Қолданыстағы ред. 25.04.2005 (Редакция 24255_296891.kaz)

Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережесі туралы от 25.04.2005 г. № 83 (Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережесі туралы)

0

Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерін, мерзімді баспасөз басылымдарын өндіру мен таратуға бақылау жасау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережелері бекітілсін (№ 1 қосымша).

2

2. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуын бақылайтын комиссия құрамы бекітілсін (№ 2 қосымша).

3

3. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуын бақылайтын комиссия туралы ереже бекітілсін (№ 3 қосымша).

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Хангереевке жүктелсін.
Келісілді
Шыңғырлау аудандық әділет басқармасы
бастық Асылбеков Берік Серікұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі
бастық Есеналиев Құрманғазы Алхамұлы
Келісілді
№ 7-ші кәсіптік мектебі
директор Нұрпейсов Нұрболат Бақтыбайұлы
Келісілді
Шыңғырлау жастары қоғамдық бірлестігі
төрағасы Сұлтанов Айбек Тубекұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық маслихаты
бастық Асылбеков Берік Серікұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық әділет басқармасы
хатшысы Шотпанов Адақ Таңабайұлы
Келісілді
Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің
бас редакторы Умбеталиев Амангелді Төраліұлы

5. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережелері

Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негізгі ережелері
Осы ережелер "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" (бұдан әрі -БАҚ) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңының 14 бабы 2 тармағының негізінде әзірленген.

1

1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасына тек қана жергілікті атқарушы органдарының арнайы шешімімен айқындалып, арнайы бөлінген стационарлық орындарда рұқсат беріледі.

2

2. Тақырыптық бағыты эротикалық сипаттағы фильм, материалдар жариялайтын БАҚ-тың есепке қойылғаны және оны сатуға рұқсат берілгені туралы уәкілетті орган берген куәлігінің түпнұсқасының көрсетілуі шешімнің берілуіне негіздеме болып табылады.
Шешімде: БАҚ атауы, сату үшін айқындалған мерзімдері мен орындары көрсетілуі тиіс.

3

3. Аталған баспасөз өнімін сатуға мына жағдайда тыйым салынады:

1

1) 18 жасқа толмаған тұлғаларға;

2

2) балалар және оқу мекемелерінде, оларға 200 метрге таяу орналасқан аумақтарда;

3

3) мемлекеттік мекемелерде, сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;

4

4) қолдан сатуға, қоғамдық көліктерде, көпшілік адамдар жиналған жерлерде;

4

4. Заңды және жеке тұлғалар эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің мерзімді баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережесін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы белгілеген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

5

5. Осы ережелер осындай эротикалық сипаттағы материалдары бар, соның ішінде таяу және алыс шет елдерден әкелінген жазба және бейне өнімдеріне, мерзімді баспасөз басылымдарына да таралады.

15. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссияның Құрамы

Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссияның Құрамы

1

1. Хангереев Самат Нағымұлы – Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы

2

2. Малтиев Мұрат Жұмағұлұлы – Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары

3

3. Умралеев Мұрат Амангелдіұлы – Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия хатшысы

1

1. Бисембаева Аягөз Танырбергенқызы - Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру- бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы

2

2. Шотпанов Адақ Танабайұлы – Шыңғырлау аудандық маслихатының хатшысы /келісім бойынша/

3

3. Есеналиев Құрманғазы Алхамұлы - Шыңғырлау аудандық ішкі істері бөлімінің бастығы /келісім бойынша/

4

4. Умбеталиев Амангелді Төрәліұлы – Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің бас редакторы /келісім бойынша/

5

5. Сұлтанов Айбек Тубекұлы – «Шыңғырлау жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы /келісім бойынша/

6

6. Төлемісова Марал Тулеуғалиқызы – Шыңғырлау ауданының білім беру және спорт бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы

7

7. Нұрпейсов Нұрболат Бақтыбайұлы - №7-ші кәсіптік мектебінің директоры /келісім бойынша/

8

8. Асылбеков Берік Серікұлы – Шыңғырлау ауданының әділет басқармасының бастығы /келісім бойынша/

27. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕСІ

Аудан әкімдігінің 2005 жылғы
25 сәуірдегі № 83
қаулысымен бекітілген
№ 3 қосымша
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕСІ
Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерінің, мерзімді баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөніндегі комиссия Шыңғырлау ауданы әкімінің жанындағы сарапшы-бақылаушы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Лицензиялау туралы" Заңдарының орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен тығыз байланыста жүргізеді. Өзінің қызметінде комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданылып жүрген заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және осы қаулыны басшылыққа алады.
Комиссияның міндеттері:

1

1. Шыңғырлау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған материалдардың сипатын (порнография, эротика) анықтау мақсатында талдау жүргізу.

2

2. Жазба және бейне өнімдерін, баспасөз басылымдарын, соның ішінде шет елдерден әкелінген өнімдерді өткізу саласына бақылау бойынша үйлестіруді жүзеге асыру.

3

3. Заңды және жеке тұлғаларға БАҚ туралы, авторлық құқық туралы, лицензиялау туралы қолданылып жүрген Заңдарды түсіндіру жөнінде ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету.
Комиссияның құқықтары мен фунқциялары:

1

1) аудандық БАҚ-дағы, жазба және бейне өнімдерін, мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға бақылау жасайды, жарияланымдар мен материалдардың сипатын тексереді.

2

2) қажет болса, нақты жағдайдан шыға отырып, белгілі бір немесе басқа да деректер бойынша ұсынымдар немесе қорытындылар шығарып бере алады.

3

3) баспасөз салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді меншік түрлеріне қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларынан және меншік иелерінен, жазба, бейне, баспа өнімдерін таратушыларынан сұрайды.

4

4) селолық округтерден түскен мәліметтер бойынша акт жасап, тиісті органдарға жібереді.

5

5) өз аттарына түскен өтініштерді қарап, тиісті органдарға солар бойынша ұсыныстар енгізеді.