Түпқараған ауданы және
аудандағы елді мекендерде
жануарларды ұстау ережелері
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 10 шілде 2002 жылғы № 339-ІІ Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы от 13.04.2005 г. № 17/106 (Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы)
1. Түпқараған ауданы және аудандағы елді мекендердежануарларды ұстау туралы ержелер бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Келісілді:
Түпқараған ауданының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау
басқармасының бастығы:
Р.Жаңабергенов
Түпқараған ауданының бас мемлекеттік
малдәрігерлік инспекторы:
А.Жұмағазиев
«Түпқараған ауданы және
аудандағы елді мекендерде
жануарларды ұстау ережелері
туралы» Түпқараған аудандық
мәслихатының 2005 жылғы 13 сәуірдегі
№ 17/106 шешіміне қосымша
ТҮПҚАРҒАН АУДАНЫ ЖӘНЕ АУДАНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ЖАНУАРЛАРДЫ ҰСТАУ
Е Р Е Ж Е Л Е Р І
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Осы ережелер Түпқараған ауданының Қызылөзен, Таушық, Ақшұқыр селолары мен Баутино, Аташ поселкелеріндегі жануарлардың барлық иелеріне, меншік нысаны мен ведомстволық бағынысына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға таратылады.
2. Жануарларды ұстаудың міндетті шарты болып мыналар табылады:
1) ветеринария бөлімінде жыл сайын қайтадан тіркеуден өткізу, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруханаларға қарсы жоспарлы алдын алып өңдеу жасату;
2) жаңадан алған жануарлар екі апталық мерзімде ветеринария бөлімінде қаралуға және тіркелуге, анықтамасын алуға тиіс;
3) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
3. Жануарларды қаладан тысқары жерлерге алып кету мен сату, тіркеу куәлігі негізінде, ветеринария бөлімі беретін, вакцинация мен дегельнизация датасы көрсетілген, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлік рәсімделген кезде ғана рұқсат етіледі;
4. Жануарларды теңізге, адамдар демалатын басқа да табиғи жасанды суларға түсіруге тыйым салынады;
5. Мамндырылған коммуналдық кәсіпорындар жануарларды ветеринарлық дәрігерлердің қорытындысы бойынша алады және оқшаулайды. Оқшаудағы жануарларды ұстауға байланысьты барлық шығындар «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 10.07.2002 жылғы № 339-ІІ Заңына сәйкес, иелері есебінен өтеледі.
2. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҒЫ
6. Кез-келген жануар иелерінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен күзетіледі.
3. ЖАНУАРЛАР ИЕЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
7. Жануарлардың иелері мыналарға міндетті:
1) олардың биологиялық ерекшелігіне сәйкес асырау, жануарларға адамгершілікпен қарау, оларды қараусыз қалдырмау, ауырған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек көрсету;
2) оларды асырайтын және қыдыртатын жерлерде тиісті санитарлық жағдайды сақтау;
3) ветеринарлық мекемелердің талабы бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және емдеп алдын алып өңдеу үшін уақытында апарып тұру;
4) адамдар мен жануарлардың айналасында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қажетті шараларды алу;
5) жануарларды одан әрі бағу мүмкіндігі жоқ кезде, оны басқа иегерге немесе ветеринарлық мекемеге тапсыру;
6) жануарларды алу, жоғалту немесе оның өлімі туралы тұрғын жері бойынша мемлекеттік ветеринарлық қызмет орнына хабарлау;
7) жануарлар адамды немесе жануарды қапқан кезде иесі жақын маңдағы медициналық және ветеринарлық мекемелерге хабарлауға тиіс, жануарларды мамандардың қадағалауымен қаралым және карантин жасау үшін ветеринарлық мекемеге жеткізу;
8) жануарлардың мүрдесін алып кету және жоқ қылу үшін арнайы қызметтерге хабарлау. Оларды лақтыруға немесе жерге көмуге тыйым салынады.
4. ИТ ПЕН МЫСЫҚ АСЫРАУ
8. Мыналарды рұқсат етіледі:
1) жануарларды тұрғын орын жайларда, соның ішінде туыстық байланысы жоқ, өзара келісімдері бар, медициналық қайшы көрсеткіштері жоқ екі немесе одан да көп отбасылары тұратын пәтерлерде ұстауға;
2) жануарларды жолаушылардың алаңдауын болдырмайтын жағдайда сақтай отырып,көліктің барлық түрлерінде алып жүруге рұқсат етіледі;
9. Мыналарға тыйым салынады:
1) азаматтарға «соның ішінде 14 жасқа дейінгі балаларға) қоғамдық орындарға итпен торы ноқтасыз, қарғыбаусыз қыдыруға және баруға;
2) жануарларды ортақ қолданылатын жерлерде: асханада, дәлізде, баспалдақ алаңдарында, үй шатырларында, төлелерде, сондай-ақ балкондарда және лоджияларда бағуға;
3) жануарларға подъездерді, баспалдақ алаңдарын, лифтілерді, сондай-ақ спорт, балалар алаңдарын, газондарды, тротуарларды, саяжай аумағын ластауға; Егер жануар осы жерде қиын тастаған болса, оны иелері жедел алуға тиіс.
10. Қоғамдық орындардағы иелері дүкендердңғ, емханалардың, дәріханалардың,тұрмыстық-қызмет кәсіпорындарының және басқалардың жанынабайлап кеткендерден басқа, ұасында адамы жоқ иттер мен мысықтар ұараусыз деп саналады және арнайы қызметтердіңаулауына жатады.
11. Тұрғын үйлер жанында иттерді қыдыртқан кезде, оларды иелері тыныштықтықамтамасыз ету қажет, иттерді үргізбеуге тиіс. Иттерді осындай мақсатқа арнайы бөлінген алаңдарда қыдырту керек. Жол-көлік оқиғасынан қашық болу үшін итті көшеден және үлкен жолдардан өткенде қарғыбаудан ұстау керек.
5. ҮЙ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫН, ҚҰСТАР МЕН АРАЛАРДЫ БАҒУ
12. Селитебті аймақта ауылшаруашылық жануарларын құстарды және араларды бағуға, жайылтуға, айдауғатыйым салынады. Селитебті аймақ қоршаған ортаны күзету басқармасының келісімі бойынша аудан әкімінің шешімімен айқындалады.
13. Азаматтарға кәсіпорындар мен ұйымдарға қаланың селитебті аймағынан тысқары жерлерде үйжануарларын қорада бағуға рұқсат етіледі.
14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауылшаруашылық жануарларын мамандандырылған қызметтер ұстайды. Оларды бағу арнайы орындарда 7 тәулік жүзеге асырылады. Егерде осы мерзім өткенше, иелері келмесе, мұндай жануарлар иесіз жануар ретінде мал сою пункттеріне тапсырылады, ал одан түскен сома жергілікті бюджетке аударылады. Көрсетілген мерзімге дейін жануарлардың иесі шығыпжатса, оларды аулау, тасымалдау, бағу жөніндегі шығындар иесінің есебінен өтеледі.
15. Үй, ауылшаруашылық жануарлары, құстар мен аралар, қолданыстағы нормаларға сәйкес, дара сектордың тұрғын үйлерінен, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көппәтерлі үйлерден, жаппай демалыс орындарынан, сауықтыру балалар лагерінен, демалыс үйлерінен, санаториялардан, табиғи және жасанды сулардан, артезиян құдықтарынан қашықта орналасқан, арнайы жабдықталған жабыұ орынжайларда ұсталады.
Аудан маңайындағы поселкелердің бір қабаты үйлерінде бірнеше отбасылары тұрған кезде жануарларды, құстар мен араларды, осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринарлық, санитарлық ережелерді сақтай отырып, бағуға болады.
16. Экзотикалық жануарларды тұрғын үйлерде, жабайы және үй жануарларын мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің, оқушылар сарайының, дүкендердің зообұрыштарында, қаланың ветеринарлық бөлімінің рұқсатыменғана бағуға болады.
17. Әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тоқсан сайын мал жайланған орынға дезинфекция жүргізуі керек.
18. Мал жайланған орын жайды тоқсан сайын әктеу керек және жылына кем дегенде 1 рет дезинфекция жасау керек. Малдың көңін, жемнің қалдығын және қоқыстарды осы үшін арнайы бөлінген жерге уақытында апарып төгуі керек.
19. Малды көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде қыдыртуға тыйым салынады.
20. Жануарларды алып кету және алып келу тек қана қаланың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
21. Осы ережелерді бұрмалаған жеке және заңды тұлғалар 2001 жылғы қаңтардың 30-ғы № 155-ІІ «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің» (ҚРӘҚБтК) 310, 311-баптарына, 2002 жылғы шілденің 10-ғы № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапқа тартылады.
22. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына келтірген зияны және мүлікке келтірген нұқсаны белгіленген заң ретінде жануарлар иелерінің есебінен өтеледі.