Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта «Деятельность фитнес-клубов»

Бұйрық · № 165 · қабылданған 04.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229871/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта «Деятельность фитнес-клубов» Күшіне енбеген 04.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении профессионального стандарта «Деятельность фитнес-клубов»

Күшіне енбеген Бұйрық № 165 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта «Деятельность фитнес-клубов»
Атауы (қаз.)
«Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
165
Қабылданған күні
04.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
22.09.2026
Көрсетілген редакция
04.09.2026 I229871_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26TS000165
ЭКБ идентификаторы
229871
Редакция идентификаторы
I229871_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
12.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандартын бекіту туралы

«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қол қойылған күнінен кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандарты

Бұйрыққа қосымша
«Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қолданылу саласы: Дене шынықтыру және спорт саласындағы «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) дене белсенділігімен және халықты сауықтырумен байланысты ұйымдар мен кәсіпорындарда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі шеңберінде қолданылады және фитнес-индустрия саласындағы қызметті реттейді.
Кәсіби стандарт мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды, оның ішінде еңбек функцияларын, қажетті білімді, дағдыларды сипаттауды анықтайды.

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) информалды білім беру – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

2) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

3) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

4) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

5) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

7) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

8) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

9) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

1) БС – біліктілік анықтамалығы;

2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

3) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.

2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Фитнес-клубтардың қызметі».

5. Кәсіптік стандарттың коды: R93999128.

6. ЭҚЖЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:

R Өнер, ойын-сауық және демалыс.
93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру және саласындағы қызмет.
93.2 Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
93.29 Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет.
93.29.9 Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызметтің өзге де түрлері.

7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: «Фитнес-клубтардың қызметі» кәсіптік стандарты кәсіби нұсқаушылар мен жаттықтырушылардың жетекшілігімен өткізілетін спорттық жаттығуларды айқындайды.

8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:

1) фитнес-орталықтың директоры – СБШ 6 деңгейі;

2) фитнес-бағыт әдіскері – СБШ 5 деңгейі;

3) шебер-жаттықтырушы – СБШ 5 деңгейі;

4) топтық бағдарламалардың фитнес-жаттықтырушысы – СБШ 4 деңгейі;

5) жаттығу залының фитнес-жаттықтырушысы – СБШ 4 деңгейі.

6) фитнес жөніндегі нұсқаушы – СБШ 2 деңгейі.

3-тарау. Кәсіптер карточкалары

9. «Фитнес-орталықтың директоры» кәсібінің карточкасы:
Топ коды:
1431-0
Сабақ атауының коды:
1431-0-010
Кәсіптің атауы:
Фитнес-орталықтың директоры
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
6
СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:
-
БТБА, БА, үлгілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
-
Кәсіптік білім деңгейі:
Білім деңгейі:
Жоғары білім (бакалавриат, специалитет, ординатура)
Мамандығы:
-
Біліктілік:
-
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
1. Фитнес, дене шынықтыру, спорт және спорттық-сауықтыру қызметтері саласында кемінде 3 жыл басқарушылық тәжірибесі бар мамандар.
2. Фитнес-индустрия саласында кемінде 5 жыл кәсіби еңбек өтілі және қызметкерлердің, бөлімшелердің немесе жобалардың қызметін үйлестіру тәжірибесі бар мамандар.
Формалды емес және информалды біліммен байланыс:
Талап етілмейді
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
1431-0-006 Спорт ғимаратының директоры (меңгерушісі)
1431-0-008 Спорт клубының директоры
1431-0-009 Дене шынықтыру-спорт ұйымының директоры
Қызметтің негізгі мақсаты:
1. Фитнес-орталықтың қызметін ұйымдастыру және стратегиялық басқару.
2. Фитнес-қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Фитнес-бағыттарды дамыту.
4. Персоналды басқару және заманауи цифрлық технологиялар мен фитнес-индустрия стандарттарын енгізу.
Еңбек функцияларының сипаттамасы:
Еңбек функцияларының тізімі:
Міндетті еңбек функциялары:
1. Фитнес-орталықтың қызметін ұйымдастыру және стратегиялық басқару.
2. Фитнес-орталықтың жаттығу, әдістемелік және сервистік процестерін басқару.
3. Көрсетілетін фитнес-қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
4. Фитнес-орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен персоналын басқару және дамыту.
5. Фитнес-бағдарламалар мен қызмет стандарттарын әзірлеу, енгізу және бақылау.
6. Фитнес-орталықтың қаржылық-экономикалық тиімділігін, сатылуын және дамуын басқару.
7. Клиенттермен, әріптестермен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
8. Фитнес-орталықтың қызметіне заманауи технологияларды, цифрлық шешімдерді және инновациялық тәсілдерді енгізу.
Қосымша еңбек функциялары:
1. Фитнес және салауатты өмір салты саласындағы корпоративтік және әлеуметтік жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
2. Фитнес-индустрия саласындағы салалық, сараптамалық және кәсіби қызметке қатысу.
Еңбек функциясы 1:
Фитнес-орталықтың қызметін ұйымдастыру және стратегиялық басқару
Дағды 1:
Фитнес-орталық қызметін стратегиялық және операциялық басқару
Машықтар:
1. Фитнес-орталықтың қызметін жоспарлау.
2. Стратегиялық және операциялық даму жоспарларын әзірлеу.
3. Фитнес-орталық қызметінің тиімділігін талдау.
4. Фитнес-қызметтерді дамытудың басым бағыттарын айқындау.
Білімдер:
1. Стратегиялық және операциялық менеджмент негіздері.
2. Фитнес-индустрияны дамытудың қазіргі заманғы үрдістері.
3. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы.
4. Жоспарлау және ұйымды басқару негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді:
Дағды 2:
Фитнес-орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру
Машықтар:
1. Құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру.
2. Фитнес-орталық бөлімшелері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
3. Ішкі регламенттер мен стандарттардың орындалуын бақылау.
4. Жұмыс процестерін оңтайландыру.
Білімдер:
1. Ұйымдастырушылық басқару негіздері.
2. Бизнес-процестерді құру қағидаттары.
3. Әкімшілік басқару негіздері.
4. Фитнес-орталық қызметінің ішкі стандарттары.
Дағды 3:
Фитнес-орталық қызметінде нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету
Машықтар:
1. Нормативтік талаптар мен ішкі ережелердің сақталуын қамтамасыз ету.
2. Фитнес-орталықтың қызметіне ішкі бақылауды ұйымдастыру.
3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын бақылау.
4. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Білімдер:
1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы.
2. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы.
3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптары.
4. Ақпараттандыру және дербес деректерді қорғау саласындағы заңнама
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 2:
Фитнес-орталықтың жаттығу, әдістемелік және сервистік процестерін басқару
Дағды 1:
Фитнес-орталықтың қызметін әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру
Машықтар:
1. Жаттықтырушылар құрамын әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру.
2. Ішкі әдістемелік материалдарды әзірлеу.
3. Қазіргі заманғы әдістемелік тәсілдерді енгізу.
4. Жаттығу стандарттарының сақталуын бақылау
Білімдер:
1. Әдістемелік сүйемелдеу негіздері.
2. Фитнес-даярлықты ұйымдастырудың заманауи тәсілдері.
3. Фитнес-бағдарламаларды әзірлеу қағидаттары.
4. Жаттығу процесінің сапасын бақылау негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Клиенттік сервисті және клиенттерді сүйемелдеуді ұйымдастыру
Машықтар:
1. Клиенттік сервис жүйесін ұйымдастыру.
2. Клиенттерге қызмет көрсету сапасын талдау.
3. Жанжалды жағдайларды шешу.
4. Клиенттердің қанағаттану деңгейін арттыру.
Білімдер:
1. Клиенттік сервис негіздері.
2. Іскерлік коммуникация негіздері.
3. Клиенттермен өзара іс-қимыл қағидаттары.
4. Фитнес-индустриядағы қызмет көрсету стандарттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 3:
Көрсетілетін фитнес-қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Дағды 1:
Фитнес-қызметтердің сапасын бақылау
Машықтар:
1. Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау.
2. Фитнес-орталық жұмысының тиімділігін бағалау.
3. Қызмет көрсету сапасының төмендеу тәуекелдерін анықтау.
4. Сапаны жақсарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
Білімдер:
1. Фитнес-қызметтер сапасының стандарттары.
2. Сапа менеджменті жүйесінің негіздері.
3. Қызмет көрсету сапасын бағалау әдістері.
4. Тәуекел-менеджмент негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Фитнес-орталық қызметінің қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру
Машықтар:
1. Қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау.
2. Штаттан тыс жағдайлардың алдын алуды ұйымдастыру.
3. Санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру.
Білімдер:
1. Қауіпсіздік техникасы талаптары.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
3. Еңбекті қорғау негіздері.
4. Өрт қауіпсіздігі талаптары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 4:
Фитнес-орталықтың жаттықтырушылар құрамы мен персоналын басқару және дамыту
Дағды 1:
Фитнес орталығының персоналын басқару
Машықтар:
1. Персоналдың қызметін үйлестіру.
2. Функционалдық міндеттерді бөлу.
3. Қызметкерлер жұмысының тиімділігін бағалау.
4. Ұжым ішінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Білімдер:
1. Персоналды басқару негіздері.
2. Еңбекті ұйымдастыру қағидаттары.
3. Персоналды ынталандыру негіздері.
4. Корпоративтік басқару негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Персоналдың кәсіби дамуын ұйымдастыру
Машықтар:
1. Қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.
2. Персоналдың оқытуға қажеттілігін анықтау.
3. Кадр резервін қалыптастыру.
4. Ішкі оқытуды ұйымдастыру.
Білімдер:
1. Персоналдың кәсіби даму негіздері.
2. Ересектерді оқытудың заманауи тәсілдері.
3. Тәлімгерлік қағидаттары.
4. Кәсіби құзыреттерді бағалау негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 5:
Фитнес-бағдарламалар мен қызмет стандарттарын әзірлеу, енгізу және бақылау
Дағды 1:
Фитнес-бағдарламаларды әзірлеу және енгізу
Машықтар:
1. Фитнес-бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру.
2. Фитнес-бағыттардың қажеттілігін талдау.
3. Қазіргі заманғы фитнес-технологияларды енгізу.
4. Бағдарламалардың тиімділігін бақылау.
Білімдер:
1. Заманауи фитнес бағыттар.
2. Фитнес-бағдарламаларды әзірлеу негіздері.
3. Fitness-tech технологиясы.
4. Фитнес-талдау негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Фитнес-орталық қызметінің стандарттарын әзірлеу және бақылау
Машықтар:
1. Қызметтің ішкі стандарттарын әзірлеу.
2. Стандарттардың сақталуын бақылау.
3. Сапаны ішкі бақылауды ұйымдастыру.
4. Қызмет көрсету процестерін жетілдіру.
Білімдер:
1. Қызметті стандарттау негіздері.
2. Қызмет көрсету сапасын бақылау қағидаттары.
3. Бизнес-процестерді регламенттеу негіздері.
4. Ұйымдастырушылық бақылау әдістері.
Еңбек функциясы 6:
Фитнес-орталықтың қаржылық-экономикалық тиімділігін, сатылуын және дамуын басқару
Дағды 1:
Фитнес-орталық қызметінің тиімділігі мен қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Машықтар:
1. Фитнес-орталық қызметінің көрсеткіштерін талдау.
2. Фитнес-бағыттардың тиімділігін бағалау.
3. Талдамалық есептерді қалыптастыру.
4. Қызметтерді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
5. Фитнес-орталықтың кірістеріне, шығыстарына және негізгі тиімділік көрсеткіштеріне жоспар-факт талдау жүргізу.
6. Қызметтер кірістілігін, рентабельділігін және фитнес-орталық ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау.
7. Шығыстардың құрылымын талдау және оларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Білімдер:
1. Талдау және есептілік негіздері.
2. Қызметтің тиімділігін бағалау әдістері.
3. Фитнес-индустрия экономикасының негіздері.
4. Фитнес-нарықтың қазіргі заманғы үрдістері.
5. Фитнес-орталықтың кірістерін, шығыстарын және негізгі тиімділік көрсеткіштерін талдау жоспар-фактісінің негіздері.
6. Қызметтердің кірістілігін, рентабельділігін және фитнес-орталықтың ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау әдістері.
7. Шығыстардың құрылымын және оларды оңтайландыру тәсілдерін талдау қағидаттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Фитнес-орталықтың фитнес-бағыттарын, қызметтерін және сатуларын дамыту
Машықтар:
1. Нарықтың қажеттіліктерін талдау.
2. Фитнес-бағыттарды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3. Жаңа қызметтер мен форматтарды енгізу.
4. Фитнес-орталықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Сату, клиенттерді ұстап қалу, клуб жүктемелері және мүшелік базаны дамыту көрсеткіштерін талдау.
6. Клиенттердің жолын, абонементтерді ұзартуды, қайта сатуды және LTV клиенттерді бағалау.
7. Клиенттердің қанағаттануын арттыру және фитнес-орталықтың жүктемесін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
8. Сату жоспарын орындау және клиенттік базаны дамыту бойынша бөлімшелердің іс-қимылдарын үйлестіру.
Білімдер:
1. Фитнес-индустрияның қазіргі заманғы үрдістері.
2. Фитнес-өнімді дамыту негіздері.
3. Фитнес-қызметтердің маркетингісі негіздері.
4. Кәсіби құзыреттерді бәсекелі талдау қағидаттары.
5. Сатуды талдау, клиенттерді ұстап тұру, клубты жүктеу және мүшелік базаны дамыту әдістері.
6. Клиенттердің жолын, абонементтерді ұзартуды, қайта сатуды және LTV клиенттерді талдау негіздері.
7. Клиенттердің қанағаттануын арттыру және фитнес-орталықтың жүктемесін арттыру тәсілдері.
8. Сату жоспарын орындау және клиенттік базаны дамыту бойынша бөлімшелерді үйлестіру қағидаттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 7:
Клиенттермен, әріптестермен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру
Дағды 1:
Сыртқы өзара іс-қимылды және фитнес-орталықты ілгерілетуді ұйымдастыру
Машықтар:
1. Салалық іс-шараларға қатысу.
2. Фитнес-орталықтың сыртқы байланыстарын дамыту.
3. Сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
4. Фитнес-орталықтың оң имиджін қалыптастыру.
Білімдер:
1. PR және коммуникация негіздері.
2. Қызметтерді ілгерілетудің қазіргі заманғы тәсілдері.
3. Кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимыл негіздері.
4. Фитнес-индустриядағы кәсіби құзыреттерді дамыту үрдістері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Клиенттермен және әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру
Машықтар:
1. Клиенттермен және әріптестермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
2. Келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу.
3. Әріптестік қатынастарды дамыту.
4. Фитнес-орталықтың мүддесін білдіру.
Білімдер:
1. Іскерлік коммуникация негіздері.
2. Клиенттік өзара іс-қимыл қағидаттары.
3. Әріптестік өзара іс-қимыл негіздері.
4. Іскерлік этикет негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 8:
Фитнес-орталықтың қызметіне қазіргі заманғы технологияларды, цифрлық шешімдерді және инновациялық тәсілдерді енгізу
Дағды 1:
Цифрлық шешімдерді енгізу және фитнес-орталықтың қызметін автоматтандыру
Машықтар:
1. Цифрлық платформалар мен ақпараттық жүйелерді енгізу.
2. Бизнес-процестерді автоматтандыруды ұйымдастыру.
3. Цифрлық талдау құралдарын пайдалану.
4. Цифрлық шешімдердің тиімділігін бағалау.
Білімдер:
1. Бизнес-процестерді цифрландыру негіздері.
2. Цифрлық технологиялар және fitness-tech шешімдер.
3. Цифрлық талдау негіздері.
4. Фитнес-орталықтың ақпараттық жүйелері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Жаңа фитнес-қызметтер мен цифрлық шешімдерді енгізу
Машықтар:
1. Фитнес-орталықтың қызметіне инновациялық тәсілдерді енгізу.
2. Қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді талдау.
3. Қазіргі заманғы фитнес-сервистерді дамытуды ұйымдастыру.
4. Қызметтердің жаңа форматтарын енгізуді қамтамасыз ету.
Білімдер:
1. Фитнес-индустриядағы заманауи инновациялық технологиялар.
2. Fitness-tech даму үрдістері.
3. Инновациялық менеджмент негіздері.
4. Фитнес-индустриядағы заманауи цифрлық сервистер.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 1:
Фитнес және салауатты өмір салты саласындағы корпоративтік және әлеуметтік жобаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу
Дағды 1:
Корпоративтік және әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және сүйемелдеу
Машықтар:
1. Фитнес және салауатты өмір салты саласында корпоративтік және әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру.
2. Жобаларға қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіру.
3. Корпоративтік фитнес-бағдарламаларды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
4. Іске асырылатын жобалардың тиімділігін бағалау.
Білімдер:
1. Корпоративтік және әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру негіздері.
2. Салауатты өмір салтын ілгерілету қағидаттары.
3. Жобалық басқару негіздері.
4. Wellness және fitness-индустрияны дамытудың қазіргі заманғы үрдістері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Спорттық-сауықтыру және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру
Машықтар:
1. Спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру.
2. Корпоративтік фитнес-іс-шараларды өткізуді үйлестіру.
3. Әрiптестермен және iс-шараларға қатысушылармен өзара iс-қимыл жасау.
4. Іс-шараларды ұйымдастыру сапасын бақылау.
Білімдер:
1. Іс-шараларды ұйымдастыру негіздері.
2. Клиенттік сервис қағидаттары.
3. Іскерлік коммуникация негіздері.
4. Іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 2:
Фитнес-индустрия саласындағы салалық, сараптамалық және кәсіби қызметке қатысу
Дағды 1:
Кәсіби және салалық өзара іс-қимылға қатысу
Машықтар:
1. Салалық және кәсіптік іс-шараларға қатысу.
2. Кәсіби қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау.
3. Кәсіби ортада фитнес-орталықтың мүддесін білдіру.
4. Фитнес-индустрияның қазіргі заманғы үрдістерін талдау.
Білімдер:
1. Фитнес-индустрияны дамытудың қазіргі заманғы үрдістері.
2. Кәсіби өзара іс-қимыл негіздері.
3. Фитнес-менеджменттің халықаралық тәжірибелері.
4. Фитнес-индустрияны салалық дамыту негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Дағды 2:
Сараптамалық және консультациялық қызметке қатысу
Машықтар:
1. Сараптамалық және талдау материалдарын дайындау.
2. Фитнес-индустрияны дамыту мәселелерін талқылауға қатысу.
3. Фитнес-қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
4. Фитнес-орталықтың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру.
Білімдер:
1. Сараптама және талдау қызметінің негіздері.
2. Фитнес-қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері.
3. Фитнес-индустрияны стратегиялық дамыту негіздері.
4. Кәсіби коммуникация қағидаттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар
Бейімділік
Стратегиялық ойлау
Күйзеліске төзімділік
Командада жұмыс істей білу
Аналитикалық ойлау
Клиентке бағдарлану
Сапа мен қызмет көрсетуді дамытуға бағдарлану
Басқару және коммуникативтік дағдылар
Кәсіби жауапкершілік және этика
Көшбасшылық қасиеттер
Ұйымдастырушылық қабілеттер
Қаржылық сауаттылық және жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағдарлану
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
СБШ деңгейі:
Кәсіптің атауы:
6
Спорт ғимаратының директоры (меңгерушісі)
6
Спорт клубының директоры
6
Дене шынықтыру-спорт ұйымының директоры
10. «Фитнес-бағыт әдіскері» кәсібінің карточкасы
Топ коды:
3423-0
Сабақ атауының коды:
-
Кәсіптің атауы:
Фитнес-бағыт әдіскері
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
5
СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:
-
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
-
Кәсіптік білім деңгейі:
Білім деңгейі:
Орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)
Мамандығы:
Дене тәрбиесі және спорт
Біліктілік:
-
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Талап етілмейді
Формалды емес және информалды біліммен байланысы:
Қосымша кәсіптік даярлауға, халықаралық сертификаттауға, біліктілікті арттыру бағдарламаларына және фитнес, спорттық даярлық және жаттығу процесін әдістемелік сүйемелдеу саласындағы бейресми білім беру нәтижелерін тануға жол беріледі
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
Қызметтің негізгі мақсаты:
1. Фитнес-бағыттардағы әдістемелік сүйемелдеу.
2. Жаттығу стандарттарын әзірлеу және енгізу.
3. Жаттығу процесінің сапасын үйлестіру.
4. Жаттықтырушылар құрамының кәсіби құзыреттерін дамыту және фитнес-даярлықтың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу.
Еңбек функциялардың сипаттамасы
Еңбек функцияларының тізімі:
Міндетті еңбек функциялары:
1. Әдістемелік материалдарды, жаттығу стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеу, өзектендіру және енгізу.
2. Жаттықтырушылар құрамын әдістемелік сүйемелдеу.
3. Жаттықтыру процесінің сапасын бақылау, ішкі оқыту және жаттықтырушылар құрамының кәсіби құзыреттерін бағалау.
4. Жаттығу бағдарламалары мен фитнес бағыттарының тиімділігін талдау.
5. Фитнес-даярлаудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемелерін енгізу.
Қосымша еңбек функциялары:
1. Білім беру бағдарламаларын және корпоративтік оқытуды әзірлеуге қатысу
Еңбек функциясы 1:
Әдістемелік материалдарды, жаттығу стандарттары мен бағдарламаларын әзірлеу, өзектендіру және енгізу
Дағды 1:
Әртүрлі санаттағы клиенттердің мақсаттарын, даярлық деңгейін, ерекеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әдістемелік материалдарды, жаттығу стандарттарын, бағдарламаларды, ұсынымдар мен жаттығу қызметінің хаттамаларын әзірлеу, өзектендіру, бейімдеу және енгізу
Машықтар:
1. Жаттығу процесінің ішкі стандарттарының тұжырымдамаларын және жаттығу қызметінің сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу.
2. Жаттықтырушыларға арналған жаттығу процесін құру, жүктемені талдау және сабақтарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды қалыптастыру.
3. Клиенттердің мақсаттарын, дене дайындығы деңгейін, жеке ерекшеліктерін, функционалдық мүмкіндіктерін, сондай-ақ жаттығу процесінің міндеттерін, жүктеме құрылымын, жаттығуларды орындау қауіпсіздігін және күтілетін нәтижелерді ескере отырып, әртүрлі бағыттағы жаттығу бағдарламаларын әзірлеу, талдау және жетілдіру.
4. Кәсіби құзіреттілік шегінде денсаулық бойынша рұқсат етілген шектеулері бар жаңа бастаушыларды, жас шамасындағы клиенттерді қоса алғанда, клиенттердің әртүрлі санаттарына арналған жаттығу бағдарламаларын бейімдеу.
5. Қазіргі заманғы тәсілдерді, технологияларды және жаттығу жүйелерін ескере отырып, жаттығу бағдарламалары мен әдістемелік материалдарды өзектендіру.
6. Жаттығуларды қауіпсіз орындау және жарақаттанудың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу.
7. Жаттығу бағдарламаларының тиімділігін талдау және нәтижелер мен кері байланыс негізінде түзетулер енгізу.
8. Жаттықтырушылар құрамының пайдалануы үшін шаблондар, хаттамалар және әдістемелік материалдар әзірлеу.
Білімдер:
1. Жаттығу қызметін стандарттау және жаттығу процесі сапасының ішкі стандарттарын әзірлеу қағидаттары.
2. Жаттығу процесін құру, жүктемені талдау және сабақтарды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу негіздері.
3. Клиенттердің мақсаттарын, даярлық деңгейін және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі бағыттары жаттығу бағдарламаларын құру қағидаттары.
4. Жаңадан бастаған, жас шамасындағы клиенттерді және денсаулығы бойынша рұқсат етілген шектеулері бар клиенттерді қоса алғанда, клиенттердің әртүрлі санаттарының жас ерекшеліктері, физиологиялық және функционалдық ерекшеліктері.
5. Заманауи фитнес-технологиялар, әдістер, жаттығу жүйелері және әдістемелік материалдарды өзектендіру тәсілдері.
6. Жаттығу процесінде дене жаттығуларын қауіпсіз орындау, жарақаттанудың алдын алу және тәуекелдерді басқару қағидаттары.
7. Жаттығу бағдарламаларының тиімділігін бағалау, нәтижелерді талдау және жаттығу процесін түзету үшін кері байланысты пайдалану әдістері.
8. Жаттықтырушылар құраманың жұмысында қолдану үшін үлгілерді, хаттамалар мен әдістемелік материалдарды әзірлеу негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 2:
Жаттықтырушылар құрамын әдістемелік сүйемелдеу
Дағды 1:
Жаттықтырушыларды жаттығу процесін құру мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және консультация беру
Машықтар:
1. Жаттықтырушыларға жаттығу әдістемесі мәселелері бойынша кеңес беру.
2. Күрделі кәсіби жағдайларды талдау.
3. Жаттығу бағдарламаларын бейімдеуге көмек көрсету.
4. Жаттығу процесінің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
Білімдер:
1. Тәлімгерлік және ересектерді оқыту негіздері.
2. Жаттығу процесін құру әдістемесі.
3. Жүктемені бейімдеу және жаттығуларды дараландыру қағидаттары.
4. Кәсіби коммуникация негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 3:
Жаттықтыру процесінің сапасын бақылау, ішкі оқыту және жаттықтырушылар құрамының кәсіби құзыреттерін бағалау
Дағды 1:
Жаттығу процесінің сапасын және фитнес-ұйымның ішкі стандарттарының сақталуын бақылау, жаттықтырушылар құрамын ішкі оқытуды, кәсіби сүйемелдеуді, бағалауды және аттестаттауды ұйымдастыру
Машықтар:
1. Жаттықтырушылар құрамының жұмыс сапасын және жаттығу процесінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін талдау.
2. Жаттығу стандарттарының, қауіпсіздік талаптарының және фитнес-қызмет көрсету сапасының бұзылуын анықтау.
3. Жаттықтырушылардың жұмысын түзету және жаттығу процесінің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
4. Жаттығуларды өткізу және сабақтарды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау.
5. Жаттықтырушылар құрамы үшін ішкі оқыту іс-шараларын ұйымдастыру.
6. Әдiстемелiк консультациялар өткiзу, жаттықтырушыларды оқыту және кәсiби сүйемелдеу.
7. Жаттықтырушылар құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін және дәрігерге дейінгі көмекті меңгеру деңгейін бағалау.
8. Жаттықтырушыларға ішкі бағалау және аттестаттау жүргізуге қатысу.
9. Жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы бойынша ұсынымдар қалыптастыру.
10. Жаттықтырушылар құрамына қазіргі заманғы әдістемелік тәсілдер мен практикаларды беру.
Білімдер:
1. Жаттықтырушылар құрамының жұмыс сапасын және жаттығу процесінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау критерийлері.
2. Жаттығу стандарттарын, фитнес-қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасының талаптарын бұзу түрлері.
3. Жаттықтырушылардың жұмысын түзету және жаттығу процесінің сапасын арттыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу қағидаттары.
4. Фитнес-қызметтерді қауіпсіз көрсету стандарттары және жаттығулар өткізу, сабақтарды ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
5. Жаттықтырушылар құрамы үшін ішкі оқыту іс-шараларын ұйымдастыру қағидаттары.
6. Жаттықтырушыларға әдістемелік кеңес беру, оқыту және кәсіби сүйемелдеу негіздері.
7. Жаттықтырушылар құрамының кәсіби құзыреттерін және дәрігерге дейінгі көмегін бағалау критерийлері.
8. Жаттықтырушылар құрамын ішкі бағалау және аттестаттау хаттамалары.
9. Жаттықтырушылардың кәсіби даму, біліктілігін арттыру және жеке даму траекторияларын құру қағидаттары.
10. Жаттығу қызметінде қолданылатын фитнес-дайындықтың заманауи әдістемелік тәсілдері, тәжірибелері мен технологиялары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 4:
Жаттығу бағдарламалары мен фитнес бағыттарының тиімділігін талдау
Дағды 1:
Жаттығу бағдарламалары мен фитнес бағыттарының тиімділігін талдау
Машықтар:
1. Жаттығу бағдарламаларының нәтижелерін талдау.
2. Фитнес-бағыттардың тиімділігін бағалау.
3. Проблемалық аймақтарды анықтау және жақсартуды ұсыну.
4. Деректерді талдау үшін цифрлық құралдарды пайдалану.
Білімдер:
1. Фитнес-талдау негіздері.
2. Жаттығу процесінің тиімділігін бағалау әдістері.
3. Фитнес-индустрияның қазіргі заманғы үрдістері.
4. Жаттығу процесін цифрлық сүйемелдеу негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 5:
Фитнес-даярлаудың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемелерін енгізу
Дағды 1:
Жаттығу процесіне фитнес-даярлықтың қазіргі заманғы технологиялары мен әдістемелерін енгізу
Машықтар:
1. Қазіргі заманғы жаттығу әдістемелерін енгізу.
2. Цифрлық технологиялар мен фитнес-платформаларды пайдалану.
3. Жаттықтырушыларға жаңа технологияларды қолдану жөнінде кеңес беру.
4. Қазіргі заманғы тәсілдерді ұйым қызметіне бейімдеу.
Білімдер:
1. Фитнес даярлаудың заманауи технологиялары.
2. Фитнес-индустриядағы цифрлық шешімдер.
3. Қазіргі заманғы жаттығу әдістемелері.
4. Фитнесті дамыту үрдістері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 1:
Білім беру бағдарламаларын және корпоративтік оқытуды әзірлеуге қатысу
Дағды 1:
Білім беру бағдарламаларын және ішкі корпоративтік оқытуды әзірлеуге қатысу
Машықтар:
1. Оқыту материалдарын әзірлеу.
2. Білім беру бағдарламаларын дайындауға қатысу.
3. Персоналды оқыту үшін әдістемелік ұсынымдар қалыптастыру.
4. Оқыту материалдарының мазмұнын өзектендіру.
Білімдер:
1. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу негіздері.
2. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары.
3. Ересектерді оқытудың әдістемелік тәсілдері.
4. Персоналдың кәсіби даму қағидаттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар
Жауапкершілік
Күйзеліске төзімділік
Командада жұмыс істей білу
Клиентке бағдарлану
Эмпатия және байланысқа бейімділік
Клиенттерді ынталандыру және шабыттандыру қабілеті
Уақытты басқару дағдылары
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
СБШ деңгейі:
Кәсіптің атауы:
2
Фитнес жөніндегі нұсқаушы
4
Жаттығу залының фитнес-жаттықтырушысы
5
Топтық бағдарламалардың фитнес-жаттықтырушысы
5
Шебер-жаттықтырушы
11. «Шебер-жаттықтырушы» кәсібінің карточкасы
Топ коды:
3423-0
Сабақ атауының коды:
-
Кәсіптің атауы:
Шебер-жаттықтырушы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
5
СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:
-
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
-
Кәсіптік білім деңгейі:
Білім деңгейі:
Орта білімнен кейінгі білім (қолданбалы бакалавриат)
Мамандығы:
Дене тәрбиесі және спорт
Біліктілік:
-
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл
Формалды емес және информалды біліммен байланыс:
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
Қызметтің негізгі мақсаты:
1. Клиенттердің физикалық формасын сақтау және жақсарту.
2. Физикалық қасиеттерін дамыту және ағзаның функционалдық жағдайын көтеру үшін жеке ерекшеліктерін, дайындық деңгейін және жаттығу процесінің мақсаттарын ескере отырып жағдай жасау.
3. Жаттығу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
4. Фитнес-жаттығуларын өткізу.
5. Жаттықтырушылар құрамына әдістемелік қолдау және тәлімгерлік жасау.
6. Заманауи әдістемелерді ескере отырып жаттығу процесінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету.
Еңбек функцияларының сипаттамасы:
Еңбек функцияларының тізімі:
Міндетті еңбек функциялары:
1. Кеңейтілген консультация жүргізу және күрделі клиенттік жағдайларды талдау.
2. Кешенді жаттығу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.
3. Әртүрлі санаттағы клиенттермен жұмыс істеу.
4. Нәтижелерді бақылау және ұзақ мерзімді жаттығу стратегиясын түзету.
5. Жаттықтырушылар құрамына әдістемелік қолдау көрсету.
6. Ішкі оқыту және тәлімгерлік жүргізу.
7. Жаттығу процесінің сапасын бақылау.
8. Жаттығу қызметінің стандарттарын әзірлеу және енгізуге қатысу.
9. Жаттықтырушылар құрамын бағалау және аттестациялауға қатысу.
10. Кәсіби мамандандыруды дамыту.
11. Топтық фитнес бағдарламаларды қадағалау, өткізу және сапасын бақылау.
Қосымша еңбек функциялары:
Еңбек функциясы 1:
Кеңейтілген консультация жүргізу және күрделі клиенттік жағдайларды талдау
Дағды 1:
Клиентке кеңейтілген консультация жүргізу, күрделі клиенттік жағдайларды талдау, шектеулер мен қауіп факторларын анықтау және фитнес ортадағы жаттығуларға сүйемелдеу жүргізудің мүмкінділігін анықтау
Машықтар:
1. Күрделі клиенттік жағдайлармен жұмыс істеу.
2. Клиенттің шектеулерін, қарсы көрсеткіштерін, жас ерекшеліктерін және жеке ерекшеліктерін талдау.
3. Күрделі жағдайларды қарастырып, клиентті фитнес ортасында бақылауға алу мүмкіндігін шешу.
4. Клиентті профильдік маманға бағыттау қажеттілігін анықтау.
Білімдер:
1. Кәсіби деңгейдегі анатомия және биомеханика.
2. Қозғалыс үлгілері, шектеулер және қарсы көрсеткіштер.
3. Жаттықтырушының құзырет шектері және профильдік мамандармен өзара әрекет принциптері.
4. Денсаулығына байланысты шектеулері бар клиенттермен жұмыс сапасын бақылау, рұқсат беру, бейімдеу және бағыттау хаттамалары
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 2:
Тереңдетілген жаттығу бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру
Дағды 1:
Кезеңдерге бөлуді қолдана отырып, жүктемені басқару және ұзақ мерзімді мақсаттарды ескере отырып, тереңдетілген жаттығу бағдарламаларын әзірлеу, жүзеге асыру және түзету
Машықтар:
1. Күрделі және ұзақ мерзімді жаттығу бағдарламаларын құру.
2. Кезеңдерге бөлуді қолдану және жүктемені басқару.
3. Күрделі бақылау міндеттерінде қозғалысты және жаттығу жүктемесін түзету.
4. Жарақат алу қаупін болдырмау және қауіпсіз жаттығу процесін ұйымдастыру.
5. Әртүрлі жаттығу форматтары үшін әдістемелер әзірлеу.
Білімдер:
1. Жаттығу процесінің тереңдетілген теориясы мен әдістемесі.
2. Күштік жаттығулар, гипертрофия, қуат дамуы, энергетикалық жүйелер және дене күйін қалпына келтіру.
3. Кәсіби құзырет аясындағы коррекциялық жаттығулар және реабилитациялық фитнес принциптері.
4. Жаттығу қызметінің арнайы әдістемелерін әзірлеу негіздері.
5. Функционалды жаттығулар бағдарламаларын құру әдістемесі және шағын топтардағы жұмыс ерекшеліктері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 3:
Әртүрлі клиенттік категориялармен жұмыс істеу
Дағды 1:
Жасын, дайындық деңгейін, шектеулерді, денсаулық жағдайын және жеке ерекшеліктерді ескере отырып, жаттығу процесін әртүрлі клиенттік санаттарға бейімдеу.
Машықтар:
1. Жаттығуларды клиенттің шектеулері, жасы және жағдай ерекшеліктерін ескере отырып бейімдеу.
2. Клиент санаты мен рұқсат етілген қауіп деңгейін ескере отырып, жаттығу жүктемесін түзету.
3. Клиенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жаттығулар мен бақылау әдістерін таңдау.
4. Әртүрлі клиенттік санаттармен жұмыс істегенде жаттығу процесінің қауіпсіздігін бақылау.
5. Кәсіби құзыреттілік аясында алғашқы медициналық көмекті көрсету.
Білімдер:
1. Жасқа байланысты физиология, жасөспірімдермен, балалармен, қарт адамдармен және шектеулері бар клиенттермен жұмыс ерекшеліктері.
2. Кәсіби құзыреттілік аясындағы коррекциялық жаттығулар және реабилитациялық фитнес принциптері.
3. Қозғалыс үлгілері, шектеулер және қарсы көрсеткіштер.
4. Денсаулығына байланысты шектеулері бар клиенттерге рұқсат беру, бейімдеу және жағдайын бақылау хаттамалары.
5. Алғашқы медициналық көмектің алгоритмдері және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 4:
Ұзақ мерзімді жаттығу стратегиясының нәтижелерін бақылау және түзету
Дағды 1:
Клиенттің динамикасын бақылау, нәтижелерді талдау және мақсаттарды, жағдайды, бейімделу және қауіп факторларын ескере отырып, ұзақ мерзімді жаттығу стратегиясын түзету.
Машықтар:
1. Ұзақ мерзімді құжат жүргізу және клиенттің динамикасын бақылау.
2. Жаттығу процесінің нәтижелерін талдау және ұзақ мерзімді стратегияны түзету.
3. Қолданылатын жаттығу әдістерінің тиімділігін бағалау.
4. Клиент динамикасын ескере отырып, жүктемені, жаттығуларды және кезеңдерге бөлуді түзету.
Білімдер:
1. Жаттығу процесінің тереңдетілген теориясы мен әдістемесі.
2. Жаттығу процесін ұзақ мерзімге жоспарлаудың принциптері.
3. Нәтижелерді бақылау, бейімдеу және дененің қалпына келу принциптері.
4. Жаттығу стратегиясының тиімділігін бағалау критерийлері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 5:
Жаттықтырушылар құрамын қолдау
Дағды 1:
Жаттықтырушыларға бағдарламаларды құру, клиенттерге қолдау көрсету, жүктемені бейімдеу және күрделі кәсіби жағдайларды шешу мәселелері бойынша қолдау көрсету
Машықтар:
1. Жаттықтырушыларға бағдарламаларды құру және клиенттерге қолдау көрсету мәселелері бойынша кеңес беру.
2. Жаттықтырушылармен күрделі клиенттік жағдайларды қарастыру.
3. Жаттығу процесін бейімдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар беру.
4. Жаттықтырушылардың клиенттермен жұмыс кезінде хаттамаларды сақтауын бақылау.
Білімдер:
1. Жаттықтырушылар құрамына қолдау көрсету негіздері.
2. Ересектерді оқыту және тәлімгерлік негіздері.
3. Денсаулығына байланысты шектеулері бар клиенттермен жұмыс сапасын бақылау, рұқсат беру, бейімдеу және бағыттау хаттамалары.
4. Жаттықтырушының құзырет шектері және профильдік мамандармен өзара әрекет принциптері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 6:
Ішкі оқыту және тәлімгерлік жүргізу
Дағды 1:
Жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында жаттықтырушылар құрамына ішкі оқыту, тәлімгерлік және кәсіби қолдау көрсету
Машықтар:
1. Ішкі оқыту және тәлімгерлік жүргізу.
2. Жаттықтырушыларға жаттығу процесін құрудың әдістемелік принциптерін түсіндіру.
3. Жаттықтырушыларға әртүрлі клиенттік санаттармен жұмыс істеуге практикалық құралдарды беру.
4. Жаттықтырушылардың кәсіби дамуы үшін бағдарламалар мен ұсыныстар жасау.
Білімдер:
1. Ересектерді оқыту және тәлімгерлік негіздері.
2. Жаттықтырушылар құрамын әдістемелік қолдаудың негіздері.
3. Жаттығу процесінің тереңдетілген теориясы мен әдістемесі.
4. Жаттықтырушылар құрамына кәсіби коммуникация және әдістемелік білім беру принциптері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 7:
Жаттығу процесінің сапасын бақылау
Дағды 1:
Жаттығу процесінің сапасын бақылау, жаттықтырушылардың жұмысын талдау, стандарттардың бұзылуын анықтау және жетілдіруге арналған ұсыныстар жасау
Машықтар:
1. Жаттықтырушылардың жұмыс сапасын талдау және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
2. Жаттықтырушылардың хаттамаларды сақтауын бақылау.
3. Жаттығу процесін бейімдеудің дұрыстығын бағалау.
4. Қызмет сапасының төмендеу қаупін анықтау және түзету шараларын ұсыну.
Білімдер:
1. Қызмет сапасын бақылау принциптері.
2. Жаттықтырушылар құрамының жұмысын ішкі бағалау принциптері.
3. Қауіпсіз және тиімді жаттығу процесінің стандарттары.
4. Денсаулығы бойынша шектеулері бар клиенттермен жұмыс сапасын бақылау хаттамалары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 8:
Жаттығу қызметінің стандарттарын әзірлеуге және енгізуге қатысу
Дағды 1:
Жаттығу қызметінің ішкі стандарттарын, арнайы әдістемелер мен клиенттермен жұмыс хаттамаларын әзірлеуге, енгізуге және жаңартуға қатысу
Машықтар:
1. Ішкі стандарттарды әзірлеуге және енгізуге қатысу.
2. Жаттығу қызметі стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3. Барлық фитнес-клуб аумақтарында әзірленген бағдарламаларды (жеке және топтық) енгізу және олардың іске асырылуын бақылау.
4. Стандарттарды әзірлеу кезінде қауіпсіздік, сапа және кәсіби құзыреттілік талаптарын ескеру.
Білімдер:
1. Жаттығу қызметі стандарттарын әзірлеу негіздері.
2. Жаттығу қызметінің арнайы әдістемелерін әзірлеу негіздері.
3. Қызмет сапасын бақылау принциптері.
4. Клиенттермен жұмыс істеу кезінде рұқсат беру, бейімдеу, маршруттау және сапаны бақылау хаттамалары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 9:
Жаттықтырушылар құрамын бағалау және аттестациялауға қатысу
Дағды 1:
Жаттығу процесінің сапа стандарттарына, әдістемелік талаптар және қауіпсіздік критерийлеріне сүйене отырып, жаттықтырушылар құрамының кәсіби қызметін бағалау және аттестацияға қатысу.
Машықтар:
1. Жаттықтырушылардың кәсіби қызметін бағалауға қатысу.
2. Ішкі аттестация аясында жаттықтырушылардың жұмыс сапасын талдау.
3. Жаттықтырушылардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
4. Жаттықтырушылардың жаттығу қызметі стандарттары мен қауіпсіздік хаттамаларын сақтауын бағалау.
Білімдер:
1. Қызметкерлерді ішкі аттестациялау принциптері.
2. Қызмет сапасын бақылау принциптері.
3. Жаттығу процесінің сапасын бағалау критерийлері.
4. Жаттығу қызметінің ішкі стандарттары және жаттықтырушылар құрамына қойылатын талаптар.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 10:
Кәсіби мамандандыруды дамыту
Дағды 1:
Тар бағыттағы кәсіби мамандануды дамыту, арнайы әдістемелерді қолдану және шебер-жаттықтырушының кәсіби сараптамасын жетілдіру
Машықтар:
1. Тар бағыттағы кәсіби мамандануды дамыту.
2. Кәсіби құзыреттілік аясында арнайы әдістемелерді қолдану.
3. Кәсіби практиканы талдау және өз әдістемелік тәсілдерін жетілдіру.
4. Күрделі жаттығу міндеттерін шешу үшін арнайы білімдерді пайдалану.
Білімдер:
1. Жаттығу қызметінің арнайы әдістемелері.
2. Кәсіби деңгейдегі анатомия және биомеханика.
3. Жаттығу процесінің тереңдетілген теориясы мен әдістемесі.
4. Жаттықтырушының кәсіби дамуы мен мамандануына арналған заманауи тәсілдер.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 11:
Топтық фитнес бағдарламаларды қадағалау, өткізу және сапасын бақылау
Дағды 1:
Топтық фитнес бағдарламаларды өткізу, қадағалау және сапасын бақылау, сонымен қатар, жаттықтырушыларға топтық жаттығуларды ұйымдастыру, қауіпсіздік және тиімділік мәселелері бойынша кеңес беру
Машықтар:
1. Қатысушылардың мақсаты, бағыты, дайындық деңгейі және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, топтық жаттығудың құрылымын әзірлеу.
2. Әртүрлі бағыттағы топтық фитнес-жаттығуларды әдіснамаға, құрылымға және жаттығу міндеттеріне сәйкес өткзу.
3. Қатысушылардың әртүрлі физикалық дайындық деңгейін ескере отырып, топтық форматтағы жаттығулар мен жүктемені бейімдеу.
4. Қатысушылардың жаттығуларды орындау техникасын бақылау және топтық жаттығу барысында қателерді түзету.
5. Топтық динамика, жаттығу ырғағы, назар аудару, тәртіп және қатысушылардың тартылуын басқару.
6. Жаттықтырушылардың топтық жаттығуларды өткізу сапасын және жаттығудың ұйым ішіндегі стандарттарға сәйкестігін бағалау.
7. Жаттықтырушыларға топтық бағдарламалардың құрылымы, әдістемесі, қауіпсіздігі және сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау.
8. Топтық бағдарламалар жаттықтырушыларына тәлімгерлік ету және әдістемелік қолдау көрсету.
9. Топтық фитнес-жаттығуларды өткізу стандарттарын әзірлеу және жаңартуға қатысу.
10. Қатысушылардың қатысуы, клиенттердің кері байланысы, өткізудің сапасы және жаттығу мақсаттарына жету негізінде топтық бағдарламалардың тиімділігін талдау.
Білімдер:
1. Қатысушылардың мақсатын, бағытталуын, дайындық деңгейі мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, топтық жаттығудың құрылымын құру принциптері.
2. Әртүрлі бағыттағы топтық фитнес-жаттығуларды өткізу теориясы мен әдістемесі.
3. Әртүрлі дайындық деңгейіндегі қатысушылар үшін топтық форматта жаттығулар мен жүктемені бейімдеу принциптері.
4. Жаттығуларды орындау техникасы, қатысушылардың типтік қателері және оларды топтық жаттығу жағдайында түзету тәсілдері.
5. Топтық динамика, жаттығу ырғағы, назар аудару, тәртіп және қатысушылардың тартылуын басқару негіздері.
6. Топтық жаттығулардың сапасын бағалау критерийлері және жаттығудың ұйым ішіндегі стандарттарға сәйкестігі.
7. Топтық бағдарламалардың құрылымын, әдістемесін, қауіпсіздігін және сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар жасау принциптері.
8. Топтық бағдарламалар жаттықтырушыларын тәлімгерлік ету және әдістемелік қолдау негіздері.
9. Топтық фитнес-жаттығуларды өткізу стандарттарын әзірлеу және жаңарту принциптері.
10. Қатысушылардың қатысуы, клиенттердің кері байланысы, өткізу сапасы және жаттығу мақсаттарына қол жеткізу негізінде топтық бағдарламалардың тиімділігін талдау әдістері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Жеке тұлғаның құзыреттеріне қойылатын талаптар
Жауапкершілік
Күйзеліске төзімділік
Командада жұмыс істей білу
Клиентке бағдарлану
Эмпатия және байланысқа бейімділік
Спортшылар мен клиенттерді ынталандыру және шабыттандыру қабілеті
Уақытты басқару дағдылары
Техникалық регламентер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
СБШ деңгейі:
Кәсіптің атауы:
2
Фитнес жөніндегі нұсқаушы
4
Жаттығу залының фитнес-жаттықтырушысы
4
Топтық бағдарламалардың фитнес-жаттықтырушысы
5
Фитнес-бағыт әдіскері
12. «Топтық бағдарламалардың фитнес-жаттықтырушысы» кәсібінің карточкасы:
Топ коды:
3423-0
Сабақ атауының коды:
-
Кәсіптің атауы:
Топтық бағдарламалардың фитнес-жаттықтырушысы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
4
СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:
-
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
-
Кәсіптік білім деңгейі:
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
Мамандығы:
Дене тәрбиесі және спорт
Біліктілік:
-
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Талап етілмейді
Формалды емес және информалды біліммен байланыс:
Талап етілмейді
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
3423-0 – Фитнес-клубтарының, спорттық демалыс аймақтарының нұсқаушылары және спорттық бағдарламаларды ұйымдастырушылар
Қызметтің негізгі мақсаты:
1. Топтық фитнес-жаттығуларын өткізу арқылы клиенттердің физикалық формасын қалыптастыру және сақтау.
2. Физикалық қасиеттерін дамыту және ағзаның функционалдық жағдайын жақсарту.
3. Қатысушылардың дайындық деңгейі, қауіпсіздік талаптары, сабақ құрылымы және топтық формат ерекшеліктері ескерілуі міндетті.
Еңбек функцияларының сипаттамасы:
Еңбек функцияларының тізімі:
Міндетті еңбек функциялары:
1. Топтық сабаққа жаттығу аймағын, құрал-жабдықты және қатысушыларды дайындау.
2. Нұсқаулық беру, жаттығуларды көрсету және орындау техникасын түсіндіру.
3. Топтық сабақты өткізу және жаттығу процесін басқару.
4. Жаттығуларды орындау техникасын бақылау және топтық форматтағы жүктемені бейімдеу.
5. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға әрекет ету және сабақтан кейін клиенттермен өзара іс-қимыл.
Қосымша еңбек функциялары
1.Сабақ нәтижелерін тіркеу және негізгі ішкі есептілікті жүргізу.
Еңбек функциясы 1:
Топтық сабаққа арналған жаттығу аймағын, құрал-жабдықты және қатысушыларды дайындау
Дағды 1:
Топтық сабақтың қауіпсіз және ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету үшін жаттығу аймағын, құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қатысушыларды дайындау
Машықтар:
1. Топтық сабаққа жаттығу аймағын, дыбыс құрылғыларын және құрал-жабдықтарды дайындау.
2. Қатысушылардың қауіпсіз пайдалануы үшін жаттығу аймағы мен жабдықтардың дайын болуын тексеру.
3. Жаттығу басталғанға дейін топты ұйымдастыру.
4. Қатысушыларға сабақтың өту тәртібі мен қауіпсіз қатысу ережелерін түсіндіру.
Білімдер:
1. Топтық сабаққа жаттығу аймағын, дыбыс құрылғыларын және құрал-жабдықтарды дайындау ережелері.
2. Спорттық құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдалану нормалары және қауіпсіздік техникасы ережелері.
3. Топтық сабақ басталар алдында қатысушыларды ұйымдастыру негіздері.
4. Клиенттердің топтық сабаққа қауіпсіз қатысу ережелері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 2:
Нұсқаулық беру, жаттығуларды көрсету және орындау техникасын түсіндіру
Дағды 1:
Кіріспе нұсқаулық беру, жаттығуларды көрсету және топтық форматта қозғалыстарды орындау техникасын көрсету
Машықтар:
1. Топтық сабақ басталар алдында кіріспе нұсқаулық беру.
2. Топтық бағдарламаларда қолданылатын жаттығуларды көрсету.
3. Қозғалыстың негізгі фазаларын және жаттығуларды дұрыс орындаудың басты бағыттарын түсіндіру.
4. Жаттығуларды орындау кезінде тыныс алу техникасын түсіндіру.
5. Топтық форматта техниканы түсіндіру және көрсету үшін түсінікті әдістерді пайдалану.
Білімдер:
1. Топтық сабақ алдындағы кіріспе нұсқаулықтың құрылымы мен мазмұны.
2. Топтық бағдарламаларда қолданылатын негізгі жаттығуларды орындау техникасы.
3. Қозғалыс фазаларын түсіндіру үшін қажет адам анатомиясының, физиологиясының және биомеханикасының негіздері.
4. Физикалық жаттығуларды орындау кезінде тыныс алу негіздері.
5. Топтық форматта жаттығуларды көрсету және техникасын түсіндіру әдістері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 3:
Топтық сабақты өткізу және жаттығу процесін басқару
Дағды 1:
Топтық сабақтың қыздыру, негізгі және аяқтау бөлімдерін өткізу, жаттығулардың қарқынын, ретін, қатысушылардың назарын және белсенділігін басқару
Машықтар:
1. Топтық сабақтың қыздыру, негізгі және аяқтау бөлімдерін өткізу.
2. Шебер-жаттықтырушы әзірлеген бағдарламаға сәйкес топтық сабақ құрылымы мен логикасын сақтау.
3. Сабақ қарқынын және жаттығулардың орындалу ретін басқару.
4. Сабақ барысында топтың назарын басқару.
5. Топтық сабаққа қатысушылардың тәртібін, уәждемесін және белсенділігін қолдау.
Білімдер:
1. Топтық жаттығулар теориясы мен әдістемесінің негіздері.
2. Қыздыру, негізгі және аяқтау бөлімдерін қоса алғанда, топтық сабақ құрылымы мен логикасы.
3. Сабақ қарқынын және жаттығулардың орындалу ретін басқару қағидалары.
4. Топтық динамиканы басқару және қатысушылардың назарын ұстап тұру негіздері.
5. Топтық сабаққа қатысушылардың тәртібін, уәждемесін және белсенділігін қолдау әдістері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 4:
Жаттығуларды орындау техникасын бақылау және топтық форматта жүктемені бейімдеу
Дағды 1:
Топтық сабаққа қатысушыларды бақылау, қателіктерді анықтау, қауіпті әрекеттерді түзету және жаттығуларды әртүрлі физикалық дайындық деңгейіне бейімдеу
Машықтар:
1. Жаттығуларды орындау барысында қатысушыларды бақылау.
2. Жаттығуларды орындаудағы типтік қателіктерді анықтау.
3. Сабақ барысында қатысушылардың қауіпті әрекеттерін түзету.
4. Қатысушылардың әртүрлі физикалық дайындық деңгейіне сәйкес жаттығуларды бейімдеу.
5. Топтық форматта жүктемені бейімдеу.
Білімдер:
1. Топтық сабақ жағдайында қатысушыларды бақылау әдістері.
2. Қатысушылардың жаттығуларды орындаудағы типтік қателіктері және оларды болдырмау жолдары.
3. Жаттығуларды қауіпсіз орындау және қауіпті әрекеттерді түзету ережелері.
4. Қатысушылардың дайындық деңгейіне сәйкес жаттығуларды бейімдеудің қағидалары.
5. Топтық форматта жүктемені бейімдеудің қағидалары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 5:
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға әрекет ету және сабақтан кейін клиенттермен өзара іс-қимыл
Дағды 1:
Жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қатысушылар жағдайының нашарлауына әрекет ету және топтық сабақ алдында, кезінде және соңында клиенттермен кәсіби қарым-қатынас жүргізу
Машықтар:
1. Топтық сабақ кезінде жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Қатысушылар жағдайының нашарлауына жедел әрекет ету.
3. Кәсіби құзыреттілігі шеңберінде алғашқы медициналық көмек көрсету.
4. Сабақ алдында, барысында және соңында клиенттермен дұрыс кәсіби қарым-қатынас жасау.
5. Қажетті ақпаратты әріптестерге және басшыға жеткізу.
Білімдер:
1. Топтық жаттығуларды өткізу кезінде қауіпсіздік техникасының ережелері.
2. Физикалық жүктеме кезінде қатысушылар жағдайының нашарлау белгілері.
3. Алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмдері және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі.
4. Фитнес-клубтағы клиентке қызмет көрсету және кәсіби коммуникация стандарттары.
5. Қажетті ақпаратты әріптестерге және басшыға жеткізу ережелері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 1.
Сабақ нәтижелерін тіркеу және негізгі ішкі есептілікті жүргізу
Дағды 1:
Топтық сабақ нәтижелерін тіркеу, негізгі ішкі есептілікті жүргізу және фитнес-клуб ережелеріне сәйкес ақпаратты жеткізу
Машықтар:
1. Өткізілген топтық сабақ нәтижелерін тіркеу.
2. Өткізілген сабақтар бойынша негізгі ішкі есептілікті жүргізу.
3. Қажетті ақпаратты әріптестерге және басшыға жеткізу.
4. Құжат жүргізу кезінде клубтың ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Білімдер:
1. Топтық сабақ нәтижелерін тіркеу әдістері.
2. Өткізілген сабақтар бойынша ішкі құжаттарды жүргізу негіздері.
3. Қажетті ақпаратты әріптестерге және басшыға жеткізу тәртібі.
4. Клуб ішкі тәртіп ережелері және негізгі ішкі есептілік талаптары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
Жауапкершілік
Күйзеліске төзімділік
Командада жұмыс істей білу
Клиентке бағдарлану
Эмпатия және байланысқа бейімділік
Спортшылар мен клиенттерді ынталандыру және шабыттандыру қабілеті
Уақытты басқару дағдылары
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
СБШ деңгейі:
Кәсіптің атауы:
2
Фитнес жөніндегі нұсқаушы
4
Жаттығу залының фитнес-жаттықтырушысы
5
Шебер-жаттықтырушы
5
Фитнес-бағыт әдіскері
13. «Жаттығу залының фитнес-жаттықтырушысы» кәсібінің карточкасы:
Топ коды:
3423-0
Сабақ атауының коды:
-
Кәсіптің атауы:
Жаттығу залының фитнес-жаттықтырушысы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
4
СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:
-
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
-
Кәсіптік білім деңгейі:
Білім деңгейі:
ТжКБ (орта деңгейдегі маман)
Мамандығы:
Дене тәрбиесі және спорт
Біліктілік:
-
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Талап етілмейді
Формалды емес және информалды біліммен байланыс:
Талап етілмейді
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
3423-0 – Фитнес-клубтарының, спорттық демалыс аймақтарының нұсқаушылары және спорттық бағдарламаларды ұйымдастырушылар
Қызметтің негізгі мақсаты:
1. Дене пішінін қалыптастыру және сақтап қалу үшін жағдайлар жасау.
2. Дене қасиеттерін дамыту және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, клиенттер ағзасының функционалдық жай-күйін жақсарту.
3. Спортшылар мен клиенттердің дене жағдайын қалпына келтіру және салмағын түзету үшін жағдайлар жасау.
4. Тамақтану және салауатты өмір салты мәселелері бойынша кеңес беру.
Еңбек функцияларының сипаттамасы:
Еңбек функцияларының тізімі:
Міндетті еңбек функциялары:
1. Клиентке бастапқы консультация өткізу.
2. Клиент туралы бастапқы ақпаратты талдау.
3. Фитнес-тестілеу және клиенттің физикалық жай-күйін бағалау.
4. Жаттығу процесінің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау.
5. Жеке жаттығу бағдарламасын әзірлеу.
6. Жеке жаттығу сабағын өткізуге дайындық.
7. Жеке жаттығу сабағын өткізу.
8. Жаттығуларды орындау техникасын түзету және жүктемені басқару.
9. Кәсіби құзыреті шегінде клиентке консультация беру.
10. Нәтижелерді бақылау және жаттығу процесін түзету.
11. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құжаттаманы жүргізу.
Қосымша еңбек функциялары:
1.Шағын топтық жаттығулар өткізу.
2.Фитнес-іс-шаралар өткізу.
Еңбек функциясы 1:
Клиентке бастапқы консультация өткізу
Дағды 1:
Клиентке бастапқы консультация өткізу, байланыс орнату, бастапқы ақпаратты жинау және кәсіби құзыреті шегінде клиенттің сұранысын айқындау
Машықтар:
1. Клиентпен бастапқы кеңес беруді жүргізу және оның мақсаттары, өмір салты мен бар шектеулері туралы ақпарат жинау.
2. Клиентпен сұхбат жүргізу, нақтылаушы сұрақтарды дұрыс қою және сенімді байланыс орнату.
3. Клиенттің алғашқы сұранысын, не күтетінін, уәждемесін және жаттығу процесіне дайындығына әсер ететін факторларды анықтау.
4. Кәсіби құзыреттілік шегінен шықпай, кәсіп шеңберінде қауіпсіз ұсыныстар беру.
Білімдер:
1. Клиенттің бастапқы консультациясының құрылымы.
2. Кәсіби коммуникация және клиентті уәждемелік сүйемелдеу негіздері.
3. Мінез-құлықтың өзгеру модельдері, уәждеменің бұзылу факторлары және ұзақ мерзімді әдеттер психологиясы.
4. Клиенттік сервис негіздері, қарым-қатынас этикасы және фитнес-жаттықтырушының кәсіби шекаралары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 2:
Клиент туралы бастапқы ақпаратты талдау
Дағды 1:
Мақсаттарды, жаттығу тәжірибесін, өмір салтын, шектеулерді, қарсы айғақтарды және тәуекел факторларын қоса алғанда, клиент туралы бастапқы ақпаратты талдау
Машықтар:
1. Клиенттің жай-күйі, оның жаттығу тәжірибесі, белсенділік деңгейі және өмір салты туралы мәліметтерді талдау.
2. Қозғалысты шектеуді, шағымдарды, тәуекел факторларын және дене жүктемесіне ықтимал қарсы көрсеткіштерді анықтау.
3. Кәсіби құзыреттілік шегінде жаттығу жүктемесінің рұқсат етілуін бағалау.
4. Қауіп белгілері анықталған кезде бейінді медициналық маманға жүгінуді уақтылы ұсыну.
Білімдер:
1. Дене жүктемесіне үлгілік қарсы көрсеткіштер және жаттығуларға жіберу критерийлері.
2. Кәсіби құзыреті шеңберінде денсаулығы бойынша шектеулері бар Клиенттерге рұқсат беру, жүктемені бейімдеу, жай-күйін бақылау және сүйемелдеу хаттамалары.
3. Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінуге қажетті адам анатомиясы, физиологиясы және биомеханикасы.
4. Клиенттің дербес деректерімен жұмыс істеуге қойылатын этикалық талаптар.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 3:
Фитнес-тестілеу және клиенттің физикалық жай-күйіне бағалау жүргізу
Дағды 1:
Фитнес-тестілеуді өткізу, клиенттің физикалық жағдайын бағалау және жаттығу процесін жоспарлау үшін нәтижелерді түсіндіру
Машықтар:
1. Клиенттің физикалық жағдайын бағалау үшін фитнес-тестілеу өткізу және оның нәтижелерін түсіндіру.
2. Клиенттің арқа ұстауын, ұтқырлығын, денесін бақылауын және физикалық қасиеттерінің даму деңгейін бағалау.
3. Қозғалыс шектеулерін және қозғалыс паттерндерінің бұзылу белгілерін анықтау.
4. Рұқсат етілген жүктеме мен жаттығуларды таңдау үшін тестілеу нәтижелерін пайдалану.
Білімдер:
1. Арқа ұстауын, ұтқырлықты, дене бақылауын және физикалық қасиеттердің даму деңгейін бағалауды қоса алғанда, фитнес-тестілеу әдістемелері.
2. Жүрек соғу жиілігі нормалары, постуралдық бағалау негіздері және функционалдық қозғалыс қағидаттары.
3. Клиентті жаттығуларға және дене жүктемесіне жіберу талаптары.
4. Клиенттің физикалық жағдайын бағалау үшін қажетті анатомия, физиология және биомеханика негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 4:
Жаттығу процесінің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау
Дағды 1: Клиенттің сұранысы, бағалау нәтижелері, мүмкіндіктері мен шектеулері негізінде оқу процесінің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау
Машықтар:
1. Клиенттердің сұранысын, мүмкіндіктері мен шектеулерін ескере отырып, оқу процесінің мақсаттарын тұжырымдау.
2. SMART бойынша мақсаттар қою және клиенттердің жалпы сұранысын нақты жаттығу тапсырмаларына аудару.
3. Тестілеу нәтижелері мен клиенттің жағдайын ескере отырып, жаттығу процесінің басымдықтарын анықтау.
4. Мақсаттарды, кезеңдерді және күтілетін нәтижелерді жетік түсіндіру арқылы клиенттің қызығушылығын сақтау.
Білімдер:
1. Жаттығу процесінің теориясы мен әдістемесі.
2. Жаттығуға бейімделу, гипертрофия, күштің дамуы, төзімділік, май массасының төмендеуі және дененің күйін қалпына келтіру принциптері.
3. Жаттығу процесінің мақсаттары мен міндеттерін қою үшін қажетті дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі негіздері.
4. Клиентті уәждемелік сүйемелдеу және ұзақ мерзімді әдеттер психологиясының негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 5: Клиенттің физикалық қасиеттерін дамыту үшін жеке жаттығу бағдарламасын жасау
Дағды 1:
Клиенттің мақсаттарын, физикалық жағдайын, дайындық деңгейін, шектеулері мен динамикасын ескере отырып, жеке жаттығу бағдарламасын әзірлеу
Машықтар:
1. Клиенттің мақсаттарын, мүмкіндіктерін және шектеулерін ескере отырып, жеке жаттығу бағдарламаларын әзірлеу.
2. Құрылымдалған бағдарлама құру, клиенттің мақсаты бойынша жаттығуларды таңдау және клиенттің нәтижелері бойынша бағдарламаны өзгерту.
3. Жүктемені жоспарлау, жаттығулардың көлемін, қарқындылығын, жиілігін және реттілігін анықтау.
4. Клиенттің жағдайын, физикалық қасиеттерін және деңгейін ескере отырып, жаттығулардың азаюы мен көбеюін таңдау.
Білімдер:
1. Жүктемені жоспарлау, көлемді, қарқындылықты және кезеңдеуді анықтау қағидаттарын қоса алғанда, жаттығу процесінің теориясы мен әдістемесі.
2. Жаттығуға бейімделу, гипертрофия, күшті дамыту, төзімділік, май салмағын төмендету және дене жағдайын қалпына келтіру қағидаттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 6:
Жеке жаттығу сабағын өткізуге дайындық
Дағды 1:
Бағдарламаны ескере отырып, жеке жаттығу сабағын, жабдықтарды, кеңістікті және жаттығуларды дайындау, сабақтың мақсаттары және клиенттің жағдайы
Машықтар:
1. Клиенттің жеке бағдарламасына сәйкес жаттығу сабағын дайындау.
2. Сабақтың мақсаты мен клиенттің деңгейін ескере отырып, жаттығуларды, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды таңдау.
3. Денені қыздыру, негізгі бөлікті, баяулату және жүктемені бақылауды қоса алғанда, жаттығудың құрылымын жоспарлау.
4. Жаттығуды қауіпсіз өткізу үшін жабдықтар мен жағдайлардың дайындығын тексеру.
5. Кәсіби құзыреті шегінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Білімдер:
1. Қыздыру және салқындату әдістері.
2. Техникалық қауіпсіздік ережелері және спорт жабдықтарын пайдалану нормалары.
3. Өзінің салмағымен, бос салмақпен және жаттығу құралдарында әртүрлі қиындықтағы жаттығуларды орындау техникасы
4. Клиенттің мақсатын, дайындық деңгейін және жағдайын ескере отырып, жаттығу сабағын құру принциптері.
5. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және штаттан тыс жағдайларда әрекет ету алгоритмдері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 7:
Жеке жаттығу сабағын өткізу
Дағды 1:
Жаттығуларды көрсетумен, қозғалыс техникасын үйретумен, сабақ уақытын басқарумен және клиенттің уәждемесін сақтаумен жеке жаттығу сабағын өткізу
Машықтар:
1. Клиенттің жеке бағдарламасына сәйкес жеке жаттығу сабағын өткізу.
2. Жаттығуларды көрсету және орындау қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, қозғалыс техникасын үйрету.
3. Қозғалыс техникасын оқытуда вербалдылықты, визуалдылықты және кинестетиканы қолдану.
4. Сабақ уақытын басқару, шаршау белгілерін байқау және клиенттің уәждемесін қолдау.
Білімдер:
1. Түрлі күрделіліктегі, оның ішінде өз салмағымен, бос салмағымен және жаттығу құрылғыларында жаттығуларды орындау техникасы.
2. Қозғалыс дағдыларының негіздері, қозғалыс дағдысының бұрмалану себептері және оны түзету тәсілдері.
3. Кәсіби коммуникация және клиентті уәждемелік сүйемелдеу негіздері.
4. Жеке жаттығу сабағын өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 8:
Жаттығуларды орындау техникасын түзету және жүктемені басқару
Дағды 1:
Жаттығуларды орындау техникасын түзету, жаттығу жүктемесін басқару, клиенттің жағдайын ескере отырып азайту мен күшейтуді таңдау
Машықтар:
1. Клиенттің жағдайын ескере отырып, жаттығуларды азайту мен күшейтуді таңдай отырып, сабақ барысында жаттығу жүктемесін түзету.
2. Техниканың бұзылуын байқау және жүктемені клиент деңгейі бойынша таңдау.
3. Қимыл дағдысының бұрмалану себептерін анықтау және жаттығуды орындауды түзету.
4. Жаттығу кезінде клиенттің көңіл-күйіне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру.
Білімдер:
1. Жаттығулардың ағзаға әсерін түсінуге қажетті адам анатомиясы, физиологиясы және биомеханикасы.
2. Түрлі күрделіліктегі жаттығуларды орындау техникасы және қозғалыстарды қауіпсіз орындау критерийлері.
3. Қозғалыс дағдыларының негіздері, қозғалыс дағдысының бұрмалану себептері және оны түзету тәсілдері.
4. Кәсіби құзыреттілік шеңберінде жүктемені бейімдеу және клиенттің жай-күйін бақылау хаттамалары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 9:
Кәсіби құзыреті шегінде клиентке консультация беру
Дағды 1:
Кәсіби құзыреті шегінде қозғалыс белсенділігі, дененің жай-күйін қалпына келтіру, салауатты өмір салты және қауіпсіз жаттығу тәртібі мәселелері бойынша клиентке консультация беру
Машықтар:
1. Кәсіби құзыреті шегінде қозғалыс белсенділігі, дене жағдайын қалпына келтіру және салауатты өмір салты мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету.
2. Кәсіп шеңберінде қауіпсіз ұсыныстар беру және құзыреттілік шегінен шықпау.
3. Клиентке дене жағдайын қалпына келтірудің мәнін, жаттығуларының тұрақтылығын және жүктеме режимін сақтауды түсіндіру.
4. Фитнес-жаттықтырушы құзыретінің шегінен шығатын сұрақтар болған жағдайда клиентті бейінді маманға жіберу.
Білімдер:
1. Кәсіптік құзыреттілік шегінде рационалды тамақтану және дене жағдайын қалпына келтіру негіздері.
2. Салауатты өмір салты мен қауіпсіз қозғалыс белсенділігінің негіздері.
3. Клиенттерге кеңес беру кезіндегі фитнес-жаттықтырушының кәсіби шекаралары.
4. Клиенттік сервис, кәсіби коммуникация және клиентті уәждемелік сүйемелдеу негіздері
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 10:
Нәтижелерді бақылау және жаттығу процесін түзету
Дағды 1:
Клиенттің динамикасын бақылау, нәтижелерді талдау және прогрессі, жағдайы мен мақсаттарына негізделе отырып, жаттығу стратегиясын түзету
Машықтар:
1. Нәтижелерді бақылау және жаттығу стратегиясын уақытында түзету.
2. Клиенттің прогрессін талдау және нәтижелеріне сәйкес бағдарламаны өзгерту.
3. Клиенттің қызығушылығын сақтау және сұраныс немесе жағдай өзгерген жағдайда жаттығу процесінің мақсаттарын түзету.
4. Жаттығу процесінің тиімділігін объективті және субъективті көрсеткіштер негізінде бағалау.
Білімдер:
1. Жаттығу процесінің нәтижелерін бақылау принциптері.
2. Жаттығу процесінің теориясы мен әдістемесі, соның ішінде кезеңдеу және жүктемені басқару.
3. Жаттығу бейімділігінің, дененің жағдайын қалпына келтірудің және физикалық қасиеттерді өзгерту принциптері.
4. Мінез-құлықты өзгерту модельдері, уәждеменің төмендеу факторлары және ұзақ мерзімді дағдылар психологиясы.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 11:
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құжаттаманы жүргізу
Дағды 1:
Жаттығу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, клиенттің денсаулығын қорғау талаптарын сақтау, құжаттаманы жүргізу және жеке деректерді қорғау
Машықтар:
1. Жаттығу барысында клиенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын бақылау.
2. Цифрлық сервистерді пайдалану, жазбаларды құрылымды жүргізу және жеке деректерді қорғау.
3. Клиенттердің денсаулық жағдайына рұқсат етілген шектеулерді ескере отырып, жаттығу процесін жүргізу, жаттығу параметрлерін олардың жағдайына бейімдеу.
4. Клиенттің қазіргі жағдайын үнемі бақылау және тәуекел белгілері анықталған жағдайда бейінді медицина маманына уақтылы жолдау бойынша ұсыныстар жасау.
Білімдер:
1. Қауіпсіздік техникасы ережелері және спорттық жабдықтарды пайдалану нормалары.
2. Жүктемеге қарсы көрсеткіштер, алғашқы көмек көрсету алгоритмдері, есінен танып қалу, ауырсыну немесе жарақат болса жасалатын әрекеттер.
3. Клиенттердің жаттығу процесінің онлайн-құжаттамасын жүргізудің негіздері.
4. Жеке деректермен жұмыс этикасы және оларды қорғау талаптары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 1:
Шағын топтық жаттығуларды жүргізу
Дағды 1:
Қатысушылардың мақсаттарын, дайындық деңгейін, шектеулерін және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, шағын топтық жаттығуларды жоспарлау және өткізу
Машықтар:
1. Қатысушылардың мақсаттарын, дайындық деңгейін және шектеулерін ескере отырып, шағын топтық жаттығуларды жоспарлау және өткізу.
2. Дайындық деңгейі әртүрлі қатысушыларға жүктемені жекелендіріп, жаттығуларды бейімдеу.
3. Шағын топтық сабақ барысында жүктемені түзету.
4. Жаттығуларды орындау техникасын бақылау және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Білімдер:
1. Шағын топтық жаттығуларды жоспарлау қағидаттары.
2. Дайындық деңгейі әртүрлі қатысушыларға жүктемені жекелендіру және жаттығуларды бейімдеу қағидаттары.
3. Шағын топтық форматта әртүрлі күрделіліктегі жаттығуларды орындау техникасы.
4. Шағын топтық жаттығуларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 2:
Фитнес-іс-шараларды өткізу
Дағды 1:
Мақсатты, форматты, қатысушылар аудиториясын, олардың дайындық деңгейін және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, фитнес-шараларды ұйымдастыру
Машықтар:
1. Фитнес-шараларды өткізу.
2. Қатысушылар аудиториясын, мақсатты, форматты және дайындық деңгейін ескере отырып, жаттығулар мен белсенділіктерді таңдау.
3. Топты басқару және шара барысында қатысушылардың белсенділігін қолдау.
4. Фитнес-шара қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Білімдер:
1. Фитнес-шараларды өткізу негіздері.
2. Мақсатты, форматты, дайындық деңгейін және қатысушылар санын ескере отырып, жаттығулар мен белсенділіктерді таңдау ережелері.
3. Фитнес-шара шеңберінде қатысушылар тобын басқарудың негіздері.
4. Фитнес-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
Жауапкершілік
Күйзеліске төзімділік
Командада жұмыс істей білу
Клиентке бағдарлану
Эмпатия және байланысқа бейімділік
Спортшылар мен клиенттерді ынталандыру және шабыттандыру қабілеті
Уақытты басқару дағдылары
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттың тізімі:
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
СБШ деңгейі:
Кәсіптің атауы:
2
Фитнес жөніндегі нұсқаушы
4
Топтық бағдарламалардың фитнес-жаттықтырушысы
4
Шебер-жаттықтырушы
5
Фитнес-бағыт әдіскері
14. «Фитнес жөніндегі нұсқаушы» кәсібінің карточкасы:
Топ коды:
3423-0
Сабақ атауының коды:
3423-0-018
Кәсіптің атауы:
Фитнес жөніндегі нұсқаушы
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
2
СБШ бойынша біліктілік кіші деңгейі:
-
БТБА, БА, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
-
Кәсіптік білім деңгейі:
Білім деңгейі:
Негізгі орта білім
Мамандығы:
-
Біліктілік:
-
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Талап етілмейді
Формалды емес және информалды біліммен байланысы:
Бейресми білім беру бағдарламалары, ішкі оқыту, жұмыс орнындағы тағылымдама арқылы біліктілікті меңгеруге және/немесе ақпараттық білім беру нәтижелерін белгіленген тәртіппен қабылдауға жол беріледі
Кәсіптің басқа ықтимал атаулары:
3423-0 – Фитнес-клубтарының, спорттық демалыс аймақтарының нұсқаушылары және спорттық бағдарламаларды ұйымдастырушылар
Қызметтің негізгі мақсаты:
Клиенттердің фитнес-клубтағы жаттығу аймақтарын қауіпсіз, ұйымдасқан және қолжетімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету, кіріспе нұсқаулықты өткізу, базалық жаттығуларды көрсету
Еңбек функциялардың сипаттамасы:
Еңбек функцияларының тізімі:
Міндетті еңбек функциялары:
1. Жаттығу аймағын жұмысқа дайындау.
2. Құрылғыларды, құрал-жабдықтарды тексеру және жаттығу аймағындағы қауіпсіздікті бақылау.
3. Клиентті жаттығу аймағында қарсы алу және бағдарлау.
4. Клиентпен кіріспе нұсқамасын өткізу.
5. Жабдықты қауіпсіз пайдалануды көрсету.
6. Базалық жаттығуларды көрсету.
7. Құжаттаманы және цифрлық жүйелерді жүргізу.
8. Штаттан тыс жағдайларға ден қою және құзыреті шегінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
Қосымша еңбек функциялары:
1. Клиентті жаттығудың бастапқы кезеңінде сүйемелдеу, өрескел қателерді түзету және тәуекелдердің алдын алу.
2. Дайын жоспар бойынша фитнес-іс-шараларды өткізуге қатысу.
3. Топтық фитнес-сабақтарды дайындауға және сүйемелдеуге қатысу.
Еңбек функциясы 1:
Жаттығу аймағын жұмысқа дайындау
Дағды 1:
Жаттығу аймағын, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды клиенттердің қауіпсіз пайдалануына дайындау
Машықтар:
1. Жұмыс басталар алдында жаттығу аймағын қарап шығу және оның жаттығуға дайындығын бағалау.
2. Клиенттердің қауіпсіздігі мен қолайлылығын, тәртіпті ескере отырып, топтық бағдарламаларға арналған жаттығу залын, функционалдық аймақтарды ұйымдастыру.
3. Қажетті құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдалануға дайындау.
4. Жаттығу аймағында тазалықты, тәртіпті және қауіпсіз ортаны сақтау.
Білімдер:
1. Фитнес-клубтың инфрақұрылымы, жаттығу аймақтарының мақсаты және оларды пайдалану ережелері.
2. Жаттығу аймағындағы қауіпсіздік техникасы, санитариялық жай-күй және ішкі тәртіп талаптары.
3. Клиенттердің қауіпсіздігін ескере отырып, құрылғылар мен құрал-жабдықтарды орналастыру қағидалары.
4. Фитнес-клубтағы клиенттік сервистің базалық стандарттары.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 2:
Құрылғылар мен құрал-жабдықтарды тексеру және жаттығу аймағындағы қауіпсіздікті бақылау
Дағды 1:
Жабдықтардың жарамдылығын тексеру және клиенттердің жаттығу аймағын қауіпсіз пайдалануын бақылау
Машықтар:
1. Жаттығу құрылғыларының, кардиожабдықтардың және спорттық құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексеру.
2. Жабдықтың ақауларын, бұзылуын және қауіпсіз емес жай-күйінің белгілерін анықтау.
3. Белгіленген тәртіп шегінде жарамсыз жабдықты пайдалануды шектеу.
4. Жауапты тұлғаларды анықталған ақаулар туралы уақтылы хабардар ету.
5. Құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде клиенттердің қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылау.
6. Қауіпсіздік техникасын бұзуды және жаттығу аймағындағы клиенттердің ықтимал қауіпті әрекеттерін анықтау.
Білімдер:
1. Жаттығу құрылғыларын, кардиожабдықтарды және спорттық құрал-жабдықтарды орнату және пайдалану қағидалары.
2. Жабдықтың ақаулық және қауіпсіз жай-күйінің белгілері.
3. Құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары.
4. Ақаулар туралы ақпаратты жауапты тұлғаларға беру тәртібі.
5. Құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезіндегі клиенттердің қауіпсіз мінез-құлық қағидалары.
6. Қауіпсіздік техникасының үлгілік бұзылуы және жаттығу аймағындағы клиенттер үшін ықтимал қатерлер.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 3:
Клиентті жаттығу аймағында қарсы алу және бағдарлау
Дағды 1:
Фитнес-клуб инфрақұрылымында және жаттығу аймағын пайдалану ережелерінде клиентті бағдарлау
Машықтар:
1. Клиентті қарсы алу және бастапқы байланысты дұрыс орнату.
2. Клиентті фитнес-клубтың инфрақұрылымымен және жаттығу аймақтарының мақсаттарымен таныстыру.
3. Клиентке жаттығу аймағында болу және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын түсіндіру.
4. Клиентті анық шағымдарын немесе шектеулерін анықтау және қауіпсіздік хаттамасы шеңберінде әрекет ету.
Білімдер:
1. Фитнес-клубтың инфрақұрылымы, негізгі аймақтардың мақсаты және оларды пайдалану тәртібі.
2. Жаттығу аймақтарындағы ішкі тәртіп және клиенттердің мінез-құлық қағидалары.
3. Клиенттердің сервис стандарттары және кәсіби коммуникация негіздері.
4. Клиентті бейінді маманға немесе жеке жаттықтырушыға беруді талап ететін базалық қарсы көрсеткіштер мен шектеулер.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 4:
Клиентпен кіріспе нұсқамасын өткізу
Дағды 1:
Қауіпсіздік ережелері, жаттығу аймағын пайдалану тәртібі және жаттығулардың базалық қағидаттары бойынша кіріспе нұсқаманы өткізу
Машықтар:
1. Жаттығу басталар алдында клиентке кіріспе нұсқама жүргізу.
2. Қауіпсіздік ережелерін және жаттығу аймағын пайдалану тәртібін түсіндіру.
3. Клиентке клуб персоналынан көмек сұраудың тәртібін түсіндіру.
4. Айқын тәуекелдер болған кезде клиенттің қатысуын тоқтата тұру және қауіпсіздік хаттамасына сәйкес әрекет ету.
Білімдер:
1. Таныстыру жаттығуының кезеңдері және кіріспе нұсқаманың құрылымы.
2. Қауіпсіздік техникасы талаптары және жаттығу аймағындағы клиенттердің мінез-құлық ережелері.
3. Базалық қарсы көрсеткіштер, денсаулығы бойынша шектеулер және жаттығуға жіберу хаттамалары.
4. Клиенттік коммуникация және кәсіби этика негіздері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 5:
Жабдықты қауіпсіз пайдалануды көрсету
Дағды 1:
Клиенттерге жаттығу жабдықтары мен кардиологиялық құрылғыларды дұрыс икемдеуді және қауіпсіз пайдалануды көрсету
Машықтар:
1. Клиент үшін жаттығу құрылғыларын дұрыс икемдеуді көрсету.
2. Құрылғылар мен құрал-жабдықтарды пайдаланудың қауіпсіз тәртібін түсіндіру.
3. Жаттығу құрылғысында қозғалыс амплитудасын бекітіп, дұрыс отыруды көрсету
4. Жабдықпен жұмыс істеу барысында клиенттің үлгілік қателерін ескерту.
Білімдер:
1. Жаттығу құрылғылары мен кардиожабдықтардың құрылымы және пайдалану ережелері.
2. Жабдықты қауіпсіз икемдеу қағидаттары: отырғызу, амплитуда, бекіту, бастапқы жағдайы.
3. Құрылғылармен, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары.
4. Жабдықты пайдалану кезіндегі клиенттердің үлгілік қателері және олардың алдын алу тәсілдері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 6:
Негізгі жаттығуларды көрсету
Дағды 1:
Жаттығу құрылғыларында өз салмағымен және қарапайым құрал-жабдықтармен жаттығуларды орындаудың базалық техникасын көрсету
Машықтар:
1. Жаттығуларды орындаудың базалық техникасын көрсету.
2. Қозғалыстың негізгі фазаларын, дене жағдайын және негізгі техникалық екпіндерді түсіндіру.
3. Дене жүктемесі кезінде тыныс алудың негізгі принциптерін түсіндіру.
4. Кәсіби құзыреттілік шегінде жаңадан келгендер үшін базалық жаттығуларды бейімдеу.
5. Кәсіби құзыреті шегінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
Білімдер:
1. Жаттығу құрылғыларында және өз салмағымен негізгі жаттығуларды орындау техникасының негіздері.
2. Адам анатомиясы мен базалық қозғалыс биомеханикасының негіздері.
3. Жүктеме физиологиясының негіздері және жаттығуларды орындау кезінде тыныс алудың базалық қағидаттары.
4. Базалық жаттығуларды орындау кезіндегі үлгілік қателер және олардың алдын алу тәсілдері.
5. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және штаттан тыс жағдайларда әрекет ету алгоритмдері.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 7:
Құжаттаманы және цифрлық жүйелерді жүргізу
Дағды 1:
Құпиялылықты сақтай отырып, фитнес-клубтың жазбаларын, есептілігін және цифрлық құжаттамасын жүргізу
Машықтар:
1. Жазбаларды клуб стандарттарына сәйкес және құрылымдалған түрде жүргізу.
2. Цифрлық құралдарды және фитнес-клубтың жүйелерін пайдалану.
3. Клиенттердің дербес деректерінің құпиялылығын сақтау.
4. Қажетті ақпаратты жауапты тұлғаларға белгіленген тәртіппен беру.
Білімдер:
1. Цифрлық құжат айналымының негіздері және фитнес-клубтың цифрлық құралдарымен жұмыс істеу қағидалары.
2. Дербес деректерді сақтау және ақпараттың құпиялылығын сақтау қағидалары.
3. Клубтың есеп беру стандарттары және жазбаларды жүргізу тәртібі.
4. Құжаттамаға және цифрлық жүйелерге ақпаратты құрылымдық енгізуге қойылатын талаптар.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Еңбек функциясы 8:
Штаттан тыс жағдайларға ден қою және құзыреті шегінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету
Дағды 1:
Жазатайым оқиғаларға, клиенттің көңіл-күйінің нашарлауына және жаттығу аймағындағы өзге де штаттан тыс жағдайларға жедел ден қою
Машықтар:
1. Жазатайым оқиғаларға және келушілердің көңіл-күйінің нашарлауына жедел ден қою.
2. Кәсіби құзыреті шегінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету.
3. Денсаулыққа қауіп белгілері болған кезде клиенттің жаттығуға қатысуын тоқтату.
4. Жауапты тұлғаларға ақпарат беру және клубтың ішкі хаттамасына сәйкес әрекет ету.
Білімдер:
1. Кәсіби құзіреті шегінде дерігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету алгоритмдері.
2. Клиенттің әл-ауқаты нашарлаған, жарақат алған немесе жазатайым оқиға кезіндегі іс-қимыл тәртібі.
3. Жаттығуды тоқтатуды және медициналық көмекті шақыруды талап ететін жағдайлардың белгілері.
4. Штаттан тыс жағдайларға жауап беру бойынша клубтың ішкі хаттамалары.
Қосымша еңбек функциясы 1:
Клиентті жаттығудың бастапқы кезеңінде сүйемелдеу, өрескел қателерді түзету және тәуекелдердің алдын алу
Дағды 1:
Жаттығу аймағын, жабдықтарды және базалық жаттығуларды бастапқы игеру процесінде клиентті сүйемелдеу, өрескел техникалық қателерді анықтау және жарақат алу қаупінің алдын алу
Машықтар:
1. Жаттығудың бастапқы кезеңінде клиентті сүйемелдеу және оған жаттығу процесінде бағдарлауға көмектесу.
2. Клиентке жаттығуларды орындау және жабдықтарды пайдалану тәртібін түсіндіру.
3. Клиентті қолдау, жаңадан келгендердің алаңдаушылығын азайту және жаттығуларға деген қауіпсіз тәсілдерді қалыптастыру.
4. Шектеулер немесе тәуекелдер анықталған кезде клиентті жеке жаттықтырушыға немесе бейінді маманға жіберу.
5. Жаттығуларды орындау кезінде клиенттің әрекеттеріндегі өрескел қателерді анықтау.
6. Кәсіби құзыреті шегінде жаттығуларды орындаудың қауіпсіз емес техникасын түзету.
7. Тәуекелдерді тез байқау және жаттығу процесіне дұрыс араласу.
8. Клиенттің денсаулығы үшін қауіп белгілері болған кезде жаттығуды орындауды тоқтата тұру.
Білімдер:
1. Таныстыру жаттығуларының кезеңдері және жаңа келген клиентті сүйемелдеу қағидаттары.
2. Жабдықпен қауіпсіз жұмыс істеу негіздері.
3. Клиентті жеке жаттықтырушыға немесе бейінді маманға беруді талап ететін денсаулық бойынша базалық қарсы көрсеткіштер мен шектеулер.
4. Клиентті уәждеу және кәсіби коммуникация негіздері.
5. Базалық жаттығуларды орындау техникасының негіздері.
6. Базалық қозғалыстардың биомеханикасы және жаттығуларды қауіпсіз орындаудың негізгі белгілері.
7. Клиенттердің базалық жаттығуларды орындау кезіндегі үлгілік қателіктері және олардың алдын алу тәсілдері.
8. Денсаулық бойынша базалық шектеулер және жаттығуды орындауды тоқтата тұру қажет болатын белгілер.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 2:
Дайын жоспар бойынша фитнес-іс-шараларды өткізуге қатысу
Дағды 1:
Кеңістікті дайындаумен, жаттығуларды көрсетумен, қатысушыларды ұйымдастырумен және қауіпсіздік талаптарын сақтаумен дайын жоспар бойынша фитнес-іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу
Машықтар:
1. Дайын жоспар бойынша фитнес-іс-шараларды өткізуге қатысу.
2. Тапсырылған жауапкершілік аймағы шегінде фитнес-іс-шаралар өткізу үшін кеңістік, құрылғылар және құрал-жабдықтар дайындау.
3. Қатысушыларды ұйымдастыру, жаттығуларды көрсету және топтың белсенділігін қолдау.
4. Қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтау және іс-шараға қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлқын бақылау.
Білімдер:
1. Фитнес-іс-шараның базалық құрылымы
2. Фитнес-іс-шараларды өткізу үшін кеңістікті, құрылғыларды және құрал-жабдықтарды дайындау қағидалары.
3. Фитнес-іс-шараларға қатысушыларға арналған қауіпсіздік техникасының талаптары.
4. Фитнес-іс-шара шеңберінде қатысушыларды ұйымдастыру және топтың белсенділігін қолдау негіздері
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Қосымша еңбек функциясы 3:
Топтық фитнес-жаттығуларды дайындауға және сүйемелдеуге қатысу
Дағды 1:
Кеңістікті, жабдықтарды дайындау және фитнес-жаттықтырушының немесе топтық бағдарламалар жаттықтырушысының басшылығымен топтық жаттығуларға қатысушыларды базалық сүйемелдеу
Машықтар:
1. Жаттығу аймағын, дыбыс жабдығын және құрал-жабдықтарды топтық жаттығуды өткізуге дайындау.
2. Қатысушылардың қауіпсіз пайдалануына кеңістік пен жабдықтың дайындығын тексеру.
3. Топтық жаттығудың басталар алдында қатысушыларды ұйымдастыруға көмектесу.
4. Қатысушыларды жаттығу аймағындағы қауіпсіз мінез-құлықтың базалық ережелері туралы хабардар ету.
5. Топтық жаттығуды өткізу кезінде жаттықтырушыға ұйымдастырушылық көмек көрсету.
6. Жаттығу аяқталғаннан кейін құрал-жабдықтардың реттілігін, тазалығын және сақталуын бақылау.
7. Жаттықтырушыға немесе жауапты тұлғаға жабдықтың ақаулары, тәртіптің бұзылуы немесе штаттан тыс жағдайлар туралы ақпарат беру.
Білімдер:
1. Жаттығу аймағын, дыбыстық жабдықты және құрал-жабдықтарды топтық жаттығуға дайындау қағидалары.
2. Кеңістікті, құрылғыларды және спорттық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану талаптары.
3. Топтық жаттығу басталар алдында қатысушыларды ұйымдастыру негіздері.
4. Жаттығу аймағында клиенттердің қауіпсіз мінез-құлқының базалық ережелері.
5. Топтық жаттығуларды сүйемелдеу кезіндегі фитнес-нұсқаушының кәсіби құзыретінің шекаралары.
6. Спорттық жабдықтардың тазалығы мен ұқыптылығы және тәртіпті қадағалау қағидалары.
7. Ақаулар, бұзушылықтар немесе штаттан тыс жағдайлар анықталған кезде жаттықтырушыға немесе жауапты тұлғаға ақпарат беру тәртібі.
Дағдыны тану мүмкіндігі:
Талап етілмейді
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар:
Жауапкершілік
Күйзеліске төзімділік
Командада жұмыс істей білу
Клиентке бағдарлану
Эмпатия және байланысқа бейімділік
Спортшылар мен клиенттерді ынталандыру және шабыттандыру қабілеті
Уақытты басқару дағдылары
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттың тізімі:
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
СБШ деңгейі:
Кәсіптің атауы:
4
Жатттығу залының фитнес-жаттықтырушысы
4
Топтық бағдарламалардың фитнес- жаттықтырушысы
5
Шебер-жаттықтырушы
5
Фитнес-бағыт әдіскері

4-тарау. Кәсіби стандарттың техникалық деректері

15. Мемлекеттік органның атауы:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.
Орындаушы:
А.Ш. Жаркынбекова – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жиынтық-талдау басқармасының басшысы.
Электронды мекенжайы: a.zharkynbekova@tsm.gov.kz.
Телефон нөмірі: +7 (7172) 74 06 40.

16. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

Қазақ ұлттық спорт университеті, Invictus Academy, Champion Fitness School.

17. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес отырысының 2026 жылғы 17 маусымдағы хаттамасы.

18. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2026 жылғы 17 шілдедегі қорытындысы.

19. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2026 жылғы 1 маусымдағы ұсынымы.

20. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 2026 жылғы 1-нұсқасы.

21. Қайта қараудың болжамды күні: 2030 жылғы 30 шілде.