Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил финансирования проектов в сфере управления отходами

Қаулы · № 762 · қабылданған 26.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229352/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил финансирования проектов в сфере управления отходами Күшіне енбеген 26.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил финансирования проектов в сфере управления отходами

Күшіне енбеген Қаулы № 762 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил финансирования проектов в сфере управления отходами
Атауы (қаз.)
Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
762
Қабылданған күні
26.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
26.08.2026 I229352_0.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000762
ЭКБ идентификаторы
229352
Редакция идентификаторы
I229352_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
29.08.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

📌 Ескерту. 08.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Экология кодексі 388-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 8 қырқүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасының Экология кодексі 388-бабының 1-тармағына сәйкес өндірушілерден және импорттаушылардан өзінің банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде түскен ақша есебінен қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қалдықтарды басқару саласындағы жобаларға қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға бағытталған, оның ішінде:

1) қалдықтар түзілген жерде оларды жинақтау инфрақұрылымын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша;

2) қалдықтарды жинау, оның ішінде қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша;

3) қалдықтарды тасу инфрақұрылымын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша;

4) қалдықтарды қайта пайдалануға дайындауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды қоса алғанда, қалдықтарды қалпына келтіру инфрақұрылымын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша;

5) қалдықтарды құртуды және көмуді қоса алғанда, қалдықтарды жою инфрақұрылымын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша жобалар жатады.

2-тарау. Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру тәртібі мен шарттары

3. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы (бұдан әрі – оператор) 2026–2028 жылдар кезеңінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі –  қор) кейіннен жергілікті атқарушы органдарды немесе жергілікті атқарушы органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын (бұдан әрі – ЖАО) қалдықтарды құртуды және көмуді қоса алғанда, қалдықтарды жою инфрақұрылымын құруды, салуды, реконструкциялауды, жаңғыртуды және кеңейтуді (бұдан әрі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту) қаржыландыру үшін жалпы сомасы 54000000000 (елу төрт миллиард) теңгеге дейінгі қарызды мынадай шарттармен береді:

1) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – қарыздың бүкіл мерзімі үшін 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайыз);

2) қарыз мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

3) негізгі борышты өтеу – оператор мен қор арасында қарыз шарты жасалған күннен бастап негізгі борышты өтеу бойынша 1 (бір) жылдан аспайтын жеңілдікті кезеңмен және қордың бастамасы бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен жылына бір рет;

4) қарыз бойынша сыйақы төлеу – қарыздың бүкіл мерзіміне біржолғы төлеммен;

5) қамтамасыз етілмеген қарыз беріледі;

6) қарыз шартының өзге де талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалады.

4. Қарызды оператор қорға қордың өтінімі және қордың уәкілетті органының ЖАО-ның тиісті жобасын қаржыландыруды мақұлдау туралы шешімінің негізінде бөліктермен береді.

5. Қордың қарызды өтеуі нәтижесінде операторға қайтарылатын ақша оператордың банктік шотында жинақталады және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша жобаларды кейіннен қаржыландыру үшін пайдаланылады.

6. Қор ЖАО-мен қарыз шарттарын мынадай негізгі талаптарда жасасады:

1) қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3%-дан (үш пайыздан) аспайды;

2) қарыз мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

3) негізгі борышты өтеу – қор мен ЖАО арасында қарыз шарты жасалған күннен бастап негізгі борышты өтеу бойынша 1 (бір) жылдан аспайтын жеңілдікті кезеңмен және ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығымен жылына бір рет;

4) қарыз бойынша сыйақы төлеу – жылына бір рет;

5) қарыз Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖАО-ның тиісті жергілікті бюджетте қарызға қызмет көрсетуге және оны өтеуге қажетті ақшаның бар екенін растауы немесе тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджетте осындай шығыстарды қосу бойынша ЖАО-ның міндеттемелерін ұсынуы шартымен қамтамасыз етілмей беріледі;

6) қарыз шартының өзге де талаптары  қордың талаптарына сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалады.

7. ЖАО-ға қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын құруға, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және кеңейтуге қарыз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау-сметалық құжаттама болған кезде, жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімдерінде көзделген қатты тұрмыстық қалдықтарды көму объектісінің құрылысымен тікелей байланысты шығындар шегінде беріледі.

8. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту бойынша жобаларды қаржыландыру полигон салу көзделіп отырған аумақта түзілетін қалдықтар көлемін өңдеуді қамтамасыз ететін қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымы немесе осындай инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын растайтын құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаудың қолданыстағы инфрақұрылымы болмаған жағдайда ЖАО:

1) қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау объектісін құру жөніндегі жобаны іске асыру туралы ЖАО шешімін не осындай объектіні құру жөніндегі шаралардың қабылданғанын растайтын өзге де құжатты;

2) жер учаскесі, объектінің жоспарланатын қуаты және оны пайдалануға беру мерзімдері туралы мәліметтерді;

3) қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау объектісін салуды қаржыландыру көздерін растайтын құжаттарды ұсынады.

9. Осы Қағидаларға сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын құруға, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және кеңейтуге берілетін ақша тек көрсетілген мақсаттарға пайдаланылады және қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау объектілерін салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға және жарақтандыруға, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигондарына инженерлік және көлік инфрақұрылымын құруға және тартуға пайдаланылмайды.

10. Жобаның қымбаттауын қаржыландыруды ЖАО тиісті жергілікті бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады. Қор мақұлдаған қарыз сомасы ұлғайтылмауға тиіс.

11. Қордың ЖАО-ны қаржыландыруы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ЖАО қорға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын жоба паспортын, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған жобалау-сметалық құжаттаманы, осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды (қажеттілігіне қарай), сондай-ақ қор айқындайтын өзге де құжаттарды қоса бере отырып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобаны қаржыландыруға өтінім жібереді (жоба паспорты жоба мен өтініш беруші туралы жалпы мәліметтерді, жобаның мақсаты мен сипаттамасын, объектінің негізгі техникалық сипаттамаларын, жобаның құны мен оны қаржыландыру құрылымы туралы мәліметтерді, қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің, жұмыстар мен жабдықтардың тізбесін, жобалау-сметалық құжаттаманың негізгі көрсеткіштерін, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы туралы мәліметтерді және жобаны іске асыру мерзімдерін қамтиды);

2) қор өтінім мен құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтінім мен құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны іске асыру қажеттілігін, оның қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында көзделген қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталғанын растау үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды көму объектілерін салу жобаларын қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына шығарады;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қорға комиссияның оң шешімі не негізделген бас тарту қоса берілген хатты жібереді (уәжді бас тарту алынған жағдайда қор ЖАО-мен бірлесіп құжаттарды пысықтайды және оларды осы Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасына сәйкес қайта қарауға жібереді не ЖАО-ға қаржыландырудан уәжді бас тартуды жібереді;

5) комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қор осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген хатты алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ЖАО ұсынған жоба мен құжаттарды қарайды, олардың осы Қағидалардың талаптарына, тиісті жобаларды қаржыландыру кезінде қолданылатын қордың шарттары мен талаптарына сәйкестігін тексереді (қарау нәтижелері бойынша және жоба мен ұсынылған құжаттардың көрсетілген талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда қор операторға комиссияның шешімі, жоба паспорты және тиісті қаржы жылына арналған жобаны қаржыландырудың болжамды көлемі туралы ақпарат қоса берілген жобаның қор талаптарына сәйкестігі туралы хатты жібереді);

6) оператор Қағидалардың осы тармағының 5) тармақшасында көзделген құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың болжамды көлемін оператордың инвестициялық саясатының тиісті бөліміне қосады және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді;

7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оператордың инвестициялық саясатын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны келіседі не операторға келісуден уәжді бас тартуды жібереді (уәжді бас тарту алынған жағдайда оператор 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жояды және оператордың инвестициялық саясатын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге қайта жібереді);

8) оператор Қағидалардың осы тармағының 7) тармақшасында көзделген келісуді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қор мақұлдаған қаржыландыру көлемінің сомасына қарыз шартын жасасады;

9) қор ЖАО-ға қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту және кеңейту жөніндегі жобаны іске асыруға осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттармен қарыз беруді жүзеге асырады.

12. Жобаларды іске асыруға бағытталған қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды осы Қағидаларға сәйкес қор және оператор жүзеге асырады.

_________________________________

1 Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе кеңейту жөніндегі жобаның паспорты

Қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды
қаржыландыру қағидаларына
қосымша
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу, реконструкциялау,
жаңғырту немесе кеңейту жөніндегі жобаның
паспорты
Р/с

Көрсеткіш атауы
Мәліметтер
Өлшем бірлігі/ескертпе
1
2
3
4
1. Жоба туралы жалпы мәліметтер
1
Жобаның атауы
2
Жобаның түрі
салу / реконструкциялау / жаңғырту / кеңейту
3
Жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, елді мекен)
4
Өтініш беруші – жергілікті атқарушы орган
5
ЖАО-ның жауапты құрылымдық бөлімшесі
6
Байланыс жасайтын адам (Т.А.Ә., лауазымы, телефоны, электрондық поштасы)
2. Жобаның мақсаты және негізгі параметрлері
7
Жобаның мақсаты
8
Жобаның қысқаша сипаттамасы
9
Полигонның жобалық қуаты
жылына тонна
10
Полигонның жобалық пайдалану мерзімі
жыл
11
Жер учаскесінің ауданы
гектар
12
Жер учаскесі туралы мәліметтер (кадастрлық нөмірі, құқық белгілейтін құжат)
13
Қызмет көрсету аумағы және халық саны
14
Жобаны іске асырудың жоспарланған басталу мерзімі
15
Объектіні пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі
3. Жобалау-сметалық құжаттама және сараптама
16
Жобалау-сметалық құжаттаманың атауы
17
Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуші
18
Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының күні мен нөмірі
19
Тапсырыс берушінің жобалау-сметалық құжаттаманы бекіткен күні
4. Жобаның құны және қаржыландыру құрылымы
20
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес барлық объектілерді, жұмыстарды, жабдықтарды және ілеспе инфрақұрылымды қоса алғанда, жобаның жалпы сметалық құны
теңге
21
Меншікті қаражат және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты
теңге
22
Қаржыландырудың өзге де көздері
теңге
23
Қордан сұратылатын қарыз қаражатының сомасы
теңге
5. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау инфрақұрылымы туралы мәліметтер
24
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау жөніндегі қолданыстағы инфрақұрылымның болуы
бар / жоқ
25
Сұрыптау объектісінің атауы және орналасқан жері
26
Сұрыптау объектісінің жобалық қуаты
жылына тонна
27
Қолданыстағы объект болмаған жағдайда – оны құру жөніндегі іс-шаралар, пайдалануға беру мерзімдері және қаржыландыру көздері туралы мәліметтер
6. Жобаның күтілетін нәтижелері
28
Күтілетін экологиялық әсер
29
Объект пайдалануға берілгеннен кейін қатты тұрмыстық қалдықтарды көмудің жоспарланатын көлемі
жылына тонна
30
Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеудің жоспарланатын үлесі
пайыз
31
Құрылатын жұмыс орындарының саны
бірлік
32
Жобаның нәтижелілігінің өзге де көрсеткіштері
Жоба құнының таратып жазылуы
Р/с

Объектінің, жұмыстардың немесе шығындардың атауы
ЖСҚ бойынша құны, теңге
Оның ішінде
қарыз қаражаты есебінен, теңге
өзге қаржыландыру көздері есебінен, теңге
1
2
3
4
5
1
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын тікелей салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе кеңейту
2
Қатты тұрмыстық қалдықтарды көму объектісін салумен байланысты емес өзге де іс-шаралар (полигон аумағы шегіндегі абаттандыру және өзге де жұмыстар, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау объектілері, сыртқы инженерлік және көлік инфрақұрылымы, сондай-ақ ЖСҚ-да көзделген өзге де объектілер, жұмыстар мен шығындар)
ЖСҚ бойынша жобаның жалпы сметалық құны
Барлығы: қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигонын салумен, реконструкциялаумен, жаңғыртумен немесе кеңейтумен тікелей байланысты объектілердің, жұмыстардың және шығындардың құны
Қордан сұратылатын қарыз қаражатының мөлшері
Жергілікті атқарушы органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға
__________________ ______________________________
(қолы)         (Т.А.Ә.)
_____________________________________