Құжат мәтініне өту

О создании акционерного общества "Совместное Казахстанско-Российское предприятие "Байтерек"

Қаулы · № 207 · қабылданған 04.03.2005
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23097/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О создании акционерного общества "Совместное Казахстанско-Российское предприятие "Байтерек" Қолданыста Қаулы ·№ 207 ·04.03.2005
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании акционерного общества "Совместное Казахстанско-Российское предприятие "Байтерек"

Қолданыста Қаулы ·№ 207 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании акционерного общества "Совместное Казахстанско-Российское предприятие "Байтерек"
Атауы (қаз.)
"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
04.03.2005
Көрсетілген редакция
19.08.2022 23097_591830.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000207_
ЭКБ идентификаторы
23097
Редакция идентификаторы
23097_591830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:04

0 "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Оның жарғылық капиталына мемлекет 50 пайыз қатысатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне құрылатын Қоғамның жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының елу пайыз үлесiн қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Құрылтай шарты мен Жарғыға қол қою күніне белгiлеген бағам бойынша 200000 (екi жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшерде ақша бөлсiн.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:

1 1) "М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорнымен Қоғам құру туралы құрылтай шартын жасасуды;

2 2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берудi;

3 3) Қоғамды құру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-61-жолмен толықтырылсын:
"21-61 "Бәйтерек" бiрлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны" АҚ";

2 2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 281-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне
281. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ";

3 3) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 54-жолмен толықтырылсын:
"54. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ (Астана қаласы) 50%;

4

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы