Қолданыстағы ред. 04.10.2005 (Редакция 25782_346331.kaz)

Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы от 04.10.2005 г. № 31-115 (Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы)

0

Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-3 Қазақстан Республикасы заңының 6 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқы бұзушылық туралы» № 115-2 Қазақстан Республикасы Кодексінің 310 бабына және 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» № 339-2 Заңының 10 бабы 1 тармағынын 1 тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Ауылдық және поселкелік округ әкімдері «Іле аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Юсупов А.М.) және Ауыл шаруашылығы Министрілігінің Іле аудандық аумақтық басқармасымен (СерікбаевБ.А.) бірлесіп аталған Ережелерді жүзеге асыру үшін шаралар жоспарын дайындап 2005 жылдың 10 қарашасына дейін аудандық мәслихатқа тапсырсын.

3

3. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен соң қолданысқа енгізІледі.

4

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік құрылыс, байланыс өнеркәсіп ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселері жөніндегі (Жолдасбаев Е.К.) тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5

Іле аудандық мәслихатының 2005 жылғы 4 қазандағы «Іле ауданы елді мекендерінде үй жануарларын күтіп ұстаудың ережелерін бекіту туралы» № 31-115 шешіміне қосымша
Іле ауданы елді мекендерінде үй жануардарын күтіп ұстаудың
ЕРЕЖЕЛЕРІ

1

1. Бұл ереже Іле ауданы аумағындағы барлық ауыл шаруашылық мал
иелеріне, сонымен қатар меншік түріне қарамай барлық құрылымдар мен мекемелерге қатысты.

2

2. Үй жануарларын күтіп ұстаудың міндетті шарттары:

1

1)міндетті түрде жыл сайын үй жануарларын тұрғылықты жердегі селолық және поселкелік округ әкімшілігінің шаруа кітаптарына тіркеу және қайта тіркеу;

2

2)селолық және поселкелік округтің мал дәрігерлік қызыметі үй жануарларын
3 айлығынан бастап селолық және поселкелік мал дәрігерлік қызметтерінде диагностикалық тіркеуден өткізіп, аса қауіпті жұқпалы індеттерге қарсы әрдайым eктіpy;

3

3)жаңадан алынған үй жануарларын 2 апталық мерзімде тұрғылықты жерге тіркеп, тіркелгені жөнінде куәлік алып, сырғалап, 1 айлық санитарлық- гигиеналық, мал дәрігерлік санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес карантинге қойып, бақылау;

3

3. Үй жануарларын аудан аумағынан тыс жерлерге сатуға және алып шығуға
тек белгіленген үлгідегі мал дәрігерлік куәлік толтырылып, онда диагностика және ауруларға қарсы егілген күш көрсетілген жағдайда рұқсат етіледі. Куәлікті мал дәрігерлік қызметкерлері малдың куәлігі (төл құжат) негізінде береді.

3

3. Аудан елді мекендерінде және сыртқы жайылымдарда табындар құрудың және үй шаруашылығында мал басын ұстаудың мөлшері (нормасы).
Малдың түрлері
Жеке шаруа ауласындағы малдың саны
Елді мекендердегі табындағы малдың саны
Ipi қара мал барлығы
6 артық емес
Оның ішінде сиыр
2 артық емес
60 артық емес
1 жастан жоғары
2 артық емес
80 артық емес
Қой-ешкі
30 артық емес
300 артық емес
Оның ішінде аналық
15 артық емес
Жылқы
4 артық емес
-
Оның ішінде аналық
2 артық емес
Шошқа
15 артық емес
Оның ішінде аналық
2 артық емес
Құстың барлық түрі
80ртық емес

4

4. Елді мекендерде табындар құрылғаннан кейін табыннан тыс жеке дара
малды жаюға тиым салынады.

5

5. Елді мекен тұрғындарының мал басын асылдандыру мақсатында және қолдан ұрықтандыру жұмысын жандандыру үшін, табындарға бұқаларды қосуға жол берілмейді, жас ipi қара малдар бөлек табында бағылуға тиіс.

6

6. Малдарды тек арнаулы белгіленген орындарда ғана шомылдыруға рұқсат етіледі, өзендер, көлдер мен басқа су қоймаларынан 100 метр қашықтықтан кем емес жерлерде.

7

7. Мал өліктері міндетті түрде арнайы орындарғаға (мал зиратына)
апарылып жерленуі тиіс, өліктерді лақтырып тастауға немесе жерге көмуге тиым салынады.

8

8. Мал иелерінің міндеттері:

1

1)биологиялық ерекшеліктеріне сай күтіп ұстауға, бақылаусыз қалдырмауға, үй жануарларының қараусыз жолдарға, аландар мен саяжайларға және су қоймаларына баруын болдырмауға;

2

2)үй жануарлары ауырған жағдайда, мал дәрігерінің көмегіне жүгінуге;

3

3)малдың тұратын, жайылатын және серуендейтін жерлерінің санитарлық жағдайын таза ұстауға;

4

4)мемлекеттік мал дәрігерлік мекемелері мамандарының талабына байланысты өз уақытында тексеруге, диагностикалық зерттеуге және емдеудің алдын - алу шараларын жүргізу үшін малын апаруға;

5

5)айналадағы тұрғындар мен басқа малдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қолдануға;

6

6)мал алғанда, жоғалғанда немесе өлгенде жергілікті жердегі мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет органдарына хабарлауға;

7

7)малдардың жұқпалы ауыруымен ауыруына күдіктенген жағдайда тез арада жергілікті медициналық және мал дәрігерлік мекемелеріне хабарлауға; 8)малдарды тек арнаулы белгіленген мал сойятын орындарда (бойня) ғана союға;

9

9)Мал өлекселерін шығарып жою үшін ауылдық және кенттік мал дәрігерлік мамандарға хабарлауға.
9. Асыл тұқымды бұқаларды ұстау ережесі.

1

1)асыл тұқымды бұқалар арнайы бөлінген қораларда ерекше жағдайда күтіп ұстауды қажет етеді. Бұқалар тұратын қораның аумағы және серуендейтін алаңының аймағы 1,5 метрлік биіктіктен кем емес темір қоршаумен бекітілуі керек;

2

2)6-8айлық бұқалардың мұрын аралығына темір сақина тағылуы кажет;

3

3) асыл тұқымды бұқаларға берілетін жем-шөптің сапасы өте жоғары
калориялық болуымен катар күтімі мен күйекке пайдалану тәртібі дұрыс болуы тиіc;

4

4)асыл тұқымды бұқаларды көпшілік табында, жазғы жайылымда ұстауға,
жеке дара жоюға, серуендетуге және байлап, тұсап жаюға тиым салынады.

10

10. Ауыл шаруашылық үй жануарларын күтіп ұстау үшін:

1

1)үй шаруашылығындағы мадарды биологиялық ерекшеліктеріне, зоогигиеналық және мал дәрігерлік-санитарлық талаптар мен нормаларға сай және малдың түріне қарай және ерекшеліктерін ecкepiп арнайы орындарда ұстау керек;

2

2)мал қоралары, жылы, жарық және кең, әpi қолайлы болуы керек;

3

3)үй жануарлары жеке жер төлімдерінде немесе 6ipгe қатарлас орналастырылуы керек, тек төлімдер арасындағы санитарлық аралық (бөлу) сақтағаны жөн;

4

4)ipi қара малды ұстау төлімдері шошқа, ұсақ мал мен жылқы төлімдерінен 15 метр қашықтықта орналастырылуы керек;

5

5)мал орналасқан төлімдер құрғақ және көліктің келуіне ыңғайлы болуы тиic, малдарды жайылымға айдайтын жолдар, темip жол және автомобиль жолдарымен киылыспауы тиic;

6

6)елді мекендерден сырттағы мал ұстайтын телімдер аудандық маңызы бар жолдардан 1000 метр, облыстық маңызы бар жолдардан 200 метр, республикалық маңызы бар жолдардан 1000 метр қашықтықта орналасуы тиic;

7

7)шаруашылықтардағы мал қоралары тағы басқа мал жайлары ай сайын ақталып, дезинфекция жасалуы керек;

8

8)малдардың тезектерң жұқпалы ауруларынын қоздырғыштарын залалдау және биотермикалық өндеуден ету үшін арнайы бөлінген жерлерде жиналып, сақталуы қажет.

11

11. Кез келген жануар өз иесінің меншігі болып табылады және жеке меншік ретінде заңмен қорғалады.