Об утверждении Правил передачи на хранение в Национальный депозитарий массовых археологических находок и археологических материалов и включения в Государственный фонд массовых археологических находок и археологических материалов всех массовых археологических находок и археологических материалов, полученных физическими или юридическими лицами Республики Казахстан и других государств в результате археологических работ на территории Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил передачи на хранение в Национальный депозитарий массовых археологических находок и археологических материалов и включения в Государственный фонд массовых археологических находок и археологических материалов всех массовых археологических находок и археологических материалов, полученных физическими или юридическими лицами Республики Казахстан и других государств в результате археологических работ на территории Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 411-НҚ
- Қабылданған күні
- 25.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2026 I229304_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039684
- ЭКБ идентификаторы
- 229304
- Редакция идентификаторы
- I229304_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 28.08.2026 03:30
0
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидаларын бекіту туралы
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34-3-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 25 тамыздағы
№ 411-НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-3-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне (бұдан әрі – Ұлттық депозитарий) сақтауға беру және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына (бұдан әрі – Мемлекеттік қор) қосу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) археологиялық жұмыстар жөніндегі бірыңғай цифрлық жүйе (бұдан әрі – цифрлық жүйе) – археологиялық жұмыстар барысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері туралы деректерді басқаруды қамтамасыз ететін цифрлық объект;
2) археологиялық материалдар – археологиялық жұмыстар барысында анықталған және ғылыми зерттеу объектілері ретінде құндылығы бар заттар мен үлгілер;
3) жалпы археологиялық олжалар – ерекше құндылығы жоқ және жиынтығында зерттелетін тарихи-мәдени мұра объектісінің мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін көрсететін, фрагменттер, бөлшектер немесе көптеген бір типті заттар түріндегі археологиялық олжалар;
4) Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар барысында алынған және Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийінде сақталуға жататын жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың жиынтығы;
5) орындаушы – Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын және археологиялық жұмыстар нәтижесінде тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды тапсыратын Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғасы;
6) сақтау бірлігі – жеке қаптамасы және бірегей шифры бар, физикалық оқшауланған объект (стандартталған қорап, контейнер немесе ірі габаритті зат);
7) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) QazTRF-23 – «Мемлекеттік есептеу жүйелерін және картографиялық проекцияларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 208 қаулысымен айқындалған Іргелі астрономиялық геодезиялық желінің пункттерімен және Дәлдігі жоғары геодезиялық желінің пункттерімен бекітілген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаттық есептеу негізі (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23).
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың ұлттық депозитарийіне сақтауға беру тәртібі
3. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийге беру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген сенімхат негізінде орындаушымен немесе орындаушының өкілі арқылы цифрлық жүйеде тіркелген археологиялық жұмыстар аяқталған күннен бастап 3 (үш) жылдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Негізделген себептер (коллекция көлемінің үлкен болуы, зертханалық зерттеулердің ұзаққа созылуы немесе барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды белгіленген мерзімде беруге кедергі келтіретін өзге де объективті мән-жайлар) болған кезде орындаушы немесе орындаушының өкілі белгіленген үш жылдық мерзім өткенге дейін цифрлық жүйе арқылы барлық археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийге беру мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтінім жібереді.
Ұлттық депозитарий өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарайды және мерзімді ұзарту туралы немесе оны бас тарту себептерін көрсете отырып ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийге беру мерзімі дәлелді өтінімде көрсетілген мерзімге ұзартылады, бірақ 1 (бір) жылдан аспауға тиіс.
4. Археологиялық олжаларды жалпы олжаларға жатқызуды археологиялық жұмыстар барысында оларды анықтаған орындаушы Заңға сәйкес жүзеге асырады. Археологиялық олжаларды жалпы олжаларға жатқызу туралы мәліметтер цифрлық жүйеде қалыптастырылатын электрондық тізімдемеде көрсетіледі.
5. Орындаушы немесе орындаушының өкілі барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды тапсыру үшін цифрлық жүйедегі жеке кабинеті арқылы электрондық өтінім қалыптастырады.
Электрондық өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмелері (PDF форматында) қоса беріледі:
1) археологиялық жұмыстар туралы қысқаша есеп;
2) цифрлық жүйеде қалыптастырылған электрондық тізімдеме;
3) ілеспе хат (заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының немесе уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, жеке тұлғалар үшін – орындаушының өзі немесе оның өкілі қол қойған).
6. Ұлттық депозитарий электрондық өтінім цифрлық жүйе арқылы келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған деректердің толықтығын мынадай параметрлер бойынша тексереді:
1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген электрондық құжаттардың толық пакетінің болуы;
2) электрондық тізімдемеде барлық міндетті өрістердің толтырылуы (атауы, материалы, өлшемдері, мерзімделуі, сақталу жай-күйі);
3) электрондық тізімде көрсетілген сақтау бірліктері санының тіркелген цифрлық фотосуреттер санына сәйкестігі;
4) QazTRF-23 заттардың табылған жерінің кеңістіктік деректерінің (координаттарының) болуы.
7. Тексеру нәтижелері бойынша Ұлттық депозитарий барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды қабылдау күнін айқындайды немесе цифрлық жүйе арқылы орындаушыға немесе орындаушының өкіліне анықталған ескертулерді жою және (немесе) жетіспейтін құжаттар мен мәліметтерді ұсыну қажеттілігі туралы хабарламасы бар ресми хат жібереді.
Жетіспейтін құжаттар мен мәліметтер анықталған ескертулерді жою және (немесе) жетіспейтін құжаттар мен мәліметтерді ұсыну қажеттілігі туралы хабарламасы бар хатты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінім қараусыз қалдырылады.
8. Барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды бастапқы өңдеуге, қаптауға және таңбалауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес Ұлттық депозитарийге сақтауға беріледі.
9. Нақты (физикалық) қабылдау-тапсыру кезінде цифрлық жүйеден басып шығарылған қағаз жеткізгіштегі тізімдеме салыстырып тексеру жүргізу үшін Ұлттық депозитарийге беріледі. Қағаз жеткізгіштегі тізімдемеде қамтылған мәліметтер цифрлық жүйеде қалыптастырылған электрондық тізімдемедегі мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.
Цифрлық жүйенің деректеріне сәйкес келмейтін қағаз жеткізгіштегі тізімдемені ұсынуға жол берілмейді.
10. Нақты (физикалық) қабылдау-тапсыру кезінде Ұлттық депозитарий басшысының бұйрығымен айқындалған сақтау қоймасының жауапты қызметкері:
1) қаптама мен таңбалаудың осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды бастапқы өңдеуге, қаптауға және таңбалауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкестігіне визуалды бақылау жүргізу;
2) нақты салмақ пен сақтау бірліктерінің санын цифрлық жүйедегі электрондық тізімдеменің деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
11. Қабылдау кезінде техникалық талаптардың бұзылуы немесе электрондық тізімдемедегі деректерге сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда, Ұлттық депозитарийдің қызметкері нақты анықталған кемшіліктерді көрсете отырып, келіспеушіліктер актісін жасайды.
Орындаушы немесе орындаушының өкілі келіспеушіліктер актісін алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған кемшіліктерді жояды және барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийге қайта ұсынады, оларды қабылдау осы Қағидалардың 9-12-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
12. Ескертулер болмаған жағдайда, барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийге қабылдау-тапсыру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды қабылдау-тапсыру актісімен (бұдан әрі – қабылдау-тапсыру актісі) екі данада ресімделеді.
Цифрлық жүйеден басып шығарылған қағаз жеткізгіштегі тізімдеме қабылдау-тапсыру актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
13. Барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийге сақтауға беру күні тараптардың қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күні болып табылады.
14. Орындаушы немесе орындаушының өкілі барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды белгіленген не ұзартылған мерзімде ұсынбаған жағдайда, Ұлттық депозитарий мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындаушыға немесе орындаушының өкіліне цифрлық жүйе арқылы міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы, орындау мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын хабарлама жібереді.
15. Орындаушы немесе орындаушының өкілі хабарламада көрсетілген талапты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Ұлттық депозитарий цифрлық жүйеде міндеттемелердің орындалмағаны туралы актіні қалыптастырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды сот тәртібімен талап ету рәсімін бастайды.
3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың мемлекеттік қорына қосу тәртібі
16. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген тараптар қол қойған қабылдау-тапсыру актісі барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Мемлекеттік қорға қосу рәсімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
17. Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Мемлекеттік қорға қосуды Ұлттық депозитарий Қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде есепке алу бірліктерін цифрлық жүйеде тіркеу және оларға тұрақты тіркеу нөмірін беру арқылы жүзеге асырады.
18. Барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды цифрлық жүйе арқылы Мемлекеттік қорға қосуды Ұлттық депозитарийдің жауапты қызметкері (бұдан әрі – қызметкер) мынадай реттілікпен жүзеге асырады:
1) тараптар қол қойған қағаз тасығыштағы Қабылдау-тапсыру актісінің негізінде қызметкер цифрлық жүйеде авторизацияланады (ЭЦҚ пайдалана отырып) және орындаушы немесе орындаушының өкілі бұрын қалыптастырған тиісті электрондық өтінім мен алдын ала жасалған тізімдемені ашады;
2) қызметкер қабылданған сақтау бірліктерінің нақты деректерін алдын ала электрондық тізімдемеде толтырылған атрибуттармен (атауы, материалы, өлшемдері, мерзімделуі, QazTRF-23 табылған жерінің кеңістіктік деректері, цифрлық фотосуреттер) түпкілікті салыстырып тексеруді жүргізеді;
3) деректер толық сәйкес келген кезде қызметкер цифрлық жүйедегі есепке алу бірліктерінің мәртебесін «Уақытша есепке алу / Қаралуда» санатынан «Мемлекеттік қор» санатына ауыстыра отырып, тіркеу рәсіміне бастамашылық жасайды;
4) «Мемлекеттік қор» мәртебесі расталған кезде цифрлық жүйе әрбір сақтау бірлігіне бірегей тұрақты тіркеу нөмірін автоматты түрде генерациялайды және береді. Нөмір бекітілген алгоритм бойынша (мысалы: түскен жылы – ескерткіш коды – реттік нөмірі) қалыптастырылады және объектінің цифрлық карточкасына байланыстырылады;
5) тұрақты тіркеу нөмірінің негізінде жүйе бірегей штрих-кодты (немесе QR-кодты) қалыптастырады, ол басып шығарылады және кейіннен есепке алуды автоматтандыру үшін сақтау бірлігінің жеке қаптамасына (қорапқа, контейнерге) жапсырылады.
19. Археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды Ұлттық депозитарийде сақтауды ұйымдастыру материалдарды физикалық орналастыру мен оларды цифрлық есепке алуды үйлестіретін аралас (гибридті) жүйе негізінде жүзеге асырылады:
1) барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды олардың габариттері мен сақталу шарттарына (температуралық-ылғалдылық режимі) қарай сақтау бірліктерін қойма ішінде топографиялық орналастыру;
2) барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдардың нақты орналасу координаттарын (қойма, стеллаж, сөре, ұяшық нөмірлерін) цифрлық жүйеде электрондық тіркеу және есепке алу.
Қызметкер объектінің цифрлық карточкасына оның қоймадағы физикалық орналасуының дәл топографиялық координаттарын (үй-жай, стеллаж, сөре, ұяшық нөмірлері) енгізеді.
Қосу рәсімі электрондық тізілімге (немесе жеке цифрлық карточкаларға) Ұлттық депозитарийдің қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қоюмен аяқталады, содан кейін цифрлық жүйедегі жазба өзгертілмейтін болады (базалық атрибуттарды өңдеу үшін бұғатталады).
1 Барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды бастапқы өңдеуге, қаптауға және таңбалауға қойылатын техникалық талаптар
Қазақстан Республикасының
аумағындағы археологиялық
жұмыстар нәтижесінде
Қазақстан Республикасының және
басқа мемлекеттердің жеке
немесе заңды тұлғалары тапқан
барлық жалпы археологиялық
олжалар мен археологиялық
материалдарды Жалпы археологиялық
олжалар мен археологиялық
материалдардың ұлттық депозитарийіне
сақтауға беру және Жалпы
археологиялық олжалар мен
археологиялық материалдардың
мемлекеттік қорына
қосу қағидаларына
1-қосымша
Барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды
бастапқы өңдеуге, қаптауға және таңбалауға қойылатын
техникалық талаптар
1. Жалпы талаптар:
1) археологиялық олжаларды бастапқы өңдеу кезінде қайтымсыз желім құрамдарын (суперклей, эпоксидті шайырлар), тұрмыстық тазартқыш құралдарды, майлар мен спирттік сіңіргіштерді (ПВА, ПВБ) пайдалануға тыйым салынады.
2) Археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды кептіру тұрақты температуралық режимде тек көлеңкелі жерлерде жүзеге асырылады. Жарылуды және деформацияны болдырмау үшін күн көзінде, желде немесе от жанында жеделдетіп кептіруге жол берілмейді.
3) Бір сақтау бірлігінің (қораптың) салмағы 15 (он бес) килограмнан аспауы тиіс. Штабельдеу кезінде төменгі қабаттардың бұзылуын болдырмау үшін бір-біріне екіден артық қорап қоюға жол берілмейді.
2. Антропологиялық және археозоологиялық материалдарға қойылатын талаптар:
1) Сақталу дәрежесіне қарамастан, ұсақ фрагменттерді, эпифиздерді және морфологиялық диагностикаланбайтын элементтерді қоса алғанда, барлық сүйек қалдықтары толық жиналуға жатады. Жануарлардың толық қаңқалары табылған жағдайда, барлық сүйектер жиналады.
2) Сақталуы нашар болған жағдайда, антропологиялық объектілер (бас сүйектер) алдын ала бекіту (in situ) және гипстік таңғышты пайдалану арқылы монолит әдісімен алынады.
3) Бас сүйекті қаптау кезінде кейіннен бет-әлпетті реконструкциялау мүмкіндігі үшін мұрын сүйектерін сақтау және сенімді бекітілуін қамтамасыз ету қажет. Мыналарға қатаң тыйым салынады:
a) бас сүйекті көз ұясының жиектерінен және бет бөлігінен ұстауға;
b) алу кезінде мұрын аймағына қысым көрсетуге;
c) қозғалмалы сүйектердің ыдыс ішінде еркін қозғалуына жол беруге.
4) Ірі жануарлардың археозоологиялық материалдары нәзік сүйектерден (бас сүйектерден, құстар мен ұсақ жануарлардың сүйектерінен) бөлек қапталады. Нәзік сүйектердің үстіне ауыр сүйектерді қоюға жол берілмейді.
5) Сүйек қалдықтары қаптау алдында тазартылып, толық кептіріледі. Толықтырғыш ретінде мақта, газет қағазын немесе полиэтиленді пайдалануға тыйым салынады. Тығыз қағазды немесе мамандандырылған жәшіктерді пайдалануға рұқсат етіледі.
3. Аналитикалық сынамаларды (С14, Палеогенетика) іріктеуге қойылатын талаптар:
1) Сынамаларды алу қатаң түрде нитрилді (мата емес) қолғаптармен, стерильді құралдармен жүргізіледі. Үлгілердің зерттеушінің қол терісімен немесе басқа олжалармен жанасқан қаптама материалдарымен жанасуына жол берілмейді.
2) Сынамаларды қаптау:
a) көмір үлгілері тек алюминий фольгаға немесе шыны ыдысқа қапталады (пластик немесе қағазды пайдалануға тыйым салынады);
b) палеогенетикаға арналған үлгілер герметикалық стерильді контейнерлерге салынады.
3) Сынамаларды таңбалау қосарланған этикеткалау арқылы жүзеге асырылады: бір этикетка ыдыс ішіндегі оқшауланған пакетке салынады, екіншісі сыртына GPS-координаттары көрсетіле отырып бекітіледі.
4. Жалпы керамикаға қойылатын талаптар:
1) Күйе, күйік іздері немесе органикалық шөгінділері көрінетін керамика фрагменттерін жууға тыйым салынады. Тазартуға тек құрғақ әдіспен (жұмсақ қылқалам) рұқсат етіледі. Мұндай фрагменттер липидтік талдау үшін алюминий фольгаға бөлек қапталады.
2) Ылғалды керамика зең басуды болдырмау үшін перфорацияланған пакеттерге (желдету тесіктері бар) немесе крафт-қағазға қапталады.
3) Шифрлау объектіге қайтымды лактың тосқауыл қабаты арқылы жазылады. Күйесі бар, беті кеуекті немесе талдауларға арналған объектілер үшін тікелей таңбалауға тыйым салынады – ыдысты таңбалау және ішкі бирка пайдаланылады.
5. Металл мен ағаштан жасалған объектілерге қойылатын талаптар:
1) Металл объектілер топырақ кесегімен бірге алынады. Коррозиядан механикалық тазартуға, металл щеткаларды, суды және агрессивті орталарды (сірке суы, лимон қышқылы) пайдалануға тыйым салынады.
2) Ағаштан жасалған объектілер монолит әдісімен алынады. Тек жұмсақ қылқаламмен нәзік тазартуға рұқсат етіледі. Реставраторға тапсырғанға дейін сумен жууға немесе кез келген құрамдармен (майлар, ПВА, спирт) сіңіруге қатаң тыйым салынады.
6. Құжаттық сүйемелдеу және паспорттау:
1) Әрбір сақтау бірлігі (қорап) мыналарды қамтитын жалпы паспортпен жабдықталады:
a) ескерткіштің атауы мен сипаты;
b) орналасқан жері (облыс, аудан, ең жақын елді мекен);
c) археологиялық мәдениет және мерзімдемесі;
d) қазба жұмыстары жүргізілген жыл және жұмыс басшысының Т.А.Ә (ол болған жағдайда).
2) Археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды тапсыру QazTRF-23 кеңістіктік деректері (координаттары) көрсетілген, цифрлық жүйеде қалыптастырылған тізімдемемен қоса жүргізіледі.
3) Антропологиялық және археозоологиялық материалдар үшін тізімдемеге цифрлық қосымшада объектіні қазба процесінде (in situ) фотофиксациялаудың болуы қажет.
2 Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды қабылдау-тапсыру актісі № ____
Қазақстан Республикасының
аумағындағы археологиялық
жұмыстар нәтижесінде
Қазақстан Республикасының
және басқа мемлекеттердің жеке
немесе заңды тұлғалары тапқан
барлық жалпы археологиялық
олжалар мен археологиялық
материалдарды Жалпы археологиялық
олжалар мен археологиялық
материалдардың ұлттық
депозитарийіне сақтауға беру
және Жалпы археологиялық
олжалар мен археологиялық
материалдардың мемлекеттік
қорына қосу қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағындағы археологиялық жұмыстар нәтижесінде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары тапқан барлық жалпы археологиялық олжалар мен археологиялық материалдарды қабылдау-тапсыру
актісі № ____
________________ қ. 20__ ж. «__» _________
Цифрлық жүйедегі өтінім ID: _________________
Орындаушы немесе орындаушының өкілі _________________ және Ұлттық депозитарийдің өкілі __________________________________ ескерткіші бойынша (қазба жылы: ______) материалдарды қабылдау туралы осы актіні жасады.
Р/с №
Материал түрі
Орын саны (қораптар)
Таза салмағы (кг)
Ескертпе
1
Жалпы керамика
2
Зооархеология
3
Антропология
4
Сынамалар
Тапсырды: __________________ /қолы/ тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қабылдады: _________________ /қолы/ тегі, аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда) лауазымы) (Ұлттық депозитарий қызметкері)