О внесении изменений в некоторые постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам регулирования финансового рынка и противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения на финансовом рынке
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка по вопросам регулирования финансового рынка и противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных преступным путем, финансированию терроризма и финансированию распространения оружия массового уничтожения на финансовом рынке
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 126
- Қабылданған күні
- 07.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2026 I229866_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039846
- ЭКБ идентификаторы
- 229866
- Редакция идентификаторы
- I229866_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 12.09.2026 03:30
0
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің кейбір қаулыларына қаржы нарығын реттеу және қаржы нарығында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:
17-тармақтың 19) тармақшасы алып тасталсын;
25-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк берілген сенімхат негізінде клиенттің атынан әрекет ететін клиенттің өкілі арқылы іскерлік қатынастар орнатқан клиентке қатысты банк шығыс немесе кіріс операцияларын жүргізгенге дейін клиентті қосымша биометриялық аутентификациялауды жүргізеді.
Клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде, клиент ұялы байланыс құрылғысының абоненттік нөмірін не электрондық банктік қызметтерге қол жеткізу үшін пайдаланылатын ұялы байланыс абоненттік құрылғысын ауыстырған кезде банк клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізе отырып, клиентті екі факторлы сәйкестендіру қолданады. Клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізу үшін банк шотын ашу арқылы қашықтан тәсілімен іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының (бұдан әрі – СДАО) қызметтері «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 26 маусымдағы № 99 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 29 маусымдағы № 72 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39186 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен пайдаланылады. Клиентті сәйкестендірудің (аутентификациялаудың) екінші тәсілін банк Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы, қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес дербес айқындайды. Банк клиентті биометриялық аутентификациялауды жүргізу кезінде клиентпен іскерлік қатынастар, оның ішінде аутсорсинг негізінде тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не клиенттің алынған ағымдағы бейнесін сақтауды қамтамасыз етеді.»;
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қазақстан Республикасының бейрезидентіне, электрондық резиденттерге (e-Residency) банктік шот ашу және (немесе) төлем карточкасын шығару кезінде банк:
1) клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттарды тексереді;
2) биометриялық аутентификациялауды жүргізеді;
3) тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, құжаттық растау негізінде банктің ішкі құжаттарында көзделген клиенттерді тиісті тексеру бойынша қосымша шаралар қабылдайды.
Клиенттің биометриялық аутентификациялауды жүргізу үшін банктік шот ашу арқылы қашықтан іскерлік қатынастар орнатылған жағдайда СДАО қызметтерін пайдаланады.
27. Банк Талаптардың 22-тармағына және банктің ішкі құжаттарына сәйкес тәуекел дәрежесін және Талаптардың 26-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2 және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды талдауды, шаралар қабылдауды, сондай-ақ клиенттің белсенділік бейінін ескере отырып, клиенттің (клиенттер тобының) тәуекел деңгейін айқындайды.
Банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін берген немесе олар бойынша алаяқтық тәуекелдеріне және құқыққа қарсы оқыс оқиғаларға ұшырауға бейім деген күдік бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қатысты банк тиісті күшейтілген тексеру шараларын қолданады және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңға және банктің ішкі бақылау қағидаларына сәйкес операциялардың мониторингін жүзеге асырады.».
2. «Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі №86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38586 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:
21-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) банктің директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін, осы банктің ірі қатысушысы мәртебесі бар банктің директорлар кеңесінің мүшесін қоспағанда, мерзімді түрде (жылына бір реттен кем емес) бағалау;»;
111-тармақта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңсыз қызметті, оның ішінде алаяқтықты, алдауды, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ, есірткінің заңсыз өндірілуін, айналымын және (немесе) транзитін, қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыруға, электрондық казино мен интернет-казиноның, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар пайдасына, сондай-ақ мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, бірыңғай есепке алу жүйесінен тыс букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың пайдасына төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыруға;»;
екінші бөліктің 4) тармақшасы алып тасталсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде (5) тармақшаны қоспағанда) көрсетілген клиенттерге қатысты банк КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейін береді, осындай клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданады және:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк осы тармақтың екінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген клиенттерді мәртебесі және (немесе) кімнің қызметі КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің түрлеріне жатқызады және талдау қорытындылары бойынша КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ тәуекелінің жоғары деңгейіндегі клиентке қатысты банкте бар мәліметтер мен ақпаратты берген кезде осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.».
3. Қаржы ұйымдарын әдіснама және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) Заң департаментімен бірлесіп, осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі