және оның мекенжайы
Өңдіруші және оның мекенжайы
Құрастырған зауыт және оның мекенжайы
Көлік құралының жалпы сипаттамалары
Доңғалақ формуласы / жетек дөңгелектері
Көлік құралының орналасу схемасы
Кузов түрі / есіктер саны
(М1 санаты үшін)
Алдыңғы /артқы орындардың саны
(М1 санаты үшін)
Жолаушылар сыйымдылығы
(М2, М3 санаттары үшін)
Багаж бөлімшелерінің жалпы көлемі
(III сыныптың М3 санаты үшін)
Отыратын орындар саны
(М2, М3 санаттары үшін)
Жарақталған күйдегі көлік құралының салмағы, кг
Көлік құралының техникалық рұқсат етілген ең жоғары салмағы, кг
Габариттік өлшемдері, мм
ұзындығы
ені
биіктігі
База, мм
Алдыңғы / артқы дөңгелектер, мм
Гибридті көлік құралының сипаттамасы
Сыртқы көзден қайта зарядтау көзделген немесе көзделмеген; көзделген жұмыс режимдері (санамалау): тек іштен жану қозғалтқышы, тек біріктірілген электр қозғалтқышы (осы жұмыс режимінің қысқаша сипаттамасы)
Ішкі жану қозғалтқышы
(маркасы, түрі)
Цилиндрлердің саны мен орналасуы
Цилиндрлердің жұмыс көлемі, см3
қысу коэффицинеті
Максималды қуат, кВт
(мин – 1)
Жанармай
Қуат жүйесі (түрі)
Тұтану жүйесі (түрі)
Пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі
Электромобиль электр қозғалтқышы
(маркасы, түрі)
(тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток жағдайында-синхронды немесе асинхронды, фазалар саны)
Жұмыс кернеуі, В
Максималды 30 минуттық қуат, кВт
Энергияны сақтау құрылғысы
(тек электромобильдер мен гибридті көліктер үшін)
(батарея, конденсатор, маховик / генератор)
Беріліс қорабы
(беріліс схемасының түрі мен сипаттамасы)
Электр машинасы: (маркасы, түрі),
(әр электр машинасының сипаттамасы: негізгі функция (қозғалтқыш немесе генератор), тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток жағдайында-синхронды немесе асинхронды, фазалар саны)
Жұмыс кернеуі, В
Максималды 30 минуттық қуат, кВт
Ілінісу (маркасы, түрі)
Беріліс қорабы (маркасы, түрі)
Аспа (түрі)
алдыңғы
артқы
Рульдік басқару (маркасы, түрі)
Тежеу жүйелері (түрі)
жұмысшы
қосалқы
тұрақ
Шиналар (өлшемді белгілеу)
Көлік құралының қосымша жабдықтары
«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы комиссиясының 9 желтоқсандағы шешімінің 3-тармағының 3.2.7-тармақшасының үшінші бөлігіне сәйкес бекітілген Шартты және жоғары автоматтандырумен басқарылатын автокөлік құралдарына жатқызылған көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізу, сондай-ақ айналысқа шығару талаптары мен ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
Қосымша ақпарат (жалпы пайдаланымдағы жолдарда габариттер мен осьтік массалар бойынша нормативтердің асып кетуіне байланысты шектеулерсіз немесе шектеулермен пайдалану мүмкіндігі, маршруттық көлік құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі және т. б.): Көлік құралын иелену, пайдалану, оған билік ету құқықтарын жүзеге асыруға «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» Кеден одағы комиссиясының 9 желтоқсандағы шешімінің 3-тармағының 3.2.7) тармақшасының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ғана жол беріледі.
Ресімдеу күні 20__ ж. «___» ___________
Сынақ зертханасының (орталығының) басшысы ________________
электрондық цифрлық қолтаңба, аты-жөні, тегі

Қолданыстағы