Қолданыстағы ред. 26.04.2005 (Редакция 24098_296866.kaz)

Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектер көрсету туралы от 26.04.2005 г. № 103 (Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектер көрсету туралы)

0

Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектер көрсету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмектерді көрсетуді үйлестіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі, № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған, мұқтаж адамдарға, Ұлы Отан Соғысының 60 жылдығына байланысты - Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан Соғысында қайтыс болғандардың қайта некеге тұрмаған жесірлеріне, Ұлы Отан Соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жесірлеріне, Кеңес Одағының тылда еңбек етіп орден, медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне, Ұлы Отан Соғысында қайтыс болған қатысушыларының жесірлеріне, Ұлы Отан Соғысы кезінде 1941-1945 жылдар аралығында тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне көрсетілетін бір жолғы атаулы әлеуметтік материалдық көмектің жоғарғы деңгейі - 20 мың теңгеге дейін көзделсін.
Аз қамтылған отбасыларына тұрмыс жағдайын ескере отырып, жерлеу көмегін көрсетудің жоғарғы деңгейі - 15 мың теңгеге дейін көзделсін.

3

3. Аудандық комиссияның құрамы № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.А.Жақсыбаевқа, аудандық қаржы бөлімінің бастығы Ә.Мажитовке атаулы әлеуметтік материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.

5

5. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 25 наурыздағы № 53 «Әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасыларына атаулы әлеуметтік қайырымдылық көмектер көрсету туралы» Қаулысы облыстық әділет Департаментінде 2004 жылы 6 сәуірде №2603 ретпен тіркеуден өткен күші жойылсын.

6

6. Қаулының орындалуы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Д.А.Жақсыбаевқа жүктеліп, бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Д.Жұматоваға тапсырылсын.
Келісілді
Аудан әкімінің
орынбасары
М.Д.Жұматова
Келісілді
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Д.А.Жақсыбаев
Келісілді
Аудандық экономика және
қаржы бөлімінің бастығы
Ә.Х.Мәжитов

7. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі.

№ 1 қосымша
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
26 сәуірдегі № 103
Қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік материалдық көмек көрсетуді жүзеге асырудың тәртібі.

1

1. Аудандық әкімшілік жанынан құрылған комиссиясының әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасыларына әлеуметтік материалдық көмек көрсету жұмысы төмендегіше ұйымдастырылады:

1

1) аудандық комиссия азаматтардың әлеуметтік материалдық көмек сұрап берген арызын қабылдайды және өз отырысында қарайды;

2

2) көмек сұраған отбасының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын және өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін тексереді;

3

3) осыған байланысты жергілікті жердегі (ауылдық) комиссиялардан арыз беруші отбасыларының әлеуметтік жағдайларын зерттеу актілерін және жергілікті (ауылдық) комиссияның төрағасының әлеуметтік материалдық көмек беру қажеттігі жөнінде ұсынысын сұратады;

4

4) аудандық комиссия жергілікті (ауылдық) жердегі комиссияның азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы ұсынысын, зерттеу актісін қарап, көмек көрсету қажет деп тапқан жағдайда әлеуметтік материалдық көмектің кесімді шегі және мөлшерін анықтайды;

5

5) Әлеуметтік көмекті тағайындау немесе кейінге қалдыру туралы хаттама қабылдайды. Жанжал немесе талас туындаған жағдайда оларды шешудің жолы қарастырылады.

2

2. Әлеуметтік материалдық көмекті көрсету үшін әр отбасының жиынтық табыс көзі есептеліп, аз қамтылған отбасы қатарына жататындығы анықталады.

1

1) Жиынтық табысына: малы , қосалқы шаруашылығы, тағы басқа табыстары негізге алынады.

3

3. Әлеуметтік көмек аудандық комиссияның шешімі бойынша төмендегідей бағытта берілуі мүмкін: ақшалай көмек ретінде, нақты отбасының қажетіне бағытталған (киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын), тұрмыстық қызмет көрсетуге, жерлеуге, емделуге - бір жолғы көмек ретінде.

4

4. Әлеуметтік материалдық көмектің мөлшері әр арыз берушінің әлеуметтік – тұрмыстық жағдайынан және мақсатты пайдалануына қарай ең жоғарғы деңгейі 20,0 мың теңгеге дейін қаралады.

5

5. Әлеуметтік жағынан нашар қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек мүмкіндігіне қарай жергілікті бюджеттен көрсетіледі.

6

6. Аудандық бюджеттен әлеуметтік көмекті азаматтарға төлеу халықтық банктің аудандық филиалы және «Казпошта» арқылы ұйымдастырылады.

7

7. Ауданда әлеуметтік көмектің есебін жүргізу және бақылау, төлеу тәртібін ұйымдастыру, көрсетілген әлеуметтік көмектің мәліметін беріп отыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.

21. Аудандық комиссияның құрамы:

№ 2 қосымша
Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
26 сәуірдегі № 103
Қаулысымен бекітілген
Аудандық комиссияның құрамы:

1

1. Жұматова Мензипа Дүйсенбайқызы – аудан әкімдігінің орынбасары, комиссия төрайымы

2

2. Жақсыбаев Даулетжан Абдрахманұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, төрайымының орынбасары

3

3. Хисмединова Фарида Жексенбайқызы – комиссия хатшысы

1

1. Мәжитов Әнжан Хамитұлы – аудандық қаржы бөлімінің бастығы

2

2. Қоспаев Хасен Жақауұлы – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

3

3. Сарсенов Мұрат – аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы (келісім бойынша)

4

4. Хабулов Айсахат Жәрдемұлы – Чапаев аумақтық медицина бірлестігінің Мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері