Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Жамбылский областной социальный центр семейного развития «Анаға тағзым» управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения «Жамбылский областной социальный центр семейного развития «Анаға тағзым» управления координации занятости и социальных программ акимата Жамбылской области»
- Атауы (қаз.)
- «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 175
- Қабылданған күні
- 08.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2026 I229973_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26G000175A
- ЭКБ идентификаторы
- 229973
- Редакция идентификаторы
- I229973_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:05
0 «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым»
Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары айқындалсын.
2.«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1)осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2)осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
Жамбыл облысы әкімдігінің
2026 жылғы « 8 »_09______
№ 175 қаулысына қосымша
«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1.«Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Анаға тағзым» орталығы) жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2.Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер жалақы болып табылады.
«Анаға тағзым» орталығы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеу жұмыскерлерді еңбекке ынталандырудың басқа түрлерін (сыйлықақы, қосымша төлемдер, лауазымды біріктіру, үстеме жұмыс) төлемеуге негіз болып табылмайды.
3. «Анаға тағзым» орталығы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты әрбір қаржы жылында «Анаға тағзым» орталығының қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) көзделуге тиіс.
Ынталандыру үстемеақыларын төлеуді қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ынталандыру үстемеақыларының белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырып, өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
5. Ынталандыру үстемеақылары және олардың мөлшері Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленеді.
2-тарау. Ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
6. Ынталандыру үстемеақылары «Анаға тағзым» орталығы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешіміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшысының бұйрығымен белгіленеді немесе тоқтатылады. Комиссияның қарауына жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақыларын белгілеу немесе тоқтату жөніндегі ұсынысты «Анаға тағзым» орталығының басшысы енгізеді.