Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения ГУ «Отдел жилищной инспекции города Темиртау» в новой редакции

Қаулы · № 37/1 · қабылданған 14.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230055/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения ГУ «Отдел жилищной инспекции города Темиртау» в новой редакции Күшіне енбеген 14.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения ГУ «Отдел жилищной инспекции города Темиртау» в новой редакции

Күшіне енбеген Қаулы № 37/1 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения ГУ «Отдел жилищной инспекции города Темиртау» в новой редакции
Атауы (қаз.)
«Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
37/1
Қабылданған күні
14.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
27.09.2026
Көрсетілген редакция
14.09.2026 I230055_0.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26KC00371A
ЭКБ идентификаторы
230055
Редакция идентификаторы
I230055_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 27.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің Ережесін

жаңа редакцияда бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 7-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 сәуірдегі №13/51 қаулысымен бекітілген Ережесі жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

3. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді.

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік қүқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және қүқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің тиісті салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Теміртау қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «14» қыркүйек № 37/1
қаулысымен бекітілді
«Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын басқару, газ және газобұру (газбен жабдықтау), өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау саласындағы басшылықты, сондай-ақ аула аумақтарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

2. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматты-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осындай өкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматты-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

6. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101401, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік бульвары көшесі, 12-үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

Мемлекеттік органның толық атауы: орыс тілінде - государственное учреждение «Отдел жилищной инспекции города Темиртау».

10. Осы Ереже «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүзеге асырылады.

12. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Миссиясы:

1) қаланың тұрғын үй қорын басқару, азаматтардың жеңілдікті санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету, газ бен газбен жабдықтауды және аула аумақтарының жай-күйін бақылау.

14. Міндеттері:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету;

2) приватизация шарттарын жасасу;

3) кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлігін тексеру арқылы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау.

5) аула аумақтарын тиісті күтіп ұстау және абаттандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

15. Функциялары:

1) Теміртау қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын жедел басқару;

2) Теміртау қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау;

3) Теміртау қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын түгендеу жөніндегі іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру;

4) тұрғын үй-жайларды алуға белгіленген тәртіппен жалдау (аренда) шарттарын жасасу және беру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға ордерлердің, жалдау шарттарының, жекешелендіру шарттарының дубликаттарын беру;

5) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жай-күйіне талдау жасау және Теміртау қаласының әкімінің қарауына тиісті ұсыныстар енгізу;

6) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға азаматтардың кезек тізімдерін жеке жүргізу;

7) иесіз қалған, қараусыз тұрғын үйді сот тәртібімен Теміртау қаласының коммуналдық меншігіне көшіру;

8) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге құқығынан айырылған адамдарды сот тәртібімен тану;

9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз тұрып жатқан азаматтарды шығару;

10) өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;

11) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлігіне техникалық обследование (тексеру) ұйымдастыру;

12) кондоминиум ортақ мүлігінің жекелеген күрделі жөндеу түрлерін өткізу тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындау;

13) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органына ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлігінің жекелеген күрделі жөндеу түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісу;

14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіне күрделі және ағымдағы жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;

15) апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

16) кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар жасау;

17) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау және істерді қарау;

18) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 51-5-бабында көзделген жағдайда кондоминиум объектілерін басқару органының функцияларын жүзеге асыратын қызмет көрсетуші ұйымды айқындау;

19) кондоминиум объектісінің үй-жай (пәтер) меншік иелерінің өтініші бойынша кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу.

20) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау.

21) аула аумақтарын тиісті күтіп ұстау және абаттандыруды бақылау;

22) қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қиратқаны, жасыл набайларды (жасыл желектерді) жойғаны және зақымдағаны үшін хаттамалар жасау.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) облыс, қала әкімдіктерінің аппаратында және мекемелерде өткізілетін отырыстарға, кеңестерге, іс-шараларға қатысу;

2) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратып алу және алу;

3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

4) қала аумағында орналасқан ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың басшыларын проблемалық мәселелерді пысықтауға қатысуға тарту;

5) белгіленген тәртіппен «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер шақыру;

6) белгіленген тәртіппен «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанынан комиссиялар, консультативтік және қоғамдық кеңестер, сарапшылар тобын құру;

7) азаматтардан қолданыстағы заңнама шеңберінде есепке қою және тұрғын үй алаңын беру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды талап ету;

8) заңнамаға сәйкес «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне сәйкес қабылдау көзделген нормативтік құқықтық актілерді дайындау мен әзірлеуді жоспарлау;

9) пқаланың тұрғын үй қорын күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

10) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарауына жатқызылған сала бойынша бюджетті қалыптастыру және іске асыру, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және орындау қызметін жүзеге асыру;

11) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуына, оның ішінде бөлінген бюджет қаражатының игерілуіне тұрақты бақылау мен мониторингті қамтамасыз ету;

12) шарттық жұмысты жетілдіру;

13) құзырет шегінде қадағалау органдарының актілерін қарау, бұзушылықтарды жою және болдырмау бойынша тиісті ұсыныстар енгізу, тиісті жауаптарды, ұсыныстарды және құқықтық пен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;

14) облыс әкімінің, қала әкімінің және облыс пен қала әкімдігінің тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік көтеру және орындау;

15) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

16) сотқа талап арыз беру және сотта талапкер мен жауапкер ретінде сөз сөйлеу;

17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылғанын көрсететін мән-жайлар анықталған кезде ордерлерді, шарттарды, құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу мен беруді тоқтата тұру;

18) қаланың тұрғын үй қорын күтіп ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

19) азаматтармен тұрғын үй-жайларды жекешелендіру шарттарын жасасу;

20) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану мен қолданылуын бақылау;

21) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді беру үшін азаматтардың тұрғын үй жағдайларын тексеру;

22) тексерулер арқылы бос тұрған, иесіз пәтерлерді анықтау;

23) мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, қала бойынша жекешелендірілген тұрғын үйді есепке алуды жүргізу, жекешелендіру шарттары мен ордерлердің дубликаттарын беру;

24) тұрғын үй беру, пәтерлерді қызметтік, жатақханалар қатарынан шығару, қызметтік тұрғын үйге теңестірілген қызметтік тұрғын үй беру туралы қала әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау және әкімдік отырысына енгізу;

25) қызметтік куәлікті көрсеткен кезде тексеру жүргізу кезінде тексерілетін объектіге бару;

26) тексеру жүргізу кезінде кез келген ақпаратты сұрату, тексеру предметіне жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;

27) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес уәкілетті орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкес келетін пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидатты ұсыну;

28) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуу мәселесін қою;

29) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларына сәйкес тексерулер жүргізу;

30) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу;

31) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

32) кондоминиум объектісінің ортақ мүлікті күтіп ұстау қағидаларын бұзушылықтар туралы актілер жасау;

33) кондоминиум объектісінің ортақ мүлікті күтіп ұстау қағидаларын бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;

34) тұрғын үйлердің, кондоминиум объектісіне іргелес аумақтың және коммуналдық қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарды пайдалануды жүзеге асыратын бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе азаматтарға консультациялық көмек көрсету;

35) конструкциялардың нормативтік беріктігіне және инженерлік жүйелердің тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе адамдардың тұру қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тұрғын ғимараттардың өзге де зақымдануларына әкеп соғатын субъектілер тарапынан болатын ықтимал бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде шараларды жүзеге асыру;

36) қауіпті техникалық құрылғыларды, атап айтқанда қысымы 0,07 мегапаскальдан асатын және (v/or) судың қайнау температурасы 115 градус Цельсийден асатын бу және су жылыту қазандықтарын (жылумен жабдықтау ұйымдары), қысымы 0,07 мегапаскальдан асатын жұмыс істейтін ыдыстарды, жүк көтеру механизмдерін, эскалаторларды, аспалы жолдарды, фуникулерлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтерді, траволаторларды, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалануға мемлекеттік қадағалауды тексеру;

37) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару;

38) азаматтарды қабылдаástu, келіп түсетін ұсыныстарды, өтініштерді, азаматтардың өтiнiштерiн «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қарауды ұйымдастыру;

39) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін құрудың мәні мен мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуға құқылы емес;

40) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

17. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес мемлекеттік бақылаудың мынадай функцияларын жүзеге асырады:

1) кондоминиум объектісіндегі үй-жай (пәтер) меншік иелерінің ортақ мүлігін және кондоминиум объектісіне іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

2) тұрғын үйлерде жылу, энергия, газ және су ресурстарын жалпы үйлік есепке алу приборларының болуына;

3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай иелерінің ортақ мүлігінің және оның инженерлік жабдығының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстардың уақтылы орындалуына;

4) тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

5) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;

6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлігінің жекелеген күрделі жөндеу түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

18. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік көтеретін бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

20. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық ұйымдарда «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

4) шарттар жасасады;

5) сенімхаттар береді;

6) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

8) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;

9) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды;

10) «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін бекітеді;

11) заңнамамен, осы Ережемен және уәкілетті органмен өзіне жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады.

«Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының ол жоқ кезеңде өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады..

4. Мемлекеттік мекеменің мүүлкі

21. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

22. «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынмаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады, оның құны «Теміртау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында көрсетіледі.

23. «Теміртау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. «Теміртау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

25. Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау.

26. Аумақтарды абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Теміртау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.