Аудан орталығының, елді-мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 31 наурыз 2005 жылғы «Облыс қалаларының,аудан орталықтарының,елді мекендерінің аумақтарын көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық өткізу туралы» № А-4/93 қаулысы, «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына және ауданның елді мекендерін санитарлық тәртіпке келтіру және тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Аудан орталығының, елді-мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы от 02.06.2005 г. № 44 (Аудан орталығының, елді-мекендердің аумақтарын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі дәстүрлі үшайлық өткізу туралы)
1. Аудан аумағында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 шілдеге дейін аудан орталығында, елді мекендерде көркейту,көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі үшайлық жариялансын (бұдан әрі-үшайлық)
2. Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөнінде аудандық комиссия (бұдан әрі-комиссия) кұрылсын (№1 қосымша ).
3. Елді мекендерді көгалдандыру және көркейту жөніндегі аудандық конкурстың (бұдан әрі-конкурс) Ережесі бекітілсін ( № 2 қосымша)
4. Аудандық жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі комиссияның мүшелері №3 қосымшаға сәйкес ауыл округтеріне бекітілсін.
5. Ауданның бас сәулетшісі (А.Аужанов) он күн ішінде үшайлық өткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеп,бекітуге ұсынсын.
6. Қорғалжын ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (А. Бекбусунов) ұшайлыктың аудандық шараларының орындалуы жөнінде он күн сайын есеп беру үлгісін әзірлесін және комиссияның қарауына ұсынсын.
7. Қорғалжын аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі (С.Ахметов) конкурс жеңімпаздарына сыйлық беру үшін бюджетте ақшалай қаржыландыру қарастырылсын.
8. Ауыл округі әкімдері:
үшайлық өткізу аясында 2005 жылдың 15 сәуірінен 15 мамырына дейін сумен жабдықтау, канализация нысандарының көктемгі-жазғы мерзімдегі жұмыстары дайындығына байқау өткізсін; үшайлық жөнінде іс-шараларды әзірлеу және бекіту барысында 10 күнде бір мәрте рейд өткізу және атқарылған жұмыстардың қорытындыларын шығару үшін әкім аппараты, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Қорғалжын ауданы бойынша бөлімі, ішкі істер бөлімі (келісім бойынша),мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қоршаған ортаны қорғау (келісім бойынша) қызметкерлерінен жинақы топтар құруды қарастыруын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Смағуловқа жүктелсін.
Келісілді:
1. Бекбұсұнов А.Ш: СЭБ бөлімінің бастығы.
2. Мамбин Е.Х: Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор.
3. Баешев Д: Аудандық жер комитетінің төрағасы.
4. Төкенов Ғ.Т: «Нұра топтық су құбыры торабы» МКК ның директоры
5. Симчук А.А: «Қазахавтожол филиалының ДЭП-2 аға мастері
6. Мырзагельдиев А.А АШМ аумақтық комитетінің төрағасы.
7. Баешев Н. А.Қорғалжын ауданы бойыншатөтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы
Аудан әкімдігінің 2005 ж
02 маусымдағы
№ 44 қаулысына
№ 1 қосымша
Үшайлықты ұйымдасқан түрде және тиімді жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның ҚҰРАМЫ
1. Смағұлов М.Қ. - комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары.
2. Карібаев С.А. - комиссия төрағасының орынбасары, Қалақұрылысы, құрылыс, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің бастығы.
Комиссия мүшелері:
1. Аужанов А.А. – ауданның бас архитекторы.
2. Мамбин Е.Х - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор.
3. Ғали А.Қ. - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.
4. Ахметов С.А. - аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы.
5. Ахмет М.Ш. - аудандық білім және спорт бөлімінің бастығы.
6. Баешев Д - аудандық жер комитетінің төрағасы (келісімі бойынша).
7. Баешев Н.А. - Қорғалжын ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімінің бастығы
8. Токенов Ғ.Т. - «Нұра топтық су құбырлары» МКК директоры (келісімі бойынша).
9. Симчук А.А. - ДЭП-2 аға мастері (келісімі бойынша).
10. Мырзагельдиев А.А. - АШМ аумақтық комитетінің төрағасы (келісім бойынша).
11. Хамитов С.Х. - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы.
12. Мұхамеджанов Қ.А. - «Өрлеу» МКК директоры.
13. Бекбұсұнов А.Ш. - МСЭБД-нің Қорғалжын ауданы бойынша
бөлімінің бастығы (келісімі бойынша).
Аудан әкімдігінің 2005 жыл
02 маусымдағы
№ 44 қаулысына
№ 2 қосымша
Елді мекендерді көгалдандыру және көркейту жөніндегі аудандық конкурстың ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Үшайлық бойынша аудандық байқауды (әрі қарай байқау) аудандық комиссия және ауыл округтерінің әкімдері ұйымдастырып өткізеді.
2. Байқау аудан орталығы мен елді - мекендерді көркейту, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстарын қаржыландыруға инвесторлардың қаржыларын тарту, қоғамдық қолайлы ахуал қалыптастыру, әрбір ауылда тазалық пен тәртіп орнату, сонымен қатар аудандық, ауыл округі денгейіндегі атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмыстарын жандандыру, жергілікті тұрғындардың ынталы бастамаларын жүзеге асырып, оң тәжірибелерді кеңінен насихаттау мақсаттарында жүргізіледі.
2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу
3. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) Ең үздік ауылдық округі
2) Ең үздік елді-мекен (кент, ауыл, село)
3) Үлгілі аула
4) Үлгілі үй
5) Үлгілі мекеме, кәсіпорын
6) Үлгілі дүкен, асхана, қонақ үй
7) Үлгілі мектеп
8) Үлгілі мехотряд
4. Байқау екі кезеңде өткізіледі.
1-кезең 2005 жылдың маусымында-ауыл округтері денгейінде.
2-кезең 2005 жылдың шілдесінде - аудандық денгейде байқау нәтижелерін шығару.
5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін:
1) аудан және ауыл округтерінің басшылығымен денсаулық сақтау, білім, автожол, өртке қарсы күрес, ішкі істер, санэпидемстанция, сәулет және құрылыс ұйымдарын қатыстыра отырып аудандық және округтік комиссиялар құру.
2) аудан әкімінің жанынан аудандық комиссияның басшылығымен барлық номинациялар бойынша аудан аумағында байқау ұйымдастыру.
6. Байқаудың бірінші кезеңі өткеннен кейін ауылдық округтік комиссиялары аудандық комиссияға, ал аудандық комиссия облыстық комиссияға мыналарды тапсырады:
1) аудан, ауыл округтері әкімдері бекіткен байқаудың бірінші кезеңінің өткізу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамалары.
2) Байқаудың бірінші кезеңі жеңімпаздарының барлық көрсеткіштерін және бағаларын тізген түсініктеме жазба.
3) Аудан орталығы мен елді - мекендер аумақтарын аббатандыру, көгалдандыру және тазалау жөніндегі байқаудың 1 кезеңінің жеңімпазы жайлы кино, фотоқұжаттар және ақпараттық материалдар.
7. Комиссия ауыл округі комиссиялары тапсырған материалдарды қарайды, елді-мекендерге барып көреді, ақпараттар дайындайды және бекітілген номинациялар бойынша аудандық жеңімпаздарды анықтайды. Аудандық комиссия облыстық комиссияға материалды тапсырады.
8. Баға бес балдық жүйе бойынша қойылып, орындалған жұмыстар бойынша орташа ұпай шығарылады.
1) ауданның елді-мекендерінің кіре-шыға берістерін рәсімдеу, немесе елді-мекеннің көрсеткіштері болу.
2) жеке меншік үйлердің жағдайы фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және үй аумағының тазалығы.
3) қоғамдық ғимараттардың, әлеуметтік сала және сауда нысандарының жағдайы фасадтары, қоршаулары, көгалдандырылуы және аумағының тазалығы, шағын базалары, жанар-жағар май қүю станциялары, автобус аялдамалары, жарнамалық құралдарды күтіп ұстау және олардың Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заңына сәйкестігі.
4) өндіріс нысандарының жағдайы, мал шаруашылығы орындары, машина-трактор шеберханалары, қырман, дәрілеу алаңдары, тыңайтқыш және улы химикат қоймаларының жағдайлары.
5) елді мекендердегі жолдарды, тратуарларды, жаяу жолдарды, суағарларды күтіп ұстау.
6) бос тұрған ғимараттарды консервациялау, қирандыларын тазарту, жерді қалпына келтіру.
7) тарихи жерлерді, сәулеттік ескерткіштерді және қоғамдық зираттарды күтіп ұстау жағдайы.
8) стадиондардың, спорт залдарының, спорт алаңдары мен спорттық қондырғылардың жағдайлары.
9) елді мекендерге өсіп тұрған жасыл өсімдіктерді күтіп ұстау және санациялау сквер, саяжай, мектеп маңындағы учаскелер және демалыс орындарын көркейту.
10) су мен қамтамасыз ету, су қысымын көтеру мұнарлары мен қоғамдық және жеке меншік құдықтардың санитарлық, гигиеналық жағдайы, және су шаруашылығы құрлыстарын салу.
11) елді мекен тұрғындарының бұлақтарды өзен - көл жағаларын, ауыл маңындағы ағаш отырғызылған жерлерді тазалауға қатысуы.
12) қатты тұрмыстық қоқыстарының, төгу орындарының, көң қойманың мал қорымының жағдайы.
13) тамақтандыру, сауда кәсіпорындарының көктемгі, жазғы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы.
Аудандық комиссия аудан орталығын, ауыл округтерін, елді мекендер және ауыл шаруашылық құрылымдары бойынша жинаған ұпайларын ескере отырып бағалайды. Ұпай есептеу әрбір бағыт бойынша орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасына байланысты жүзеге асырылады.
Жұмыс көлемін 100 пайыз орындағаны үшін 5 ұпай
75 пайыздан 99 пайызға дейін-4 ұпай.
50 пайыздан 75 пайызға дейін-3 ұпай.
25 пайыздан 50 пайызға дейін-2 ұпай.
25 пайыздан 50 пайызға дейін 1 ұпай.
3. Жеңімпаздарды ынталандыру және марапаттау
1) 2005 жылғы үшайлық бойынша аудандық байқау жеңімпаздарына төмендегі сыйлықтар белгіленеді:
«Ең үздік ауыл округі» номинациясы 1орын-
1 орын-
2 орын-
3 орын
«Ең үздік елді - мекен», (кент, ауыл, село) номинациясы
1 орын -
2 орын -
3 орын -
«Үлгілі үй», номинациясында
1 орын -
2 орын -
3 орын -
«Үлгілі дүкен, асхана, қонақ үй », номинациясында
1 орын -
2 орын -
3 орын -
«Үлгілі кәсіпорын », номинациясында
1 орын -
2 орын -
3 орын -
«Үлгілі мектеп», номинациясында
1 орын -
2 орын -
3 орын -
«Үлгілі аула», номинациясында
1 орын -
2 орын -
3 орын -
«Үлгілі мех. отряд», номинациясында
1 орын -
2 орын -
3 орын -
Аудан әкімдігінің 2005 жыл
02 маусымдағы
№ 44 қаулысына
№ 3 қосымша
Аудандық жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық - тазалық жөніндегі ауыл округтеріне бекітілген аудандық комиссияның мүшелері
Жайлыландыру, көгалдандыру және санитарлық-тазалық жөніндегі үшайлықты ұйымдасқан түрде, сапалы, уақытында өткізу үшін 2005 жылғы 15 сәуір-15 шілде аралығында ауыл округтеріне бекітілген аудандық комиссияның мүшелері:
1. Арықты ауылдық округіне Мырзагельдиев А.А. - АШМ аумақтық комитеттің төағасы
2. Амангелді ауылдық округіне Баешев Д.А. - аудандық жер комитетінің төрағасы.
3. Қарашалғын ауылдық округіне Ғали А.К. - аудандық ІІБ бөлімінің бастығы.
4. Кенбидайық ауылдық округіне Хамитов С.Х - аудандық ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бастығы.
5. Коммуна ауылдық округіне Ахмет М.Ш. - аудандық білім және Спорт бөлімінің бастығы
6. Қорғалжын ауылдық округі Мамбин Е.Х - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік инспектор.
7. Қызылсай ауылдық округі Симчук А.А. - ДЭП-2 аға мастері.
8. Сабынды ауыл округі Төкенов Ғ.Т. - Нұра топтық су құбырлары МКК директоры