Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня объектов, подлежащих реновации жилища

Қаулы · № 168 · қабылданған 10.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-228722/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении перечня объектов, подлежащих реновации жилища Күшіне енбеген 10.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении перечня объектов, подлежащих реновации жилища

Күшіне енбеген Қаулы № 168 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня объектов, подлежащих реновации жилища
Атауы (қаз.)
Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
168
Қабылданған күні
10.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2026
Көрсетілген редакция
10.08.2026 I228722_0.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26L000168A
ЭКБ идентификаторы
228722
Редакция идентификаторы
I228722_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.08.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Тұрғынжайды реновациялауға

жататын объектілердің тізбесін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 6) және 51) тармақшаларына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы және тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізімі Қызылорда облыстық мәслихатының қарауына ұсынылсын.

3. «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Қызылорда облысы бойынша реновациялауға жататын объектілердің тізбесі

Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «10» тамыздағы № 168
қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысы бойынша реновациялауға жататын объектілердің тізбесі

Мекен-жайы №
Тұрғын ауданы
Сараптама берген мекеме
Пәтер саны (отбасы саны)
Қабаты
Үйлердің салынған жылы
1.
Тасарық шағын ауданы №3 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«МунайГазИнжиниринг» ЖШС
07.02.2020 ж. №07/20
24
2
1980 ж.
2.
Жетікөл көшесі №9 а үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«Д-АРУ» ЖШС
22.09.2020ж. №24
18
2
1988 ж.
3.
С. Сейфуллин көшесі, №30 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«КZ Құрылыс сараптама» ЖШС 07.09.2020 ж. №87
16
2
1971 ж.
4.
Қараманов көшесі, №6 үй (барақ типтес)
Қызылорда қаласы
«КZ Құрылыс сараптама» ЖШС 11.11.2020 ж. №126
8
1
1969 ж.
5.
Тасарық ш/а, №14 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«КZ Құрылыс сараптама» ЖШС 09.09.2020 ж. №88
12
2
1979 ж.
6.
Наурыз ш/а, №21 «а» үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«КZ Құрылыс сараптама» ЖШС 09.09.2020 ж.
12
2
1978 ж.
7.
Наурыз ш/а, №34 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«КZ Құрылыс сараптама» ЖШС 25.09.2020 ж. №97
12
2
1978 ж.
8.
Абуова көшесі, №8 үй (барақ типтес)
Қызылорда қаласы, 3 ірілен. кв
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС
6
1
1921 ж.
9.
Жандосов көшесі, №25 үй
Қызылорда қаласы
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС 26.03.2021 ж №20
9
2
1958 ж.
10.
Жандосов көшесі, №25 үй
Қызылорда қаласы
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС 26.03.2021 ж №19
13
2
1958 ж.
11.
Жетікөл көшесі, №7, «а» үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«Д-АРУ» ЖШС,
21.04.2021 ж №8
8
2
1971 ж.
12.
Е. Жүнісбаев көшесі, №12 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС 29.04.2021 ж №29
4
1
1957 ж.
13.
Хон Бен До көшесі №18 үй
Қызылорда қаласы, Гагарин қыстағы
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС, 04.06.2021 ж №8
8
2
1964 ж.
14.
Жетікөл көшесі, №33 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС, 07.07.2021 ж №7
12
2
1964 ж.
15.
Тасарық ш/а, №11
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
06.09.2021 ж №24
12
2
1979 ж.
16.
Наурыз ш/а, №10 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
25.08.2021 ж. №18
24
2
1979 ж.
17.
Наурыз ш/а, №11 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
25.08.2021 ж. №19
24
2
1979 ж.
18.
Наурыз ш/а, №14 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
25.08.2021 ж. №20
12
2
1979 ж.
19.
Наурыз ш/а, №19а үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС, 25.09.2021 ж №32
18
2
1976 ж.
20.
Наурыз ш/а, №9 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
25.09.2021 ж №31
24
2
1977 ж.
21.
Есенов көшесі, №26 үый
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
29.12.2021ж №53
14
2
1987 ж.
22.
Наурыз ш/а, №28 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
16.11.2021ж №48
12
2
1978 ж.
23.
Наурыз ш/а, №27 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
16.11.2021ж №47
12
2
1978 ж.
24.
Жетікөл көшесі, №5 «а» үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
KZҚұрылыс сараптама» ЖШС,
28.02.2022 ж №004
8
2
1971 ж.
25.
Жетікөл көшесі, №13 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«TechPower Build» ЖШС
20.03.2022 ж №13
12
2
1971ж.
26.
А. Құнанбаев көшесі, №20 үй
Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы
«KZҚұрылыс сараптама» ЖШС, 28.02.2022 ж №003
8
2
1968ж.
27.
Бөкейхан көшесі, №74 үй
Қызылорда қаласы
«Д-АРУ» ЖШС, 25.11.2021
92
5
1975ж.
28.
Г. Мүсірепов көшесі, №25 «а» үй
Қызылорда қаласы
«Д-АРУ» ЖШС,
20.04.2022 ж. №ТО-22-109
8
2
1961ж.
29.
Сегіз жүз бас елді мекені, №25 үй
Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылы
«Atlant Engineering» ЖШС
11.03.2022 ж, №25
5
1
1964ж.
30.
Жетікөл көшесі, №26 «а» үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«TechPower Build» ЖШС
09.02.2022ж №6
16
2
1969ж.
31.
Жетікөл көшесі, №3 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«TechPower Build» ЖШС
16.02.2022ж №7
8
2
1971 ж.
32.
Жетікөл көшесі, №12 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«TechPower Build» ЖШС
24.03.2022ж №16
8
2
1962 ж.
33.
Аманкелді көшесі, №109 «а» үй
Қызылорда қаласы
«TechPower Build» ЖШС
16.06.2022ж №24
8
2
1961 ж.
34.
Тасымов көшесі №5 үй
Қызылорда қаласы, Баймұрат батыр ауылы
«KZ Құрылыс сараптама» ЖШС, 16.03.2022 ж №005
4
1
1992 ж.
35.
Титов т/а, №7 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«КайсарСтройЭксперт» ЖШС, 20.07.2022ж №212-22-ТО
16
2
1962 ж.
36.
Жетікөл көшесі, №1 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«Талант.KZ» ЖШС,
05.04.2022 ж №4-ТО
16
2
1962 ж.
37.
Жетікөл көшесі, №2 үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«Талант.KZ» ЖШС, 05.04.2022 ж №5-ТО
16
2
1962 ж.
38.
Жетікөл көшесі, №20 «а» үй
Қызылорда қаласы, Титов т/а
«Д-АРУ» ЖШС,
09.09.2022 ж, №ТО-22-201
12
2
1967 ж.
39.
Молдағұлова көшесі, №3 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
20.05.2022 ж №22
18
2
1989 ж.
40.
Тасарық м/а, №7 «а» үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
07.07.2022 ж №29
24
2
1980 ж.
41.
Тасарық м/а, №2 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
12.07.2022 ж №30
24
2
1980 ж.
42.
Жетікөл көшесі, №10 «а» үй
Қызылорда қаласы, Титов тұрғын ауданы
«TechPower Build» ЖШС
14.03.2022 ж №15
8
2
1962 ж.
43.
Ақмаржан ша/а, Жұмабаева көшесі, №6 үй
Қызылорда қаласы, Ақмаржан ш/а
«ҚайсарСтройЭксперт» ЖШС
№416-22-ТО, 14.12.2022ж
8
2
1959ж.
44.
Жетікөл көшесі, №4 «а» үй
Қызылорда қаласы, Титов тұрғын ауданы
«Д-АРУ» ЖШС,
20.12.2022 ж, №ТО-22-230
8
2
1971ж.
45.
Бөкейхан көшесі, №47 үй
Қызылорда қаласы
«TechPowerBuild» ЖШС
05.05.2022 ж №21
8
2
1960ж.
46.
Бөкейхан көшесі, №41-А үй
Қызылорда қаласы
«TechPowerBuild» ЖШС
30.03.2023 ж №17
16
2
1961ж.
47.
З. Шүкіров көшесі, №54-Б үй
Қызылорда қаласы
«TechPowerBuild» ЖШС
09.03.2023 ж №13
8
2
1958ж.
48.
З. Шүкіров көшесі, №54-А үй
Қызылорда қаласы
«TechPower Build» ЖШС
09.03.2023 ж №12
8
2
1960ж.
49.
Наурыз шағын ауданы, №13 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
12.04.2023 ж №21
24
2
1979ж.
50.
Жанқожа батыр көшесі, №28 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
14.03.2023 ж №14
8
2
1966ж.
51.
Тасарық м/а, №5 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
26.04.2023 ж №25
24
2
1978ж.
52.
Н. Назарбаев көшесі, (б. Жібек жолы) №2 «а» үй
Қызылорда қаласы
«TechPower Build» ЖШС
02.03.2023 ж №11
75
5
1966 ж.
53.
Тасарық шағын ауданы, №4 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
05.06.2023 ж №37
24
2
1980 ж.
54.
Наурыз шағын ауданы, №21 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
05.06.2023 ж №38
12
2
1979 ж.
55.
А. Құнанбаев көшесі, №18 үй
Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы
«TechPower Build» ЖШС
10.07.2023 ж №43
8
2
1969 ж.
56.
Дорожный мастер көшесі, №6 үй
Қызылорда қаласы
«Д-АРУ» ЖШС
11.07.2023ж №23-49/3
5
1
1958 ж.
57.
Наурыз шағын ауданы, №18 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
10.08.2023 ж №54
12
2
1979 ж.
58.
Аманкелді көшесі, №68 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
28.05.2024 ж №34
18
2
1986 ж.
59.
Қ. Сексенбаев көшесі, №2 үй
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«TechPower Build» ЖШС
24.07.2024 ж №39
12
2
1961 ж.
60.
Жетікөл көшесі, №15 үй
Қызылорда қаласы, Титов тұрғын ауданы
«Д-АРУ» ЖШС
02.09.2024 ж №ТО-24-89
16
2
1968 ж.
61.
Есқараев көшесі, №52
Қызылорда қаласы
«Д-АРУ» ЖШС
21.11.2024 ж №ТО-24-100
12
1
1998 ж.
62.
Метеорологический көшесі, №1 үй
Қызылорда қаласы, Журба көшесі, (скорая)
«Архитон» ЖШС
№06 17.03.2025 ж
6
1
1960 ж.
63.
С.Сейфуллин көшесі, №23
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті
«Архитон» ЖШС
17.05.2025 ж №35
8
2
1964ж.
64.
Қыстаубаев көшесі, №2
Жалағаш ауданы
«ҚайсарСтройЭксперт» ЖШС,
25.02.2023 ж №75-23-ТО
16
2
1981ж.
65.
Абай Құнанбаев көшесі, №16
Сырдария ауданы
«KZ Стройэксперт» ЖШС,
07.07.2021 ж №44
8
2
1968ж.
66.
Бөдеев көшесі, №28
Сырдария ауданы
«KZ Құрылыс сараптама» ЖШС, 06.08.2018 ж №178
8
2
1967ж.
67.
Өміров көшесі, №18
Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті
«Орда-S» ЖШС
24.07.2024 ж №05/24
8
2
1954ж.
68.
Қайнарбаев көшесі, №17
Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті
«Орда-S» ЖШС
24.07.2024 ж №03/24
4
2
1978ж.
69.
Сүлейменов көшесі, №33
Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті
«Инженер Строй Групп» ЖШС
14.03.2025 ж №23
16
2
1983ж.

7 Қызылорда облысының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы

Қызылорда облысы әкімдігінің
2026 жылғы «10» тамыздағы № 168
қаулысына 2-қосымша
Қызылорда облысының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы
1. Бағдарлама Паспорты
2. Кіріспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен критерийлері

1-бөлім. Бағдарлама Паспорты

Бағдарламаның атауы
Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы
Бағдарламаны әзірлеуге негіздеме
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Құрылыс кодексі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 254-VIII Қазақстан Республикасының Заңы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94I Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңы
Бағдарламаның мақсаты
Қызылорда облысының тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен жаңарту арқылы қолайлы, қауіпсіз және тұрақты орта қалыптастыру.
Бағдарлама өмір сүру ортасын жаңартуға, елді мекендердің сапасын және азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға және қолайлы тұрғын үй жағдайларын жасауға, апатты тұрғын үй қорының өсуіне жол бермеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен бейімдеуге, салынған аумақтардың функционалдық, санитарлық, энергетикалық және сәулеттік тиімділігін арттыруға, сондай-ақ дамыған әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылымы бар тұрғын аумақтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін көздейді. Іске асыру ескірген және сейсмикалық тұрақсыз ғимараттар мен құрылыстарды қайта реконструкциялау немесе бұзу арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаның міндеттері
1-міндет. Авариялық тұрғын үйді бұзу мәселелерін шешу және азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту;
2-міндет. Реновациялау аумақтарын игеру үшін жеке құрылыс салушыларды тарту;
3-міндет. Басым құрылыс аумақтарын, авариялық тұрғын үйді бұзу кезеңдерін және реновациялау бойынша іс-шараларды айқындау.
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган
«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2-бөлім. Кіріспе

Қала халқының тұрақты өсуі, қарқынды урбанизация және тұрғын үй қорының едәуір бөлігінің тозуы жағдайында Қызылорда облысында салынған аумақтарды кешенді реновациялау қажеттілігі туындайды. Кеңес кезеңінде салынған көппәтерлі тұрғын үйлердің басым бөлігінің қауіпсіздіктің, энергия тиімділігінің және жайлы өмір сүрудің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмеуі реновациялау бағдарламасын енгізудің өзектілігін айқындайды.
Бағдарламаны іске асыру ескірген және апатты тұрғын үйлерді бұзуды, жаңа тұрғын үйлер салуды, инженерлік желілерді жаңғыртуды, сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық талаптарды ескере отырып, қолайлы ортаны қалыптастыруды қамтиды.
Бағдарлама заңдылық, әлеуметтік әділеттілік, меншік иелері мен тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, рәсімдер мен ерікті түрде қоныс аударудың ашықтығы қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Реновациялау процестері жергілікті атқарушы органдардың, жеке инвесторлардың және халықтың қатысуымен мемлекетпен реттеледі.
Осылайша, Қызылорда облысында реновация бағдарламасын енгізу құрылысты жаңартуға, аумақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және ұзақ мерзімді перспективада халық үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған тұрғын үй саясатының стратегиялық маңызды бағыты болып табылады.
Қызылорда облысының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-9-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Бұл бағдарламада келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) Реновациялау - аумақты әлеуметтік, инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен, абаттандырумен қамтамасыз ете отырып, елді мекендердің сапалы жайлы ортасын қалыптастыру мақсатында оларды пайдалану жағдайларын жақсартуға бағытталған құрылыс объектілерін, оның ішінде ескірген және (немесе) авариялық объектілерді жаңарту бойынша шаралар кешені, сондай-ақ ескірген және (немесе) авариялық құрылыс объектілерін бұза отырып, реконструкциялау, қалпына келтіру немесе жаңа құрылыс объектілерін салу арқылы елді мекенді сәулеттік келбетіне сәйкес келтіру;

2) апатты көппәтерлі тұрғын үй - негізгі тірек конструкциялары (іргетастар, бағаналар, тірек қабырғалар, арқалықтар, жабындар) жүк көтеру қабілетін жоғалтқан, техникалық қадағалауды және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қорытындысымен қалпына келтіруге жатпайды деп танылған және әрі қарай пайдалануы тұрғындардың (келушілердің) өмірі үшін қауіп туғызатын көппәтерлі тұрғын үй;

3) тұрғын үйдің физикалық тозуы - табиғи, климаттық және өзге де факторлардың әсерінен бірінші кезектегі техникалық-пайдалану қасиеттерінің (беріктігі, орнықтылығы, сенімділігі және басқалары) жоғалуы;

4) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеу - ғимараттар мен құрылыстардың және олардың элементтерінің нақты жай-күйі, сенімділігі мен орнықтылығы, әрі қарай пайдалану мүмкіндігі, құрылыс объектісінің күрделі жөндеу, жаңғырту немесе реконструкциялау жұмыстарының құрамы мен көлемін орнату үшін уақыт ішінде болатын өзгерістерді ескере отырып, конструкциялардың сапасының нақты көрсеткіштерін сандық бағасын алу анықталатын сараптамалық жұмыстардың түрі;

5) инвестициялық жоба - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген өндірістерді қоса алғанда, қолданыстағы объектілер мен өндірістерді құру, кеңейту және (немесе) жаңғыртуға (жаңалауға), сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік немесе басқа әсер алу мақсатында ерекше маңызды объектілерге немесе жалпыұлттық маңызы бар жобаларға инвестицияларға бағытталған іс-шаралар кешені;

6) құрылыс объектісінің постутилизациясы (бұзу) – регенерацияланатын элементтерді (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіре және қайталама пайдалана отырып, оны пайдалану (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін, сондай-ақ регенерациялауға жатпайтын элементтер мен қалдықтарды қайта өңдей отырып, құрылыс объектісін бөлшектеу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені;

7) тұрғын үй қоры – Қызылорда облысының аумағында орналасқан барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлер;

8) қоныс аудару қоры - уәкілетті органға және/немесе инвесторға (құрылыс салушыға) тиесілі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй иелерін қоныстандыруға, реновациялау объектілері иелерінің тұрақты және /немесе уақытша тұруына арналған тұрғын үй-жайлардың жиынтығы;

9) Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын, қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі басқаратын алқалы атқарушы орган.

3. Бағдарлама апатты (ескірген) тұрғын үйлерді бұзуды және азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көшіре отырып, Қызылорда облысының қалалары мен аудандарының «ескірген» орамдарын кешенді реконструкциялауды көздейді.

4. Бағдарламаны іске асыру мерзімі - 2030 жылға дейін, соның нәтижесінде облыстағы авариялық (ескірген) тұрғын үй қорының санын қысқарту жоспарлануда.

5. Жаңартылуға жататын объектілердің тізбесін, мерзімдері мен кезектілігін Қызылорда қаласы және облыс аудандарының әкімдіктері айқындайды (әрі қарай - Әкімдіктер).

6. Бағдарламаның жобаларын іске асыру және қаржыландыру үшін Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы әкімшіні тағайындайды.

3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

Қызылорда облысы аумағында 1505 көпқабатты тұрғын үй бар, оның 69-ы апатты деп танылған, тозығы жеткен үйлер жоқ.

Аудан атауы
Саны
Апатты
Апатты үйлердегі пәтер саны
1
Қызылорда қаласы
1084
63
945
2
Арал ауданы
46
3
Қазалы ауданы
106
4
Қармақшы ауданы
73
3
28
5
Жалағаш ауданы
27
1
16
6
Сырдария ауданы
41
2
16
7
Шиелі ауданы
94
8
Жаңақорған ауданы
34
Облыс бойынша БАРЛЫҒЫ
1505
69
1005
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген) әкімдіктің тұрғын үй қорының «ескі кварталдарын» реновациялау бағдарламасын қабылдау жөніндегі өкілеттігі бекітілген. Сонымен бірге, инвестициялық жағдайды, жергілікті бюджеттер мен өңірлердің мүмкіндіктерін, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғындарға өтемақы төлеу тәртібі мен шарттарын ескере отырып, оларды іске асырудың тетіктері мен өлшемдері айқындалды.
Аталған Ережені іске асыру мақсатында 2026-2030 жылдар аралығында апатты көппәтерлі үйлерді жылдар бөлінісінде бұзу жоспары:
2026 жыл. Қызылорда қ. - 6 үй (62 пәтер);
2027 жыл. Қызылорда қ. - 10 үй (126 пәтер), Жалағаш ауданы - 1 үй (16 пәтер), Сырдария ауданы - 2 үй (16 пәтер), барлығы – 13 үй (158 пәтер);
2028 жыл. Қызылорда қ. - 14 үй (222 пәтер);
2029 жыл. Қызылорда қ. - 16 үй (227 пәтер);
2030 жыл. Қызылорда қ. - 17 үй (308 пәтер), Қармақшы ауданы – 3 үй (28 пәтер), барлығы 20 үй (336 пәтер);

4-бөлім. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, қағидаттары мен тетіктері, сондай-ақ оның нәтижелерінің көрсеткіштері

7. Бағдарламаның мақсаты – жаңғырту объектілерінің моральдық және физикалық тозуын азайту, авариялық (ескірген) тұрғын үй қорын жою, бұл өз кезегінде экономикалық, әлеуметтік және өзге де қоғамдық мүдделерді ескере отырып, азаматтардың тұрғын үймен қамтылу көрсеткішін жақсартуға және аумақтың тұрақты дамуына, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру мен аумақтың абаттандырылуына, сондай-ақ Қызылорда қаласы мен облыс аудандарының жаңа, заманауи келбетін құруға ықпал ету.

8. Бағдарламаның міндеттері

1) тозу дәрежесін ескере отырып, Қызылорда қаласы мен аудандарының аумағында авариялық (ескірген) тұрғын үй қорын реновациялау арқылы азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту;

2) энергия тиімді көппәтерлі тұрғын үйлер салу және оларды пайдалануға арналған шығыстарды азайту;

3) реновациялау аумағын игеру үшін жеке құрылыс салушыларды тарту, құрылысқа бюджеттен тыс қаражатты тарту тетіктерін дамыту;

4) бастапқы алаңдарды қалыптастыру арқылы инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

5) реновациялауға жататын аумақтарда жер учаскелерін кешенді салу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) тұрғын үй құрылысы және аумақтық даму саласында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру.

9. Бағдарламаны іске асыру нәтижелері:

1) авариялық (ескірген) тұрғын үй қорын бұзу;

2) бұзылған апатты (ескірген) үйлердің орнында жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салу;

3) қаланың сәулеттік келбетін жақсарту;

4) инженерлік желілер мен коммуникацияларды жаңғырту және дамыту;

5) реновациялау объектілерінің аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру есебінен аудандардың экологиялық деңгейін арттыру;

6) жұмыс орындарының санын ұлғайту және салық түсімдерінің көлемін өсіру.

Бағдарламаны іске асыру әкімдіктер әзірлейтін қалалық және аудандық орталықтардың аумақтарын реновациялау жобалары негізінде жүзеге асырылады. Бұл жобаларда реновациялау аудандарының шекаралары нақтыланады, сондай-ақ бас жоспарға және әрбір реновациялау ауданы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және коммерциялық объектілерді орналастыру бойынша жобалық ұсыныстар әзірленеді. Аталған жобалар әкімдіктердің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бағдарламаға сәйкес реновация деп қаланың және аудан орталықтарының тарихи қалыптасқан және тартымдылығын жоғалтқан бөліктерін кешенді салу, сондай-ақ Басқарма бекіткен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес апатты тұрғын үйлерді мақсатты бұзу түсініледі.
Қалалық және аудандық аумақтарды реновациялау - бұл ғимараттарды бұзуды және инженерлік желілерді реновациялауды қамтитын тұрғын аудандарды кешенді қайта құру және реновациялау бағдарламасы.
Бұзу мыналарды қамтиды:
ескірген және апатты тұрғын үйлер;
жеке тұрғын үйлер;
саяжай учаскелері;
гараж кооперативтері.
Инженерлік желілерді реновациялау мыналарды қамтиды:
газдандыру; сумен жабдықтау; жылумен жабдықтау; электрмен жабдықтау; кәріз жүйесі.

5-бөлім. Бағдарламаны іске асыру тетіктері мен критерийлері

10. Бағдарламаны іске асыру әкімшісі болып Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады (бұдан әрі - Әкімші).

11. Бағдарлама жобаларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, жеке инвестицияларды тарту, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, қаржы институттарының займы механизмдері, мемлекеттік бағалы қағаздарды қосқанда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің қаржысы, сондай-ақ жобаны іске асыру барысында тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды іске асырудан түсетін кірістер есебінен жүзеге асырылады.

12. Реновациялауға жататын объектілердің тізбесін әкімдіктер тұрғын үй қорының құрылыс конструкцияларының тозу дәрежесін, пайдалану талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ сараптама ұйымының қорытындысы негізінде тұрғын үй-жайлардың меншік иелерінің ойларын ескере отырып айқындайды. Бағдарлама жобаларын іске асыруды үйлестіруді Әкімші жүзеге асырады.

13. Бағдарламаға авариялық (ескірген) құрамдағы көппәтерлі тұрғын үйлерді енгізу үшін меншік иелері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіпті сақтай отырып, әкімдіктерге жүгінеді.

14. Тұрғын үйлердің тозу дәрежесін көрсете отырып, техникалық зерттеулер жүргізу және тұрғын үй-жайларды авариялық деп тануға негіздерді айқындау үшін арнайы мамандандырылған ұйымдар тартылады.

15. Жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері жалпы жиналыста қайта құру инвестициялық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Жиналыс әкімдіктердің немесе жеке инвестордың бастамасымен шақырылады.

16. Жиналыс пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда заңды. Егер жиналысқа қатысып отырған иелердің кемінде үштен екісі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.

Егер бұрын жарияланған жиналыс кворумның болмауына байланысты өтпесе, жазбаша сауалнама жүргізіледі. Жазбаша сауалнама жүргізу және оның мерзімдері туралы шешімді пәтер иелері мен тұрғын емес үй иелері қабылдайды.
Жазбаша сауалнама жүргізу арқылы жиналыс өткізуді ұйымдастыру үшін меншік иелері бастамашыл топты айқындауға құқылы.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің Бағдарламаға қатысуға және әлеуетті инвестормен өзара іс-қимыл жасауға 100% келісімі болмаған жағдайда инвестициялық жобаны іске асыру тоқтатылады.
Объектіні (ғимаратты, үй-жайды, тұрғын үйді) бағдарламаға енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін әкімдіктер экономикалық орындылығын, ерекшеліктері мен тәуекелдерін ескере отырып, әрбір объекті бойынша ақпаратты жинайды және талдау жүргізеді.

17. Әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы (бұдан әрі — Мемлекеттік корпорация) бағдарламаның жобаларын іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдайды және Әкімшінің сұраныстары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде қажетті ақпаратты ұсынады, оның ішінде:

1) қала мен аудандардың сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдері — құрылысы жоспарланған тұрғын үйдің әзірленген және инвестормен келісілген эскиздік жобасы;

2) қала мен ауданның жер қатынастары бөлімі - абаттандыру үшін қажетті іргелес жер учаскелерін көрсете отырып, жер кадастрынан үзінді көшірме;

3) Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - абаттандыру үшін қажетті іргелес жер учаскелерін көрсете отырып, жер кадастрынан үзінді көшірме;

4) тиісті ұйымның өтініші бойынша - Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес Бағдарлама шеңберінде кондоминиум объектілерінің жер учаскелерін бөлу;

5) Мемлекеттік корпорация - көппәтерлі тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары туралы ақпарат (үйдің, пәтерлердің және жер учаскесінің жалпы алаңы, меншік иелері саны, жайластыру туралы мәліметтер);

6) табиғи монополиялар субъектілері - коммуникацияларды қосуға және қолданыстағы инфрақұрылым мен қуаттарды, сумен, газбен, жылумен, электрмен және су айдау жабдықтау жүйелеріне қосу нүктелерін көбейту мүмкіндіктері туралы ақпаратты қосуға арналған техникалық шарттар;

7) әкімнің барлық жауапты бөлімшелері мен аппараттары — қолданыстағы заңнама шеңберінде рұқсат беру құжаттамасын ресімдеу кезінде басым тәртіппен жәрдем көрсету.

18. Қажетті ақпаратты жинағаннан кейін әкімдіктер реновациялау объектілері бойынша ақпараттық құжатты (дерекнаманы) дайындайды.

Дерекнама әкімдіктердің ресми интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Әлеуетті инвесторларды тарту мақсатында орналастырылған ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі жарияланып отырады.

19. Инвестор объект бойынша қажетті ақпаратты жазбаша нысанда қосымша сұратуға құқылы.

20. Жеке инвестицияларды тарту әкімдіктердің және өзге де атқарушы органдардың басым міндеті болып табылады.

21. Қызығушылық білдірілген жағдайда инвестор әкімдіктерге ынтымақтастық туралы меморандум (келісім) жасасуға өтінім береді.

22. Ынтымақтастық туралы Меморандум (келісім) барлық жауапты атқарушы органдармен келісілген қажетті іс-шараларды көрсете отырып, объектіні реконструкциялау жөніндегі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын қамтиды.

23. Ынтымақтастық туралы Меморандумға (келісімге) қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде Әкімдіктер инвесторлардың өкілдерімен бірлесіп инвестор ұсынған шарттармен таныстыру үшін апатты (ескі) тұрғын үйдің пәтерлері мен тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жалпы жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте жиналыс пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда шешім қабылдауға құқылы.

24. Ынтымақтастық туралы меморандумда (Келісімде) көзделген барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін және бағдарламадағы учаскедегі пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлардың меншік иелерінің бағдарламаға қатысуға 100% мақұлдауын алғаннан кейін әкімдіктер инвестормен жобаны іске асыру жөніндегі бірлескен қызмет туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасасады.

25. Бағдарламаларды іске асыру бойынша тараптардың міндеттері:

Әкімдіктер:

1) реновациялау объектілері туралы ақпарат береді;

2) реновациялау объектілерінің меншік иелерімен өткізілетін түсіндіру жиналыстарына қатысады;

3) ЖАО-мен өзара іс-қимыл жасау кезінде инвесторды сүйемелдейді;

4) техникалық шарттарды алуға және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жәрдемдеседі;

5) инженерлік коммуникацияларды жүргізуге, инфрақұрылымды қосуға техникалық шарттарды алуға және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті қуаттылықтарды көбейтуге ықпал етеді;

6) қажет болған жағдайда жобаға оны қаржыландыру, сондай-ақ қоныс аудару үшін тұрғын үй қоры ретінде активтерді ұсыну арқылы қатысады.

Инвестор:

1) тұрғын үйлер салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау, сондай-ақ тұрғындарды апатты (ескірген) үйлерден салынып жатқан үйлерге көшіру бойынша кестені ұсынады;

2) әкімдіктермен бірлесіп авариялық (ескірген) үйлердің тұрғындарымен жұмыс жүргізуге, оның ішінде: ақпараттандыру, жиналыстар өткізу, қоныс аударуды ұйымдастыру, пәтерлердің қабаттылығы мен нақтылығын айқындау, қоныстану мерзімдерін келісу;

3) жөндеуге жататын авариялық (ескірген) үйлерді бұзуды жүзеге асырады;

4) жоспарланатын тұрғын үйдің эскиздік жобасын әзірлейді және келіседі;

5) құрылыс кезеңіне өз есебінен уақытша пәтер не құрылыс аяқталғанға дейін уақытша тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы береді;

6) Келісім шартта қаралған Бағдарламаны іске асыру кестесіне сәйкес, тұрғын үйлер мен іргелес аумақтардың құрылысын жүзеге асырады және оларды пайдалануға береді;

7) тұрғын үйлер пайдалануға берілгеннен кейін ұсынылған құжаттар негізінде әрбір меншік иесімен нотариалды куәландырылған айырбастау шартына және меншік құқығын ресімдеуге қол қоюды қамтамасыз етеді;

8) пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды ауданы бойынша баламалы үй-жайларға айырбастауды жүзеге асырады, бірақ бір бөлмелі пәтерлерден кем емес, және қоныс аударуды қамтамасыз етеді;

9) жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге кірме автомобиль жолдарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлейді және құрылыс салу схемасына сәйкес құрылысты жүзеге асырады;

10) жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің инженерлік инфрақұрылымы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді және оны құрылыс кезеңдеріне сәйкес іске асырады;

11) Реновация аумағының шекарасында орналасқан үйлерден жер учаскелерін мәжбүрлі түрде алмай, Реновация аумағының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлейді.

26. Жасалған шарт негізінде әкімдіктер инвестормен бірлесіп пәтердің және тұрғын емес үй-жайдың әрбір меншік иесімен үшжақты келісім жасасады, онда инвестордың құрылыс кезеңінде жаңа тұрғын үй-жай мен уақытша тұрғын үй беру жөніндегі міндеттемелері мен кепілдіктері бекітіледі.

27. Апатты тұрғын үйлерді бұзу және азаматтарды көшіру тетігін іске асыру шеңберінде әкімдіктер мынадай іс шараларды жүзеге асырады:

1) қажет болған жағдайда тұрғын үй кешендерін жобалау және салу үшін реновация аудандарында жер учаскелерін бөледі;

2) тұрғын үйлерге инженерлік желілер салуды, сондай-ақ аумақты абаттандыру жөніндегі жұмыстарды орындауды қамтамасыз етеді;

3) бұзылған апатты үйлер аумақтарында тұрғын үй құрылысын жүргізуге құқылы.

Өз кезегінде апатты үйлерді бұзу әкімдіктермен жүргізіледі.

28. Әкімдіктер пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерімен ақпараттандыру, жиналыстарды өткізу, қоныстандыруды ұйымдастыру және орналасу мерзімдерін келісу жұмыстарын жүргізеді.

29. Әкімдіктер Бағдарлама жобаларын іске асыру шеңберінде шағын үйлерді және коммерциялық жайлар мен көлік тұрақтарын қоса алғанда жайлылықтың ІІІ-IV кластарына сәйкес келетін тұрғын үйлерді салуға, Бағдарламаның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және ескірген тұрғын үй қорын реновациялауды өткізу мақсатында аталған объектілерді әрі қарай нарықта сатуға құқылы.
Бағдарламаны реновациялауға жататын аумақтың тиімді, тартымды аудандарында іске асыру барысында инвестор пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен олардың келісімімен нарықтағы бағаға пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайларды сатып алып, инженерлік инфрақұрылымды жаңартып, осы жерде көпқабатты тұрғын үй салуға құқылы.
Бағдарламаны реновациялауға жататын аумақтың инвесторға тартымсыз аудандарында іске асыру барысында инвестор өз қаржысы есебінен апатты (ескірген) тұрғын үйлерді бұзып, инженерлік инфрақұрылымды жаңартып, сол жер учаскесінде көпқабатты тұрғын үй құрылысын жүргізеді. Өз кезегінде жаңадан салынған тұрғын үйдің пәтерлерінің бөлігі бұзылған апатты (ескірген) тұрғын үйдің тұрғындарына беріледі, пәтерлердің қалған бөлігі әкімдіктермен сатып алынып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған азаматтардың ішінен әлеуметтік осал топтарына үлестіріледі.

30. Бағдарламаның тиімді іске асыру және ескірген тұрғын үй қорын реновациялау мақсатында әкімдіктер тиісті жер учаскесінде құрылыс жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда бұзылған үйлердің жер учаскелерін жаңа көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын жайларға ауыстыруды ұйымдастыруға құқылы.

31. Тұрғын үйдің жалпы ауданының құрылыс құны жобалау-сметалық құжаттаманың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысы негізінде анықталады.

Тұрғын үйдің жалпы ауданының 1 (бір) шаршы метрін сату бағасы салынып жатқан тұрғын үйдің жайлылық деңгейін және сату уақытына жылжымайтын мүлік нарығының қалыптасқан конъюнктурасын есепке ала отырып анықталады, бірақ құрылыстың өзіндік құнынан төмен болмайды.

32. Ішкі және халықаралық қаржы нарықтарының қаржысын тарту барысында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» Акционерлік қоғамы еншілес ұйымы (әрі қарай – «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ) Әкімшімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бағдарлама жобаларын іске асыруға қатысуға құқылы.

33. Әкімдікпен шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару бойынша Кеңестің шешіміне сәйкес тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» Акционерлік қоғамы (әрі қарай - Оператор) тартылған нарықтық қаржымен араластыру құқығымен бірге сатып алады.

34. Бағдарламаға енгізілген реновация оъектілері тұрғын жайлардың меншік иелеріне Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтай отырып, бұрынғы тұрған жайларының жалпы аудандарына сәйкес келетін, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес жаңа пәтерлер түрінде ұсынылады.

35. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің келісімі болған жағдайда, берілетін меншік салынып жатқан объектілердегі тұрғын емес жайларға аудандарын сәйкестендіре отырып ауыстыруына болады.

36. Тұрғын және тұрғын емес жайлар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құрылыс нормаларына, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде бекітілген талаптарға сәйкес келуге және жақсартылған әрлеуге ие болуға;

2) мүгедек адамдардың, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың, қарт азаматтардың, сондай-ақ денсаулық сақтаудың орталық атқарушы органы бекіткен тізбеге енгізілген созылмалы аурулардың ауыр нысандары бар азаматтар топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, көппәтерлі үйлерде, сондай-ақ пәтер ішінде жайлы орта құруға құқылы.

37. Авариялық (тозығы жеткен) көппәтерлі үйлердің тұрғындарына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында құнының айырмасын (қосымша ақыны) өтеу шартымен бұрынғы авариялық (тозығы жеткен) пәтерлерімен салыстырғанда бөлмелері көп жаңа пәтерлерге қоныс аударуға рұқсат етіледі.

38. Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлерді салу үшін авариялық (ескірген) көппәтерлі тұрғын үйді бұзу аумағы жер учаскесін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына, қала құрылысын жобалау нормативтеріне және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес коммуналдық, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуге тиіс.

39. Бағдарламаны іске асыру процесінде Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, аумақты абаттандыруға қосымша талаптар белгілеуді, көше-жол желісін, тұрақ орындарын, қасбеттер аймағында тротуарларды қалыптастыруды, аулаішілік және тоқсандық жасыл аймақтарды ұйымдастыруды қоса алғанда, азаматтардың тұруы үшін қолайлы орта құрылады.

40. Бағдарламаға енгізілген тұрғын үй-жайлардың меншік иелеріне құрылыс кезеңінде инвестордың қаражаты есебінен уақытша тұрғын үй беріледі не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс аяқталғанға дейін уақытша тұрғын үйді жалға алғаны үшін ай сайынғы ақшалай өтемақы төленеді.

41. Әкімдіктер тұрғын үй иелеріне реновация объектісіндегі пәтерлердің ауданы бойынша бірдей әрленген пәтерді реновация объектісіндегі тұрғын үй иелеріне береді. Егер әкімдіктің балансында ауданы тең және әрлеуі әрленген пәтерлер болмаса, ол меншік иесіне ауданның айырмашылығын өтеу (қосымша ақы) шартымен айырбастау үшін үлкенірек пәтер ұсына алады.
Айырбастау әкімдіктің балансындағы пәтердің баланстық құны бойынша жүзеге асырылады.

42. Пәтерлерді бөлу реновация объектісі туралы деректер және әкімдіктердің теңгеріміндегі пәтерлер тізімі негізінде жүргізіледі.

6-бөлім. Бірыңғай оператордың кепілдігін пайдалана отырып, реновация шеңберінде тұрғын үйдің үлестік құрылысын ұйымдастыру

43. Апатты үйлерді бұзу алаңдарын қоса алғанда, әкімдіктер бекіткен реновация аудандарындағы құрылыс жұмыстарын реновация шеңберінде бірыңғай оператордың кепілдігін алған құрылыс салушылар орындайды.

44. Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында әкімдіктер магистральдық инженерлік желілермен (жылумен жабдықтау, электрмен, сумен жабдықтау, тұрмыстық және нөсер кәрізі), автомобиль жолдарымен және кірме жолдармен реновация аудандарын қамтамасыз етеді.

45. Бірыңғай оператордың кепілдігін пайдалана отырып, реновация шеңберінде тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы тұрғын үйдің үлестік құрылысы туралы заңнамада көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

46. Бірыңғай оператордың кепілдігін пайдалана отырып, реновация шеңберінде тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысуды ұйымдастыру үшін құрылыс салушы уәкілетті компания құрады немесе көппәтерлі тұрғын үйдің бір жобасын іске асыру үшін басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капитал үлестерінің) 100% -. сатып алады.
Көп пәтерлі тұрғын үй жобасы бір жер учаскесіндегі бірнеше құрылыс нысандарын қамтуы мүмкін.
Егер бұл жобада көзделсе, құрылыс бірнеше жер учаскелерінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

47. Құрылыс салушы бұрын көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу, пайдалануға беру және қабылдау жөніндегі міндеттемелерді орындаған жалғыз құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын уәкілетті компанияны немесе басқа заңды тұлғаны тартуға құқылы.

Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен жаңарту шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін уәкілетті компанияда мыналар:

1) құрылыс салушы, уәкілетті компания және реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің барлық меншік иелері қол қойған реновация жаңарту шеңберінде кепілдік беру туралы шарт;

2) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ Заңының 20-бабына сәйкес, реновация объектісінің және (немесе) реновация объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне берілетін, бірақ тұрғын үйдің баламалы құнына тең сомада жұмсау үшін жоспарланатын ақша мәлімделген жобалау құнының отыз пайызынан кем емес, сондай-ақ реновация объектісінің меншік иелеріне және (немесе) реновация объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке уақытша тұрғын үй және (немесе) реновация объектісінің меншік иелеріне өтемақы төлемдерін беру тәртібінде уәкілетті компанияның айқындаған мөлшерде уақытша тұрғын үй және (немесе) реновация объектісіне кіретін жылжымайтын мүлік беруге, құрылыс мерзімін ұзартуды ескере отырып;

3) реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шарт бойынша құжаттарды, кепілдік жарнаны қарағаны үшін комиссияға ақы төлеуге арналған ақша болуы міндетті.

48. Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тәсілімен жаңғырту шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру үшін, тұрғын үйді реновация бағдарламасына енгізілген жер учаскесі бар көппәтерлі тұрғын үй реновация объектісі болуға тиіс. Реновация объектісі үшінші тұлғалардың қандай да бір ауыртпалықтарынан, құқықтары мен талаптарынан бос болуы тиіс.

49. Реновация шеңберінде кепілдік беру туралы шарт құрылысқа үлестік қатысу туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, үлестік құрылысқа қатысушылардың қаражатын тарту үшін негіз болып табылады және құрылыс салушы мен уәкілетті компанияның қатысушылардың қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алуын талап етпейді.
Кепілдіктің қолданылу мерзімі ішінде бірыңғай оператордың басқа құрылыс салушылармен және уәкілетті компаниялармен реновация шарттарын жасасуға құқығы жоқ.
Құрылыс салушы және уәкілетті компания кейіннен бірыңғай оператордың кепілдігін алу және қайта құру шартын жасасу мақсатында реновация шеңберінде тұрғын үйдің үлестік құрылысын ұйымдастыруға өтінім береді.
Реновация шеңберінде құрылысқа үлестік қатысу шарты және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты электрондық нысанда жасалады және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен куәландырылады.
Реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты мыналарды сақтай отырып жасалады:

1) бөлмелер саны бойынша тең құнның өтемақысы - берілетін тұрғын үй үлесінің ауданы реновация объектісінің меншік иесі беретін тұрғын үй-жайдың ауданынан кем болмауға тиіс;

2) тең ақшалай өтемақы.

Өзге шарттар тараптардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес белгіленеді.

50. Реновация шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша берілетін үлес құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы, техникалық және өзге де міндетті нормаларға сәйкес келуге тиіс.

51. Көрсетілген шарт бойынша уәкілетті компания реновация объектісінің және (немесе) оның құрамына кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстарды, сондай-ақ уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес өзге де шығыстарды өтеуге міндетті.

52. Реновация объектісінің немесе оның құрамына кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иесі осындай шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесті қабылдауға және уәкілетті компаниядағы үлесті беру туралы шартқа қол қоюға міндетті.

53. Кепілдік оқиғасы туындаған жағдайда уәкілетті компанияның уақытша тұрғын үй беру және (немесе) реновациялық объектінің және (немесе) оның құрамына кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне өтемақы төлеу жөніндегі міндеттемелері уақытша тұрғын үй беру және (немесе) өтемақы төлеу үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

7-бөлім. Реновация бағдарламасы аясында жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйді сатып алу немесе салу

54. Әкімдіктер пәтерлерді сатып алуды немесе оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында реновацияға жатқызылған апатты тұрғын үйлердегі пәтер иелері үшін үйлер салуды жүзеге асырады.

55. Бағдарлама жобаларын іске асыру аясында, егер реновация жобалары бұзылғаннан кейін босатылған жер учаскелері көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қойылатын талаптарға сәйкес келмесе, Әкімдіктер өз құзіреті шегінде құқылы:

1.Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жер учаскесін сатуға бастамашылық жасауға;
2.Инвестициялық келісім шарт талаптары бойынша құрылыс салушыны тарта отырып, жер учаскесін игеру жөніндегі инвестициялық жобаның тапсырыс берушісі (ұйымдастырушысы) ретінде әрекет етуге;
3.Инвестициялық шартта құрылыс салушының басқа құрылыс объектілеріндегі пәтерлердің белгілі бір санын коммуналдық меншікке беру міндетін көздеуге;
4.Әкімдіктер ескірген тұрғын үйді бұзып, жер телімін коммуналдық меншікке береді.
Осы тармақты іске асыру шеңберінде коммуналдық меншікке алынған тұрғын-жайлар:
Реновация объектілерінің меншік иелерін қамтамасыз етуге бағытталады.

56. Бағдарлама жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылған жағдайда пәтерлер жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарға беріледі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған жалғыз тұрғын үйде тұратын азаматқа (отбасына) тұрғын үй беру нормасын есептеу кезінде оның меншігіндегі тұрғын үйдің ауданы ескерілмейді.
Егер меншік иесінің тұрғын үйі оның жалғыз тұрғын үйі болмаса, оған алынатын мүліктің нарықтық құны өтеледі.
Әкімдіктердің теңгерімінде бөлмелер санына сәйкес келетін пәтерлер болмаған жағдайда, Әкімдіктер бөлмелер саны көп пәтер ұсынуға құқылы.

57. Әкімдіктер пәтер иелерімен келесі іс-шараларды өткізеді: ақпараттандыру, жиналыстар өткізу, қоныс аударуды ұйымдастыру, пәтерлердің қабаттылығын анықтау және бөлу, қоныстану мерзімдерін келісу. Пәтерлерді бөлу әкімдіктер теңгеріміндегі пәтерлер тізбесі негізінде жүзеге асырылады.

58. Реновация бағдарламасына енгізілген апатты тұрғын үйлердегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне пәтерлерді беру тәртібін, тұрғын үйдің техникалық жай-күйі туралы техникалық қорытынды беру мерзімдеріне сәйкес, жергілікті атқарушы органның жанынан құрылған комиссия жүзеге асырады.